Құрметті металлургтер, сала ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен шын жүректен құттықтаймын!
17.07.2026 12:16:46 277
Бұл мереке – қайсар мінезді, жоғары жауапкершілігімен және шынайы кәсібилігімен ерекшеленетін жандардың мерекесі. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында ауданның өндірістік әлеуеті нығайып, экономикасы дамып, тұрғындардың әл-ауқатының берік негізі қалануда.
Биыл біз ауданымыздың мерейлі белесі – 90 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Оның тарихы – өз кәсібіне адал, табандылығы мен туған жерге деген сүйіспеншілігінің арқасында ауданның өткені мен бүгінін қалыптастырып, жарқын болашағын жасап келе жатқан еңбек адамдарының тарихы.
Ауданның 90 жылдығы қарсаңында оның заманауи тарихы жаңа жетістіктермен толығып отырғанын ерекше атап өткен жөн. Өңірдің дамуына «Варваринское» ЖШС қомақты үлес қосып келеді. Кәсіпорын өз қызметі барысында ауданның сенімді серіктестерінің біріне айналып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға атсалысып, туған өлкеміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға зор үлес қосуда. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – көптеген отбасылардың ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі әрі ауданның өркендеуіне қосылған лайықты үлесі.
Саланың берік еңбек дәстүрлерінің негізін қалаған ардагерлерге ерекше алғысымды білдіремін. Олардың кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы бүгінгі күні де көпшілікке үлгі болып келеді. Қуантаратыны – бұл игі дәстүрлерді аға буынның тәжірибесін меңгеріп, заманауи технологияларды игеріп жатқан жас металлургтер лайықты жалғастыруда. Олар өз еңбектерімен кәсіпорын мен ауданның одан әрі дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бейбітшілік, бақыт және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, құрметке ие болсын, әр шаңырақта татулық, бақ-береке және ертеңгі күнге деген сенім салтанат құрсын. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Аудан әкімі Қ. Мыржақыпов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1259504?lang=ru