Қостанай қаласы күніне арналған 3×3 баскетбол турниріне ресми шақыру

Қостанай қаласы күніне арналған 3×3 баскетбол турниріне ресми шақыру

11.08.2026 17:40:46 185

Құрметті спортшылар, баскетбол сүйер қауым және қала тұрғындары!

Қостанай қаласы күнін мерекелеу аясында сіздерді 3×3 баскетбол бойынша өтетін ашық турнирге қатысуға шақырамыз. Сіздерді тартысты өтетін ойындар, жоғары спорттық рух және жеңімпаздарға арналған бағалы жүлделер күтеді.

Өз командаңызды жинап, алаңда шеберліктеріңізді көрсетіңіз және қаланың ең үздік стритболшылары атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыздарыңыз!

Іс-шараның толық мәліметі:

  • Өтетін күні: 15 тамыз.
  • Өтетін орны: Триатлон паркі (ашық спорт алаңдары).
  • Турнир форматы: 3×3 баскетболы (стритбол).

Қатысу шарттары мен тіркелу: Жарысқа алдын ала жасақталған командалар қабылданады. Орны шектеулі болуы мүмкін, сол себепті тіркелуден ертерек өтуге кеңес береміз.

Тіркелу және анықтама телефоны: +7 (705) 194-04-43.

Спорт мерекесінде сіздерді және жанкүйерлеріңізді күтеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1272432?lang=ru