«Отбасы – бақыт ұясы» атты тағылымды кездесу .
18.05.2026 12:39:56 280
15 мамыр – Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт ұясы» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылып, көпбалалы өнегелі отбасы — Шаһарбек ата мен Бахты апаның шаңырағына барып, мерекелік құттықтау айтып, кішігірім сұхбат жүргізіп қайттық.
Кездесу барысында ата мен апа ақ дастархан жайып, қонақжайлық танытып, отбасы тәрбиесі жайлы өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Балаларын адалдыққа, еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтеп, кішіні сыйлауға тәрбиелегендерін айтып, отбасы — сыйластық пен мейірімнің, татулық пен бірліктің ордасы екенін ерекше атап өтті.
Шаһарбек ата мен Бахты апа отбасы құндылығының маңызын түсіндіріп, берекелі шаңырақтың басты тірегі — өзара түсіністік пен қамқорлық екенін жеткізді. Осындай өнегелі отбасылар — кейінгі ұрпаққа үлгі, қоғамымыздың тірегі екені сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1222201?lang=kk