Мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салуды енгізу
15.09.2026 10:30:29 204
«Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 175-нк бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі мүше мемлекеттерге әкетуге 2026 жылғы 21 мамырдан бастап 2026 жылғы 21 қарашаға дейінгі кезеңге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілді
- 2026 жылғы 21 мамырдан 2026 жылғы 21 қарашаға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі мүше мемлекеттерге:
1) майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының отын бактарында, тәулігіне бір реттен артық емес, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және (немесе) қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары);
2) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілетін беру жоспарына сәйкес бензиндерді (2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін (2710 12 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтар) темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
Сондай-ақ тыйым салынған 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттарды (2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), авиакеросиндерді және дизель отынын (2710 19 110 0 – 2710 19 460 0 Еуразиялық экономикалық одақтың шеңбіріңде сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), газойлдарды (2710 20 110 0 – 2710 20 190 0 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), толуолды, ксилолдарды (2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), мұнай битумын (2713 20 000 0 Еуразиялық экономикалық одақ шеңбіріңдегі сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
Бұл тыйым салудың мақсаты елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын жүктеу және бағаларды тұрақтандыру болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1291632?lang=ru