Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Wildberries қойма кешенін ықтимал көшіру мәселесіне қатысты мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Wildberries қойма кешенін ықтимал көшіру мәселесіне қатысты мәлімдемесі

29.07.2026 16:21:19 185

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі ірі халықаралық сауда платформаларының логистикалық инфрақұрылымының даму үрдістерін тұрақты түрде бақылап отырады.

Қазіргі уақытта Wildberries компаниясынан Қазақстан Республикасының аумағында қосымша қойма қуаттарын орналастыру мәселесіне қатысты Министрлікке ресми өтініш келіп түскен жоқ. Тиісті ұсыныстар келіп түскен жағдайда, олар Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескеріле отырып, заңнама талаптарына сәйкес  қаралады.

Министрлік үшін халықаралық компаниялардың кез келген жобалары елдің ұлттық мүдделеріне сай, өзара тиімді негізде жүзеге асырылуы маңызды. Мұндай жобалар отандық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етуі тиіс.

Қазақстанның транзиттік және логистикалық әлеуеті жоғары. Осыған байланысты Министрлік заманауи қойма және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ трансшекаралық электрондық сауданы ілгерілетуге бағытталған инвестициялық жобаларды қолдайды.

Сонымен қатар тауарларды тасымалдау, сақтау және айналымға шығару процестері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық нормаларымен реттеледі. Осыған байланысты нарықтың жекелеген қатысушылары үшін қандай да бір ерекше жағдайлар немесе арнайы талаптар көзделмеген.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1265423?lang=ru