«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының өңірлік кезеңі өтті.
11.07.2026 10:56:45 259
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының өңірлік кезеңі өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі өткізілді.
Аталған конкурсқа Қаратөбе ауданынан Жусандой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айгүл Бақытжанова қатысуда. Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби қызметі мен жетістіктерін таныстырып, өңірлік комиссия мүшелері алдында сұхбаттан өтті.
Айгүл Бақытжанова өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша халықтық дауыс беру кезеңіне өткен үміткерлер қатарынан көрінді.
Айгүл Бақытжановаға сәттілік тілеп, байқаудың келесі кезеңдерінде жоғары нәтиже көрсетуіне тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1246564?lang=ru