Бүгін Қаратөбе және Аққозы ауылдық округтерінде заман талабына сай салынған жаңа футбол алаңдары салтанатты түрде пайдалануға берілді.
13.07.2026 05:46:58 311
Бүгін Қаратөбе және Аққозы ауылдық округтерінде заман талабына сай
салынған жаңа футбол алаңдары салтанатты түрде пайдалануға берілді.
Аталған шараға аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа
футбол алаңдарының ашылуымен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы
бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ауыл
жастарының спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасау –
мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Жаңа футбол алаңдарының ашылу рәсімінен кейін мерекелік шара ауыл
командаларының қатысуымен өткен футбол жарысына ұласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1251052?lang=ru