Лицензияны қайта ресімдеуге қатысты

Лицензияны қайта ресімдеуге қатысты

18.05.2026 19:24:57 90

«ADCB» Ислам Банкі» АҚ-на және «Заман-Банк» Ислам банкі» АҚ-на ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиялар қайта рәсімделді.

Агенттік Төрағасының орынбасарының 2026 жылғы 15 мамырдағы         № Б-89 бұйрығына сәйкес, исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия «ADCB» Ислам Банкі» АҚ қайта рәсімделіп, берілді. Бұл лицензия ислам банктері жүзеге асыратын банк операциялары және өзге де операциялар атауларының өзгеруіне байланысты қайта рәсімделді.

Агенттік Төрағасының орынбасарының 2026 жылғы 15 мамырдағы         № Б-90 бұйрығына сәйкес, исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия «Заман-Банк» Ислам банкі» АҚ қайта рәсімделіп, берілді. Бұл лицензия ислам банкінің жүзеге асыратын банк операциялары және өзге де операциялар атауларының өзгеруіне байланысты қайта рәсімделді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1222871?lang=kk