Салықтық тексерулер бойынша ТОП 10 сұрақ - жауап

Салықтық тексерулер бойынша ТОП 10 сұрақ - жауап

11.07.2026 12:11:26 190
  1. Салықтық тексерулерді кім жүзеге асырады?

Жауабы бар: салықтық тексерулерді тек қана салық органдары жүзеге асырады;

  1. Салықтық тексерулердің қандай нысандары бар?

Жауабы бар: салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады;

            3. Салықтық тексерулер қандай жағдайларда тағайындалады?

         Жауабы бар: Салықтық тексеру келесі жағдайларда тағайындалады:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) осы Салық кодексінде көзделген өтінішті, талаптарды беруі;

2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздердің болуы;

3) салық органы салықтық тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайларда;

  1. Салықтық тексеру не негізінде жүргізіледі?

         Жауабы бар: салықтық тексеру нұсқаманы ңнегізінде жүргізіледі;

  1. Салықтық тексеру жүргізуге нұсқаманы кім тапсырады?

         Жауабы бар: тексеруді жүргізетін салық органының лауазымды адамы нұсқаманы салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етеді;

  1. Салықтық тексеру актісі қанша данада жасалады?

         Жауабы бар: салықтық тексеру актісі кемінде екі дана болатын санда жасалады;

  1. Салықтық тексерулерді жүргізу мерзімі қандай?

Жауабы бар: салық кодексінің 163-бабының 1-тармағына сәйкес нұсқамада көрсетілетін салықтық тексеру жүргізу мерзімі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, нұсқама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс;

  1. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізуге арналған нұсқамада қандай ең ұзақ мерзім көрсетілуі мүмкін?

         Жауабы бар: хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде нұсқамада көрсетілген мерзім отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс;

  1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша салықтық тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексеруді тоқтатуға жол беріле ме?

         Жауабы бар: жол берілмейді;

  • Кімнің қатысуымен хронометраждық тексеру жүргізіледі?

         Жауабы бар: хронометраждық зерттеп-қарау салық төлеушінің және (немесе) оның өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1246690?lang=ru