Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралды

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралды

18.05.2026 10:04:18 255

Бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков баяндама жасап, қаралған мәселеге байланысты жүргізілген жұмыстар мен білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы шараларға тоқталды.

Жиын барысында комиссия мүшелері мектептердегі тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы, сынып жетекшілері мен мектеп психологтарының жауапкершілігі және оқушылар арасындағы мәселелер бойынша бірқатар сауалдарын қойды.

Диас Асылбекұлы: «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – баршамызға ортақ міндет»,- деп атап өтіп, аудандық білім бөліміне, мектеп директорларына осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, ата-аналармен байланыс және оқушылармен жеке тәрбиелік жұмыстарды тұрақты жүргізу бойынша тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1221930?lang=kk