🔰 ҚР Салық кодексіне сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергетикалық сусындар акцизделетін тауарлар тізбесіне енгізілді. ⚡🥤 Бүгінгі күні энергетикалық сусындар алкогольсіз өнімдер нарығының қалыптасқан және тұрақты сегменті болып табылады.

🔰 ҚР Салық кодексіне сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергетикалық сусындар акцизделетін тауарлар тізбесіне енгізілді. ⚡🥤 Бүгінгі күні энергетикалық сусындар алкогольсіз өнімдер нарығының қалыптасқан және тұрақты сегменті болып табылады.

18.05.2026 15:28:47 172

❇️ ҚР-да аталған өнімді өндіру және импорттау қызметін 5 отандық өндіруші және 5 ірі импорттаушы жүзеге асырады. 🏭📦

🌍 Сонымен қатар, өндірістің едәуір бөлігі ел ішінде шоғырланған. Қазақстандық кәсіпорындар ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді шетелге де табысты экспорттауда. Бұл саланың дамуы мен экспорттық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. 📈🤝

📌 Өнімнің осы санаты бойынша акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен енгізу көзделген:
▪️ 2026 жылдан бастап — 1 литр үшін 100 теңге;
▪️ 2027 жылдан бастап — 1 литр үшін 140 теңге;
▪️ 2028 жылдан бастап — 1 литр үшін 180 теңге.

🔰 Акциздік реттеуді енгізу энергетикалық сусындар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, бюджетке салық төлемдерінің толық әрі уақтылы түсуіне, сондай-ақ нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және әділ жағдайлар қалыптастыруға бағытталған. ⚖️📊

👥 Сала өкілдерінің бағалауы бойынша энергетикалық сусындардың негізгі тұтынушылары кәмелетке толған азаматтар болып табылады. Осыған байланысты аталған өнімді өткізу кезінде заңнамада белгіленген талаптар мен шектеулердің сақталуына ерекше назар аударылатын болады. 🚫🔞

❇️ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру, нарықтың ашықтығын арттыру, сондай-ақ адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. 📑✅

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1222410?lang=kk