📢 АҢДАТПА ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерін жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 20 мамырда “Қызмет алушылар күні” ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.

18.05.2026 15:05:58 235

📌 Іс-шара аясында кәсіпкерлік қызметті жүргізу, салықтық міндеттемелер, мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер, электрондық сервистерді пайдалану, және тағы басқа кәсіпкерлік және салық мәселелері бойынша азаматтар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға сала мамандарынан тікелей кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.

⏰ Қызмет алушылар күні 2026 жылғы 20 мамырда сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін келесі мекен-жайларда өтеді:

🏢 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қазыбек би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы @qazybek_bi_mkb
📍 Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 үй.

🏢 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, @temirtau_mkb
📍 Мекенжайы: Теміртау қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 9үй.

🏢 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы @bokeyhanmkb_3019
📍 Мекенжайы: Қарағанды қаласы, 21 ықшам ауданы, 9 үй.

🤝 Баршаңызды аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1222374?lang=kk