Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

14.07.2026 03:54:39 221

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі, ел дамуының жарқын үлгісі және болашаққа деген нық сенімнің символы. Бүгінде Елорда еліміздің саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретінде қарқынды дамып, заманауи келбетімен, сәулетті ғимараттарымен және ерекше рухымен даралануда. Астана күні – ел бірлігін, ортақ жетістіктерді және Отанымыздың дамуына қосылған әрбір азаматтың үлесін айшықтайтын айрықша мереке. Елордамыз жылдан жылға көркейіп, тұрғындар үшін жайлы, заманауи және мүмкіндігі мол қалаға айналып келеді. Осы айтулы мереке күні барша қала тұрғындары мен қонақтарына зор денсаулық, бақ-береке, амандық пен мол табыс тілейміз. Әр шаңыраққа құт-береке қонып, бейбіт өмір мен татулық әрдайым салтанат құрсын. Астана одан әрі дамып, гүлденіп, еліміздің мақтанышы әрі жарқын болашағының символы болып қала берсін! Астана күні құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1253295?lang=ru