Департаментте мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Департаментте мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

11.07.2026 08:56:35 128

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай 23 маусым 2026 ж. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік жиынға мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілердің ата-аналары, сондай-ақ кәсіби бухгалтерлер және салық төлеушілер қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, одан жаңадан жұмысқа қабылданған жас мамандардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті;

Ары қарай, Департаменттің басшысы Төлеген Қапсалықұлы Сарсембаев құттықтау сөзін айтты. Содан марапаттау рәсімі басталды, марапаттау рәсімі үш кезеңге бөлініп, атап айтқанда:

Бірінші - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бастамашылығымен 5 қаңтарынан бастап 30 маусымына дейін жалғасатын Жамбыл облысында жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес беру арқылы қолдау көрсетуге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясына белсенді ат салысып өз тараптарынан қомақты үлестерін қосқан төрт бухгалтерлерді Қазақстан Республикасы Қаржы Министірі Мади Такиевтың «Алғыс хаттарымен»: Токарева Оксана Иволевна; Амирова Жанна Амировна; Абакова Алия Копжасаровна және Сарыбаева Шолпан Жангазыевна марапатталды.

Марапаттаудың екінші бөлігінде: кірістер органдарында мемлекеттік қызметтегі мінсіз еңбегі мен жоғары кәсібилігін көрсеткен жас мамандардың ата-аналары марапатталды. Жалпы 13 жас қызметкерлердің ата-аналары марапатталды.

Марапаттаудың үшінші бөлігінде: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны және қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін, сондай-ақ Департаменттің қоғам өміріне белсенді қатысқан (оның ішінде спорттық іс-шараларына Департаменттің беделін көтерген) 22 қызметкер құрмет грамоталармен марапатталды.

Одан кейін кірістер органдардың ардагері Қонысбай Қуандықұлына сөз беріліп, ол кісі құттықтауды жасады.

Жиын сонында концерттік бағдарламамен салтанатты жиналыс жалғасын тапты.

Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік қызметке құрметті арттыру, мемлекеттік қызметті дәріптеу және мемлекеттік қызметінің беделін арттыру болып табылады.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1246352?lang=ru