Қазақстанда инвестициялық преференцияларды қалай алуға болады?

Қазақстанда инвестициялық преференцияларды қалай алуға болады?

14.07.2026 03:47:37 265

Инвестициялық преференциялар – басым қызмет түрлері бойынша жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік қолдау шарасы.

Не істеу қажет?

1️⃣ Қазақстан Республикасында заңды тұлғаны тіркеу.

2️⃣ Инвестициялық жоба мен бизнес-жоспарды әзірлеу.

3️⃣ Инвестициялық преференциялар алу үшін elicense.kz порталы арқылы өтінім беру.

Негізгі құжаттар:
📄 өтінім;
📄 заңды тұлғаның жарғысы;
📄 инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;
📄 мемлекеттік заттай грантқа арналған құжаттар (берілген жағдайда);
📄 салықтық преференциялар алу кезінде – жобалық құжаттамаға сараптама қорытындысы.

Қандай мемлекеттік қолдау шараларын алуға болады?
✅ кедендік баждарды төлеуден босату;
✅ салықтық преференциялар;
✅ инвестициялық субсидия;
✅ мемлекеттік заттай грант.

Инвестициялық преференциялар жобаны іске асыруға жұмсалатын шығындарды азайтуға және оның инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша келесі сілтемелер арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:

- ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің Инвестициялық преференциялар басқармасы: https://www.gov.kz/memleket/entities/invest?lang=kk
- «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ: https://invest.gov.kz/kz/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1253292?lang=ru