Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ РММ ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОҚУ С 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 31 наурызында «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ ынтымақтастық туралы оқу орындарымен жасалған меморандум шеңберінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінде техникалық мамандықтарда оқитын 1-ші, 2-ші және 3-ші курс студенттерімен техникалық реттеу, метрология және Еуразиялық экономикалық одақ мәселелері бойынша оқу семинарын өткізді.Оқу семинарын «ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ басшысы Салтанат Камешева өткізді.Департамент басшысы стандарттау, сертификаттау, аккредиттеу, Кеден одағының күшіне енген техникалық регламенттері туралы, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 10-шы бөлімі мәселелер бойынша және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейтін Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 «Техникалық реттеу туралы» Заңының негізгі баптарын түсіндіріп өтті.Қазіргі уақытта «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары қаралып және талқыланып жатқандығына ерекше тоқталып өтті, сондай-ақ тыңдаушыларға стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтынан http://www.memst.kz табуға болатындығын айтып кетті.Қазақстан Республикасының заң жобаларын қабылдау мақсаты бизнес дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасының дамуында, субъектілер мен мемлекеттің өзара әрекетінің, оның ішінде мемлекеттік реттеудің дамуы мен жетілуінде, стандарттау саласындағы құқықтық реттеудегі бос орындарды және қайшылықтарды жоюда болып табылады.Дәрістің соңында департамент басшысы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің түлектері Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде табысты жұмыс атқарып жатқандығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18376?lang=kk
Карнавал стилінде: «Жібек саты» операсының премьерасы «Астана Операда» аншлагпен өтті 11.04.2025
Өзінің тарих беттерін 6 жыл бойы жазып келе жатқан жас театр үшін бұл өте маңызды оқиға. Енді Камералық зал репертуары одан сайын түрлене түсті. «PICCOLO» Камералық театры – студенттер, түлектер, жас вокалистердің танылған опера әншілерімен бірге өз шеберліктерін арттыруға арналған шығармашылық зертханасы іспетті.Залда ине шаншар жер жоқ. Жайлы камералық атмосферада, софит жарығымен қызықты оқиға орын ала бастады. Сюжет бойынша, Дормонттың (Рамзат Балакишиев, Руслан Совет) қамқорлығында тәрбиеленуші Джулия (Жаннат Бақтай, Салтанат Ахметова) Дорвильмен (Жан Тапин, Дамир Сәдуақасов) құпия түрде некелескен, ал ол әр түні жібек сатымен әйелінің бөлмесіне көтеріледі. Дормонт болса, өзінің тәрбиеленушісін Бланзакка (Евгений Чайников) тұрмысқа бергісі келеді, ал оған Джулияның бөлесі Лючилла (Салтанат Мұратбекова, Малика Минизини) ғашық. Ақкөңіл қызметші Джермано (Сүндет Байғожин) Джулияның түнде күйеуін күтетінін естіп әрі оны Бланзак деп ойлайды да, оған жібек саты түсірілетінін хабарлайды...Кейіпкерлер қайта-қайта күлдіргі жайттарға тап бола берді, бұған тамаша әсер еткен көрермен күлкісін жасыра алмай, ду қол шапалақпен үн қатып отырды. Дарынды жас вокалистер мен опера сахнасының сұранысқа ие шеберлері өз партияларының нәзік вокалдық реңктерін беріп қана қоймай, бұл қойылым фарс болғандықтан, бір мезетте түрлі эмоцияларын ым-ишарамен, ойнақы көзқараспен білдірді.Тыңдармандардың іші пысқан жоқ: әртістер үнемі қозғалыс үстінде болды, олар жүгірді де, тығылып қалып, күтпеген сәттерде қайта оралып отырды. Бұл жерде Италиядан келген қоюшы режиссер Алла Симонишвилидің мінсіз жұмысын атап өткен жөн, ол спектакльдің географиясын керемет жасағаны соншалық, сахнаның әрбір бұрышы жанданып, тіпті оқиға венециялық алаңда өтіп жатқандай әсерде болды.Жаннат Бақтай мен Салтанат Ахметова өз мінез-құлықтары, өмірлік тәжірибелері арқылы әрқайсысы өздігінше бас кейіпкердің бейнесін сомдаған. Премьераның әр күнінде қос әртіс россинилік стильді, актерлік шеберлікті тамаша меңгергендерін көрсетті, олар желпуішті епті пайдаланып, сахнада кербез қозғалды. Жан Тапин мен Дамир Сәдуақасов осы қойылымда көңілдес кейіпкердің бейнесін сәтті сомдап шықты. Тенорлардың үндері жоғары деңгейде болды. Баритондар Сүндет Байғожин және Евгений Чайников те биіктен көрінді. Осы екі әртістің шеберлігін қос премьералық күн бойы рахаттанып тыңдауға мүмкіндік туындады. Сүндет Байғожин үлкен актерлік дарынын көрсетті, оның ойыны ерекше тартымды болды. Евгений Чайников көңілдес кейіпкердің бейнесін әрі күлдіргі, әрі әсерлі етіп жасады. Дормонт партиясындағы Рамзат Балакишиев пен Руслан Советке барлық жағынан оңай болғаны байқалды, екеуі де өз бейнелерін жақсы аша алды. Тамаша меццо-сопрано иелері әншілер Салтанат Мұратбекова мен Малика Минизини бельканто техникасын өте жақсы игергендерін көрсете отырып, Лючилла партиясын орындады.Сахнаның керемет жиһаздарын сценограф әрі костюмдер бойынша суретші Манана Гуниа (Италия) жасаған, ол костюмдер мен декорацияларды венециялық карнавал стилінде, дәлірек айтқанда, кейіпкерлері капитан Фракасс, доктор Чума, арлекин және т.б. болған Комедия дель арте негізінде орындаған. Әртістер осы киім үлгілерінде ерекше көрінді, мұндай көздің жауын алатын алуан түсті экзотика әзірше салқын болып тұрған елордамыздың көрермендері тарапынан қызығушылықпен әрі таңданыспен қабылданды. Декорациялар, костюмдер және бейнепроекциялар XVIII ғасыр ортасындағы ыстық Италия еліне жетеледі.Осы операдағы музыка мәтінмен тығыз байланыста болды. Қоюшы дирижер Абзал Мұхитдинов жетекшілік еткен оркестр музыканттары асқан шеберлікпен өнер көрсетті, оркестр құрамы оркестр шұңқырында емес, тыңдармандарға етене жақын болуы үшін залда орналасқандықтан, көрермендер өздерін қойылымның қатысушысы ретінде сезіне алды.Премьера Жастар жылы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен үлкен жетістікпен өтті. Тыңдармандар әртістерге ыстық ықыластарын білдіріп, ұзағынан қол соғып, қошемет көрсетті. Осылайша, «PICCOLO» Камералық театры шығармашылық жобасы асқақ өнерді бағалаушылардың, сондай-ақ жетекші БАҚ-тың оң пікірін алды, демек, бұл – оны ұзақ та бақытты сахналық ғұмыр күтеді деген сөз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/18371?lang=kk
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БАЙСЕРКЕ АУЛЫНДА ӨТКЕН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 11.04.2025
2017 жылдың 29 наурызында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мен  «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігімен және «ҰССО» АҚ АФ СЗ өкілінің қатысуымен Іле ауданы Байсерке ауылында «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны» атты семинар өткізілді.Аталмыш шараға Байсерке ауылының әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім беру мекемелер мен денсаулық сақтау мекемелердің  өкілдері қатысты.ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің орналастыру ережелерін,  ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбалардың ауыстыру және жою ережелерімен таныстырды. ҰССО» АҚ АФ СЗ өкілі мемлекеттік рәміздердің ұлттық стандарттарға сәйкестігін анықтау үшін жүргізілетін сараптау әдістерін түсіндірді.Департаменттің мамандары семинарға қатысушыларды «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Жалпы техникалық шарттар» ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартының талаптарымен толығырақ таныстырды. Соның ішінде, Мемлекеттік Елтаңбаның өлшемдері мен түсіне қойылған шектеулер, Елтаңбаның қолдану кепілді мерзімі, ескі рәміздерді жаңа рәміздерге ауыстыру мерзімі және тағы басқа сұрақтар.Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің берік негізінің бірі, сондықтан аталмыш шара қатысушыларға ҚР Мемлекеттік рәміздерін келешекте дұрыс қолдану барысында сұрақтар мен қиын мәселелер туындамас үшін өткізілді.Семинар соңында қатысушылар қойған сұрақтарға ұйымдастырушылармен толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18362?lang=kk
АНОНС НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! 11.04.2025
Тараз қаласында «Автокөлік құралдарын, олардың бөліктері, қозғалтқыштардың және керек-жарақтар өндіру»  және «Тау-кен өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі» тақырыптары бойынша тегін өңірлік семинар оқулары жүргізіледі.РМК «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» 2014 жылғы 10.06. Қазақстан Республикасының №635 Үкіметі бекіткен 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру кешенді жоспарындағы, 23-тармағын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің  жоспарлары бойынша 2017 жылға арналған  өңірлік (салалық) семинар мына тақырыпта «Техникалық реттеу саласындағы оқыту және біліктілігін арттыру, метрология және басқару жүйесін (жыл сайын 1300 мамандар кем емес)» өткізіледі.Семинар (3-күн)  тегін жүргізіледі, біздің мекен-жайымыз Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 69 Б,  ТиГУ ғимараты, , «Жүрек» кардиологиялық орталығы жанында) 4-қабат, акт залы.  Осыған байланысты Сіздерді осы семинарға шақырамыз, оқу күні 12-14 сәуір айы аралығында, сағат 10-00 нан 17-00 ге дейін болады.Қатысушылар тізімін 7 сәуір айына дейін ұйымды көрсете отырып қамтамасыз етуді сұраймыз.Семинар  соңында қатысушылар осы тақырып бойынша сертификаттары беріледі. Семинарға қатысушылардың өзімен бірге жеке куәлік болуы керек.Барлық сұрақтар бойынша РМК «ҚазСтИн» Жамбыл филиалына хабарласыңыз, телефон 43-76-16.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18352?lang=kk
ЕАЭО ТР, КО ТР ЖОБАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУЫ ӨТКІЗІЛДІ 11.04.2025
2017 жылдың 17-наурызында «ҚазСтИн» РМК Маңғыстау филиалы және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 033/2013 №2 өзгеріс жобасын қарау» және «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР 007/2011 стандарттар тізбесіндегі өзеріс жобасын қарастыру» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел отырысына мемлекеттік органдар СРО, СР/СО, Маңғыстау облысындағы сүт өнімдерін және балаларға арналған тауарлар (балалар мен жасөспірімдер аяқ киімін) өндіруші-кәсіпорындардың өкілдері  қатысты.Отырыста «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 033/2013 №2 өзгеріс жобасы қарастырылды. Сондай-ақ, отырыс барысында өлшеу, зерттеу (сынақ) әдістері мен ережелерді қамтитын, соның ішінде «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлардың қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағы техникалық регламентінің (КО ТР 007/2011) және қолдану нәтижесінде ерікті түрде КО ТР талаптарының орындалуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесіндегі талаптарды орындауға және қолдануға қажетті үлгілерді іріктеп алудың ережелерін қамтитын стандарттар тізбесіндегі өзгеріс жобалары ұсынылды.Отырысқа бизнес субъектілерінің,  мемлекеттік органдар және СРО өкілдерінің  белсене қатысуымен өтті.Сонымен қатар, қатысушыларға саудадағы техникалық кедергілер мен санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша ДСҰ Келісімі жөнінде түсінік беріліп, ҚР өнімдерін каталогтаудың ақпараттық жүйесі туралы  қысқаша ақпарат айтылып өтті.Отырыс қорытындысы бойынша  өлшеу, зерттеу (сынақ) әдістері мен ережелерді қамтитын, соның ішінде «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлардың қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағы техникалық регламентінің (КО ТР 007/2011) және қолдану нәтижесінде ерікті түрде КО ТР талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін стандарттар тізбесіндегі талаптарды орындауға және қолдануға қажетті үлгілерді іріктеп алудың ережелерін қамтитын стандарттар тізбесіндегі өзгеріс жобаларына қатысты ұсынысты Мемлекетаралық және ұлттық стандарттау орталығы және «ҚазСтИн» РМК ЕГФНТД орталығы мекен-жайына жолдау туралы шешім қабылданды.Қатысушыларға, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 033/2013 №2 өзгеріс жобасы мен толыққанды танысып, қарағаннан кеін, ескертулер мен ұсыныстарды «ҚазСтИн» РМК Маңғыстау филиалына жолдау ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18345?lang=kk
Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін талқылады 11.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірде Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылу барысымен танысу үшін Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді.Сапар барысында Премьер-Министр «Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС  ЖШС-не, №1 қалалық емханаға, ет өңдеу зауытына барды. Сонымен бірге, халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығында «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету әдістерімен және жалпы өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Облыс активі және бизнес өкілдерімен кездесуде жаңа жаһандық үдерістегі  экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлардың жасалуы сөз болды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешені жұмысын, инвестиция тартуды, экономиканың негізгі салаларын арттыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, технологиялық жаңғырту және индустрия 4.0 элементтерін енгізу, цифрландыру, оқыту, жаңа жұмыс орындарын құру және экономиканы одан әрі әртараптандыру мәселелері айтылды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымов жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру туралы баяндады. Оның айтуынша, жұмыспен қамту саласындағы негізгі міндеттер қазіргі кезде жұмыс күшінің ағымын басқару, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту, дербес және бейресми жұмыспен қамтылған халықтың мәртебесін анықтау және тіркеу үшін Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ жұмысшылардың еңбек құқықтары мен  әлеуметтік жағдайын қорғау мәселелері талқыланды.Ақмола облысында 2018 жылдың бірінші тоқсанында жұмыс күшінің саны 429 мың адамды құрады, оның 408 мыңы жұмыспен қамтылған, ал жұмыссыздар - 20 мың адам. Жұмыспен қамтылу құрылымында 275 мың адам жадамалы жұмысшылар (67%) және 133 мың өздігінен жұмыс істейтіндер (23%) болып отыр. Еңбек ақы деңгейіне сәйкес Ақмола облысы республикалық көрсеткіште 28% қалыс қалған.Өндірісті жаңғырту 6 кәсіпорында: «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «ЕПК Степногорск» АҚ, «Көкшетау Энерго» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Агрофирма «Родина» ЖШС, «RG GOLD» ЖШС сияқты өндірістерде іске асады. Олар жұмысшылар арасында жұмыс ресурстарын босатпай-ақ, компанияда қайта бөлуді жоспарлап отыр.Еңбек ресурстарын басқару үшін облыстың әкімдігі барлық ірі кәсіпорындармен өзара Жол картасына қол қойды. Онда негізінен тау-кен өндіру, өңдеу және сауда салалары қамтылған. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі құралы, - деп атап өтті Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова. Осы мақсатқа биыл Ақмола облысы үшін 4,6 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде, бүгінге дейін облыста аталған бағдарламаға 8,9 мың адам қатысып, оның ішінде 7,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, 4,6 мың адам (51,6%) тұрақты жұмыспен қамтылды. .Шағын және орта кәсіпкерлік секторы жұмыспен қамтылған өңірдің үштен бірін (31,2% немесе 127,2 мың адам) құрайды және оның әлеуеті басым болып тұр. Осылайша халықтың табысы мен олардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру маңызды міндет болып табыладыОсыған орай, Мемлекет басшысының төртінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асырылуын ескере отырып, биыл Ақмола облысында халықты микрокредиттеу үшін 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту жайында баяндаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ақмола облысында барлық 19 жұмыспен қамту орталығы электронды еңбек биржасына қосылғанын атап өтті. Десе де, бұл жүйе әлі де толық пайдаланылмай отыр. Министрдің тағы бір тоқталған мәселесі азаматтардың мәртебесін өзектендіру. Жыл басынан бері аймақтағы 125 мың адамның бүгінге дейін 42,7 мыңның (34%) мәртебесі анықталды. Ал, мәртебесі анықталмаған тұлғалардың қызмет орындарын, оларға жұмыс берушілерді анықтау, келісімшарттар жасасу және еңбек қатынастарын бұзуды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда.2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы басталды. Ағымдағы жылы Ақмола облысында аталған форматты іске асыру үшін 457,8 млн теңге қарастырылған.Сөз соңында министр Ақмола облысының әкімдігіне тұрғындарды сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында аталған тапсырмаларды орындауды күшейтуді тапсырып, бұл өз кезегінде халықтың кірісі мен әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыратындығын ерекше атап өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18333?lang=kk
Еңбек вице-министрі Нұржан Әлтаев Маңғыстау облысындағы еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері туралы айтты 11.04.2025
Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын Жаңаөзен қаласы активімен және қоғам белсенділерімен бірге талқылады.Жұмыспен қамту, МӘСҚ енгізу, кәсіптік даярлау және жастарды жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Алтаев еңбек ресурстарының ағындары бойынша Жол картасын бағалау, нәтижелі жұмыспен қамту, өңірдің жаңа экономикасы мен еңбек ұтқырлығы үшін кадрлар даярлау бойынша міндеттер туралы баяндама жасады.Вице-министрдің айтуынша, 2001 жылдан бері жұмыс күші екі есеге, 146 мыңнан 296 мың адамға дейін ұлғайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатары 24 тен 66% -ға дейін азайды.«Маңғыстау облысы – жұмыс тапшылығы сезілетін өңірлерден көшіп баратын адамдар үшін еңбек күші мол аймақ. Осы жылы бұл аймаққа көшіп келушілер қатары екі есеге артты. Тағыда 2328 отбасын (9,4 мың адам) қоныстандыру жоспарда бар»- деді Нұржан Әлтаев.Сонымен қатар, вице-министр жұмыспен қамтылған облыстың білім беру құрамы бірегей болып табылады, себебі жұмыс істейтін аймақтың 72% -ы техникалық және кәсіптік білім алатындығына тоқталды. Бұл көрсеткіш барлық өңірлер арасында ең жоғарғы болып отыр.  (ҚР 37%). Мектепте білім алған кадрлар 2%-ды құрайды (23% ҚР). Жалпы, Маңғыстау облысында нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін 3,3 млрд. теңге қарастырылған. Бүгінде аталған бағдарламаға қатысушылар қатары 7,6 мың адам болды. 7,5 мың адам жұмысқа орналасса, оның 3,7 мыңы (49,3%-ы) тұрақты жұмыспен қамтылды.Елбасының бес әлеуметтік бастамасының төртінші бағытын іске асыру бойынша Маңғыстау облысына қосымша 1,3 млрд теңге (барлығы 2,0 млрд. теңге) бөлінді. Бұл қаражат ауыл мен қалалық жерлерде шағын несиелеу ауқымын кеңейтуге бағытталып отыр. Шағын несиемен кем дегенде 422 адамды қамту жоспарланып отыр.Вице-министр Н. Әлтаев өз сөзінде азаматтардың мәртебесін анықтауда атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Осылайша, жыл басында осы ақпараттық жүйелерді талдау кезінде 72,5 мың адам анықталып, олар ешқандай деректер базасында жоқ болып шықты. Дәл қазір 24 мың адамның (33%) мәртебесі анықталды.«Дегенімен аймақта әлі де 39,8 адамның статусы анықталмай отыр. Сондықтан Жаппай жұмыспен қамту бағдарламасына тұрғындарды тарта отырып, әкімдіктермен белсенді жұмыстар атқаруы керек» - деді Нұржан Әлтаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18310?lang=kk
Нариман Мұқышев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 11.04.2025
Нариман Мұқышев 1984 жылы Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында дүниеге келген.2007 жылы Сүлеймен Демирель атындағы университетті, 2011 жылы — Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы — инженер–жүйе технигі, іскерлік әкімшілендіру мастері.Еңбек жолын 2005 жылы бастаған.2005–2014 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ маманы, жетекші маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, инновациялық технологиялар департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.2014–2017 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ инновациялар және АТ жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18308?lang=kk
Министр М. Әбілқасымова Халықаралық еңбек конференциясының 107-ші сессиясының жұмысына қатысты 11.04.2025
2018 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Халықаралық еңбек конференциясының 107-ші сессиясына қатысу үшін Женеваға барды.Биылғы конференцияда жұмыс орнындағы ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету басты тақырып болды.Сонымен бірге, талқыланған мәселелер арасында үкіметтер, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік диалогты дамыту, жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты болдырмау, тұрақты дамуды жүзеге асырудағы ынтымақтастық, ХЕҰ-ның бірқатар ескірген конвенциялары мен ұсынымдарының күшін жою жағдайлары да сөз болды.  Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, жұмыс берушi ұйымдар және кәсiподақтар өкілдерiнен тұратын Қазақстан Республикасының үшжақты делегациясы Халықаралық еңбек конференциясына қатысады.Министр Мәдина Әбілқасымова сапар аясында ХЕҰ Бас директоры Гай Райдермен, АҚШ Сауда өкілі көмекшісінің орынбасары Эрланд Херфиндалмен, АҚШ делегациясының басшысы, Еңбек департаментінің Халықаралық еңбек бюросының директоры Роберт Шепардпен, Жұмысшылар бюросының директоры Мария-Елена Андре және жұмысшылардың жұмыс істейтін ұйымдары бөлімінің басшысы С. Гловацкаспен екі жақты кездесу өткізді. ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Хайнц Коллермен және Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша ХЕҰ аймақтық кеңсесі басқармасының басшысы Ольга Кулаевамен де жүздесті.  Осы және басқа да кездесулердің шеңберінде ҚР-дағы әлеуметтік сақтандыру реформасы, халықаралық тәжірибемен алмасу, ХЕҰ миссиясының Қазақстанға сапары және Жол картасын жүзеге асыру нәтижелері, сондай-ақ кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің әлеуметтік әріптестік жүйесіне қатысу мәселелері талқыланды.Иранның еңбек министрі Әли Рабиамен кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағыттары, оның ішінде 2016 жылы өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген екі жақты байланыс мәселесі жан-жақты талқыланды.  Айта кету керек, биыл 7 маусымда Конференция аясында Дүниежүзілік еңбек саммиті өтеді, онда жұмыспен қамтудың маңыздылығы және бейбітшілік пен тұрақты  дамудың лайықты қарекеттері талқыланатын болады. Конференция 8 маусымға дейін жалғасады. Еске сала кетейік, Қазақстан 1992 жылдан бастап Халықаралық Еңбек Ұйымының мүшесі болып табылады, сонымен бірге оның стандарттарына және ұлттық тәжірибеге сәйкес ХЕҰ алдында өз міндеттемелерін толық орындайды.ХЕҰ-мен бірлесіп жұмыс істеген жылдар ішінде Қазақстанда заңнамалық негізде жүзеге асырылатын міндеттемелер бойынша 24 конвенция (8 негізгі, 4 директивті, 177 техникалық, оның 12-і) ратификацияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18302?lang=kk
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу туралы 11.04.2025
Орталық коммуникациялар қызметінде алдағы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеуге арналған баспасөз-конференциясы өтті.Осы іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Жақыпова С.Қ. қатысты.Жақыпова С.Қ. Мемлекет Басшысы өзінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 2018 жылғы 1 шілдеден базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа 1,8 есе ұлғаяды деп атап өтті.Барлық зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға мемлекет бюджеттен төлеп отырған базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады.Аталған өзгерістер барлық зейнеткерлерге қатысты болады. Саны бүгін 2 млн-нан астам адам болатын қазіргі барлық зейнеткерлерге базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде біржолғы жүзеге асырылады.Алдағы уақытта зейнеткерлікке шығатын адамдарға базалық зейнетақының мөлшері жаңа әдістеме арқылы белгіленетін болады.Қайта есептеу қосымша құжаттар талап етілмей жүргізіледі, себебі еңбек өтілі туралы мәліметтер зейнетақы істерінде бар, ал міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңдері міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы дерекқорында бар» - деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18300?lang=kk
Еңбек министрлігінің қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті 11.04.2025
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақупова бастаған аталған министрлік қызметкерлері «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде болды.Мұражай-мемориалдық кешеніне барған министрлік ұжымы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды және кешен аумағында ағаш көшеттерін отырғызды.«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізсіз репрессияға ұшыраған және ақталған тұлғаларға ақшалай өтемақы төленеді.2003 және 2017 жылға дейінгі кезеңде республикалық бюджеттен бұл бағытқа 2,9 млрд. теңге біржолғы ақшалай өтемақы төленді.Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлерлік жастағы адамдар әлеуметтік жәрдемақының басқа түрлеріне қарамастан, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны да алады.2005 жыл мен 2017 жыл аралығында арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға  республикалық бюджеттен 8,9 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, төленді.  Биылғы жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және саяси құрбандар қатарынан арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алушылар саны 34 682 адам болды.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын азаматтардың ақшалай қаражаты бірқатар қосымша құқықтар мен жеңілдіктерге ие.Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдар жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша, қоғамдық бірлестік басшыларымен осы санаттағы азамттардың құқықтары мен құзыреті шегінде тиісті көмек көрсету және басқа да көмек түрлерін ұсыну үшін жергілікті бюджет есебінен қосымша шаралар белгіленген.Сонымен қатар, қолданыстағы заң бойынша он сегіз жасқа толмаған және ата-анасының қамқорынсыз қалған саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары, ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдар саяси қуғын-сүргін көргендер қатарына жатқызылады.Сонымен бірге қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында саяси репрессиядан зардап шеккен балаларды, сондай-ақ олардың ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтуды көздейтін заң жобасы бар.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18297?lang=kk
СІМ-де шетелдік БАҚ арасындағы байқау жеңімпаздары марапатталды 11.04.2025
АСТАНА, 21 тамыз – Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты төртінші халықаралық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауды ҚР СІМ және Қазақстанның Бас редакторлар клубы бірлесіп өткізді.Әзербайжан, Израиль, Италия, Канада және Корея Республикасының авторлары байқау жеңімпаздары атанды.Жеңімпаздарды құттықтай отырып, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов заманауи қоғамдағы кәсіби журналистиканың маңызды рөлін атап өтті. «Ол көпшіліктің ой-пікірін қалыптастыратын, іске қозғалтатын күш болып танылады», - деді ол. Бұл саланың жоғары деңгейін, шығармашылығын, әділдігін әрі бейтараптылығын қолдауды Министрлік өзіне абырой санайды. Қ. Әбдірахманов шетелдік журналистерді Қазақстанда «Үшінші жаңғыру» шеңберінде атқарлып жатқан саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басымдықтары туралы хабардар етті.Байқау туралы айта келіп, ҚР Сыртқы істер министрі биылғы жылғы өтініштер санының көбейгенін атап өтті: әділқазылар алқасы 29 елден 83 жарияланым алды. Көбісі Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналды. Бұл шетелдік БАҚ-тардың халықаралық көрмеге деген үлкен қызығушылығын растайды. Осы жылдың шілде айында бес өңірдің әрқайсысынан байқаудың бір жеңімпазы анықталды.Әзербайжандық «1news.az» ақпараттық агенттігінің тілшісі Парвана Султанова ТМД және Балтық елдерінің авторлары арасынан жеңімпаз болып таңдалды. Еуропа елдерінен жарысқа қатысқандардың арасынан үздік мақаланы «Vocal Europe» тілшісі, Италия азаматшасы Илария Капитанио жариялады. Американдық авторлар арасында «Wildlives.co» ресурсында мақала жариялаған Томас Тейлор жеңімпаз атанды. «The Korea Herald» газетінің тілшісі Джоэл Ли Азия, Аустралия және Океания елдерінің авторлары ішінен жеңімпаз болып таңдалды. Таяу Шығыс пен Африкадан «The Jerusalem Post» газетіндегі мақаласы үшін израильдік Уди Шахам жеңімпаз жарияланды.Мадақтама мен естелік кәдесыйларға қоса, жеңімпаздар Қазақстанға, атап айтқанда Астана, Алматы және Бурабайға сапармен марапатталды. Сапар барысында қонақтар «ЭКСПО-2017» көрмесіне бару, Қазақстанның мәдени және тарихи нысандары мен еліміздің заманауи сәулет өнерімен, көркем табиғатымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Марапаттау салтанатында Қ. Әбдірахманов журналистердің Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін байқау серіктестеріне шынайы ризашылығын жеткізді.Салтанатты рәсімге Бас редакторлар клубының Президенті Ерлан Бекқожин, дипломатиялық корпус және байқау серіктестер – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, «LOT Polish Airlines» әуекомпаниясы, «Rixos Borovoe» және «Ramada Plaza Astana» қонақүйлері, сондай-ақ «Арғымақ» көлік компаниясының өкілдері қатысты.«LOT Polish Airlines» авиакомпаниясының ресми өкілі Адриан Кубицкий «ЭКСПО-2017» қарсаңында мамыр айында ашылған «Варшава – Астана» тікелей рейсінің поляк және еуропалық жолаушылар арасындағы танымалдылығын атап өтті. Оның ойынша, халықаралық БАҚ-тардың Қазақстанға қызығушылығы, осындай байқауларға да орай, еліміздің тартымды туристік бағыт ретінде танымал болуына жағдай жасайды.Жеңімпаздарды Астана қаласында аккредиттелген Әзербайжан, Канада, Италия және Корея Республикасы дипломатиялық миссияларының басшылары мен лауазымды өкілдері де құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/18286?lang=kk
Назарбаев зияткерлік меншік мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды. 10.04.2025
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев зияткерлік меншік саласына өзгертулер енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне жасаған сілтемесінде.Мемлекет басшысы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Бұрын Сенаттың веб-сайтында айтылғандай, құжат зияткерлік меншік объектілерін тіркеу рәсімін оңайлатуды, құқықтық кемшіліктерді жоюды, сондай-ақ авторлық құқықты қорғау саласындағы әкімшілік кедергілерді құрайтын нормаларды алып тастауды қарастырған болатын.Бұдан басқа, тауарлық белгілерге құқықтарды бұзғаны үшін зиянды өтеу орнына өтемақы мекемесі енгізілді.Құқық бұзушының сипаты бұзылған жағдайда, біртектес тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, оның құқықтарын бұзған жағдайда, зиянды өтеу туралы талап қоюға құқылы сот тағайындаған өтемақы мөлшерін анықтау ұсынылды.Сондай-ақ, тауар таңбаларына өтінімдерді міндетті түрде жариялау туралы норма сарапшылар ұйымы алған сәттен бастап қаралды. Заң мәтіні баспасөзде жарияланды.Толығырақ: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-podpisal-popravki-voprosam-intellektualnoy-347024/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/18215?lang=kk
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербоның Бірлескен мәлімдемесі 10.04.2025
1. Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күніне орай ядролық сынақтарсыз бейбітшілікке жету үшін біз әзір екенімізді мәлімдейміз және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне түпкілікті енуіне өзіміздің бел байлағанымызды растаймыз.2. 1991 жылдың 29 тамызда Семей полигонын ­жабу туралы Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімі қуатты саяси серпiн бердi және соңында 1996 жылы ЯСЖТШ қабылдауға әкелген халықаралық күш-жигерлерге айрықша үлес қосты. Шарттың қабылданған сәттен бастап, Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың ұйымын (ЯСЖТШҰ) түбегейлі қолдайды және сайып келгенде ядролық қаруды толық жоюын қолдауға әзірлігін паш етеді. Осыған орай, 2008 жылы Семейде инспекциялар бойынша ЯСЖТШҰ-ның алғашқы ауқымды кешенді дала жаттығуы өткенін атап өткен жөн.3. Шарттың XIV бабында көзделген процестің тең төрағасы ретінде Қазақстан Жапониямен бiрге ЯСЖТШ күшіне енуіне жәрдемдесудегі жаһандық күш жигерлерінде жетекші рөл атқарады.4. Қазақстан 2017-2018 жыл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану нығайтуға бағытталған халықаралық күш-жігерді қолдауды талмай жалғастыруда, сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ядролық қарудың қауіп-қатерлерін баса назар аударады.5. Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнінде біз қол жеткізген жетістіктерімізді еске алуымыз керек. ЯСЖТШ- нің әмбебап мәртебесі бар: бүгінгі күнде Шартқа 183 мемлекет қол қойған және 166 мемлекет ратификациялаған. Сондай-ақ, ЯСЖТШ-ның Халықаралық мониторинг жүйесі (IMS) аяқталуға жақын. Ол өзінің пәрменділігін және тиімділігін дәлелдеді. Біз халықаралық қауіпсіздік пен сенімді нығайту үшін Шарт мониторингі жүйесінің шешуші рөліне сенімдіміз және оны әрі қарай қолдауға бейілділігімізді растаймыз.6. Мақтауға болатын нәрсеге ие болғанымызға қарамастан, Шарттың өзі әлі де күшіне енуі қажет. Біз барлық қатысушы мемлекеттерді ядролық сынақтарға тыйым салу халықаралық құқықта міндетті сипат алудың оның күшіне ену үшін бар күш-жигерлерді салып келгенде шақырамыз. Сондай-ақ, біз барлық мемлекеттерді ядролық сынақтарға мораторийді сақтауды жалғастыруға шақырамыз.7. Біз Шартқа қол қоймаған және / немесе ратификацияламаған мемлекеттерді одан әрі кешіктірусіз жүзеге асыруға шақырамыз. Атап айтқанда, біз Шарттың күшіне енуі үшін ЯСЖТШ №2-қосымшадағы ратификациясы қажет қалған сегіз елді көшбасшылық көрсету және осы маңызды қадамды жасауға шақырамыз.8. Ядролық қарудың таралуын және ядролық сынақтардың қайта басталуы мүмкіндіктеріне байланысты алаңдаушылық жағдайына, Қазақстан мен ЯСЖТШҰбарлық мемлекеттерді Ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық күніне арналған іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ Шарттың күшіне енуі үшін барлық мүмкіндікті жасауға шақырады.9. Өзіміз және болашақ ұрпақ үшін біз Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың кідірместен күшіне енуіне қол жеткізуге міндеттіміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/18156?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова бірінші халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумына қатысты 10.04.2025
Ақтөбеде аптаның жұмасы 11 мамыр күні «Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ-дың өзара серіктестігі» атты бірінші халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумы басталды.Екі күндік форум жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Раушан Сәрсембаева, Қазақстан, Израиль, Түркия, Польша, Грузия және Қырғызстанның әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы бірқатар қоғам қайраткерлері мен сарапшылары қатысуда.Алқалы жиынға қатысушылар халықаралық тәжірибе мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың жаһандық үрдістерін талқылайды. Форум қортындысы бойынша, тиісті шешімдер қабылданып, бірнеше меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде. Сонымен қатар, форум аясында Ақтөбе облысында әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарында мастер-класстар ұйымдастырылып, B2B және B2S форматында кездесулер өтеді.Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев форумға қатысушыларды құттықтай келе, әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының басты бағытының бірі екенін атап өтті.Оның айтуынша, бүгінгі күні барлық әлеуметтік мәселелерді тек мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың күшімен ғана емес, бұл процеске кәсіпкерлерді де белсенді түрде тарту қажет. Бұл ретте, Ақтөбе облысындағы тәжірибе әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызды мәселелерін шешуде өзінің айқындығын көрсетті. Яғни, кәсіпкер де, мемлекет те және халық та табысқа жетіп отыр. Тек 2017 жылы облыста бюджеттен тыс бірнеше қор есебінен құны 29 млрд. теңге болатын 73 әлеуметтік жоба іске асырылғаны осыған дәлел.«Біз кәсіпкерлікті белсенді дамыту бағытында жұмыс істеп келеміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 52 мыңға жетті, бұл мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр. Біз кәсіпкерлер үнемі әлеуметтік жауапкершілікке баса назар аударамыз.», - деді облыс басшысы.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өз кезегінде қазақстандық қоғамды одан әрі жаңғырту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және ел экономикасының өсуін қолдау Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасында анық көрсетіліп, оны жүзеге асыру маңызды қадам екендігін атап өтті.   «2018 жылы мақұлданған бюджетте микрокредиттеуді кеңейтуге 42 млрд теңге қарастырылған, соның ішінде ауылдық жерлерге 31 млрд теңге, қалалар мен моноқалаларға - 11 млрд теңге бөлінді. Мемлекет Басшысының тапсырмасымен микрокредиттерді қаржыландыру көлемі қосымша 20 млрд. теңгеге  ұлғайды. Нәтижесінде шағын несиемен 14 мыңнан астам адам қамтылып, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге артық болады» - деді министрі.Ведомства басшысы сондай-ақ, бұл бастама бір уақытта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын құру, аз қамтылған халықтың кірісінің өсуіне, сонымен бірге өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу бойынша алда тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Сонымен бірге Мадина Әбілқасымова «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бизнесті қолдау бағдарламасы және халықаралық қаржы институттарының әр түрлі бағдарламалары арқылы жүзеге асырылатын әйелдер арасындағы бизнесті дамытуға  мемлекеттік қолдау көрсету жайына да тоқталды.«Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ-дың өзара серіктестігі» атты форум қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде мемлекет, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18137?lang=kk
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудың жаңа орталығы ашылды 10.04.2025
Инклюзивті жобалау орталығы «ELAMAN» әлеуметтік инновациялық жобалар қоғамдық қорының» төрағасы мен қоғам белсендісі Алмас Ержанның бастамасымен құрылды.  Орталықтың салтанатты ашылуына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қатысып, мұндай орталық мүмкіндігі шектеулі жандар үшін аса пайдалы екенін атап өтті. «Барлық құқық қорғаларда қандайда бір кемсітудің элементтері болмауы тиіс. Сондай-ақ  олардың конституциялық, сайлау құқығы, әлеуметтік жеңілдіктер мен білім алуға толық құқығы бар және ол жүзеге асырылады. Менің ойымша, орталық жаңа идеялар мен көзқарастарды қалыптастыратын тағы бір ошаққа айналады», - деп өз ойымен бөлісті Светлана Жақыпова.Өз кезегінде, іс-шараның ашылу салтанатында Алмас Ержан Орталықтың алдында атқарылатын үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті«Біз команда жинадық, кеңсені жалға алып, мүгедектердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оны жөндеуден өткіздік. Бұл ұзақ мерзімді жоба және бізде көптеген жоспарлар бар. Атап айтқанда, сапаршыларды даярлайтын курстар ұйымдастырамыз, қолжетімді ортадағы волонтерлерді дайындаймыз, әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысқысы келетіндерге тәжірибеден өтуде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін заңгерлік кеңестер береміз», - деді Алмас Ержан.  Аталған орталық мемлекеттік органдар және компаниялармен біріге отырып, әртүрлі санаттағы мүгедектерді психологиялық даярлау және ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу мақсатында кешенді сүйемелдеу қызметтерін жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18069?lang=kk
ҚР Парламенті Сенаты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамаға енгізілген өзгертулерді мақұлдады 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту және оның көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ұсынды.Құжат Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халққа Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес әзірленді.Заң жобасында 3 Кодекс пен 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және еңбек нарығын трансформациялау, жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын насихаттау бойынша тетіктерді жетілдіру, сондай-ақ халықтың көші-қоны саласындағы функцияларды анықтау көзделген.Сондай-ақ, жаңа құжат жұмыс берушілер мен жұмысшылар, жұмыспен қамту орталықтары мен жеке агенттіктер арасындағы байланысты Электронды еңбек биржасы арқылы өзара әрекеттесуді реттейді.Бұл бос жұмыс орындары мен түйіндемелер туралы халықтың кең көлемде ақпарат алуына мүмкіндік жасайды, жұмыс іздеу және қызметкерлерді іріктеу үдерістерін жеңілдетеді.Сонымен қатар, заң жобасы жұмыссыздарға еңбек делдалдығы бойынша шараларды қамтамасыз етуде жеке жұмыспен қамту органдарын тартуға мүмкіндік береді және мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерімен басқарылады.Заң жобасында қаралатын екінші маңызды бағыт, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді мехнаизмдерін жетілдіру болып табылады. Құжатта көзделгендей, студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін ұсынылатын қоғамдық жұмыстарға жазғы демалыс кезінде ғана емес, Еңбек кодексінде рұқсат етілетіндей, оқудан тыс уақытта қатысу мүмкіндіктері кеңейтіледі.Жаңа заңның үшінші бөлігі халықтың көші-қоны саласындағы функциялардың аражігін ажырату мен оралман мәртебесіне арналған. Жекелеп айтқанда, «қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелері» ғана емес, енді  «қоныс аударушылардың» жеке басын оның ішінде некеде тұрмаған азаматтарды да мемлекеттік қолдауға ие болып, өңірлік квотаға енгізіледі.  «Қоныс аударушылар, отбасы жоқ оралмандар бар, олар жалғыз. Қарама-қайшылық болмау үшін заңда осы норманы қарастырдық. Егер адамның отбасы болмаса, ол мемлекеттік қолдау шараларына өзі жүгіне алады. Егер оның отбасы болса, онда бәрі бұрынғыдай қаз-қалпында қала береді, отбасының әрбір мүшесі үшін мемлекет қолдау көрсетеді », - деді еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова.Айта кету керек, оралмандар мен қоныс аударушыларға тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу мен басқа да шығындарды өтеу үшін берілетін субсидия, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, депутаттар қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ғана, оралман мәртебесін үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға мүмкіндік жасауға ұсыныс берді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованың айтуынша, ұсынылған заң жобасы азаматтарды жұмысқа орналастыру, халықты жұмыспен қамту қызметтерінің тиімділігін арттыру және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/17897?lang=kk
«АТТРАКЦИОН ҚАУІПСІЗДІГІ» ЕАЭО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІН ТАЛҚЫЛАУ ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ 10.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша  Департаменті «ҚазСтИн» РМК Қызылорда филиалымен бірлесе отырып,  2017 жылдың 27 наурызында «Аттракцион қауіпсіздізгі» ЕАЭО Техникалық регламентін талқылау тақырыбында регламентті талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстел» техникалық регламентті жұмыс бабында пайдаланатын, ЖК «Даулетбаев», ЖК«Датаева», ЖШС «Думан Инвест», ЖК «Абдуллаева», ЖК «Жас Орда», ЖК«Ге» және т.б.  аумақтық өкілдерінің  қатысуымен өтті.Дөңгелек үстелдің мақсаты – ұлттық стандарт шеңберіндегі өнім өндірушілерді, бизнес-қауымдастығы өкілдерін, аккредиттеу субъектілерін ақпараттандыру, сонымен қатар КО ТР талаптарына сәйкес аймақ кәсіпорындарының сынақ базаларының жағдайын, проблемалық мәселелер және олардың шешу жолдарын анықтау.Дөңгелек үстел өткізу барысында, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, соның ішінде Қазақстанда тиісті құқықтық актілердің болмауына байланысты аттракцион иелерінің қызметі балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, жарақат санын көбейтуге ықпал жасайтыны түсіндірілді.Бұл техникалық регламент көрнекті қауіпсіздігі үшін ең төменгі талаптарды белгілейді.«Дөңгелек үстел» барысында кәсіпкерлердің белгілі бір мәселелер бойынша пікір алмасуда ТРжМК Қызылорда облысы бойынша департаменті  және  «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Кызылордалық филиалы мамандары нақты жауаптарды берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17879?lang=kk
ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ 10.04.2025
Ет өнімдері бірегей өнімдер қатарына  қосуға болады, адамзаттың бүкіл өмірінде барлық жастағы  адамдардың және қауымдардың күнделікті  тамақ рационына міндетті түрде кіреді.Қазіргі заманда ет өнімдері балықпен қатар жалпыәлемдік аспаздық дәстүрде ең танымал және кеңінен тараған ингридиенттердің бірі болып саналады, сондай – ақ адам ағзасының тіршілік процесінде маңызды рөлін атқарады.Ет  өнімі – сойылған өнімдерді пайдалана отырып қайта өңдеу жолымен дайындалған тамақ өнімі.Ет өнімдерінің құндылығы, ең алдымен, ақуыз болып табылады. Ет өнімінде көптеген амин қышқылдары, дәрумендер, минералдар, майлар бар.  Адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздігіне байланысты сою өнімдері мен ет өнімдерін тұтынушыларды адастыруға алып келетін іс-қимылдың алдын алу мақсатында, сондай-ақ оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне таралатын Кедендік Одақтың 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі» туралы  техникалық регламент әзірленген.Техникалық регламенттің талаптарына және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалаудан (растаудан) өткен сою өнімдері мен ет өнімдері Кеден одағының мүше-мемлекеттерінің нарығында өнімді бірыңғай айналу белгісімен таңбаланады.Ет өнімдерінің  техникалық регламенттің және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растауды өтінім беруші жеке дәлелі негізінде және Кеден одағының сынақ зертханалары (орталықтары) мен сертификаттау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енген сынақ зертханасы (орталығы) аккредиттеген менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша органның қатысуымен алынған дәлелдер негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы жолымен жүзеге асырылады.Ет өнімдері топтамасының осы техникалық регламенттің және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына мәлімделген сәйкестігін растауды қамтамасыз ету үшін өтінім беруші Кеден одағының сынақ зертханалары (орталықтары) мен сертификаттау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енген аккредиттеген сынақ зертханасында ет өнімдерінің үлгілерін сынауды жүргізеді.Осы техникалық регламенттің талаптарына және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалаудан (растаудан) өткен сою өнімдері мен ет өнімдері Кеден одағының мүше-мемлекеттері нарығында өнімдерді бірыңғай айналым белгісімен таңбалануға тиіс.Сою өнімдері мен ет өнімдерін (оның ішінде, балалар тағамына арналған ет өнімдері мен сою өнімдері) өндіру процесінің сәйкестігін бағалауосы техникалық регламенттің талаптарына және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленген тәртіппен өндірістік объектілерді мемлекеттік тіркеу түрінде осындай процестерді жүзеге асырғанға дейін (өнімді айналымға шығарғанға дейін) жүргізіледі.Сою өнімдері мен ет өнімдерін (оның ішінде балалар тағамына арналған ет өнімдері және балалар тағамына арналған сою өнімдерін) өндіру, сақтау, тасу, өткізу және кәдеге асыру процесінің сәйкестігін бағалау осы техникалық регламенттің талаптарына және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестік Осы техникалық регламенттің талаптарында және күші соған таралатын Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарында белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) түрінде жүргізіледі.Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бас маманы  –Акмамбетов Еркин Сеид-АхмедовичАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17770?lang=kk
СОТРУДНИКИ КТРМ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В ОБЩЕГОРОДСКОМ СУББОТНИКЕ 10.04.2025
Ранним утром, 16 сентября 2017 года состоялся запланированный общегородской субботник по благоустройству, озеленению и санитарной очистке столицы.Участниками экологического субботника стали сотрудники Комитета технического регулирования МИР РК, ДКТРМ по г. Астана, а также специалисты подведомственных организаций Комитета РГП «КАзИнСт», РГП «КазИнМетр», ТОО «НЦА». В ходе организованного мероприятия очищены территории от улицы Сагынак по ул. Туран до ул.Улы Дала, общим количеством 300 метров. «У нашего Комитета активная социальная позиция, поэтому сегодня мы убираем территорию родного города, чтобы было чисто, красиво, культурно. Мы очень рады, что в нашем коллективе столько людей, которые за чистый город. Сегодня на субботник вышли многие. Просто молодцы! Очень активные, очень ответственные!» - прокомментировали свой субботний поход сотрудники.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17735?lang=kk