Алматыда Жастар, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Жаһандық стратегиялық диалог өтті

Алматыда Жастар, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Жаһандық стратегиялық диалог өтті

28.07.2026 13:22:21 227

 

2026 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Жастар – өзгерістердің қозғаушы күші: нормативтік прогрестен практикалық іске асыруға дейін» тақырыбындағы Жастар, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Жаһандық стратегиялық диалогтың ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА) тарапынан БҰҰ-ның Жастар істері жөніндегі басқармасымен және БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ)серіктестікте, сондай-ақ Италия Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Өз сөзінде Елші БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2250 резолюциясына негізделген «Жастар, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібін іске асырудың алғашқы онжылдығының қорытындыларын атап өтіп, аталған күн тәртібін одан әрі институционалдандырудың маңыздылығына тоқталды және оны ілгерілетудің басым бағыттарын айқындады. Сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатын дамыту тәжірибесіне, БҰҰ жүйесінің мекемелерімен өзара іс-қимылына, сондай-ақ Алматы қаласында құрылып жатқан Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығының өңірлік ынтымақтастықтың жаңа алаңы ретіндегі маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Құттықтау сөзбен сондай-ақ ЮНФПА Атқарушы директоры Диене Кейта сөз сөйледі. Іс-шараға БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, ЮНФПА-ның Қазақстандағы Елдік өкілі Чинве Огбонна, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерния қатысты.

Жаһандық стратегиялық диалог «Жастар, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібін практикалық тұрғыда іске асыру тетіктерін талқылау үшін БҰҰ жүйесі мекемелерінің, сарапшылар қауымдастығының, мемлекеттік органдардың өкілдерін және әлемнің түрлі өңірлерінен келген жас көшбасшыларды біріктірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1264632?lang=ru