Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізудің кейбір мәселелері туралы 05.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 қантардағы № 29 бұйрығына сәйкес хабарлайды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 03 ақпанда № 35692 болып тіркелген өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы.Тыйым салу мерзімі – ағымдағы жылдың 14 ақпаннан бастап 14 тамызға дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/969765?lang=kk
«ШЫХО-Қорғас» кеден бекетінде шетел валютасын заңсыз шығарудың кезекті фактісі анықталды 05.04.2025
2025 жылдың 18 наурызында ҚР-дан ҚХР-ға бара жатқан ҚР азаматшасының жеке заттарын тексеру барысында декларацияланбаған 39 800 АҚШ доллары көлеміндегі ақша қаражаты анықталды.ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес, эквиваленті 10 000 АҚШ долларынан асатын шетел валютасын қолма-қол ақша түрінде шығаруға тыйым салынған.Жеке тұлғалар кедендік декларациясыз шетелдік және ұлттық валютаның қолма-қол ақшасын және жол чектерін жалпы сомасы эквиваленті он мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде әкелуге немесе шығаруға құқылы. Эквиваленті 10 000 АҚШ долларынан асатын сома міндетті түрде кедендік декларациялауға жатады.Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жолданды. Еске саламыз, көрсетілген ақша қаражатын тасымалдау нормаларын бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 551-бабының 3-бөлігі бойынша декларацияланбаған немесе дұрыс декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары сомасының 25% мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, сондай-ақ декларацияланбаған немесе дұрыс декларацияланбаған ақша қаражаты мен ақша құралдары тәркіленеді.Анықтама: 2024 жыл ішінде ақша қаражатын заңсыз тасымалдаудың 206 фактісі анықталды, 5,8 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, декларацияланбаған ақша қаражатының сомасы 3,2 млн АҚШ долларын құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/969713?lang=kk
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында зияткерлік меншік бөлімінің басшысы азаматтарға кеңес берді. 05.04.2025
Тауар белгісін тіркеуге беру мәселесін шешуге көмек көрсетілді. Бұл саланың танымалдығы артып келе жатқаны және қоғам мемлекеттегі зияткерлік меншіктің маңыздылығын көбірек түсінетіні қуантады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/969665?lang=kk
қабылдау 05.04.2025
приемАким даулетского сельского округа Жакаев ЖанболатЕлубаевич и заместитель акима ЖексенбаевКадырбек Кудабаевич иск жителей селапо личным вопросамвел прием.Жителям, прибывшим на прием, в рамках закона необходимо.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/969661?lang=kk
Борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 05.04.2025
Ауданаралық мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімінің №2 филиалының аға сот орындаушысы азамат А.-ға қатысты берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады.Борышкерге 20 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1111583?lang=kk
Тазалық жұмыстары 05.04.2025
Баянды ауылында тазалық жұмыстары жүргізілдіБаянды ауылының аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Тазалық жұмыстары барысында аумақта жиналған қоқыстар мен шөптер тазаланып, арнайы техниканың көмегімен шығарылды.Аталған жұмыстарды «Таза Мұнайлы» МКК қызметкерлері атқарды.Тазалық пен көркейту – баршамызға ортақ міндет. Ауыл аумағының тазалығын сақтауға шақырамыз.Таза ауыл – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1289848?lang=ru
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері 05.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою;- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту;- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1238577?lang=ru
Сенімнің күші – қамқорлықта. Бір мектептегі өзгеру тарихы 05.04.2025
Сенімнің күші – қамқорлықта. Бір мектептегі өзгеру тарихы2025 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданына қарасты ірі орта мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдерді өз қамқорлығына алды.Осылайша «Күш-бірлікте» деп аталатын көшбасшылар клубы дүниеге келді.Ең бастысы — 7–8-сыныптың 23 оқушысына жаңа тыныс ашылды. Күдіктеніп қарағаннан гөрі, сенім артты. Түзетуге тырысқаннан гөрі, қолдау көрсетті. Оларды спортқа, шығармашылыққа, бірлескен істерге жұмылдырды. Нәтижесінде үш айдың ішінде тәртіп бұзушылықтың орнына – жетістіктер, немқұрайдылықтың орнына – белсенділік, тұйықтықтың орнына – сахнада жарқыраған өнер келді.Тағы бір айрықша жайт – прокурордың қатысуы ресми жиындармен шектеліп қалмауы. Ол негізгі жұмысынан қолы босаса болды, мектепке барып, балалармен әңгімелесті, теннис және басқа спорт түрлерін бірге ойнады, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Балғын жүректерге дәл осындай қарапайым да шынайы сәттердің әсері мол болды. Олар расымен сенімге ие екенін, жандарында көмек қолын созуға даяр ересектер бар екенін ұғынды.Ал бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мектеп директоры мен мұғалімдердің қосқан үлесі өлшеусіз. Балалар үшін қолайлы орта жасалып, өзін қажетті, естіген, қабылданған күйде сезінуіне бар жағдай жасалды.Оқушылар өз күштерімен «Наурыз – Мейірім мен бірліктің мерекесі» атты мектептік шараны ұйымдастырып, әр жасөспірімге қажетті дүниенің бір ғана мүмкіндік пен оған деген сенім екенін дәлелдеді.Жеке өзімнің ойым: ересектер шынайы қамқорлық көрсеткенде – тек балалар ғана өзгермейді, өзіміз де түбегейлі трансформацияға ұшыраймыз. Себебі жүрегіміздегі ізгілікке, мейірімге деген сеніміміз жаңғырады. «Мәселесі көп» деп жүрген бұл жеткіншектер, шын мәнінде, бізден тек түсіністік пен ықыласты күткен екен.Бүгінгі таңда клуб мүшелері өз мектебінің көшбасшыларына айналды. Ал «Күш - бірлікте» бастамасы алдымен аудан деңгейінде, кейін бүкіл өңірде таратылуға дайындалып жатыр. Бұл тәжірибе шынымен шабыттандырады.Менің сенімім: ертеңгі қуатты ұрпақты тәрбиелегіміз келсе, ең алдымен оларға қажеттілігін сезіндіру керек. Қорқытып емес, қолдау арқылы. Бұйырып емес, көңіл бөлу арқылы.Осы жобаның жетістігі ескеріліп, мен оны басқа өңірлерде де жүзеге асыруды тапсырдым. Ол жақта да прокурорлар нақты мектептерге қамқорлық жасап, әр баланың бойындағы әлеуетті оятуға атсалысады. Заң өкілі ретінде біз лайықты ұрпақ қалыптастыру – баршамыздың ортақ парызымыз екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан осы жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойнымызға алуға дайынбыз. Себебі жастарды қолдау – тұтас елдің болашағына жасалған ең ұтымды инвестиция.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйенсек: «Жастар – жарқын болашаққа деген барлық үмітіміздің бейнесі».Міне, осындай жаңаша бастамалар арта түссе екен дейміз. Өйткені қуатты мемлекет – ең алдымен сенімге ие, сыйлы және даусы естілген жас буыннан бастау алады.«Заң мен Тәртіп»Қазақстан РеспубликасыныңБас Прокуроры Б. Асылов Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/969903?lang=kk
«Бобровка ауылдық округінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызметі туралы есеп 05.04.2025
«Бобровка ауылдық округінің аппараты» ММмемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызметі туралы есепҚазақстан Республикасының Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39Н/Қ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Бобровка ауылдық округінің аппараты» ММ, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.2024 жылы Бобровка ауылдық округінің аппараты 15 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 1-сі заңды тұлғаларға.- elicense ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-3.- көрсетілетін қызметті берушілер қағаз нысанында кеңсе арқылы баламалы негізде көрсеткен, бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін-12;-2024 жылы Мемлекеттік қызмет бойынша электрондық түрде 1 бас тарту болды.Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:«Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу».Аталған ауылдық округтің маманы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілікті арттыру курсынан 2024 жылдың ақпан айында өтті.Жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-bobrov/press/news/details/969584?lang=kk
Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау және атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту тақырыбында дәріс өткізілді. 05.04.2025
Тайынша ауданының Яснополян ауылдық округіндегі «Тайынша-Астық» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлеріне «СҚО Әділет департаментінің» РММ «№3 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушылары өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау және атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту тақырыбында дәріс оқыды.Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері түсіндірілді. Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау тәртібі де қарастырылды. Сонымен қатар, дәріс қатысушылары барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/969579?lang=kk
Мониторинг 05.04.2025
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында Баянды ауылы әкімінің аппараты тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің негізсіз қымбаттауына жол бермеу және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолға алынған.Мониторинг аясында: - Ауылдағы сауда орындарында азық-түлік бағаларына күнделікті бақылау жүргізіледі; - Баға өсімінің себептері анықталып, тиісті шаралар қабылданады.Ауыл әкімдігі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/973366?lang=kk
Алматыда акцизделетін өнімнің заңсыз айналымының жолы кесілді 05.04.2025
2025 жылғы 2 сәуірде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тексеру іс-шаралары барысында контрафактілік темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады. Кодтары жоқ (сәйкестендіру құралдары) және анықталмаған үлгі кодтары бар 18 603 қорап темекі табылды. Заңсыз өнімнің жалпы құны шамамен 17 млн. теңге.Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласының сот органдарына жіберілді. Бұл бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.Тәркіленген акцизделетін өнім азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Департамент азаматтарды шығу тегі күмәнді темекі өнімдерін сатып алу кезінде сақ болуға шақырады.Темекі өнімдеріне (сәйкестендіру құралдарына) салынған кодтардың түпнұсқалығын «NAQTY ONIM» мобильдік қосымшасының көмегімен тексеруге болады, акцизделетін өнімді заңсыз өткізудің барлық фактілері бойынша Алматы тұрғындары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Бөгенбай батыр көшесі, 132 мекенжайы бойынша немесе 8 708 765 38 22 телефоны бойынша хабарлай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/969562?lang=kk
Конституциялық Сот айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың негізділігін қарау туралы норманы тексереді 05.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 319-бабы бесінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.Аталған нормаға сәйкес судья қаулы шығарумен бiрмезгілде айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негiздiлiгi туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрiнiң негiздiлiгi немесе негiзсiздiгi туралы мәселенi қарауға, егер осы уақытқа дейін бұлтартпау шарасын қолдану мерзімі өтіп кетсе, оны ұзартуға мiндеттi.Өтініш берушінің пікірінше, дауланып отырған норма айыпталушыны соттың санкциясынсыз және шағымдану құқығынсыз қамауда ұстауға мүмкіндік береді.Тексеру барысы мен нәтижелері туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/969535?lang=kk
Өндірістік әлеуетті арттыру. Ел өңірлерінде ауқымды жобалар іске қосылуда 05.04.2025
2 сәуірде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында Астана мен Алматының және Ұлытау, Қарағанды облыстарының дамуы талқыланды.Астана: дамуға инвестицияЕлорда инвестициялық жобалар саны мен халық өсімінің қарқыны бойынша өңірлер арасында бірінші орында. Қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 73%. Бұл орташа республикалық деңгейден екі есе жоғары.Бүгінде Астана пулы 18,3 мың жұмыс орнын құратын жалпы құны 2,5 трлн теңге 130 инвестициялық жобаны қамтиды. 2025 жылы 300 млрд теңгеден астам инвестиция тарта отырып, кемінде 50 жобаны іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар бірқатар ірі жобаларды іске асыру басталды. Атап айтқанда: Kazak Protein зауыты (170 млрд теңге) – бидайды тереңдете өңдеу;ТОКК Қазақстан (55 млрд теңге) – жеңіл металдан жасалған қаптама өндірісі;LASSELSBERGER (23,6 млрд теңге) – құрылыс қоспасы мен бояу өндірісі;Электровоз құрастыру зауыты (15 млрд теңге) – электровоздарға арналған сервистік орталық.Астана әкімі Жеңіс Қасымбек штаб отырысында елорда маңындағы өнеркәсіптік кластерді одан әрі дамыту үшін №2 Индустриялық парктің құрылысы басталатынын, оның аумағында 500 млрд теңгеден астам сомаға 50-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Сонымен қатар елордада бірқатар ірі логистикалық жобалар іске қосылуға дайындалуда. Соның ішінде Wildberries  логистикалық хабы және ОЗОН көлік-логистикалық орталығының екінші кезегі бар. Барлық логистикалық жобаларға инженерлік инфрақұрылым жүргізу қажет.Қарағанды облысы: өнеркәсіптік агломерацияӨңірде жалпы құны 174,6 млрд теңге болатын 118 инвестициялық жоба іске асырылып, 2,9 мың жұмыс орны ашылды. Маңызды объектілердің арасында:Ыстық мырыштау зауыты (6,2 млрд теңге, 115 жұмыс орны);«Гиперборея» жел электр станциясы (50,6 млрд теңге, 20 жұмыс орны);Кремний қорытпасы зауыты (62,8 млрд теңге, 497 жұмыс орны);«ТЭМПО Қазақстан» болат құбыр өндіру (25 млрд теңге, 400 жұмыс орны);Алюминий радиатор өндіру (18,6 млрд теңге, 183 жұмыс орны).Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Сарыарқа» АЭА мен «Саран» индустриялық аймағын электрмен жабдықтау қуатын арттыру қажеттігін айтты. 2027 жылы «Сарыарқа» АЭА аумағында арнайы мақсаттағы «Қазақстан» болат өндіру зауытының құрылысын бастау жоспарлануда. Ол үшін АЭА аумағын кеңейту қажет. Сонымен қатар «CargoHUB Karaganda» мультимодальды аэрохабын құру шеңберінде АЭА қызметтің басым түрлерінің тізбесін кеңейту қажет.Вице-премьер АЭА инфрақұрылымын жүргізу және қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту бойынша Қарағанды облысының ұсыныстарын қолдап, ҰЭМ-ге бұл мәселені ӨҚМ-мен қысқа мерзімде пысықтауды тапсырды.Ұлытау: өнеркәсіпті дамытуҰлытау жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім бойынша көшбасшылардың бірі (6,1 млн теңге). Облыста 2,2 мың жұмыс орнын құратын жалпы құны 933 млрд теңге 19 инвестициялық жоба жоспарланған. 2025 жылы жалпы құны 138 млрд теңге болатын 17 жобаны іске асыру басталады, оның ішінде:Батыс Қаражал кен орнын игеру;Жезқазған мыс балқыту зауытының күкірт қышқылы цехын салу;Байыту фабрикаларын жаңғырту;Мұнай базасы мен респираторлар зауытын салу.Сәтбаевта индустриялық аймақ құрылып, оның шеңберінде жалпы құны 28 млрд теңге болатын 4 жоба пысықталуда. Нәтижесінде 150 жұмыс орны ашылады. Облыс әкімі Дастан Рыспеков АЭА-ға қажетті инфрақұрылымды тарту үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру қажеттігі мәселесін көтерді. Серік Жұманғарин бұл ұсынысты қолдап, қажетті инфрақұрылымды қаржыландыру мәселесін басым міндеттер тізіміне енгізуді тапсырды. Вице-премьер Ұлытау облысының тиімді экономикалық дамуы үшін инвестициялық жобалар пулын ұлғайтып, көмір химиясы мен ауыл шаруашылығын дамытуды бастау қажеттігін атап өтті.Алматы: автоөнеркәсіп және туризмАлматыда 21,5 мың жұмыс орнын құратын жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 95 жеке инвестициялық жоба іске асырылуда. ЖӨӨ өсу болжамы 6,4%-ды құрайды.2025 жылы бірқатар маңызды нысандарды іске қосу жоспарланған:Haval, Chery, Changan автомобильдерін шығаратын мультибрендтік зауыт (жылына 182 млрд теңге, 90 мың авто);«Almaty Museum of Arts» мұражайы (44 млрд теңге);Wildberries логистикалық орталығы (43,2 млрд теңге);Medeu Park Hotel қонақ үй кешені (17 млрд теңге).Сондай-ақ Алматыда индустриялық аймақты кеңейту жоспарланып, дамудың екінші кезеңі 194 га аумақты қамтиды. Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров жобалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамамен ұзақ келісілуіне байланысты индустриялық аймақтың кеңеюі кешіктіріліп жатқанын хабарлады. Вице-премьер Серік Жұманғарин ҰЭМ-ге ӨҚМ-мен бірлесіп, инвестициялық жобалар кешіктірілмеуі үшін туындаған мәселелерді пысықтауды тапсырды.https://primeminister.kz/news/ondiristik-aleuetti-arttyru-el-onirlerinde-aukymdy-zhobalar-iske-kosyluda-29890 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/969517?lang=kk
«CargoRuqsat» электронды кезек жүйесіне жаңа функционал енгізілді 05.04.2025
Назар аударыңыз! «CargoRuqsat» электронды кезек жүйесіне жаңа функционал енгізілдіҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 3 сәуірден бастап «CargoRuqsat» автоматтандырылған электронды кезек жүйесінде (бұдан әрі – ЭКЖ) бір автокөлік құралының бірнеше рет броньдалуын болдырмауға бағытталған жаңа функционал енгізілгенін хабарлайды.Бұған дейін кейбір тасымалдаушылар бір VIN-коды бар, бірақ әртүрлі тіркеу нөмірлерімен автокөліктерге бронь жасаған жағдайлар анықталған. Сондай-ақ, бір өткізу пунктінде белсенді бронь болған кезде басқа өткізу пунктінде бронь жасау мүмкін емес екендігі туралы шағымдар түскен.Осыған байланысты, енді жүйе бронь жасау кезінде автокөлік құралының VIN-кодын автоматты түрде тексереді. Егер АТС-тің белсенді броні бар болса, жаңа бронь жасау мүмкін болмайды, ал жаңа бронь жасау үшін алдымен алдыңғысын жою қажет.Белсенді броньды қалай жоюға болады?Егер сізге жаңа бронь жасау үшін белсенді броньды жою қажет болса, ЭКЖ әкімшісінің электрондық поштасына (cargoruqsat@gmail.com) келесі құжаттарды жіберіңіз:• Көлік құралының техникалық паспортының көшірмесі;• Көлік иесінің төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғалар үшін – компанияның құрылтай құжаттары).Басқа кабинет арқылы жасалған броньды жою:Егер бронь басқа жеке кабинет арқылы жасалған болса, оны жою үшін cargoruqsat@gmail.com электронды поштасына жоғарыда көрсетілген құжаттарды жіберу қажет.Жаңа функционал кезекті әділ бөлуді қамтамасыз етуге және жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған. Тасымалдаушылардан осы өзгерістерді ескере отырып, өз бағыттарын жоспарлауды сұраймыз.#АБАЙМКД#DGDABAI#Салықтар#Налоги#Кеден#Таможня#Тікелей_эфир#Прямой_эфир#салықтөлеушігепайдалы#полезноеналогоплательщикуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/971549?lang=kk
ШҚО екі Латвия азаматы есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін сотталды 05.04.2025
         ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен екі Латвия азаматы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі 3-тармағының 1,3-тармақшалары бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.        Бұған дейін, 2024 жылғы шілдеде, облыс прокуратурасы ҰҚК ШҚО бойынша департаментімен қадағалау органының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхананың анықталғаны туралы хабарлаған болатын.       Еске сала кетсек, тінту барысында 125 кг мефедрон (630 мың бір реттік дозаға баламалы), 500 литр прекурсорлар және тәулігіне 30 кг синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буынды зертханалық жабдық тәркіленген.       Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады.      Қылмыстық іс сотта 3 ай бойы қаралды. Сот процесі барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденіп, мемлекеттік айыптаушы соттан 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға бағдар берді.       Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.#Заң_және_Тәртіп#Заңүстемдігі#Есірткігежолжоқ Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/969484?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы Анонс 05.04.2025
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабына сәйкес 2025 жылғы 17 сәуірден бастап мемлекеттік кірістер органдары қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауын жүргізуді жоспарлап отыр.Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді (құқықтық актілер, жұмыс процестері, салықтық және кедендік  әкімшілендіру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және т.б.)  2025 жылғы 17 сәуірге дейін l.zholzhaksynova@kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайына жіберуіңізді сұраймынСұрақтарыңыз болса   +7 705 764 59 59  телефон номеріне хабарласыңызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/969459?lang=kk
Семейде қазақша күрестен Ұлттық ұлан чемпионаты өтті 05.04.2025
Семей қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Кубогына қазақша күрестен жеке және командалық чемпионат өтті.Жарыс 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің 17 жауынгерін еске алуға арналды. Ашылу салтанатында қатысушылар оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.– Біз үшін антқа адал болып, шетелде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің есімін есте сақтау маңызды. Осыған орай, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында ұлттық спортты жандандыру және насихаттау мақсатында еске алу турнирін өткізіп отырмыз, – дейді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Әбжанов.Чемпионаттың бас төрешісі полковник Руслан Жақыпековтың айтуынша, биыл біріншілікке жеті команда қатысқан. Атап айтқанда, "Оңтүстік", "Орталық", "Батыс", "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтарының, Ұлттық ұлан Академиясының, 6654 және 5573 әскери бөлімдерінің құрама командалары бақ сынады.– Чемпионат өте жоғары деңгейде өтті, онда әлемдік ареналарда өнер көрсететін спортшылар қатысты. Чемпионат дәстүрлі негізде екінші жыл өткізілуде, - деді бас төреші.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді генерал-майор Бауыржан Әбжанов, қазақша күрестен Қазақстан чемпионы, самбодан және ұлттық күрестен ауыр салмақтағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Нұғымаров, сондай-ақ қазақша күрестен, Дзюдодан және самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ерасыл Қажыбаев пен басқа да құрметті қонақтар марапаттады.Екі күндік чемпионатн қорытындысы бойынша командалық есепте 5573 әскери бөлімінің командасы  бірінші орынды, Ұлттық ұлан академиясының командасы екінші орынды жеңіп алды. Ал "Оңтүстік"өңірлік қолбасшылығының құрамасы үшінші орынды иеленді.Жүлдегерлер Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтың атынан медальдармен, кубоктармен және төсбелгілермен марапатталды, сондай-ақ қалалық әкімдік өкілдерінен ақшалай сыйлықтар алды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/969438?lang=kk
Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттерімен зияткерлік ойын өткізілді 05.04.2025
   2025 жылдың 3 сәуірінде Әділет департаментінің әкімшілік бөлімі «Ата Заң – тәуелсіздіктің тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған зияткерлік ойын өткізді. Ойынға Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.   Ойын барысында студенттер тест сұрақтарына жауап беріп, кроссвордтар мен ребустар шешіп, елдің негізгі заңы жөніндегі білімдерін көрсетті.   Іс-шараның соңында студенттердің назарын Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттеріне аудару мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.   Қазақстан Республикасы азаматының мәртебесі тек құқық беріп қана қоймай, белгілі бір міндеттерді орындауды да көздейді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/969416?lang=kk
ҚР Ұлттық қорғаныс университеті халықаралық қауіпсіздік көрмесінде өз жаңалықтарын ұсынды 05.04.2025
Астана қаласының EXPO көрме орталығында өткен Kazakhstan Security Systems-2025 халықаралық қауіпсіздік көрмесіне Франция, Германия, Италия, Ресей, Түркия, Әзербайжан және басқа да елдердің компаниялары қатысты.«Астана-Экспо КС» көрме компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Олжас Қанапиянов бұл халықаралық көрме жыл сайын әлемнің түрлі елдерінен жүзден астам экспоненттерді біріктіретінін атап өтті. Көрме алаңында кәсіпқойлар киберқауіпсіздіктің, қол жеткізуді бақылауды қорғаудың өзекті мәселелерін, қорғаныс және құқық қорғау салаларында қолданылатын жаңалықтарды талқылайды.Көрмеде ҚР Ұлттық қорғаныс университеті ақпараттың сыртқа шығып кетуінің техникалық арналарын анықтау және үй-жайлардың қорғалуын бағалау бойынша жүргізілген арнайы зерттеулер зертханасының қызметтерін ұсынды. Қауіпсіздік саласындағы мамандарды VR/AR-технологияларды пайдалана отырып ғылыми зерттеулерді қолдау бойынша перспективалы геоақпараттық технологиялар зертханасының, роботтандырылған жүйелерді, ҰҰА әзірлеу және сынау жөніндегі технопарктің қызметтері де қызықтыруы мүмкін. Әзірлеушілер арсеналында ҰҚУ-проекциялық жабдық, лазерлік гравюра станогы, аэрофототүсірілім кешені және машиналық көру жүйесі бар. Сондай-ақ, 3D модельдерін құру және қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін математикалық модельдеу бойынша да ұсыныстар енгізілген.– Ұлттық қорғаныс университеті мұндай ауқымды форумға алғаш рет қатысып отыр. Біздің павильон барлаудың техникалық құралдарына қарсы іс-қимыл, ақылы қызмет көрсету және ғылыми-зерттеу взводына мерзімді әскери қызметке кіру туралы ұсыныс сынды бірнеше бағытқа бөлінген. Бұл бөлімшеге техникалық және IT-мамандықтар бойынша жоғары білімі бар жастарды шақырамыз, – деді әскери оқу орнының өкілі аға ғылыми қызметкер капитан Әділет Оразқанов.Жоғары әскери оқу орнының сервистік пакетінде біліктілікті арттыру, ағылшын тілін қарқынды оқыту, әртүрлі материалдардан үлгілерді әзірлеу және дайындау жөніндегі қызметтер, әскери кафедралардың оқытушылары мен әкімдердің көмекшілеріне арналған курстар және басқалар бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/969415?lang=kk