ЕАЭО шеңберінде тауарлар импорты кезіндегі камералдық бақылау
11.07.2026 12:06:00 204
ЕАЭО шеңберінде тауарлар импорты кезіндегі камералдық бақылау
БҚО МКД камералдық бақылау шеңберінде салық төлеушілерге ЕАЭО елдерінен тауарлар импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу (328.00 ТНК) туралы өтініштерді ұсынбау фактілері бойынша хабарламалар жіберу жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Хабарламалар тауарлардың өткізілуі және табыс етілген салық есептілігі туралы деректерді қоса алғанда, ақпараттық жүйелердің мәліметтері негізінде қалыптастырылады.
Хабарламаны орындау мерзімі оны тапсырған (алған) күннен бастап 30 жұмыс күнін құрайды.
Хабарлама мынадай жағдайларда орындалды деп есептеледі:
- егер мұндай өтініш ұсынылуға жататын болса, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш беру;
- не өтінішті ұсынбау себептерін көрсете отырып, түсініктеме беру.
Өтініш немесе түсініктеме беру хабарламаны орындалды деп тану үшін негіз болып табылады.
БҚО МКД салық төлеушілерге келіп түскен хабарламаларды уақтылы тексеруді және салық заңнамасының талаптарын сақтауды ұсынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1246682?lang=ru