Жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

28.07.2026 11:56:28 161

2026 жылғы 23 шілде күні Бастаушы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ терроризмге қарсы түсіндіру және ақпараттық жұмыстарды жүргізу мақсатында кездесу өтті.

Іс-шара барысында Бастаушы ауылдық округінің әкімі А.Б. Кенесбеков жастарға терроризм мен экстремизмнің қоғамға тигізетін кері әсері, радикалды идеологияның қауіптілігі, заң талаптарын сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Кездесу барысында жастарға діни және қоғамдық мәселелерде сенімді ақпарат көздеріне сүйенудің маңыздылығы түсіндіріліп, заңсыз әрекеттердің алдын алу, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1264556?lang=ru