📢 Соттан тыс банкроттық рәсімі: кімдер өтініш бере алады?
Конституция

📢 Соттан тыс банкроттық рәсімі: кімдер өтініш бере алады?

30.06.2026 18:26:21 12

📢 Соттан тыс банкроттық рәсімі: кімдер өтініш бере алады?

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, азаматтар белгілі бір талаптарға сай болған жағдайда сотқа жүгінбей-ақ банкроттық рәсімінен өте алады.

✅ Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру шарттары:
• Берешек банктер, микроқаржы ұйымдары немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздардан тұруы тиіс;
• Жалпы берешек мөлшері 1600 АЕК-тен аспауы қажет;
• Берешек бойынша төлемдер 12 айдан астам уақыт бойы жүргізілмеуі тиіс;
• Өтініш берушінің атында тіркелген мүлік болмауы тиіс;
• Кредиторлармен қарызды реттеу бойынша шаралар қабылданған болуы қажет.

📌 Өтінішті келесі тәсілдер арқылы беруге болады:
• eGov порталы арқылы;
• Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы;
• E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы.

Егер берешек мөлшері 1600 АЕК-тен аспаса және қарыз 5 жылдан астам уақыт өтелмеген болса, соттан тыс банкроттық рәсімі жеңілдетілген тәртіппен қаралады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1236748?lang=ru