Иордания Елшісінің сыпайылық сапары

Иордания Елшісінің сыпайылық сапары

11.07.2026 09:47:21 178

Бразилиа, 2026 жылғы 23 маусым - Иордан Хашимит Корольдігінің Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Маен Макадеш мырза Қазақстан Республикасының Елшілігіне сыпайылық жүздесумен келіп, ҚР-дың Бразилиядағы Елшіcі Болат Нүсіповпен кездесті.

Кездесу барысында дипломаттар дипкорпус арасындағы ықпалдастық мәселелерін талқылап, Бразилиямен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың негізгі тустары жөніндегі ақпаратпен алмасты. Сондай-ақ, тараптар болу еліндегі қызмет тәжірибесімен бөлісіп, елшіліктер деңгейінде достық қарым-қатынастарды сақтауға әзірліктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1246439?lang=ru