«Салық төлеушінің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату тәртібі»
10.08.2026 18:41:15 189
Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлеп тоқтату Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары жыл сайын әрекетсіз салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлеп тоқтату бойынша жұмыстар жүргізеді. Бұл рәсім Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 109-бабына сәйкес жүзеге асырылады және салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімін өзектендіруге бағытталған.
Салық төлеушілерді мәжбүрлеп тарату тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы №640 бұйрығымен бекітілген Салық төлеушілерді салықтық тіркеу қағидаларының 7-тарауымен реттеледі.
Ұзақ уақыт бойы қызметін жүзеге асырмаған және заңнамада белгіленген талаптарға бір мезгілде сәйкес келетін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мәжбүрлеп таратылуға жатады.
Атап айтқанда, талап қою мерзімі ішінде әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген және бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушінің қызметі мәжбүрлі тәртіппен тоқтатылады.
1) салық есептілігін өз бетінше ұсынбаған;
2) экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырмаған;
3) банктік шоттар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізбеген;
4) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
5) басқа заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы болып табылмайтын;
6) салық есептілігін ұсынуды тоқтатпаған;
7) жеке тұлғаларға салынатын мүлік, көлік және жер салығы объектілерін қоспағанда, меншік құқығында мүлік, көлік немесе жер салығы салынатын объектілері жоқ;
8) әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
9) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мөлшері 6 айлық есептік көрсеткіштен асатын салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер бойынша берешегі жоқ.
Төмендегі салық төлеушілердің қызметі мәжбүрлі тәртіппен тоқтатылмайды.
1) салықтық мониторингке жататын;
2) жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарт негізінде қызметін жүзеге асыратын;
3) камералдық бақылау немесе салықтық тексерулер нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған не түсіндірме ұсыну арқылы орындалған хабарламасы бар;
4) сот орындаушылары немесе басқа уәкілетті органдар қолданған шектеулерге (тыйымдарға) ұшыраған;
5) экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың тарапы болып табылатын немесе болған және валюталық бақылау рәсімдері аяқталмаған;
6) талап қою мерзімі ішінде банктік шоттар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған.
Рәсім кезең-кезеңімен жүргізіледі. 1 наурызға дейін салық төлеушілердің бастапқы тізбесі қалыптастырылады, 1 сәуірге дейін ол бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Одан кейін мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті мемлекеттік органдар мен банктерге сұрау салулар жолдайды, кредиторлардың өтініштерін қабылдайды. 1 шілдеге дейін түпкілікті тізбе бекітіледі. Мәжбүрлеп тарату туралы талап қою арыздары сотқа 1 қыркүйектен кешіктірілмей жолданады.
Қызметті тоқтату тек заңды күшіне енген сот шешімі негізінде ғана жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Егер рәсім аяқталғанға дейін салық төлеуші өз қызметін қайта бастап, салық есептілігін тапсыра бастаса, банктік операцияларды жүргізіп, салық міндеттемелерін орындаса, ол мәжбүрлеп таратылуға жататын тұлғалар тізімінен шығарылуы мүмкін.
Ұйымның немесе жеке кәсіпкердің тиісті тізбеге енгізілгенін Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан www.kgd.gov.kz. тексеруге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда тіркелген жеріңіз бойынша мемлекеттік кірістер органдарына уақтылы жүгінуге кеңес береміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1271804?lang=ru