17 маусым күні Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары арасында шағын футболдан «Jasyl El Cup – 2026» турнирі ұйымдастырылды.
05.07.2026 00:52:10 160
Іс-шараға Ақтөбе облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Туралиев Әлімбек Жәнібекұлы және «Атамекен» студенттер отряды жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Шанытбаев Нұржан Құрманғалиұлы қатысып, командаларға сәттілік тілеп, турнирдің маңыздылығына тоқталды.
Турнирге әр команда құрамында 7 ойыншыдан құралған 12 команда қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша:
- 🥇 I орын – FC GREEN LAND
- 🥈 II орын – FC NAMYS
- 🥉 III орын – FC АСМК
Арнайы номинациялар:
- Үздік ойыншы – Алдияр Умаркулов;
- Үздік қақпашы – Нұраділ Алтай;
- Үздік шабуылшы – Ансар Сертай;
- Үздік қорғаушы – Арон Шамшин.
Шара соңында жүлделі орын иегерлері мен номинация жеңімпаздары арнайы дипломдармен, ақшалай сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, турнирге қатысқан барлық командалар мен қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс хаттар табысталды.
«Jasyl El Cup – 2026» турнирі жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және спорт мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1243043?lang=ru
