Бүгін ауданымызда Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, адам жанының арашасы болып жүрген ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді.
13.07.2026 05:46:54 238
Бүгін ауданымызда Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара
ұйымдастырылып, адам жанының арашасы болып жүрген ақ халатты абзал
жандарға құрмет көрсетілді.
Мерекелік жиынға қатысқан аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев, денсаулық сақтау
саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен
құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы медицина мамандарының қоғамдағы
орны ерекше екенін атап өтіп, тұрғындардың денсаулығын сақтау жолындағы
адал еңбектері мен жауапкершіліктеріне ризашылығын білдірді.
Шара барысында салада жемісті еңбек етіп келе жатқан бірқатар медицина
қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік кеште аудан көркемөнерпаздарының әуезді әндері жиналған
қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1251055?lang=ru