Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы
18.05.2026 13:16:25 339
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабiлетiн қалпына келтiру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес. Қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламасы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы қаржы басқарушысы бола алады.
Қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаны:
1) қызметін «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыратын әкімші;
2) кәсіби бухгалтер;
3) аудитор;
4) заң консультанты.
Қаржы басқарушысының өз өкілеттіктерін:
1) оның борышкерге немесе оның кредиторларына қоятын талаптары немесе міндеттемелері болған;
2) егер ол борышкердің немесе кредитордың жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы болып табылса.
Қызметтің басталуы туралы хабарламада көрсетілген деректер өзгерген кезде қаржы басқарушысы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Қызмет тоқтатылған кезде қаржы басқарушысы уәкілетті органға қызмет тоқтатылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберуге міндетті.
Қаржы басқарушысының хабарламасын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастауды уәкілетті орган осы баптың 9-тармағында белгіленген жағдайлар анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Уәкілетті орган хабарламаны рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде борышкерге және кредиторға қаржы басқарушысын осындай тізілімнен алып тастау туралы және жаңа қаржы басқарушысын тағайындау туралы ақпарат жібереді.
Уәкілетті орган хабарламасын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастаған тұлға алып тастау себептері жойылған жағдайда, бірақ алып тасталған күннен бастап кемінде үш жылдан кейін қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаны қайта беруге құқылы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1222313?lang=kk