Қазақстан Түркияда салған мектеп оқушыларға есігін ашты
15.09.2026 11:36:49 181
2026 жылғы 14 қыркүйекте Газиантеп провинциясының Нұрдағы ауданында Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп алғаш рет оқушыларды қабылдады.
Мектеп Түркиядағы жойқын жер сілкіністерінен кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен салынды. Бұл жоба Қазақстанның зардап шеккен аймақты қалпына келтіруге қосқан үлесі және Қазақстан мен Түркия бауырлас халықтарының ынтымақтастығының нышаны болды.
Іс-шараға «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов, Газиантеп провинциясы губернаторының орынбасары Якуп Кылынчоглу, жергілікті жұртшылық өкілдері, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Сапар шеңберінде Нұрғали Арыстанов Якуп Кылынчоглумен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалары мен ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.
Анықтама үшін: мектеп 900 оқушыға арналған. Бұл білім беру мекемесінде қазірдің өзінде 50 педагог жұмыс істейді. Оқушыларды сапалы оқыту және жан-жақты дамыту үшін қажетті заманауи инфрақұрылым құрылып, жайлы жағдайлар қамтамасыз етілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1291751?lang=ru