Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қалалық прокуратурамен бірлесіп қала көшелерінде рейд ұйымдастырды
19.05.2026 15:22:28 205
Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қалалық прокуратурамен бірлесіп қала көшелерінде рейд ұйымдастырды.
Іс-шара барысында көлік құралдарына салынатын салықты өндіріп алу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жүргізушілер мен жолаушылар арасында салық заңнамасының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мамандар салық міндеттемелерін уақтылы орындаудың маңыздылығын, әсіресе көлік салығын төлеудің мерзімдері мен жауапкершілігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Мемлекеттік кірістер басқармасы азаматтарды салық міндеттемелерін дер кезінде орындауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1223345?lang=kk