Алтай ауданының мәслихатында аудан мәслихатының депутаттарының, Қоғамдық кеңес мүшелерінің және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы өтті.
28.07.2026 15:45:53 218
Алтай ауданының мәслихатында аудан мәслихатының депутаттарының, Қоғамдық кеңес мүшелерінің және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы өтті.
Диалог алаңының жұмысына «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Р.Н. Ахмедзянов, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын іске асыру жөніндегі Ұлттық мүдделі тараптар кеңесінің мүшесі, «Эхо» қоғамдық бірлестігінің төрағасы П.Г. Лобачёв, сондай-ақ тау-кен өндіру саласының ашықтығы жөніндегі халықаралық басқарма мүшесі, «Азаматтық сараптама» қоғамдық қорының өкілі Д.Б. Бектурганов қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы Алтай қаласындағы «Қазцинк» ЖШС Шығыс Қазақстан тау-кен байыту кешені өндірістік алаңының қызметі контекстіндегі Алтай ауданын дамытудың өзекті жоспарлары және аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының әрі қарайғы перспективалары болды.
Диалог алаңына «Қазцинк» ЖШС Шығыс Қазақстан тау-кен байыту кешені Алтай қаласы өндірістік алаңының әкімшілік мәселелер жөніндегі директордың орынбасары А.А. Тютеньков қатысып, кәсіпорынның ағымдағы қызметі, Малеевск кеніші мен байыту фабрикасының жұмыс перспективалары және ағымдағы қызмет шеңберінде іске асырылып жатқан өндірістік жобалар туралы айтып берді.
Ашық талқылау барысында қатысушылар қала мен аудан кәсіпорындарының жұмысына, қаладағы экологиялық жағдайға, «Қазцинк» ЖШС жүзеге асырып жатқан қала мен ауданның дамуына бағытталған көптеген әлеуметтік жобалар мен бастамаларға, кәсіпорынның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысуына, білікті мамандарды даярлау мен оқытуға, жас кадрларды тартуға, сондай-ақ кәсіпорынның өңірмен одан әрі әлеуметтік әріптестігіне қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Кездесуге қатысушылар Алтай ауданының депутаттық корпусы, Қоғамдық кеңесі, аудан әкімдігі және аудан кәсіпорындары арасында сындарлы өзара іс-қимыл жолға қойылғанын атап өтті. Тұрақты негізде нәтижелі бірлескен жұмыс жүргізіліп, мәслихат, әкімдік және қоғам өкілдерінің қатысуымен түрлі алаңдарда жүйелі түрде кездесулер өткізіліп келеді. Осындай ашық диалог форматы өзекті мәселелерді дер кезінде талқылауға және оларды бірлесіп шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізуді талап ететін мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қатысушылар көтерме жәрдемақыларды тек ауылдық елді мекендерге келген мамандарға ғана емес, сонымен бірге моноқалаларға жұмысқа келетін дәрігерлерге, педагогтерге, мәдениет саласының қызметкерлеріне және басқа да сұранысқа ие мамандарға беру тетіктерін жетілдіру қажеттігін тағы да көтерді. Алтай ауданының депутаттары бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті өтініштер жолдаған, өйткені оны шешу тек заңнамалық деңгейде ғана мүмкін.
Кездесуге қатысушылар диалог барысында айтылған ұсыныстар мен Алтай ауданы тұрғындары үшін өзекті проблемалық мәселелер Ұлттық мүдделі тараптар кеңесінің өкілдері арқылы тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелерін одан әрі талқылау кезінде ескерілетініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1264711?lang=ru