Мектеп жанындағы жазғы тілдік лагерьдің ұйымдастырылуы туралы баспасөз хабарламасы

Мектеп жанындағы жазғы тілдік лагерьдің ұйымдастырылуы туралы баспасөз хабарламасы

19.05.2026 15:47:16 181

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 маусымынан облыстың 340 жалпы білім беру ұйымдарында 4255 оқушыға арналған мектеп жанындағы тілдік лагерьлердің жұмысы басталады.

Мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту, үш тілде сөздік қорын молайту, ойын еркін жеткізу қабілеттерін қалыптастыру.

2155 оқушыны қамтыған 121 мектепте балаларды қазақ тілдік ортаға, 1740 баланы қамтыған 140 мектепте орыс тілді ортаға, 18 лицей мен гимназияларда 300 баланы ағылшын тілді ортаға бейімдейді.

Өтетін уақыты: 2026 жылдың 01-12 маусым

Қатысушылар: 2–5 сынып оқушылары

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1223374?lang=kk