Құрылтай сайлауы 23 тамызға тағайындалды

Құрылтай сайлауы 23 тамызға тағайындалды

14.07.2026 01:32:59 227

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.

Осыған байланысты Испанияда тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын дауыс беруге шақырамыз.

🗳 №434 сайлау учаскесі
📍 Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі
Avenida de Madroños, 43, Madrid
🕖 Дауыс беру уақыты: 07:00–20:00

Сондай-ақ Барселона қаласында көшпелі сайлау учаскесі ұйымдастырылады:

📍 Қазақстан Республикасының Барселонадағы Консулдығы
Paseo de Gracia, 49, 2º-1a, Barcelona
🕛 Дауыс беру уақыты: 12:00–14:00

❗ Назар аударыңыз! Барселонадағы дауыс беру көшпелі сайлау учаскесі форматында өткізілетіндіктен, дауыс беру тек 12:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Сайлау бюллетеньдерінің жеткілікті санын қамтамасыз ету мақсатында дауыс беруге ниет білдірген барлық азаматтарды төмендегі сілтеме арқылы алдын ала тіркелуге шақырамыз. Бюллетеньдер саны алдын ала берілген өтінімдер негізінде қалыптастырылады. Сондықтан алдын ала тіркелмеген жағдайда бюллетень берілмеуі мүмкін.

🔗 Алдын ала тіркелу:
https://forms.gle/rfi2xQci6t31DqVt6

Баршаңызды сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1253051?lang=ru