Жаңалықтар
Yandex Qazaqstan акселерациясының басты тақырыбы кино және телехикаялар өндірісі болмақ 10.04.2025
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2025 жылғы 11-14 наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы Qyzyljar Creative Center креативтік орталығында алғаш рет «Yandex Qazaqstan акселерациялық апталығы» өтеді.Іс-шара аясында киноиндустрия мамандарына арналған шеберлік сабақтар топтамасы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Қазақстандағы креативті хаб резиндеттері үшін онлайн көрсетілім жоспарланған. Қатысу үшін +7 707 384 90 95 (Нұргүл), +7 707 241 7720 (Анжелика) WhatsApp нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/951127
«Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша стипендияға құжат қабылдау басталды 10.04.2025
«Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша стипендияға құжат қабылдау басталды«Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау 3 наурызда басталып, 17 қазанда аяқталады.Конкурстық іріктеу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. «Болашақ» стипендиясына құжат egov.kz порталы арқылы қабылданады. Шетелде кадрлар даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі.2025 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін 645 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура бағдарламасы бойынша – 411 стипендия, докторантура/резидентура бойынша – 41 стипендия, тағылымдамалар бойынша – 193 стипендия.Басым мамандықтар тізбесі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның кадрларға экономиканың қажеттілігі болжамын ескере отырып, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өтінімдері негізінде қалыптастырылды. Бұл үміткерлерге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында мына сілтеме бойынша: https://bolashak.gov.kz/ru/pretendentu/specialnosti орналасқан сұраныстағы мамандықтар бойынша шетелде оқуға мүмкіндік береді.«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде стипендия тағайындау үшін мынадай квота санаттары көзделген: инженерлік-техникалық қызметкерлер, медицина қызметкерлері, ауылдық елдімекеннен шыққан үміткерлер, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер. «Болашақ» халықаралық стипендиясының квота санатындағы стипендиаттарының стипендия есебінен тілдік даярлықтан өтуге, сондай-ақ оны тағайындағаннан кейін шетелдік ЖОО-ға түсуге мүмкіндігі бар.Бұған қоса, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия 2025 жылға «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту үшін қызметкерлердің мынадай санаттарын бекітті:1) инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері, жасанды интеллект бойынша мамандар;2) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері;3) медицина қызметкерлері;4) мемлекеттік қызметшілер;5) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;6) мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері;7) судья және сот қызметкерлері. «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау 3 наурызда басталып, 31 қазанда аяқталады.Конкурстық іріктеу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70 мекенжайында орналасқан «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесінің 5-қабатында 508-кабинетте жүргізіледі. Шетелде кадрлар даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі. Басқа қаладан келген үміткерлерге құжатты сенімхат арқылы тапсыру мүмкіндігі беріледі.«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында қазақстандық ғалымдардың біліктілігін арттыру мақсатында бекітілді. Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша 2025 жылға 250 стипендия бөлінді.Мемлекет академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге, ары-бері ұшуға, медициналық сақтандыруға, визалық алымдарға, оқу материалдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды жабады, сондай-ақ ай сайын стипендия төлейді.Үміткерлерге қойылатын талаптарды, басым мамандықтар тізбесін, университеттер мен ғылыми орталықтардың тізімін bolashak.gov.kz сайтынан көруге болады.Барлық туындаған сұрақтар бойынша мына нөмірлерге: 8 (7172) 76-90-76 (ішкі нөмірлері 110, 113) немесе электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз applications@bolashak.gov.kz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/950776
«БЖЗҚ» АҚ-да өтетін ашық есік күніне шақырамыз: зейнетақы төлемі – зейнетақы жинағының нәтижесі 10.04.2025
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) 2025 жылғы 13 наурыз күні «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді.Зейнетақы төлемдері — бұл зейнетақы жарналарын аудару мен азаматтардың көп жылдық еңбегінің нәтижесі. Қазіргі кезде отандастарымызды зейнетақымен қамсыздандыру екі көзден жүзеге асырылады. Бірі - мемлекеттік бюджеттен жасалатын төлемдер (базалық және ортақ зейнетақы), екіншісі - Қордан жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және белгілі бір жағдайларда - қауіпті және зиянды өндіріс саласында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 1975 жылы және одан кейін туған жұмыскерлердің пайдасына аударылатын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), сондай-ақ азаматтардың ерікті зейнетақы жинақтары (ЕЗЖ). Зейнетақы қоры ұйымдастырған Ашық есік күні аясындағы онлайн-кездесуде әңгіме БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері төңірегінде өрбімек. Онда Қор мамандары зейнет жасына толуға байланысты, егер бірінші және екінші топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленсе, МЗЖ салымшысы болып есептелетін, пайдасына МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған тұлғаның қайтыс болуы, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, 55 жасқа толған, олар үшін зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төленген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына берілетін төлем түрлері туралы егжей-тегжейлі баяндап береді. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер туралы түсіндірілетін болады. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын "кірісті алмастыру коэффициенті" ұғымына ерекше назар аударылатын болады.Іс-шара барысында БЖЗҚ қызметкерлері тәжірибеде болған мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, төлем механизмін түсіндіреді, қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, кеңестерін айтады.Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілерді, сондай-ақ БАҚ өкілдерін шақырамыз. Алынған ақпарат журналистерге зейнетақы төлемдері тақырыбын жете түсіну және қарапайым халыққа тарату үшін тиімді болса, кездесудің басқа қатысушыларына өмірлік маңызды мәселеде пайдалы болады деп үміттенеміз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.Сағат 10:00-де сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:https://enpf.webex.com/weblink/register/r08319bc1a5c72ce0659ee6c0174ab257.Еvent-мәжіліс нөмірі: 2517 712 5981.Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 2025. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.Сағат 12:00-де сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:https://enpf.webex.com/weblink/register/r42f4c6c96eb48f788bf959ba520377e4.Еvent-мәжіліс нөмірі: 2517 055 6014.Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 2025. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.Сағат 14:00-де сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:https://enpf.webex.com/weblink/register/r44d4bfb181f8407efbd52cdb5071dcb0.Еvent-мәжіліс нөмірі: 2514 991 1227.Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 2025. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/950474
2025 жылы 1,5 трлн теңгеге 190 жоба енгізілетін болады 10.04.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Экономиканың нақты секторын қаржыландыру туралы» тақырыбындағы Үкімет отырысында баяндама жасады.«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңдеу өнеркәсібінің өсу үрдісін «бекітуді» тапсырды. Осы саланы дамыту үшін ағымдағы жылы 1,5 трлн теңгеге 190 жоба енгізілетін болады», – атап өтті Министр.Сонымен қатар жалпы бағасы 15,3 трлн теңге тұратын 417 жоба бойынша жұмыс басталды. Жобаларды қаржыландыру жеке инвестициялар, екінші деңгейлі банктер және даму институттары есебінен көзделуде.Ерсайын Нағаспаев 1,1 трлн теңгеден аса сомаға өңдеу өнеркәсібі жобалары қаралуда. Атап айтқанда, Қазақстан Даму банкі арқылы ірі жобаларды іске асыруға 183 млрд теңге қажет. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы орта және шағын жобалар үшін 800 млрд теңге қаралуда. Соның ішінде биыл шағын бизнес тарапынан ерекше сұранысқа ие шағын өнеркәсіптік аймақтарды қаржыландыруға шамамен 100 млрд теңге қажет.Аталған шаралар өнеркәсіптің өсуіне, жаңа жұмыс орындарын құруға және экономика салаларының дамуына мүмкіндік береді.Одан бөлек, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы қоғамдық көлік пен арнайы техниканы жаңарту үшін лизингке шамамен 109 млрд теңге қажет. Нәтижесінде, алдағы екі жылда 900 жуық жаңа автобус, сондай-ақ шұғыл және коммуналдық қызметтерге арналған 800 астам арнайы техника жеткізілетін болады.«Биыл 19 млн ш. м. тұрғын үйді пайдалануға беру үшін «Бәйтерек» арқылы 500 миллиард теңге қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталуда», – түйіндеді Министр. Оның 21 мың жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға 300 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды орнатуға 120,6 млрд теңге, «Отбасы Банкінің» «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламаларын қаржыландыруға 80 млрд теңге бағытталады. Сурет: primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/950210
1465 байланыс орталығы іске қосылған сәттен бастап 35 мыңнан астам өтініш қабылдады 10.04.2025
Іске қосылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 1465 байланыс орталығы 35 мыңнан астам өтініш қабылдадыӨтініш берушілерге ыңғайлы және жедел ақпараттандыру үшін байланыс орталығында жеделхат-боттар жұмыс істейді. Байланыс орталығы экспорттық бақылау және лицензиялау, жер қойнауын пайдалану, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өтініштерді қабылдайды, сондай-ақ порталдар бойынша техникалық қолдау көрсетеді nadloc.kz, ggk.kz және minerals e-kazyna. Бүгінгі күні ББО (бұдан әрі-бірыңғай байланыс орталығы) 5 арна бойынша өтініштерді қабылдайды: 1465 біріңғай байланыс нөмірі, support@qazindustry.kz ( электрондық пошта), Telegram Bot IDos, Telegram чат EPN).1465 байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Нөмір қалалық және ұялы телефондар үшін ақысыз қол жетімдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/950299
«Жақыныңа жәрдемдес»: алматылық еріктілер ардагерлер мен қарттарға қолдау білдірді 10.04.2025
1 наурызда Алғыс айту күні Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан «Алматы - біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқан аясында өткізілетін «Жақыныңа жәрдемдес» акциясы басталды.Акцияның мақсаты-қарттарды қолдау. Іс-шара аясында еріктілер Түрксіб ауданында тұратын 102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Александрович Таратуниннің үйіне барды.Еріктілер ардагерге үй шаруашылығына көмектесті, тазалық жұмыстарын жүргізді және қажетті қолдау көрсетті, осылайша оның жеңіске және бейбіт өмірге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Акция аға ұрпаққа қамқорлық жасаудың және қоғамдағы әлеуметтік бірлікті нығайтудың маңыздылығын атап көрсетеді.Соғыс кезінде Николай Александрович шекара әскерлерінде қызмет етіп, бірқатар марапаттарға ие болды. Ардагердің ұлы атап өткендей, оның әкесі әрқашан күшті мінезімен, адалдығымен және еңбекқорлығымен ерекшеленді. Айта кету керек, Николай Александровичтің үйіне №49 мектептің оқушылары жиі барып, көмектесіп ауласын тазартып береді.Ардагерді әлеуметтік қорғау құрылымдарының қызметкерлері де, оның денсаулығын бақылайтын Түрксіб әскери комитетінің әскери қызметшілері де назардан тыс қалдырмайды, тұрмыстық мәселелерді шешумен айналысады, медициналық қызмет және материалдық қолдау көрсетеді.Николай Таратуниннің ұлы еріктілерге алғыс білдіріп, Алғыс айту күнінде акцияның символдық өтуін ерекше атады.«Жақыныңа жәрдемдес» жобасы аясында алматылық еріктілер 90 жастағы Тамара Георгиевна Уфимцеваның үйіне барды. Олар сондай-ақ ауланы мұздан, қардан, қоқыстардан тазартты.«Құдай сендерге денсаулық берсін! Мен мұның бәрін қашан алып тастар едім? Сіздерге көбірек рахмет», - деді зейнеткер еріктілерге.Сонымен қатар, еріктілер зейнеткер Виктор Саковичке жиһазды жөндеуге және орнатуға көмектесті. Виктор Михайлович-инженер-дизайнер, біраз уақыт бұрын көру қабілетін жоғалтты. Бірақ, қиын өмірлік жағдайда ол жалғыз қалмады.«Бұл күтпеген және жағымды шара болды. Балалар тез және сапалы жұмыс істейді, өте сыпайы. Барлығына рахмет», - деді ол.Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» ауқымды науқаны өтеді. Науқанның мақсаттарының бірі-экологиялық мәдениетті арттыру және қала тұрғындары арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/949998
Үкімет Конституциялық Сот шешімдерінің орындалуын бақылауды күшейтті 10.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz 2025 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерінің орындалуына бақылау енгізді.Үкімет Регламентіне енгізілген өзгерістер атқарушы органдардың Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін іске асыру үшін бақылаудың нақты тәртібін бекітті.Қабылданған тәртіп Әділет министрлігінің норма шығару саласындағы құқықтық сараптама және мониторинг жөніндегі функцияларын ескере отырып, осы жұмысты үйлестіру жөніндегі құзыретін күшейткен.Сарапшылар атап өткендей, Үкімет тарапынан нормативтік айқындықтың енгізілуі Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін орындаудың орнықты тетігін қалыптастырады, ол нәтижесінде конституциялық заңдылықты нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/964410?lang=kk
Жоғары Сот Кеңесінде қайта жаңару және халықтар бірлігінің символы болып табылатын Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс — шара өтті 06.04.2025
Жоғары Сот Кеңесінде Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов барлық қатысушыларды осы айтулы мерекемен құттықтап, оның мәдени және ұлттық дәстүрлерді нығайту, сондай-ақ қоғамды біріктіру үшін аса маңыздылығын атап өтті.«Наурыз-табиғаттың жаңару мерекесі, біздің тамырымызға, дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызға құрмет күні. Бұл біз ата-бабаларымыздың даналығына жүгінетін және бізді халық ретінде біріктіретін байланыстарды нығайтатын уақыт. Наурыз бізге өзара көмек, құрмет пен сүйіспеншілікті үйретеді», - деді Д.Малахов. Салтанатты іс-шара аясында сайыстар ұйымдастырылып, оған үш импровизацияланған ауыл қатысты: Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би.Қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша өздерінің таланттары мен шеберліктерін көрсетті: Наурыз дастарханы Наурыз жұлдызы Наурыз рухы Ұлыстың дәмі-наурыз көже Ұлттық дәстүрдің жанашыры Спорт шеберлері Ең шебер әртіс Ең үздік ауыл (гран-при)Іс-шара соңында Кеңес Төрағасы жеңімпаздарды марапаттап, барлық қатысушыларға ұлттық дәстүрлерге деген құрметі үшін, оларды сақтау мен одан әрі таратуға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сөз соңында Төраға денсаулық, бақыт және халықтың мәдени мұрасы мен бірлігін нығайтуда одан әрі табыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/962994?lang=kk
ШҚО ХҚКО-ларында жұмыс кестесі өзгереді 06.04.2025
2025 жылдың 26 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшуде, деп "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы хабарлайды. Енді облыс бойынша ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейтін болады. Демалыс күндері-сенбі және жексенбі. Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жеке кесте бойынша жұмысын жалғастырады: дүйсенбіден жұмаға дейін – 08:00 – ден 19:00-ге дейін, сенбіде-08:00-ден 12:00-ге дейін. Түскі үзіліссіз. Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша кезекші ХҚКО Өскемен қ., Белинский к-сі, 37А және мамандандырылған ХҚКО –Самар тас жолы 23 мекенжайында орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/962647?lang=kk
ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді? 06.04.2025
ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды.Жексенбі және дүйсенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, кезекші бөлімшелерді қоса алғанда, жұмыс істемейді.Наурыз мерекесі күндері 21, 22, 23, 24 наурыз ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болмайды.25 наурыз, сәрсенбі күні, кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында, Instagram парақшасында немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды.Жексенбі және дүйсенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, кезекші бөлімшелерді қоса алғанда, жұмыс істемейді.Наурыз мерекесі күндері 21, 22, 23, 24 наурыз ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болмайды.25 наурыз, сәрсенбі күні, кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында, Instagram парақшасында немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1178509?lang=kk
Экономиканың нақты секторын қаржыландыру Ұлттық экономика министрлігінің сарапшыларымен талқыланды 06.04.2025
Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Сараптамалық кеңестің екінші отырысы экономиканың нақты секторын қаржыландыруды талқылауға арналды. Оған 20 адам қатысса, жартысы тәуелсіз сарапшылар. Вице-премьер-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин атап өткендей, экономиканың нақты секторын қаржыландырудың белсенді басталуы – бұл Қазақстанның ЖІӨ-ні ұлғайтуға бағытталған экономикалық реформасының үшінші кезеңі. Біріншісі – жаңа Бюджет кодексін қабылдау, екіншісі-Салық кодексінің жобасымен жұмыс істеу.Үкіметтің экономиканың нақты секторының жобаларын қаржыландыру жөніндегі негізгі бастамалары туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов баяндады- Қазіргі уақытта инвестицияның ЖІӨ-ге қатынасы 14-15% деңгейінде және объективті төмен болып табылады. Экономикалық өсудің жоғары қарқынына және Мемлекет басшысы қойған міндетке қол жеткізу үшін 2029 жылға қарай ЖІӨ–ні 450 млрд долларға жеткізу қажет-инвестиция 2.75 есеге, 2024 жылғы 40 млрд доллардан 2029 жылы 103 млрд долларға дейін ұлғаюы тиіс. Мұны қазір үкімет ұсынып отырған бастамалар есебінен қамтамасыз ету қажет – бизнесті 8 трлн теңгеге кредиттеу үшін Бәйтерек холдингі арқылы 1 трлн теңге бөлу керек, - деді вице-министр.Вице-министр инвестициялық жобаларға құю көлемін ұлғайтудан басқа, тағы бір маңызды проблеманы - сапалы инвестициялық жобалардың жеткіліксіздігін атап өтті.- Қаржыландыру мәселесі - бұл ішінара мәселе. Тағы бір маңыздысы – сапалы жобалардың жетіспеушілігі. Мұны халықаралық даму қаржы институттары да атап өтеді. Біз жобаларды қаржыландыруды 40 млрд доллардан 103 млрд долларға ұлғайту туралы айтатын болсақ, міндет тек қаржыда ғана емес, сонымен қатар инвестициялардың сапасында да екенін түсінеміз, - деп атап өтті Арман Қасенов.Өсудің негізгі нүктелері-өнімділігі жоғары экспортқа бағдарланған жобалар. Бұл металды қайта өңдеу, мұнай - газ, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісі, мұнай және көмір химиясы және басқалар.Бәйтерек холдингінің басшысы Рустам Қарағойшин 60% нарықтық қорландыруды және 40% бюджеттік кредиттеуді қамтитын холдингті қаржыландыру моделі туралы айтып берді. 2025 жылы Бәйтерек тарапынан қаржыландырудың жалпы көлемі 8 трлн теңге, оның 3,75 трлн теңгесі ұлттық валютада 12,6% ставка бойынша, 2,25 трлн ұлттық валютада нарықтық ставка бойынша және 2 трлн шетел валютасында берілетін болады.- Біздің басты міндетіміз-түпкі тұтынушы үшін ставкаларды 12,6% - ға біріздендіру. Бұл біріздендіру екінші деңгейдегі банктерге бүгінде Бәйтерек қатысып отырған барлық бағыттарға қатысуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Рустам Қарағойшин. - Уақыт өте келе, базалық мөлшерлеме қолайлы деңгейге дейін төмендеген кезде, банктер экономиканы қаржыландырудың ауқымды үлесін алады. Ал Бәйтерек және басқа да даму институттары экспортқа бағдарланған ауқымды тауашалық жобалар үшін өзіндік құралға айналады.Тәуелсіз сарапшылар тарапынан көптеген сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, AERC бас директоры Жәнібек Айғазин жеңілдетілген қаржыландыру үшін жобалардың басымдығын қалай анықтайтынын және олардың инвестицияларды қайтару және ЖІӨ өсіміне қосатын үлесі тұрғысынан қалай бағаланатынын сұрады. ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12%, бұл үлес біздің күш-жігерімізге қарамастан айтарлықтай өспеуде. Ол инфрақұрылымның дамуы мен қуаттылығының артуына ерекше назар аударуды ұсынды. Бұл экономикаға жалпы әсер етпек, өйткені біз бәріміз инфрақұрылымды пайдаланамыз.Серік Жұманғарин бүгінгі таңда ЖҚҚ бойынша салынған инвестицияның ең үлкен қайтарымын ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, сауда береді деген жауап қайтарды. Белсенді өсу драйверлеріне көлік пен қойма кіреді. Бәйтерек арқылы қаржыландыруда басымдық металлургия, мұнай және көмір химиясы, тамақ өнімдерін өндіру, ИТ, ЖИ, логистика және т.б. жоғары өңделген өнім жасау жөніндегі жобаларға берілетін болады. Ал инфрақұрылымды дамыту үшін ұлттық инфрақұрылымдық жоспар бар. Оған сәйкес биыл 13 мың шақырым автожолды жаңғырту, салу және жөндеу, 1480 шақырымға жуық теміржолды жөндеу және жаңа теміржол желілерін салу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/962390?lang=kk
Профессор Г.Мендіқұлова Францияның Үлкен Шығыс өңіріндегі қазақстандық жауынгерлер жерленген орындарға барды 06.04.2025
Сарргемин, Форбах, Метц, 2025 жылғы 19-20 наурыз – белгілі қазақстандық зерттеуші, тарихшы, профессор Гүлнар Мендіқұлованың Францияның Үлкен Шығыс өңіріне жұмыс сапары аясында ҚР Страсбургтағы Бас консулдығы жергілікті билік, архив және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Үлкен Шығыс өңірінде қаза тапқан кеңес одағының қазақстандық жауынгерлері жерленген орындарын анықтау мақсатында бірқатар кездесулер мен келіссөздер ұйымдастырды.Сарргемин қаласының әкімдігі мен Форбах қаласындағы Souvenir Français патриоттар қауымдастығы өкілдерімен өткен кездесулер барысында француз тарапы ұсынған тарихи мұрағат құжаттары зерттелді.Профессор Г.Мендіқұлова сонымен қатар Bains Saint Jean әскери тұтқындар лагеріне және Метц қаласының департаменттік архивтеріне барып, Қазақ КСР-інен шыққан әскери тұтқындар – Василий Бабков, Мұхамед Рахимов, Садуакас Морсабаев және басқалар туралы мәліметтер қамтылған құжаттарды тапты.Бұдан бөлек, Метц қаласындағы Соғыс жауынгерлері мен құрбандар ұлттық басқармасының өкілдерімен кездесу өтті. Келіссөздер барысында қазақ әскери тұтқындарының тағдырын зерттеу бойынша одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Француз әріптестер Е.Португаль және тарихшы, публицист-ғалым Ф.Вильмут қазақстандық тараппен бірлескен жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ жерлеу орындарын іздеу, дерекқор жүйесін қалыптастыру бойынша тәжірибе және ақпарат алмасуға дайындықтарын білдірді.Тараптар атқарылып жатқан жұмыстың тарихи жадыны сақтау және Екінші дүниежүзілік соғыста қатысқан қазақстандықтардың ерлігін мәңгі есте қалдырудың маңыздылығын атап өтті. Атқарылған жұмыс Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығы қарсаңында ерекше символдық мәнге ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/962190?lang=kk
Аустрия Орталық Азия елдерімен парламенттік ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті 06.04.2025
Вена, 2025 жылғы 4 сәуір – Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Орталық Азия елдерінің Елшілері Аустрия Республикасы Парламентінің Ұлттық кеңесі Президенті Вальтер Розенкранцпен кездесу өткізді.Диалог барысында Вальтер Розенкранц Орталық Азияның жаһандық саясаттағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтіп, Еуропалық одақтың аймаққа деген қызығушылығының күшейгенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Аустрия Орталық Азия мемлекеттерімен әріптестікті кеңейтуге ерекше мән береді және түрлі салаларда сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылады. Әсіресе парламенттер арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Розенкранц Аустрия мен аймақ елдері депутаттарының байланысын нығайтуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Қазақстанның Елшісі Мұхтар Тілеуберді бұл кездесудің Орталық Азия – ЕО саммиті аясында Самарқандта өтіп жатқанын атап өтті. ҚР Елшісі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар, Қазақстан мен Аустрия арасындағы ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ парламентшілердің ТМД ПА және ЕҚЫҰ ПА аясындағы өзара іс-қимылы туралы жан-жақты ақпарат берді.Орталық Азияның басқа елдерінің елшілері өз мемлекеттеріндегі қазіргі өзгерістер, Аустриямен ынтымақтастықтың дамуы туралы айтып, парламенттік диалогты жандандыруға қызығушылық танытты. Аймақта болып жатқан реформалар туралы аустриялық депутаттардың хабардарлығын арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетудің ықтимал форматтарын, соның ішінде делегациялармен алмасу және халықаралық форумдардағы бірлескен бастамаларды талқылады. Дипломатиялық миссиялар басшылары Аустрия Парламентінің Президентін Орталық Азияға ресми сапармен келуге шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/970358?lang=kk
Әкімшілік құқық бұзушылық кезінде алынған заттар және құралдар 59 қароп темекі түрінде "Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ-не берілді. 06.04.2025
Құқық бұзушылардың мүлкін тәркілеу бойынша атқару өндірісі аясында «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «№3 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы тәркіленген заттарды «Уәлихан ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ-не 59 қорап темекі түрінде тапсырды.Құқық бұзушының тәркіленген мүлкі мемлекет кірісіне айналады. Сот шешімі орындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/969481?lang=kk
"Таза Қазақстан" 06.04.2025
Мариногорка ауылдық округінің Мариногорка ауылында "Таза Қазақстан" акция аясында, әкімшілік ғимаратының маңайына гүлдер отырғызылып, гүлзарлар жасалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1227359?lang=ru
Жұпсыз жібек көбелегі 06.04.2025
Жұпсыз жібек көбелегі – карантиндік зиянкес, өйткені ол орман алқаптарына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Жұпсыз жібек көбелегі жапырақты ағаштарды, әсіресе қайың мен теректі жақсы көреді. Бұл зиянкестің таралуына жылы қыстар, көлікпен және ағаш материалдарымен тасымалдануы ықпал етеді. Оның өмірлік циклі төрт негізгі кезеңнен тұрады: жұмыртқа, жұлдызқұрт, қуыршақ және имаго. Аналық көбелектер жұмыртқаларын топтастырып ағаш қабығына және басқа да беттерге салады, бұл олардың қолайсыз жағдайларда тірі қалуына көмектеседі. Жұлдызқұрттар – негізгі зиянкестер, олар белсенді түрде ағаш жапырақтарын жеп, 6-8 апта ішінде 5-6 даму сатысынан өтеді. Қуыршақтардың дамуы және ересек көбелектің пайда болуы шілде айының басында басталып, шілденің аяғы – тамыздың басында аяқталады. Толық даму үшін 900-1000°С (тиімді температурасы +5°С-тан жоғары), 600-700°С (тиімді температурасы +10°С-тан жоғары) қажет. Ересек көбелектер шыққаннан кейін (шілде-тамыз) жаңа ұрпақтың өмірлік циклі басталады. Қыстайтын кезең жұмыртқа күйінде өтеді. Бұл түр суық температура мен қолайсыз жағдайларға төзімді. Қазақстанның солтүстік аймақтарында жылына бір ұрпақ береді. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы МинистрлігіАгроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Денисов ауданың республикалық мемлекеттік мекемесіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-audany-akimat/press/news/details/970455?lang=kk
Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын 59-шы JMMC отырысында растады 06.04.2025
Астана, 2025 жылғы 5 сәуір – Бүгін ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 59-шы отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының атынан Энергетика министрі Ерлан Аккенженов қатысты.Отырыс барысында 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында ОПЕК+ келісімі шеңберінде қатысушы елдердің өз міндеттемелерін орындау көрсеткіштері қарастырылып, ОПЕК+ елдері бойынша жалпы орындау деңгейі атап өтілді, сондай-ақ жаһандық мұнай нарығындағы қазіргі үрдістер талқыланды.Комитет нарық тұрақтылығын қолдау мақсатында сегіз елдің қосымша ерікті қысқартуларын жоғары бағалап, барлық міндеттемелердің толық орындалуы мен өтемақы шараларын жүзеге асырудың аса маңызды екенін атап өтті.Қазақстан сондай-ақ 3 сәуірде өткен кездесуге қатысты. Бұл жиында қосымша ерікті қысқартуларды жүзеге асырып жатқан сегіз мемлекет, оның ішінде Қазақстан да, нарық жағдайына бірлескен бағалау жүргізді. 3 сәуірдегі кездесу қорытындысы бойынша қалыптасқан конъюнктура мен тұрақтылық мүдделерін ескере отырып, мұнай көлемін нарыққа кезең-кезеңімен қайтарудың бұрын келісілген кестесіне түзету енгізу туралы шешім қабылданды.Қазақстан ОПЕК+ аясындағы келісімдерді ұстануды жалғастырып, халықаралық міндеттемелер мен ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, альянс серіктестерімен сындарлы өзара іс-қимылды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/970449?lang=kk
Бас әскери-клиникалық госпиталь: денсаулық сақтау күзетіндегі ширек ғасыр 06.04.2025
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров астаналық дәрігерлерді осы айтулы оқиғамен құттықтады. Бүгінде госпиталь құрылымында қырықтан астам бөлімше мен қызмет, оның ішінде Щучинск қаласындағы оңалту бөлімшесі және елордадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімшесі бар. 310 төсектік емдеу мекемесі медициналық қызметтердің толық спектрін ұсынады. Жыл сайын госпитальге қырық мыңға жуық адам амбулаториялық-клиникалық көмекке жүгінеді. Емдеу мекемесінде 120-дан астам дәрігер және 190-нан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың ішінде медицина ғылымдарының докторлары, кандидаттар мен магистрлер, Денсаулық сақтау саласының үздіктері және жоғары біліктілік санатындағы дәрігерлер бар.Салтанатты шара "Астана" медицина университетінде өтті.Әскери медициналық мекеме ұжымының атына Қорғаныс министрлігінің, Бас әскери-медициналық басқарманың, ҰҚК Шекара қызметі Әскери-медициналық басқармасының, "Әскери медицина ардагерлері" РҚБ және Қарулы күштер кәсіподақ ұйымы Астана филиалының басшылығы атынан құттықтаулар болды. – Қуатты ғылыми-медициналық базаның арқасында госпитальде маңызды зерттеулер жүргізіліп, диагностика мен емдеудің жаңа әдістері енгізілуде. Дәрігерлердің, медбикелер мен санитарлардың кәсібилігі, таңдаған ісіне шексіз берілгендігі мен жанашырлығы құрметке лайық, – деп Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.Госпитальдің алғашқы бастығы запастағы медицина қызметінің полковнигі Серек Болтабаев емдеу мекемесінің қалыптасуы мен дамуы туралы естеліктерін бөлісті.Іс-шара Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі мен госпиталь жеке құрамының қатысуымен өткен концертпен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970416?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қатынастар органдары – армияның жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудің маңызды буыны 06.04.2025
Бүгін әскери қатынастар органдарының мамандары кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл күн ел Үкіметінің 1994 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының әскери теміржол, теңіз, өзен және әуе тасымалдары Жарғысын бекітуімен байланысты.Орта Азия әскери округінің әскери қатынастар қызметі негізінде құрылған бөлімше қалыптасу мен дамудың әрқилы жолынан өтті. Бүгінде әскери қатынастар органдары әскерлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге, олардың ұтқырлығы мен жауынгерлік әзірлігін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.Көлік министрлігімен және ұлттық компаниялармен тығыз байланыста мекемелер мен аймақтық әскери қатынастар басқармалары теміржол, әуе, теңіз және автомобиль көлігімен әскери тасымалдауды ұйымдастырады. Әскери қатынастар органдарының мамандары жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы оқу-жаттығуларға, жиындарға және әскери парадтарға, бітімгерлік контингентке, әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді әскери бөлімдерге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын әскери қызметшілерді жөнелтуді жүзеге асырады. Темір жол комендатураларына, Астана және Алматы халықаралық әуежайларының комендатураларына әскери тасымалдау мәселелерін жоспарлау және үйлестіру міндеті жүктелген. Бұдан басқа, олар Вена құжаты шеңберінде әскери бөлімдерді инспекциялау, қорғаныс ведомствосының іс-шараларына, конференциялар мен симпозиумдарға, фестивальдар мен спорттық жарыстарға қатысу үшін Қазақстанға келетін шетелдік делегацияларды қарсы алып, шығарып салады.Әскери қатынастар мамандарын оқыту Материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясында (Санкт-Петербург қ.) жүзеге асырылады. Осы бейіндегі запастағы офицерлерді Алматы логистика және көлік институты әскери кафедрасының базасында даярлайды.Одан басқа, "Шошқалы", "Жетісу", "Майлин" және "Әли" полигондарында әскерлерді тасымалдауды оқыту бойынша оқу-жаттығу орындары жабдықталған.Тәжірибе мен жинақталған байланыстар әскери қатынастар органдарының әскери ұжымына Қорғаныс министрлігінің басшылығы қойған міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде орындауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970396?lang=kk
Ұландық спортшы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды 06.04.2025
2025 жылғы 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының жекпе-жек чемпионаты өтті.Алматы қаласында ұйымдастырылған сайысқа Ұлттық ұлан атынан 6655 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы 3 батальоны құрамындағы атқыштар взводының 1-ші гранатометшілер бөлімшесінің аға маманы (аға көздеуші) ефрейтор Руслан Қазыбай қатысты.66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ұландық физикалық дайындық, жауынгерлік рух және шеберлік деңгейін жоғары көрсетіп, табандылық пен кәсібиліктің арқасында турнирдің барлық бастапқы кезеңдерінен сәтті өтті. Ал шиеленіске толы финалда күміс медаль иеленді.- Мен Ұлттық ұлан атын республикалық деңгейде таныта алғаныма мақтанамын. Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткен Бас қолбасшылыққа алғысымды білдіремін. Бұл бізге тек қызметтік міндеттерімізді орындауға ғана емес, спорт саласында да дамуға мүмкіндік береді. Маған сенген тәлімгерлерім мен жауынгер достарыма ерекше алғыс айтамын. Олардың сенімі – мен үшін ең күшті мотивация. Бұл жетістік – біздің ортақ нәтижеміз! – ефрейтор Руслан Қазыбай.Айта кетейік, бұл жетістік үздіксіз жаттығулардың, мақсатқа ұмтылудың және жеңіске деген құштарлықтың нәтижесі болды. Ұлттық ұлан өз әскери қызметшілерін мақтан тұтады. Олар тек қызметтік міндеттерін ғана орындап қоймай, елімізді спорттық ареналарда да лайықты танытып жүр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/970388?lang=kk