Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Joltap: елорда тұрғыны арнайы курс жеке кәсібінің дамуына ерекше әсер еткенін айтты 04.03.2025
Елордада жұмыс іздеп жүргендер үшін «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері таптырмас мүмкіндік. Астаналық Кәмшат Серік «Бухгалтерия негіздері» бойынша білімін жетілдіріп, салық төлеу, жылдық есептерді қалай тапсыру керегін үйренген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ол жоба туралы әлеуметтік желідегі чаттардың бірінен естіген.«Бұл жоба туралы WhatsApp-тағы чаттардың бірінен оқыдым. Онда кез келген мамандықты аз уақытта тегін оқытатыны туралы жазылған. Содан «Неге оқып көрмеске?» деген ой болды. Келесі күні қаладағы пунктердің біріне барып, мамандардан ақпарат алып, «Бухгалтерия негіздері» бойынша курсқа тіркелдім. Оқытушылар салық төлеу, жылдық есептерді дұрыс тапсыру секілді бағыттарды қарапайым тілде түсіндірді. Арасында барлық сауалымызға жауап беріп отырды. Бастысы теория мен практиканы ұштастырдық», - деді ол.Кейіпкеріміз курсты тәмамдаған соң өзге қатысушылар секілді сертификат алған.«Бүгінгі таңда мен туристік агенттікте қызмет етемін. Отбасылық кәсіп болғандықтан, кейбір шаруаларды қатар алып жүруге тура келеді. Мысалы, кейде есепші, әкімші қызметтерін қатар алып жүремін. Бұл жобаға қатысудағы мақсатым – өз салам бойынша қосымша білім алу», - деді Кәмшат.Ол алдағы уақытта трендтегі мамандықтар бойынша қосымша курстардан өтуді жоспарлап отыр.«Бұл – көпке пайдасы мол жоба, бастысы тегін. Сондықтан осы жоба арқылы аз уақытта кез келген мамандықты игеріп алуға болады. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз», - деп сөзін түйіндеді ол.Айта кетейік, 18 бен 50 жас аралығындағы астаналықтар JolTap жобасына тіркеліп, цифрлық және жұмысшы мaмaндықтaрын қыcқa мерзімде тегін оқуына болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/944340
Астанада 69 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді 04.03.2025
Астанада 2022-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 69 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Сонымен қатар, осы кезеңде 55 ғимараттың лифтілері жөнделді немесе ауыстырылды.«Ортақ мүлікті күрделі жөндеу жұмыстары екі түрге бөлінеді – минималды және максималды жұмыс түрлері. Жұмыстың минималды түрі жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін және үйдегі жылу энергиясын жалпы есептегіштерді орнату арқылы тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін және жертөлесін жөндеуді, сондай-ақ ғимараттың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қозғалысы шектеулі жандар үшін қолжетімді ортаны құруды қамтиды.Жұмыстың максималды түрі шатырды, кіреберісті, жертөлені, қасбетті жөндеу, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін және жалпы үйдегі жылу есептегіш құралдарын міндетті түрде орнату арқылы лифт жабдығын жөндеу (ауыстыру), тұрғын үйлердің жалпы инженерлік желілерін және өрт қауіпсіздігі жүйелерін орнату/қайта жабдықтау, сондай-ақ ғимараттың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қолжетімді ортаны құру болып саналады», - деді «Өркен қала» ЖШС директорының орынбасары Гульвира Абетова.Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, лифтілерді мемлекеттік бюджеттік кредит есебінен жөндеуге (ауыстыруға) қатысу туралы шешімді көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жалпы жиналыста қабылдауға тиіс.Онда бағдарламаға қатысу фактісі ғана емес, сонымен қатар әр пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелген шығындар сомасы бекітілуі керек. Ол барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың алаңдарының мөлшеріне байланысты айқындалады.Сонымен қатар, жалпы жиналыста пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелері бюджет қаражатын қайтару мерзімін анықтауы тиіс. Ережеге сәйкес, ол 7 жылдан 15 жылға дейін болуы мүмкін. Сондай-ақ, жасырын жұмыс түрлерін қоса алғанда, жұмыстарды қабылдау кезінде шығындардың, қызмет көрсетушілер мен жауапты тұлғалардың сметасы да бар.«Астанада күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Тұрғындар аталмыш бағдарламаның операторы болып саналатын «Өркен қала» ЖШС-ге хабарласып, өтінім бере алады», - деп атап өтті Абетова.Айта кетейік, Астанада 2011 жылдан бері жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді. Жөндеуді қажет ететін кез келген көпқабатты үй осы мақсатта бюджеттік несие алуға өтініш бере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/944696
«Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады 04.03.2025
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.«Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.«Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді.«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты тарихи отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады. Бұл Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға өз шығу елдерінің азаматтығын сақтай отырып беріледі.«Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады және еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін дербес таңдайды.«Ата жолы» картасы бар этникалық қазақ басқа елдің азаматы бола отырып, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие.«Ата жолы» картасының иегерлері (және олардың отбасы мүшелері) мынадай құқықтарға ие:- медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде қызмет және әлеуметтік төлемдер алу;- ҚР Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу;- ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;- «Білім туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн орта бiлiм алу, мемлекеттiк орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негiзде тегiн орта арнаулы және/немесе жоғары бiлiм алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алу;- «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;- азаматтық саласындағы халықаралық шарттарға және ҚР заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу.«Ата жолы» картасы бар адамдардың ҚР Парламенті мен мәслихаттарына сайлануға, сондай-ақ сайлауда дауыс беруге, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ әрі мемлекеттік қызметке қабылданбайды.Егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алатын болса, онда Карта жарамсыз деп танылады.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін елге жеңіл кіру/шығу мәселесі пысықталған «Ата жолы» картасы енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/944395
Облыс әкімі су тасқынына дайындықты күшейтуді тапсырды 04.03.2025
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Қала және аудан әкімдері бейне режимде қатысқан отырыста су тасқынына дайындық барысы, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару, бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелері қаралды.Жиында облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен өңірдегі тасқын қаупі бар 9 аудандағы ахуалды бақылап қайтқан облыс әкімінің кеңесшісі, басқарма басшысы және «АMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы аймақ басшысына есеп берді.Жарма, Ақсуат, Көкпекті аудандарындағы қазіргі ахуал туралы баяндаған облыс әкімінің кеңесшісі тасқынның алғашқы легі өткенше Жарма ауданындағы Шар су қоймасына суды жинамау, Шар қаласының сыртындағы бөгетті ұзарту жөнінде ұсыныс айтты. Көкпекті ауданының Тассай ауылы және өзге де елді мекендердің тұрғындары су тасқыны жағдайында үздіксіз қатынауы үшін Қарағандыкөл айналма жолын кеңейту, Көкжайық ауылындағы су бөгетін ұзарту қажеттігін жеткізді.Бородулиха, Бесқарағай, Абай, Жарма, Ақсуат, Көкпекті, Үржар, Мақаншы, Аягөз аудандарындағы тасқынға дайындық барысымен танысқан аймақ басшысы ескертулерді назарға алып, жұмысты күшейтуді тапсырды.«Көп жылдар әкім болған, өңірдің жағдайын жетік білетін, тәжірибелі басшыларды тасқын қаупі бар, былтыр су басқан аудандарға арнайы жібердім. Ескертулері орынды. Аудан әкімдері тасқынның алдын алу, су арналары мен құбырларды қардан тазарту жұмысын қатаң бақылауға алып, тез арада аяқтаңыздар. Еріген қар суы мен даладан келетін су да назардан тыс қалмасын. Семей, Курчатов қалалары мен Абай, Аягөз аудандарының тыныс-тіршілігімен танысып, су тасқынына дайындық барысын қадағаладым. Алдағы уақытта басқа аудандарға баруды жоспарлап отырмын» деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/949757
Кезекті халықаралық әуе бағыты ашылады 04.03.2025
Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық «SCAT» әуекомпаниясы Шымкент – Каир бағыты бойынша Египетке жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) «Boeing 737-800» және «Boeing MAX 8» типті әуе кемелерінде орындалады.Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/944519
Қарағандыда Ақсақалдар кеңесінің республикалық слеті өтті 04.03.2025
Қарағанды қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» атты Ақсақалдар кеңесінің республикалық слеті өтті.Іс-шара қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, этностарды азаматтық бірегейлік қағидаттарына сүйеніп ұйыстыру, ҚХА-ның «Адал азамат» жобасының іске асырылу барысын және ҚХА-ның 30 жылдығына арналған іс-шараларды талқылауға бағытталған.Жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ғылыми зиялы қауым өкілдері, өңірлердегі Ақсақалдар кеңесінің төрағалары, ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, жастар және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.Сонымен қатар аталған іс-шара барысында Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті, онда әртүрлі қызмет салаларынан спикерлер сөз сөйледі, ҚХА жұмысын жетілдірудің тиімді жолдарын талқылады.Сондай-ақ профессорлар мен академиктер ұлт құрылысы тетігінің құралдарын, қазақстандық қоғам мен ұлт бірлігін нығайтудың тарихи негіздерін түсіндірді.Отырыс аясында қатысушылар өңірлік этномәдени бірлестік мүшелерімен кездесті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/944197
5 наурызда киножобалар конкурсы басталады 04.03.2025
5 наурызда отандық киноиндустрия өкілдері үшін конкурс басталады. Байқау шеңберінде ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобаларға қаржылық қолдау көрсетілетін болады.Байқаудың мақсаты – халықтың дәстүрлі құндылықтарын көрсететін, ұлттық мүддеге, идеологияға сай келетін және өзекті мәселелерді көтеретін фильмдер түсіру.Бұған дейін Орталық 5 қаңтарда басым тақырыпты жариялаған болатын. Атап айтсақ, «Біздің Отан», «Қоршаған орта», «Заң мен тәртіп», «Тарихи пен тағылым», «Дос қадірі», «Әйел құқығы, бала қауіпсіздігі», «Адал азамат», «Қазіргі заманның қаһармандары», «Бірлік пен бейбітшілік» және т.б. тақырыптарды негізге алуға болады.Биыл байқау үш жанр бойынша өтеді:Ойын фильмдері – отан, отбасы, еңбекқорлық және патриотизм тақырыптарынан бастап, балаларға арналған фильмдер, қазақ ертегілерінің анимациясы және ғарыш туралы киноға дейінгі жобалар.Анимация – ұлттық құндылықтарды, достықты, намыс пен жігерді, ата-анаға құрметті насихаттайтын жобалар.Деректі фильмдер – мемлекет мерейі, ғылымдағы жетістіктер, экология, IT-технологиялар, мәдениет және көрнекті тұлғалар туралы фильмдер.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдан бастап, Қазақстанда киножобаларды іріктеудің жаңа ережелері қолданысқа енді. Осы ережелерге сәйкес конкурстық процесс екі кезең бойынша өтеді.Бірінші кезеңде сценарийлер (ойын және анимациялық фильмдер үшін) немесе сценарий жоспарлары (деректі және хроникалық фильмдер үшін) қарастырылады.Бірінші кезеңнен сәтті өткен соң, екінші кезеңде сценарий авторлары киножобалардың құжаттарын толық жинап, ұсыну керек.Үміткер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, қателерді түзетіп, толықтыру үшін 3 жұмыс күні беріледі.13 наурызда өтінімдерді қабылдау аяқталады және жобалар сараптамалық кеңеске беріледі. Конкурстық өтінімдер сараптамалық кеңеске жіберілген соң, Орталық барлық іріктеу ережелеріне сәйкес келетін үміткерлерді хабардар етеді. Кейін питчинг өтеді.Питчинг ашық форматта өтеді және Сараптама кеңесі әр категория бойынша әділ шешім шығаруға ықпал етеді. Орталық Сараптама кеңесінің қорытындысын ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.Конкурстың барлық кезеңдеріне қатысты ақпараттар орталықтың интернет-ресурсында және әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында қолжетімді болады. Бұл шаралар мемлекеттік қолдауға ие болатын киножобаларды іріктеу ашықтық өтуі үшін жасалған.Айта кетейік, жыл басында кино орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің құрамы жаңартылды.Министрлік сапалы, идеясы бар, мағыналы фильмдер шығаруға жағдай жасай отырып, ұлттық кинематографияны дамыту жұмыстарын жалғастырады.Толығырақ ақпаратты +7 (7172) 72 56 69 телефон нөмірі арқылы алуға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/944737
Астанада «Гүлдер» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерт өтеді 04.03.2025
1 наурызда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Гүлдер» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерті өтеді.Концерт бағдарламасында арнайы әзірленген эксклюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар мен жаңа хореографиялық композицияның тұсаукесері, авторлық әндер, белгілі әртістермен бірлескен дуэт және классикалық өнердің жаңа интерпретациясы ұсынылады.Іс-шараға қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Astana musical» мемлекеттік театры, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі, «Самға» тобы және «Гүлдер» ансамблі қатысады.Айта кетейік, «Гүлдер» ансамблі 1970 жылы құрылып, 2023 жылдың 1 наурызында топтың жаңа құрамы тұсаукесер концерт берді. Ансамбль құрылғаннан бастап Қытай, Үндістан, Германия, Жапония, Куба, Болгария, Моңғолия, Израиль, Оңтүстік-Шығыс Азия секілді елдерге гастрольдік сапармен барып, эстрадалық-музыкалық ревю бағытында концерттік бағдарламаларды көпшілікке ұсынды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/944783
Жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтеді 04.03.2025
Биылғы жылдың ақпан айында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тәлімгерлерін оқытуды міндеттейтін заңға қол қойылды. Оқытуды тәлімгерлік жөніндегі ұйымдар жеке қаражаты есебінен жүргізеді. 2024 жылы Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған тәлімгерлік институты енгізілген болатын. Аталған механизм білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін 10 жастан бастап өз бетінше өмір сүруге дайындауға мүмкіндік береді.«Тәлімгерлерді даярлау ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сапалы қолдау мен көмек көрсетуде маңызды қадам болып табылады. Біз бұл шара балаларды әлеуметтендіруге және өз бетінше өмір сүруге дайындауға ықпал ететін тәлімгерліктің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. Тәлімгер болуға еліміздің кәмелет жасына толған және қорғаншыларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін азаматтары үміткер бола алады. Міндетті оқытудан өткеннен кейін тәлімгерлерге біліктілігін растайтын сертификат беріледі. Одан кейін тәлімгер, қорғаншылық және қамқоршылық органы, сондай-ақ білім беру ұйымы арасында ресми келісім жасалады. Алдағы уақытта тәлімгерлік жүйесі қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау жүйесінің маңызды бөлігіне айналады. Бұл олардың қоғамға қиындықсыз бейімделуіне және бАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/944309
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Татарстан Республикасының Раисымен кездесті 04.03.2025
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қазан қаласында Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесті. Атырау облысынан барған делегацияның жұмыс сапары аясындағы жүздесу аймақаралық әріптестікті нығайту, Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуды көздейді, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Кездесуде сөз алған Серік Шәпкенов жылы қабылдауға ризашылығын білдіріп, мұнай-химия саласындағы ықпалдастықтың маңызына баса назар аударды:“Атырау — Қазақстанның мұнайлы астанасы, ал Татарстанның бұл салада тәжірибесі мол. Сіздерде жолға қойылған технологиялар мен тәжірибелерді жоғары бағалаймыз. Бізге мұнай-химия кешенін дамытуды жеделдету қажет, бұл процесте тиімділігі дәлелденген сәтті әдіс-тәсілдерді негізге алу маңызды стратегиялық қадам болмақ. Біз озат тәжірибелерді зерделеп, оны өз өңірімізде енгізуге мүдделіміз”,- деді облыс әкімі.Тараптар экономикалық және өнеркәсіптік серіктестіктің перспективалары жайында әңгімелесіп, заманауи технологияларды енгізудегі тәжірибемен алмасты, сондай-ақ энергетика, мұнай-химия, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, IT, басқа да стратегиялық бағыттар бойынша әріпстестіктің мүмкіндіктері жайында да сөйлесті.Татарстан Раисы Рустам Минниханов біріге жұмыс жасаудың әлеуеті жоғары екенін атап өтті:“Мемлекет басшылары Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтық деңгейдегі серіктестікті белсенді қолдап келеді. Біз арадағы туыстық қарым-қатынасты бағалаймыз. Қазақстан — Татарстанның шетелдік жетекші серіктестерінің бірі”.Кездесуде индустриялық аймақты дамыту, инвестициялық тартымдылық, сондай-ақ қалалар мен ауылдарда жайлы орта құруға қатысты сұрақтарға да баса мән берілді.Атырау облысының делегациясы Татарстан Раисының бастамасымен жасалған екі күндік сапарда бірқатар өнеркәсіптік нысанда болып, мұнай-химия, IT-индустрия және білім беру мекемелерінің тынысымен танысты.Келіссөздер нәтижесінде Атырау облысының экономикалық дамуына бағытталған біріккен жобаларды іске асыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/945559
ӘМАТ тауарлары бағасының өсу динамикасы баяулап келеді 04.03.2025
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тиісті мемлекеттік органдар және әкімдіктермен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын талқылады. Жиын барысында ҚР Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанова ӘМАТ бағасының өсу динамикасы баяулай бастағанын атап өтті.Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың 18 ақпанына дейін ӘМАТ бағаларының индексі 2,6%-ға, соңғы аптада 0,4%-ға өсті, ал 2 апта бұрын бұл көрсеткіш 0,6% болған.Апта ішінде рожки (-0,2%), тауық еті (-0,1%), күріш (-0,4%), картоп (-0,4%), жұмыртқа (-0,5%) және сәбіз (-0,7%) бағаларының төмендеуі байқалды. Нан мен сүт бағасы тұрақты. Баға өсімінің төмен қарқыны Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.Облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл шаралар бағаны төмендетуге және халықты қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Министрдің бірінші орынбасары осы шараларды жаңа егін жинау басталғанға дейін күшейту қажеттілігін атап өтті.Жиын барысында делдалдарсыз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді тарта отырып, халық үшін ыңғайлы орындарда тұрақты жәрмеңкелер өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» ҰҚ» акционерлік қоғамының қорынан күнбағыс майын қолжетімді бағамен сатып алуды ұйымдастыру жөнінде бірлескен шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, аймақтар бойынша ет өндірушілер мен ірі қара малды сойатын цехтармен тиімді өзара іс-қимыл жасау және өнім көлемдерін сауда объектілерінде әрі қарай сату алгоритмдері талқыланды. Түркістан облысы ерте пісетін қырыққабаттың келісімшарт арқылы сатып алуын ұйымдастыру үшін қырыққабат өндірушілерінің тізімін қалыптастыруға дайын екенін білдірді.Сондай-ақ сауда субъектілері арасында салық заңнамаларын сақтау мәселелері талқыланды.Айта кету керек, наурыз айының ортасынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырғаны үшін ескерту орнына айыппұл салынады. Бұл сауда субъектілерінің жауапкершілігін арттырып, әкімшілік тәртіпті нығайтады.Қазақстан Республикасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін Сауда және интеграция министрлігі бағаны бақылай отырып, қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/944360
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА БИЫЛ 14 КӨШЕНІҢ ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАЛАДЫ 04.03.2025
Оның 10-ына қиыршық тас мастикалық жабыны бар асфальт-бетон материалы қолданылады. Көшелердің жалпы ұзындығы 18 шақырым. Сонымен қатар, Бөгенбай батыр, Бекболатсай, Қостангелді ықшам аудандарындағы бірқатар көшеде де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Асфальттау жұмыстары жүргізілетін көшелер төмендегідей:- Алашахан даңғылы (Бейбітшілік даңғылынан Байқоңыров көшесіне дейін),- Бейбітшілік даңғылы (Ғарышкерлер бақ жолынан Деев көшесіне дейін),- Момышұлы көшесі (Сейфуллин көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін),- Сәтбаев көшесі (Абай көшесінен айналма жолға дейін),- Сарыарқа көшесі (Ұлытау көшесінен А-16-ға дейін),- Ұлытау көшесі (Сәтбаев көшесінен Абай көшесіне дейін),- Абай көшесі (Сарыарқа көшесінен айналма жолға дейін),- Шевченко көшесі (Аманжолов көшесінен Ғарышкерлер бақ жолына дейін),- Жанасов көшесі (Ұлытау көшесінен Байқоңыров көшесіне дейін),- Қарағанды көшесі (Байқоңыров көшесінен Ұлытау көшесіне дейін),- Желтоқсан көшесі (Абай көшесінен ЖЖЭО бағдаршамына дейін),- Садовое кольцо көшесі (Желтоқсан көшесінен Холмецкий көшесіне дейін),- Қабанбай батыр шағын ауданының орталық көшесі,- Строителей тұйық көшесі (ҰТ АБ).Бөгенбай батыр ы.а. (Шинтуринов, Заводская, Щорс, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майкутов көшелері), Қаражар және Есенберлин көшелерінде, Бекболатсай және Қостангелді ы.а. (5 көше) орташа жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарланып отыр.Қазіргі күні конкурстар жарияланды, жұмыстар сәуірдің ортасында басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/944780
Қазақстан Климаттық өлшеуді ескере отырып, мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті бағалауды бастайды 03.03.2025
Қазақстан Республикасында мемлекеттік шығыстарды бағалауды, қаржылық есептілікті және оның климаттық өлшемін (Мемлекеттік шығындар және қаржылық есептілікті бағалау - PEFA) жүргізу бойынша жұмыс басталды.Бағалау жүргізудің мақсаты-мемлекеттік қаржыны басқарудың қаржылық ашықтығы мен тиімділігін, сондай-ақ тұтастай алғанда елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру.PEFA бағалауы Үкіметке мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын ұлттық деңгейде объективті бағалауға мүмкіндік береді және одан әрі реформалар үшін негіз жасайды.Бұл бағалау Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі.Өз кезегінде Адриан Фоззард, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағындағы институттар бойынша тәжірибе жетекшісі және Чекдем Аким, Азия Даму Банкінің мемлекеттік сектор басқармасының директоры елдің мемлекеттік қаржыны қаншалықты тиімді басқаратынын, сондай-ақ халықаралық рейтингтік агенттіктер мен инвесторлар үшін маңызды ақпаратты ұсынатын PEFA бағалауын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.Қазіргі PEFA әдістемесі мемлекеттік қаржының "жасыл" экономиканы қаншалықты қолдайтынын және елдің климаттың өзгеруіне бейімделуіне көмектесетінін талдайтын Климаттық бағалауды (PEFA Climate) қамтиды. Сондай-ақ, серіктестер кейіннен бағалау ұсынымдарын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.PEFA мемлекеттік қаржыны басқарудың бүкіл жүйесін, соның ішінде бюджеттеуді, шығындарды және аудитті бағалайды. Атап айтқанда, бағалау қаржылық есептіліктің ашықтығы, шығындар мен кірістерді болжау және жоспарлау, фискалдық стратегия, сыртқы бақылау және аудит, шығыстарды климаттық бағалау аспектілерін қамтиды.Елдегі мемлекеттік қаржы жүйесін басқарудағы негізгі рөлді ескере отырып, PEFA бағалау процесін Қаржы министрлігі үйлестіреді.Семинар барысында ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков атап өткендей: "Қазіргі әлемде инвестициялар сенім бар жерге келеді. Экономикалық саясатқа, мемлекеттік институттарға, қаржыны басқаруға деген сенім. Сондықтан PEFA бағалауы шешуші рөл атқарады".Сондай-ақ, бағалауға Жоғары аудиторлық палата, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі, Ұлттық статистика бюросы, Ұлттық экономика, ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация, экология және табиғи ресурстар және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрліктері қатысады.Ағымдағы жылы PEFA бағалауы 2022-2024 жылдар кезеңінде жүзеге асырылады. Қазақстан үшін соңғы PEFA бағалауы 2018 жылы жарияланған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/949901
Ақтөбе өңірінде спортпен шұғылданатын адамдар санын арттыру үшін бұқаралық спортты дамыту орталығын ашу ұсынылды 03.03.2025
Облыстағы бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланған аппарат мәжілісінде Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов өңірдің әр ауданында «Бұқаралық спортты дамыту орталығын» ашуды ұсынды.Ұсыныс тұрғындардың спорттық іс-шаралар мен нысандардың қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ адамдарды, әсіресе жастарды көбірек тұрақты дене шынықтыру сабақтарына тартуға бағытталған.«Орталықтың жұмысы спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға, спорттық жобаларды ілгерілетуге, салалық спартакиадаларды жаңғыртуға, мектеп және студенттер лигаларын өткізуге, сондай-ақ спорттық урбанистиканы дамытуға бағытталады. Әр ауданда осындай орталықтар құру спорт инфрақұрылымын жақсартып, спортпен шұғылданатындардың санын көбейтуге және мүмкіндігі шектеулі жандарды қоса алғанда, сапалы спорттық қызметтерге қол жеткізуге көмектеседі. Зейнеткерлік жастағы жандарға бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға да ерекше көңіл бөлінбек, бұл дене саулығын сақтап қана қоймай, аға буынның өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Мейрамбек Махамбетов.Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде өңір халқының 43%-ін құрайтын 407 мың адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Былтыр 2 971 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 394 мыңнан астам адам қатысқан.2025 жылы Ақтөбеде кем дегенде 22 спорт түрін дамытатын мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт кешенін ашу жоспарлануда, бұл халықтың осы санаты үшін спорттық іс-шаралардың қолжетімділігін едәуір арттырады.Айта кетейік, биыл облыста 20 наурызға жоспарланған ұлттық спорт күніне орай қазақ күресі, садақ ату, арқан тарту, асық ату және ләңгі тебуден жарыстар өтеді. Сондай-ақ, 1 маусымда «Жүгіру марафонын» және еркін күресті насихаттау бойынша «Wrestling Stars» жобасын өткізу жоспарланған. 16 тамызда Спорт күні – «Қажымұқан жолы» жобасы ұйымдастырылмақ. Қыркүйек айында Мөңке бидің 350 жылдығына орай аударыспақтан халықаралық турнир өтеді.Облыс әкімі «Бұқаралық спортты дамыту орталықтарын» ашу идеясын пысықтауды тапсырды. Ол спорт жөніндегі кеңестің жұмысын күшейту және балалардан бастап дене шынықтырумен тұрақты айналысуға көбірек жастарды тарту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, әкім паралимпиадалық спортты дамытудың және мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасаудың, соның ішінде олар үшін спорт кешенін ашудың маңызын сөз етті.«Бұқаралық спортты дамыту – бұл спорт нысандарын құру ғана емес, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Біз инфрақұрылымды жақсарту, мамандарды оқыту және барлық деңгейдегі спорттық бастамаларды қолдау бойынша жұмыс істеуіміз керек. Бұл бізге ұлт денсаулығын нығайтып қана қоймай, халықаралық аренадағы спорттық жетістіктер деңгейін арттыруға көмектеседі», - деді әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/949795
Серік Жұманғарин мұнай-газ саласының әлеуетіне арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді 03.03.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл мұнай-газ саласының әлеуетіне және Маңғыстау облысының инвестициялық-экономикалық дамуына арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді.2024 жылы ЖІӨ-нің 4,8%-ға нақты өсуі кезінде 2025 жылға таргет – 7% мөлшерінде деп белгіленіп отыр. Бұл экономиканың нақты секторының инвестициялық жобаларын уақтылы іске асыру кезіндегі өте жоғары, бірақ қол жеткізуге болатын көрсеткіш.Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов айтқандай, қаңтар айының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу 1,53 млн тоннаны құрады немесе өткен жылғы қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда – 104%. Бұл көрсеткіш 2025 жылғы бірінші айдағы жоспардан 0,6%-ға алда.Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы жалпы мұнай өңдеу үлесі 1%-дан аз (2023 жылы – 0,8%, 2024 жылы 9 айда – 0,6%). Сонымен қатар мұнай өңдеу саласы – бұл қосылған құны жоғары өнім өндірісі. 2025 жылғы мамырдың соңында «CaspiBitum» БК ЖШС кеңейту жобасын іске асыру аяқталғаннан кейін оның қайта өңдеу қуаты 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғаюы тиіс. 2026 жылы Қазақстанда қайта өңдеу қуатының жиынтық көлемі 18 млн тоннадан 18,5 млн тоннаға дейін өседі.Вице-премьер ірі қайта өңдеу зауыттары мен шағын МӨЗ жүктемесіне қатысты өзекті мәселелерді тыңдады.«Қандай да бір елеулі сыртқы фактор болмаса, мұнай өңдеу саласында биыл Қазақстанның ЖІӨ-ге үлесін ұлғайтуға жақсы мүмкіндік бар», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Маңғыстау облысының таргеттелетін физикалық өсу индексінің құрамдас бөлігі жекелей қарастырылды. Осы жылға арналған 7%-дық өсу міндеті кезінде қаңтардың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында (жоспардағы 101%-дан 87,5%-ға) және саудада (нысаналы 105,4%-дың орнына 102%) көрсеткіштердің төмен орындалуы байқалды. Вице-премьер алдағы айларда қойылған жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Еліміздің ЖІӨ-дегі сауданың айтарлықтай үлесін ескере отырып (2024 жылы 19%) штабтың жақын арадағы отырыстарының бірі қоймасы бар сауда мен көлік саласына арналады. Сондай-ақ штаб отырысында өңірдің бюджеттік-инвестициялық жобаларына қаражаттың төмен игерілу себептері қаралып, талдау жасалды. Вице-премьер шұғыл қаржыландыруды қажет ететін барлық жобаны олардың экономиканың нақты секторына салымды ұлғайтуға әсер ету призмасы тұрғысынан зерделеуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/949358
Отандастарымыздың зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті 03.03.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша азаматтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері 4,52 трлн астам теңгеге (немесе 25%) өсті.Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 ақпанына 21,69 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 23,8%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,21 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 12,5%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (45,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – шамамен 8 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 270,08 млрд теңгеге жуықтады.Кіріс2025 жылдың қаңтар айында салымшылардың шоттарына шамамен 234,24 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 24,8% немесе 46,56 млрд теңгеге артық).МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.02.2025 жылға дейін 200,33 млрд аса теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9% артық) түсті, МКЗЖ  - 12,17 млрд астам теңге (өсім 17,9%), ЕЗЖ – 295,0 млн теңге (өсім 1,1%).  2025 жылдың қаңтар айындағы ЖМЗЖ  көлемі – 21,44 млрд теңге. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары шамамен 128,86 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 65,40 млрд теңгеге немесе 103,1% көп.78,09 млрд аса теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 16,78 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8,2% жоғары.Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 6,32 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 3,29 млрд аса теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 272,60 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 989,23 млн теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 23,1 млрд теңге аударылды.Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем – 35 523 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы – 993 040 теңге.   ЖЗШ саны2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,24 млн бірлік. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 ақпанына  12,51 млн бірлікке жуықтады. Оның ішінде: 11,15 млн - МЗЖ бойынша, 718,56 мыңнан аса - МКЗЖ бойынша, 441,96 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  4,73 млн бірліктен асты.  Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/963545?lang=kk
Алматыда қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды 03.03.2025
Алматыда өткен қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының III конференциясында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру мен орындаудың басымдықтарын айқындады.Конференцияға қатысушылар қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Кәсіпкерлердің пікірінше, келісімшарттың бір жылдық мерзімі күрделі жұмыстарды, жоғары технологиялық тапсырыстарды орындау үшін жеткіліксіз. Іс жүзінде олар көптеген компоненттерді жеткізуді талап етеді, ал қазіргі кезде логистикаға қатысты мәселелер келісімшарт талаптарының бұзылуына әкеледі. Қорғаныс министрі жасалатын келісімшарттардың мерзімін үш жылға дейін ұлғайтуды қарастыруды ұсынды, сонымен қатар ол мемлекеттік орган мен қорғаныс-өнәркәсіп кешендері кәсіпорындары қауымдастығының отандық өндірісті дамыту және жалған кәсіпкерлік, жасырын импорт пен бағаны негізсіз көтеру фактілерін анықтауға күш-жігерді біріктіруге шақырды.– Бүгінде қорғаныс-өнеркәсіп саласында 120-дан аса компания бар, дегенмен олардың барлығы нақты өндірушілер емес. Олардың біразы өнім шығармай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында қаржы алуды көздейтіндер, – деді ол. Қорғаныс министрінің пікірінше, бұл мәселені құрамында Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі және «Атамекен» ҰКП өкілдері бар комиссия құру арқылы шешуге болады. Бұл комиссия өзін әскери мақсаттағы өнім өндірушілер ретінде көрсететін кәсіпорындарды тексереді. Одан өзге министр, шетелден технологияларды сатып алу кезінде де өндірісті одан әрі оқшаулау Қазақстанда болуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосының басшысы Семей танк жөндеу зауытының базасында кластер құру қажеттігін мәлімдеді. – Өндіріс орны бронды танк техникасын ғана емес, қару-жарақты, артиллериялық жүйелерін, трансмиссиялардың күштік қондырғыларын жөндеуге де мамандануы тиіс. Мұның бәрі орындалуы керек, – деді министр.Конференция қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарының қауымдастығы отандық қорғаныс саласын дамытудың бірыңғай стратегиялық тұғырнамасын әзірлеу үшін бірлескен комиссия құруға шешім қабылдады.Қорғаныс министрі қауымдастық мүшелері көтерген барлық мәселелер өзекті болып табылатынын атап өтіп, бағаны реттеу мен келісімшарттардың мерзімдерін ұзарту жөнінде бірқатар тапсырмалар беретінін алға тартты. Сондай-ақ ол Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері кіретін жұмыс тобы шеңберінде барлық проблемаларды шешуге болатынына сенім білдірді.Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылғы 13 ақпанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығының қабылдануымен мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру міндеттері Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/949339
Маңғыстаулық дәрігерлер мен студенттер Түркияда тегін тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырады 03.03.2025
28 ақпан күні өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес Стамбұл қаласына барған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев бірқатар келісімге қол жеткізді.Атап айтсақ, 100 маңғыстаулық студент Түркияның Анталия және Мармарис қалаларында туризм саласы бойынша тегін тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, 50-ге жуық дәрігер Medicana Health Group клиникасында кәсіби біліктілігін жетілдіреді.Маңғыстау облыстық Білім басқармасы мен Түркияның «Курорттық Аймақ» туристік қызмет саудасы АҚ арасында жасалған меморандум аймақтағы туризм және сервис саласына білікті мамандар даярлауды көздейді. Осы келісім аясында маусым айынан бастап Мармарис қаласындағы Woxx Hotels Group 50 студентті оқытып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Тағы 50 студент Анталияда кәсіби білімін жетілдіреді. Барлық тағылымдамашылар тегін тамақпен қамтамасыз етіліп, оларға айлық төленеді.Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Medicana Health Group басқарма мүшесі Берк Бозкуртпен келіссөздер жүргізіп, әріптестік орнату туралы келісімге келді. Бұл келісім аясында 20 онколог және облыстың әр медициналық ұйымынан 30-ға жуық дәрігер түрлі медициналық бағыттар бойынша тәжірибе жинақтайды.Medicana Health Group – Түркияның жетекші медициналық ұйымдарының бірі. Құрамына 14 аурухана, 11 медициналық орталық және 500-ден астам емхана кіреді. Жыл сайын 10 миллионнан астам науқасқа қызмет көрсететін бұл топ жоғары технологиялық емдеу әдістерін ұсынатын медициналық туризм саласының көшбасшысы ретінде танымал.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949270
Балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматы облысының әкімімен кездесіп, жаңа ғимаратты аралайды 02.03.2025
Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаев қаласына барып, жаңа ғимараттың құрылысымен танысады. Бұл туралы Алматы облысының білім басқармасы хабарлады.2 наурызда балалар үйіне Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева барып, мекеме ұжымы және тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесу барысында қызметкерлер қоныс аудару және жұмыс орындарын сақтау мәселелерін көтерді.3 наурызда балалар жаңа мекемені қарап, ондағы тұрмыс жағдайымен танысып облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездеседі. Жаңа ғимаратты көретін тәрбиеленушілер қатарында Кирилл Капранов, Алексей Некрасов және Денис Узлов бар.“Балалар үйі мен оның тәрбиеленушілеріне қатысты барлық мәселелер біздің бақылауымызда. Жаңа ғимаратты қажетті жабдықтармен, көлікпен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету ғана емес, балалардың қауіпсіздігін сақтай отырып, қолайлы жағдай жасау да маңызды”, — деп атап өтті Салтанат Беспаева.Сондай-ақ, басқарма әлеуметтік желілерде тараған жер учаскесінің аффилиирленген тұлғаларға сатылуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды.Жаңа кешен 240 орынға есептелген және аумағы 4000 шаршы метрды құрайды. Құрылыс 1963 жылы салынған ескі ғимараттың апатты жағдайына байланысты жүргізілуде. Жаңа мекеме құрамында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы да жұмыс істейді. Ғимарат 900 орындық мектептің жанында орналасады. Балалардың қатынауы үшін 14 орындық автобус бөлінді. Алматыға дейінгі қашықтық – 65 км.Бұдан бөлек, тәрбиеленушілер 21 наурызда Қонаев қаласында өтетін Наурыз мейрамына шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/948954