Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

IQanat: Қостанайда ауыл оқушыларына арналған олимпиаданың облыстық кезеңі өтті 05.04.2025
Қостанайда өткен IQanat республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне өңірдің түкпір-түкпірінен 400-ден астам 8-сынып оқушысы қатысты. Бұл тур қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік 1000 оқушысы финалға жолдама алады.Олимпиаданың басты ерекшелігі – әлеуметтік бағыты. Қатысушылардың 70%-ы – әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан балалар. Финалға өткендер үшін екі мүмкіндік қарастырылған: бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-интернатына тегін қабылданады, ал қалғандары үш жылдық қолдау бағдарламасымен қамтылады. Бұл бағдарлама ЕНТ, халықаралық емтихандарға дайындықты, ағылшын, ІТ, soft skills және кәсіпкерлік дағдыларын қамтиды.– IQanat бағдарламаларына қатысқан балалардың 90%-ға жуығы Қазақстан мен шетелдің үздік университеттеріне грант арқылы оқуға түседі. Қазіргі таңда түлектеріміз 15 елде білім алуда, – дейді IQanat білім беру қорының өңірлік үйлестірушісі Гүлнара Берсагурова.Олимпиада логикалық, сыни және кеңістіктік ойлау, математикалық сауаттылық пен ағылшын тілін тексеруді қамтыды. Сонымен қатар, оқушылар 6 пәннің бірін таңдап, тереңдетілген тест тапсырды: математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы немесе география.Биылғы жаңа жоба – peer-to-peer форматы. Онда 10-11 сыныптағы айқанаттық оқушылар кіші сыныптарға пәндік тьютор болып, қолдау көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/964205?lang=kk
«Театр – өмір айнасы» атты танымдық сағат 05.04.2025
27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Театр – өмір айнасы» атты танымдық сағат өтті.Шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы оқырмандарға театр өнерінің қалыптасу тарихы, оның қоғамдағы маңызы және қазақ театрының даму жолдары туралы мазмұнды ақпарат ұсынды. Театр өнерінің мәдениетке қосқан үлесі мен оның адам санасына тигізер әсері жайлы қызықты деректер келтірілді.Оқырмандар назарына театр өнеріне арналған арнайы кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге әлемдік және қазақ драматургиясының үздік туындылары, театр тарихы туралы құнды еңбектер, атақты режиссерлер мен актерлер жайлы кітаптар қойылды. Көрмемен танысқан оқырмандар театр әлеміне қатысты жаңа мәліметтер алып, осы өнердің сиқырлы әлеміне терең бойлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/964201?lang=kk
Мәскеудегі халықаралық турнирде қостанайлық боксшы қыздар үш жүлдеге ие болды 05.04.2025
Қостанайлық спортшы қыздар Мәскеуде өткен Софья Очигаваның жүлдесіне арналған VII халықаралық бокс турнирінде үздік нәтиже көрсетті. Турнирге 13 жастан 40 жасқа дейінгі 300-ден астам спортшы қатысты.54 келі салмақ дәрежесінде Рамина Маханова чемпион атанды. Оны жарысқа Руслан мен Темірлан Чемурзиевтер дайындады.Қола жүлдені жеңіп алғандар:• Анэля Наурузбаева (46 кг, жаттықтырушысы – Нұрхан Жолғасбеков);• Мәдина Нұрманова (66 кг, жаттықтырушысы – Темірлан Чемурзиев).Барлық спортшы қыздар Қостанай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/964200?lang=kk
НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА КОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ 05.04.2025
Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының қолдауымен бірқатар колөнер шеберлері өз бұйымдарын жәрмеңке арқылы қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынды.Жәрмеңкеде ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіре отырып жасалған бомберлер, бас киімдер, әшекей-бұйымдар, аксессуарлар мен қол-өнер бұйымдары сатылымға шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/964197?lang=kk
Қостанай облысында санитарлық авиация заманауи тікұшақпен толықты 05.04.2025
Система экстренной медицинской помощи Костанайской области расширяет свои возможности. Теперь в распоряжении санитарной авиации региона – современный вертолет Eurocopter H-145 D-3 Airbus helicopter. Благодаря этому жители отдаленных районов смогут оперативно получать необходимую медицинскую помощь, а пациенты в тяжелом состоянии – быстрее транспортироваться в лечебные учреждения областного центра.Кроме нового вертолета, санитарная авиация продолжает использовать самолет АН-2 и два автомобиля для наземной транспортировки пациентов.Отделение санитарной авиации работает на базе областной станции скорой помощи. Дежурство осуществляется ежедневно – в составе бригады врач и фельдшер. В случае необходимости привлекаются узкопрофильные специалисты, включая детских врачей.В 2024 году санитарная авиация уже выполнила 74 вылета и 353 выезда наземным транспортом. С начала 2025 года бригады совершили 92 выезда и 8 вылетов.Обновление парка санитарной авиации – это значимый шаг для улучшения медицинской инфраструктуры региона и повышения доступности экстренной помощи для всех жителей области.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/964196?lang=kk
Ашхабадтағы министрлік кездесуде «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитіне дайындық барысы талқыланды 05.04.2025
Ашхабад, 2025 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко 20-шы «Орталық Азия – Еуропалық одақ» министрлік кездесуіне қатысты.Іс-шарада Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрліктерінің басшылығы, сондай-ақ Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссия Вице-президенті Кая Каллас сөз сөйледі.Самарқандта өтетін «Орталық Азия – ЕО» саммитіне дайындық мәселелеріне, соның ішінде бірлескен өңірлік бағдарламалар мен жобаларды іс жүзінде жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.Р.Василенко Қазақстанның ауыл шаруашылығы, цифрландыру және инвестициялық ынтымақтастық салалардағы бірқатар бастамаларын жариялап, Транскаспий халықаралық көлік бағытының транзиттік әлеуетін толық пайдалану бойынша еліміздің көзқарасын жеткізді.Министрдің орынбасары Орталық Азия өңірі үшін климаттың өзгеруіне қарсы күрестің маңызына тоқталып, 2026 жылы Астанада өтетін БҰҰ аясындағы Өңірлік климаттық саммитті ерекше атап өтті.Министрлік кездесудің қорытындысы бойынша өңірлік ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалған Бірлескен коммюнике қабылданды.Ашхабадқа сапар барысында қазақстандық дипломат Түрікменстанның бастамасымен ұйымдастырылған «Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы: Орталық Азия мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты тереңдету» атты іс-шарада да сөз сөйледі.Сонымен қатар сапар аясында Р.Василенко жаңадан тағайындалған Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен кездесу өткізіп, оның барысында өңірлік ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде су ресурстарын басқару, ғылым және білім, сондай-ақ өңірлік өзара байланыстар салаларындағы мәселелер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/964434?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды 05.04.2025
 Бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырысқа ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Д. Шакенов, облыстық мәслихат төрағасы Д. Рыпаков, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері (онлайн режимде) қатысты.Күн тәртібінде өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру мәселелері, туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері, квазимемлекеттік сектордың комплаенс қызметінің тиімділігі, сондай-ақ теміржол жолаушылар тасымалдарының санитарлық жай-күйінің проблемалық мәселелері қаралды.Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков өз сөзінде сыртқы талдаулар жүргізу барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың маңыздылығын атап өтті.«Әлеуметтік салада бизнес-процестерді автоматтандыру үшін ақпараттық модуль енгізілді, бұл көрсетілетін қызметтердің ашықтығын арттырды. Дегенмен, білім беру жүйесінде бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесіне көшумен байланысты проблемалар сақталуда. Туризм саласында жүргізілген талдау лицензиялау процесіндегі манипуляция, субсидияларды асыра бағалау, Мемлекеттік сатып алу бойынша жалған есептер және табиғи объектілерге қол жеткізуді заңсыз шектеумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алғанын көрсетті. Анықталған бұзушылықтар оларды жою бойынша жүйелі шаралар қабылдауды және уәкілетті органдар тарапынан бақылауды күшейтуді талап етеді», - деп атап өтті Асылхан Ашиков.Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда ашықтық пен парасаттылықты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын комплаенс-офицерлері қызметіндегі проблемалық мәселелер айтылды. Бұл салада кәсіби мамандардың тапшылығына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың сапасының төмендігіне байланысты проблемалар сақталуда.Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі күн тәртібі мәселелері бойынша Департамент ұсынымдарын қолдады, жергілікті атқарушы органдардың тиісті басқармаларының басшыларына және қалалар мен аудандардың әкімдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және орын алған бұзушылықтарды жою бойынша нақты шараларды уақтылы қабылдау, сондай-ақ заңның дәл және біркелкі орындалуы жөнінде тапсырмалар берді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/964181?lang=kk
ГАСТРОСАЯХАТҚА ШАҚЫРАМЫЗ! 05.04.2025
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді 30 наурыз күні сағат 11.00-де Әл-Фараби алаңында өтетін “ДәмДәсTour” гастрономиялық фестиваліне шақырамыз!Фестиваль аясында “Ең үздік палау”, “Ең үздік кәуап”, “Ең үздік самса”, және “Ең үздік қуырдақты” бірге анықтайтын боламыз.Сонымен қатар, Қазақстандағы “Ең үлкен самсаның” әзірленуіне куә болып, Гастрорекорд жасайтын боламыз! Шымкент – Орта Азияның гастрономиялық астанасы атанбақ!Фестиваль тек дәмді тағамдармен шектелмейді. Сіздерді шоу бизнес өкілдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама, әуе шарларының әсем көрінісі, мотобайкерлер шеруі мен “Мото шоу”, спорттық автомобильдер көрмесі, қолөнершілер жәрмеңкесі және “Fire шоу” күтуде.Өтетін орны: “Әл-Фараби” алаңыӨтетін күні: 2025 жылғы 30 наурызУақыты: 11.00-21.00Дәмді әрі дәстүрлі саяхатқа шақырамыз!Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/964174?lang=kk
«Қосымша білім беру мен пәндік оқыту: интеграциялаудағы тиімді әдістер мен тәжірибелер» тақырыбындағы облыстық семинар 05.04.2025
2025 жылдың 27 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы көктемгі  каникул мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ-де «Қосымша білім беру мен пәндік оқыту: интеграциялаудағы тиімді әдістер мен тәжірибелер» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.Семинардың негізгі мақсаты – қосымша білім беру мен пәндік оқытудың өзара ықпалдастығын арттыру, тиімді әдістер мен озық тәжірибелерді талқылау болды.Семинарға облыс көлеміндегі білім беру мекемелері басшыларының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері, әдіскерлер қатысты.Семинардың пленарлық отырысында  «Пәндерді оқытудағы интеграциялық  білім беру негіздері» тақырыбында мектеп директоры Мажинова Ч.Т., «Мектептегі қосымша білім беру: оқушылардың шығармашылығы мен көшбасшылығын дамыту» тақырыбында тәрбие ісінің меңгерушісі  Иманкенова Ж.М., «Білім беру мен қолданбалы өнердің сабақтастығы» тақырыбында технология пәнінің мұғалімі Мусина Г.Т  қосымша білім беру бағдарламаларын пәндік оқытумен ұштастырудың тиімді әдістерімен бөлісіп, үздік авторлық бағдарламаларды ұсынды.Практикалық шеберлік сыныптар бөліміндегі POSTER сессияларда «Өркениет» қосымша білім беру курстарының үздік жобалар таныстырылымы, сондай-ақ АРТ, шахмат курстары жетекшілерінің шебер- сыныптары көрсетілді.Семинардың тәжірибелік секциялар отырысында жаңа технологияларды қолдану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және инновациялық оқыту әдістерін енгізу мәселелері қарастырылды.Семинар соңында «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы" КММ педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату, баспа қызметінің әдістемелік бөлімінің басшысы А.Т.Кенжебаева семинарды қорытындылап  спикерлерге сертификат табыстап, тәжірибе тарату мақсатындағы семинардың құндылығын атап өтті. Кері байланыста мұғалімдер семинардың өте тиімді екенін және  өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/964122?lang=kk
Криптовалюталар бақылауда: Қазақстан цифрлық майнингті қалай реттейді 05.04.2025
Криптовалюталар әлем бойынша қарқынды дамып, инвесторлар мен бизнеске жаңа мүмкіндіктер ұсынып келеді. Қазақстанда цифрлық активтерді өндіру (майнинг) жылдам өсіп келе жатқан салалардың біріне айналды, бұл мемлекет тарапынан реттеу мен бақылауды күшейтуді талап етеді.Майнинг қалай жұмыс істейді? Майнинг – бұл қуатты есептеу жүйелерін пайдалана отырып, криптовалюта өндіру процесі. Арнайы жабдық күрделі математикалық есептеулерді орындайды, блокчейндегі транзакцияларды растайды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Майнерлер осы қызметі үшін криптовалюта түрінде сыйақы алады.Бүгінгі таңда Қазақстанда ресми түрде 75 майнер тіркелген. Соңғы үш жылда олардың қызметінен түскен салықтық түсімдер барлық салық түрлері бойынша 17,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде цифрлық майнингке төленетін алым – 11,6 млрд теңге.2024 жылға арналған салықтық тексерулер барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, 4,9 млрд теңге көлемінде қосымша салық есептелді, оның ішінде: 2,3 млрд теңге – цифрлық майнингке төлем, 2,6 млрд теңге – корпоративтік табыс салығы.Цифрлық майнингке төлемді камералдық бақылау нәтижесінде бюджетке қосымша 451 млн теңге түсті.Сонымен қатар, криптовалютаны сатқан азаматтардың кірістерін төмендету фактілері анықталды. Нәтижесінде, оларға 4,3 млрд теңге көлемінде жеке табыс салығы қосымша есептелді.Мемлекеттік кірістер комитеті криптоиндустрияны өндіруден бастап цифрлық активтерді сатуға дейінгі барлық кезеңдерде бақылау жұмыстарын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/964119?lang=kk
Мұнайлы ауданында Наурыз мейрамы тойланды. 05.04.2025
Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мейрамы Маңғыстау ауылының орталық алаңында ақшаңқан үйлер тігіліп, аудан тұрғындарымен ауыл ақсақалдарына дәм татқызып, өзіндік сән-салтанатымен атап өтілді.Одан әрі салт-дәстүрімізді ұлықтап, ұлттық ойындарымыз өткізіліп, аудан тұрғындары бір біріне деген жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі әрі әсерлі мерекені ерекше тойлады.Наурыз әр шаңыраққа молшылық, ырыс пен береке әкелсін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/964107?lang=kk
Наурыз мейрамы Бухарестте тойланды 05.04.2025
Румыния астанасында Үндістан, Иран, Ирак, Түрікменстан және Түркия елдердің елшіліктерімен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырылған Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мәдени іс-шара көктем мен жаңарудың мерекесінде әртүрлі мәдениеттердің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын біріктіре отырып, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністіктің жарқын символына айналды.Аталған кешке министрліктердің өкілдері, Парламент депутаттары және Бухарестте аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік және қоғамдық топтардың, БАҚ өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ Румынияда оқитын қазақ диаспорасы мен студенттері қатысты.Қонақтарды мерекемен құттықтай отырып, Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік  Әли наурыздың маңыздылығын атап, өткен жылдан бастап ол "Наурызнама" жаңа форматында өтілетінін айтты. Ол өз сөзінде Түркі халықтары ежелгі заманнан бері бейбітшілік пен келісімді дәріптейтін осы мереке соңғы жылдары халықаралық мәртебеге ие болғандығын мәлімдеді. Наурыз мерекесі бабалар дәстүрін жалғастыруға, ұлттар арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайтуға, және де мемлекеттердің мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдарын тереңдетуге мүмкіндік беретіндігін сөзіне тиек етті.Іс-шара көрермендерді Наурыз мерекесінің қызықты тарихы мен бай дәстүрлеріне баулып, осы ежелгі мерекенің мәдениеті мен әр түрлі халықтар үшін маңыздылығын ашқан деректі фильмдерді көрсетумен жалғасты.Елшіліктер мерекелік дастархандарын жайып, қонақтартарға дәстүрлі ұлттық тағамдардың дәмін татып көруге ерекше мүмкіндік берді.Ұлттық стендте ұлттық киімнің жарқын үлгілері, сондай-ақ Қазақстанның бай мұрасын, мәдениеті мен заманауи дамуын ашатын кітаптар мен брошюралар ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/964098?lang=kk
Қазақстан мен Корея мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 05.04.2025
Сеул, 2025 жылғы 27 наурыз – Сеулде Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов Корея Республикасының Персоналды басқару министрі Ён Вон Джонмен кездесті.Тараптар 2024 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігі арасында, сондай-ақ Астаналық мемлекеттік қызмет хабы мен Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігі арасында Корей орталығын құру туралы қол қойылған меморандумдар аясында мемлекеттік қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында белгіленген, меритократия қағидаттарын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі мақсаттар аясында қазақ дипломаты осы бағыттардағы белсенді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, Министр Ён Қазақстан тарапының қажеттілігіне бейімделген мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту бағдарламаларын кеңейтуге дайын екенін білдірді.Сонымен қатар, кездесу барысында Нұрғали Арыстанов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбаевтың 2025 жылғы 20 маусымда Астанада өтетін «GovHR Forum: Жаңа жүйелер, заманауи қызметтер, тың шешімдер» халықаралық форумына шақыруын табыстады. Корей тарапы шақыру үшін алғысын білдіріп, бұл іс-шараға қатысуға ниетін жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру мақсатында диалогты жалғастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/964083?lang=kk
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек стол 05.04.2025
   2025 жылдың 27 наурызында зияткерлік меншік құқығы бөлімі Полиция, Экономикалық тергеу және Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесіп зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек стол өткізді.   Кездесу барысында тауар таңбаларын заңсыз пайдалану және контрафактілік өнімді сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу туралы сындарлы диалог пен пікір алмасу өтті.   Тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/964076?lang=kk
Рейдтік іс-шара 05.04.2025
  Рейдтік іс-шараБаянды ауылының әкімі Қадырбек Құдабайұлы учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын жүзеге асыру аясында және ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес, белгіленбеген орындарға қоқыс төгудің алдын алу мақсатында ауыр жүк көліктеріне қатысты рейдтік іс-шаралар жүргізді.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1199171?lang=kk
Грузияда қазақстандық бүлдіршіндер Наурыз мейрамын тойлады 05.04.2025
Тбилиси, 2025 жылғы 20 наурыз - Еуропалық мектепте оқып жүрген Қазақстанның жас өкілдері өз құрдастарына көктем мерекесі Наурызға арналған іс-шара өткізді.Қазақстанның Грузиядағы Елшілігі ұйымдастырған шараның басты мақсаты осы мектепте білім алып жатқан әр ұлт өкілдерінің жастарына Қазақстанды таныту болды.Біздің болашақ ұрпақ ұлттық киімде ән айтып, би билеп, көріністер қойып, көрермендерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, қазақтың бай мәдени мұрасы дәріптеліп, түрлі ұлттық ойындар ойнатылды.Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, бүлдіршіндердің өнеріне ризашылықтарын білдірді. Осындай тәрбиелік маңызы зор шаралар жас ұрпақтың ұлттық рухта қалыптасуына оң ықпал етері сөзсіз. Біз қазақ халқының рухани байлығын кішкентайлардың көзімен көруге шексіз қуаныштымыз, деп атап өтті қатысушылар.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/964047?lang=kk
«Тиімді әдіс-тәсілдер –білім сапасын арттырудың басты кепілі» облыстық офлайн-семинар 05.04.2025
2025 жылғы 27 наурыз күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы көктемгі каникулдық мектеп аясында  еңбек өтілі 1-3 жыл аралығындағы директорлардың оқу ісі  жөніндегі орынбасарларына арналған «Тиімді әдіс-тәсілдер – білім сапасын арттырудың басты кепілі» тақырыбында  офлайн-семинар өткізді.Семинардың мақсаты - білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқыту сапасын жақсарту. Пікір және тәжірибелермен алмасу арқылы директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, кәсіби құзіреттілігін дамыту.Семинар барысында ШҚО дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі КММ, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернаты» КММ, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ және ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ-лерінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдері өз  тәжірибелерімен бөлісті.Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/964015?lang=kk
Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді 05.04.2025
  2025 жылғы 1 сәуірде сағат 10.00-де Рудный қаласы әкімдігі ғимаратының № 224-кабинетінде Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді. Сессия қарауына енгізілген негізгі мәселе:«Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы» Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 бірлескен қаулысына және Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.  Анықтама телефоны 8 (714-31) 3-93-18, 8 (714-31) 4-56-37(қос.1) Сессияның онлайн көрсетілімін Рудный қалалық мәслихатының Instagram @maslihat.rdn әлеуметтік желісінен көруге боладыhttps://www.instagram.com/p/DHstFUNtTBr/?igsh=YjNuNHQ0dWRyOTk4 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/964004?lang=kk
II дәрежелі "Айбын" орденінің иегері, полиция аға лейтенанты Талғат Қозыбаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтті 05.04.2025
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, полиция аға лейтенанты Талғат Қозыбаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатына облыстық мәслихатының депутаты, құқық қорғау саласының ардагері Әмірбек Шаймағамбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қасымхан Асанұлы және Талғат Қозыбаевтың отбасы арнайы қатысты. Аудан басшысы бейбіт күннің батыры Талғат Қозыбаевтың өнегелі өмірі мен ерлігін атап өтіп, қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.– Бүгін біз ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, полиция аға лейтенанты Талғат Қозыбаевты еске алуға арналған қазақша күрестен республикалық турнирдің ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Халық даналығында «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» деген нақыл бар. Қызмет бабында қайсарлықпен қаза тапқан батыр ұлымыз, полиция аға лейтенанты Талғат Қозыбаевтың есімі әркез жаңғырып тұрады. Өйткені, өз антына адал болған перзенттерін ел ешқашан ұмытпайды. Ел тыныштығын қорғаудағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Оның ержүректігі мен табандылығы, азаматтылығы өскелең ұрпаққа өшпес үлгі-өнеге етілуде. Өзі қайтыс болған Тартоғай елді мекенінде және өзі туып өскен О.Мәлібаев мөлтек ауданындағы көшелерге батыр ұлдың есімі берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен өзі оқыған орта мектеп Талғат Қозыбаевтың есімімен аталады. Жыл сайын батыр ұлды еске алуға арналған казақ күресінен республикалық турнир өткізіліп келеді. Бүгінгі додада боз кілемде бағын сынайтын жас балуандарымызға сәттілік тілеймін! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Сонымен қатар, турнирдің ашылу салтанатында облыстық мәслихатының депутаты Әмірбек Шаймағамбетов пен батыр ұлдың әкесі Есентай Қозыбаев сөз сөйлеп, турнирдің өтуіне атсалысқан азаматтарға алғыстарын білдірді.Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ге жуық келген жас балуандар қатысып, өз шеберліктерін көрсетуде. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/964000?lang=kk
Бас менеджер бос лауазымына орналасуға конкурс 05.04.2025
"KazAID "Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ "Мониторинг және әкімшілік департаментінің бас менеджері" бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Сырттай жұмыс, іссапарға дайындық, түрік тілін білу құпталады. Біліктілік талаптары:Жоғары білім - құрылыс, өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс, қаржы және құрылыстағы аудит;Құрылыс саласында және/немесе жобалауда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;Компьютермен жұмыс - AutoCad, сызбалар мен сызбаларды оқу, MS Office, MS Project, Outlook, Excel;Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сарапшы аттестаттарының болуы;Құрылыс нормалары мен ережелерін, материалдарды, құрылыс әдістерін, инженерлік жүйелерді және құрылыс пен жобалаудың техникалық аспектілерін білу;Құрылыс сметаларын құрастыру және тексеру мүмкіндігі. Үміткерлерден түйіндемені қабылдауды аяқтау - 2025 жылғы 10 сәуір.Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/963995?lang=kk