Ақтөбе облысының прокуратурасында кадрлық тағайындау
12.08.2026 16:36:32 168
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Ақтөбе облысы Хромтау ауданының прокуроры лауазымына әділет кеңесшісі Отаров Даурен Нұрланұлы тағайындалды.
Д. Отаров прокуратура органдарында 17 жылдан астам қызмет атқарып келеді.
Өзінің қызмет жолын Ақмола облысы Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы ретінде бастап, Бас көлік прокуратурасында, Бас прокуратурада бірқатар лауазымдарды және Ақтөбе облысы прокуратурасының басқарма бастығы болып қызмет атқарған.
2025 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облысы прокуратурасының кадрлық жұмыс тобының басшысы лауазымын атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1272969?lang=ru