Республикалық бюджетке түсімдер 1 трлн теңгеден асты, бірінші жартыжылдық жоспары 102,2%-ға орындалды

Республикалық бюджетке түсімдер 1 трлн теңгеден асты, бірінші жартыжылдық жоспары 102,2%-ға орындалды

17.07.2026 18:28:58 192

еспубликалық бюджетке түсімдер 1 трлн теңгеден асты, бірінші жартыжылдық жоспары 102,2%-ға орындалды

🏛 Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеңейтілген алқа отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ызмет қорытындылары мен негізгі көрсеткіштердің орындалу нәтижелері қаралып, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған басым міндеттер айқындалды.

📈 Департамент басшысы Серік Манзоров алқа отырысын ашып, бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақты орындалуын қамтамасыз ету, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру және салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделін жетілдіру мемлекеттік кірістер органдарының басым бағыттары болып қала беретінін атап өтті.

Департаменттің мәліметіне сәйкес 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 1 трлн 323 млрд теңге түсті. Бұл жоспардың 102,2%-ға орындалуын қамтамасыз етті. Өткен жыл кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 393 млрд 500 млн теңгеге артты.

Түсімдердің ең жоғары өсімі келесі салық түрлері есебінен қамтамасыз етілді:
Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін  -қызметтерге салынатын қосылған құн салығы – 292 млрд теңге;
- мұнай секторындағы ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғалар – резиденттерден алынатын корпоративтік табыс салығы – 75 млрд 4 млн теңге;
- импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы – 61 млрд 9 млн теңге.

Отырыс барысында құрылымдық бөлімшелер басшылары кіріс бөлігінің орындалуы, камералдық бақылау, берешекті өндіріп алу, әкімшілендіру және мақсатты индикаторлардың орындалуы мәселелері бойынша есеп берді.

Департамент басшысы алқа отырысын қорытындылай келе, салықтық және кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру, бекітілген жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету, атқарушылық тәртіпті қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты күшейту және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1259952?lang=ru