Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Алматы облысындағы Ұңғыртас ГТС арқылы газ тасымалдаудың жаңа тарифі бекітілді 25.05.2026
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 14 мамырдағы №63-ОД бұйрығымен Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Ұңғыртас ГРС арқылы тауарлық газды тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет тарифі бекітілді. Тариф 2026 жылғы 1 маусымнан 2027 жылғы 31 мамырға дейін қолданылады және ҚҚС-сыз 1000 м³ үшін 2 461,0 теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/1227716?lang=ru
Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы 25.05.2026
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметінше (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/apple-account-change-alerts-abused-to-send- phishing-emails/, https://itspeaker.ru/news/khakery-atakuyut-polzovateley- apple/, https://securitymedia.org/news/list/apple-prevratili-v-fishing-retranslyator-moshenniki- vshivayut-primanku-v-legitimnye-uvedomleniya.html), қаскөйлер PayPal төлем жүйесін пайдалану арқылы iPhone құрылғысын сатып алу туралы жалған хабарламалар таратуда. Мұндай хаттар барынша шынайы көрінеді, себебі киберқылмыскерлер appleid@id.apple.com мекенжайын пайдаланып, хабарламалардың мазмұнын қолдан өзгертіп жібереді. Хат мәтінінде пайдаланушыға iPhone құрылғысы сатып алынғаны туралы хабарланып, транзакцияны тоқтату ұсынылады. Ол үшін көрсетілген телефон нөмірі арқылы «қолдау қызметіне» хабарласу қажет екені айтылады. Қоңырау барысында алаяқтар пайдаланушыны Apple ID аккаунты бұзылды деп сендіріп, аккаунтты «қорғау» сылтауымен:құрылғыға қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды орнатуды ұсынады;құпия деректерді, соның ішінде парольдерді сұратады;шұғыл және қауіп-қатер сезімін тудыра отырып, психологиялық тәсілдерді пайдаланады. Цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым шараларын сақтау ұсынылады:күмәнді сілтемелерге өтпеу және хаттағы нөмірлерге қоңырау шалмау;сатып алу туралы ақпаратты тек ресми сервистер арқылы тексеру;бөгде бағдарламаларды орнатпау;екі факторлы аутентификацияны пайдалану.Осындай хабарламаларды алған жағдайда дереу ресми қолдау қызметіне жүгініп, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.Сақ болыңыздар: кез келген күтпеген хабарламаларға сенбеңіздер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1227718?lang=ru
Шонжыдағы термалды су көздері: дәрігерлер сақтық шараларын ескертеді 25.05.2026
Термалды су: пайдасы мен сақтық шаралары | Шонжыдағы демалыс кезінде нені білу керек?Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылы маңында орналасқан термалды минералды су көздері өңірдегі ең танымал сауықтыру және демалыс орындарының бірі болып саналады. Табиғи ыстық суымен ерекшеленетін бұл аймаққа жыл сайын мыңдаған демалушы келеді.Мамандардың айтуынша, термалды минералды сулар ағзаға оң әсер етіп, қан айналымын жақсартады, бұлшық ет пен буындардың босаңсуына ықпал етеді, сондай-ақ жүйке жүйесін тыныштандыруға көмектеседі. Дегенмен, мұндай суға түсу кезінде денсаулық жағдайын ескеру өте маңызды.Дәрігерлердің пікірінше, жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға, артериялық қысымы жоғары азаматтарға, созылмалы аурулары асқынған науқастарға, жүкті әйелдерге және егде жастағы адамдарға термалды суға түсер алдында міндетті түрде дәрігер кеңесіне жүгіну қажет.Сақтық шаралары:— ыстық суға алғаш түскенде 10–15 минуттан артық отырмау;— ағзаның сусыздануын болдырмау үшін жеткілікті су ішу;— алкогольдік ішімдіктерден бас тарту;— өз денсаулық жағдайын алдын ала бағалау және қажет болса дәрігермен кеңесу.Алматы облысының Денсаулық сақтау саласының мамандары тұрғындар мен туристерді қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.«Термалды минералды су көздері — табиғи емдік орта. Бірақ оның әсері әр адамның денсаулық жағдайына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан сақтық пен жауапкершілік қажет», — дейді мамандар.Шонжыдағы термалды су көздері — демалыс пен денсаулықты ұштастыратын ерекше орын. Алайда оның пайдасын толық көру үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау басты шарт болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1227730?lang=ru
Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді 25.05.2026
📍 Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылы📅 13 маусым 2026 жыл🕙 Сағат 10:00Бағдарламада:▪️ Этноауылдар мен ұлттық салт-дәстүрлер▪️ Қымызмұрындық рәсімі▪️ Ұлттық спорт ойындары▪️ Қолөнер көрмелері▪️ 500 бие сауылатын тарихи көрініс▪️ Танымал өнер жұлдыздарының концерті«Көкмайса» — қазақ даласының рухын сезінетін, дәстүр мен мәдениет тоғысқан ерекше фестиваль!Келіңіздер! Ұлт рухын бірге ұлықтайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1227750?lang=ru
Жастар заң мен тәртіп жолында: Шымкентте ауқымды жастар слеті өтті 25.05.2026
Шымкентте жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, патриоттық рухын нығайтуға және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды «Жас сақшы» және волонтерлар слеті ұйымдастырылды. Іс-шара «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында өтті.«Металлург» стадионындағы тағылымды кездесуге «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары, жол қозғалысының жас инспекторлары, колледж студенттері, еріктілер мен белсенді жастар қатысып, жалпы саны 500-ге жуық жастың басын қосты.Ауқымды іс-шара барысында қатысушылар үшін түрлі танымдық әрі қызықты сайыстар, командалық квест ойындары мен тәжірибелік көрсетілімдер ұйымдастырылды. Жастар құқықтық сауаттылық, тәртіп пен қауіпсіздік бағытындағы тапсырмалар арқылы өз білімдері мен ептіліктерін сынады.Слет аясында полиция департаментінің арнайы техникасы мен заманауи құрал-жабдықтары таныстырылып, қатысушыларға арнайы көрме ұсынылды. Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі - жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қойылымы мен кинологиялық орталық мамандарының қызметтік иттермен көрсеткен арнайы бағдарламасы болды.Сондай-ақ полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы күрес, киберқауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын құрметтеу мәселелері жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жас буынның құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың ел қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке және қоғам алдындағы жауапкершілікке деген көзқарасын нығайтуға ықпал етеді.
АРАЛДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ 25.05.2026
Арал ауданында шығармашыл әрі креативті жастардың басын қосқан жайдарман ойындарының финалдық кезеңі өтті. Аталған шараны «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Ауыл жастары» жастар қанаты мен «Арал-АС» шығармашылық тобы ұйымдастырды.Көңілді тапқырлар додасына ауданның белсенді жастары қатысып, өз өнерлері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Финалдық кезең барысында командалар қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы көтеріп, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» тақырыптары аясында мазмұнды қойылымдар көрсетті. Сонымен қатар, жастар ел бірлігі, қоғамдық жауапкершілік және адалдық құндылықтарын насихаттады.Шара аясында ауданның белсенді жастары мен команда жетекшілері «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Егізбаев Серік Рахметоллаұлы және «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мұстафа Садық Шоңмұрынұлы атынан арнайы алғыс хаттармен марапатталды.Сонымен қатар, қатысушылар мен жеңімпаздарға алғыс хаттар, дипломдар және кубоктар табысталып, үздік құрамалар алдағы облыстық жайдарман чемпионатына жолдама алды.Аталған шара жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Алматы мен Измир енді тоқтаусыз байланысады 25.05.2026
Қазақстан Республикасының Измир қаласындағы Бас консулдығы мен SunExpress әуе компаниясы арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Измир – Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей рейстер іске қосылады.Рейстер 2026 жылғы қазан айының соңына дейін аптасына екі рет орындалады:Измир – Алматы: сейсенбі және жұма21:00 – 05:002026 жылғы 31 шілде – 23 қазан аралығыАлматы – Измир: бейсенбі және сенбі06:25 – 09:502026 жылғы 1 тамыз – 24 қазан аралығыЖаңа бағыт Қазақстан азаматтары, студенттер, туристер және кәсіпкерлер үшін жол жүруді едәуір жеңілдетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-izmir/press/news/details/1227634?lang=ru
Назар аударыңыз, маңызды ақпарат! 25.05.2026
   Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға қатысты «полигон куәліктерін міндетті түрде ауыстыру» және «зардап шеккендердің жаңа деректер базасы қалыптастырылып жатыр» деген ақпараттардың таралуына байланысты төмендегіні хабарлаймыз.   Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына өзгерістер енгізілген жоқ.   Бұрын берілген үлгідегі полигон куәліктері жарамды болып табылады. Куәліктерді міндетті түрде ауыстыру, сондай-ақ азаматтарды қайта міндетті тіркеу заңнамада көзделмеген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және eGov Mobile мобильдік қосымшасында зардап шеккен тұлға мәртебесін көрсету мақсатында азаматтар өз қалауы бойынша қажетті құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне енгізу үшін ұсына алады.  Аталған жұмыстар тек мәліметтерді цифрлық форматта көрсету және мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуды жеңілдету мақсатында жүргізілуде. Қолданыстағы мемлекеттік есептің орнына қандай да бір «жаңа деректер базасы» қалыптастырылып жатқан жоқ.   Азаматтардан тек мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сенуді және халық арасында, әсіресе аға буын өкілдері арасында негізсіз алаңдаушылық тудыратын жалған мәліметтерді таратпауды сұраймыз.  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауаптылық қарастырылғанын еске саламыз.   Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар ресми түсіндірме алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдарға жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1227640?lang=ru
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ ? 25.05.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарты қолданысқа енді. 📌 Не өзгеруде?Бұрын тек аударымдар саны ескерілетін — 3 ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен жағдайда.Енді қосымша талап енгізіледі:👉 дәл сол 3 айда түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асуы керек. 📌 Қашан кәсіпкерлік қызмет белгісі туындайды?Егер сіздің жеке (бизнеске арналмаған) шотыңызға 3 ай қатарынан әр айда:100 әртүрлі адамнан ақша түссе, жәнежалпы сома 12 ЕТЖ-дан асса,онда мұндай операциялар кәсіпкерлік табыс белгілері бар ретінде есептеледі.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1227655?lang=ru
Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі монсеньор Карел Кастелмен кездесті 25.05.2026
2026 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Қасиетті Тақтың құрметті куриялық прелаты, Католик шіркеуінің белгілі әрі беделді қайраткері монсеньор Карел Кастелмен кездесті.Монсеньор К.Кастел әр жылдары Евангелизация жөніндегі дикастерияда, «Cor Unum» Папалық кеңесінде қызмет атқарып, Қасиетті Тақтың гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған көптеген халықаралық жобаларын үйлестірген, сондай-ақ Қасиетті Тақты дипломатиялық байланыстарда таныстырған.Әңгіме барысында Қазақстан Елшісі монсеньор К.Кастелді Қазақстанның дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету бағытындағы қызметі туралы хабардар етті. Әртүрлі конфессиялар мен мәдениеттер өкілдері арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті және ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірегей халықаралық алаң ретінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің маңызына ерекше назар аударылды.Қазақстандық дипломат сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар туралы айтып, бұл реформалардың мемлекеттік институттарды нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдық келісім мен елдің орнықты дамуын ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.Монсеньор К.Кастел Қазақстанның діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға қосып келе жатқан үлесін жоғары бағалап, бейбітшілікті, өзара құрметті және көпжақты ынтымақтастықты нығайту жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.Сұхбаттастар Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, соның ішінде рухани-гуманитарлық саладағы байланыстарды одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.Кездесу достық әрі сенімді ахуалда өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1227665?lang=ru
Аймақта 10 мыңнан астам түлек мектеп бітірді 25.05.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев оқу жылының аяқталуына орай Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі түлектерінің салтанатты шарасына қатысты. Алтын ұядан ұшқалы тұрған мектеп бітірушілерге ақжолтай тілегін арнап, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады.Биыл аймақта 10 мыңнан астам жас түлек он бір жыл бойы білім алған мектебімен қоштасып, жаңа өмірге жолдама алды.«Шын мәнінде, ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін – білім. Тек білім ғана кез келген адам үшін өмір жолын дұрыс таңдауға, өзіне деген сенімділік пен табысқа жетуге зор мүмкіндік береді.Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет», – деген болатын.Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның ішінде білім беру саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылып, 45 жаңа заманауи білім беру нысаны ел игілігіне берілді.Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Соның бірі – өздеріңіз алғашқы түлегі атанып отырған Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің жаңа ғимараты. Бұл мектеп ашылған соң, «Арай» шағын ауданындағы мемлекеттік мектеп мәселесі толық шешімін тапты.Еліміздегі әрбір игілікті іс сіздердің кемел келешектеріңізге арналуда. Сіздер білімге деген ұмтылыс, адал еңбек пен табанды іс-әрекет арқылы елге қызмет ететін азамат болып қалыптасады деп сенемін. Қанаттарыңыз талмасын! Бейбіт еліміздің көгінде самғап, ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Әрдайым жолдарыңыз ашық болып, арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер!», – деді Мұрат Ергешбаев.Аймақ басшысы осы оқу жылында 100-ге жуық сырбойылық оқушы республикалық, халықаралық білім бәйгелерінде топ жарып, жүлделі орын иеленгені ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегі екенін ерекше атап өтті.Биылғы оқу жылын өңірдің 320 мектебінде 1-11 сынып оқитын 189 288 оқушы аяқтады, 987 оқушы «Алтын белгіге», 1 141 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Ұлттық бірыңғай тестілеудің шешуші кезеңі 10 мамыр-10 шілде аралығында Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы тестілеу орталықтарында өтеді. Оған 11-сыныпты бітіруші 10 317 түлектің 9 250-і қатысады.Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жоспарланған. Биыл 170 мыңнан астам оқушы жазғы тынығу лагерьлерінде, 150 мыңға жуық бала мектеп жанындағы лагерьлерде демалады. Жақында Президент саябағы аумағынан Мемлекет басшысының қолдауымен жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін оқу-сауықтыру орталығы ашылды.Салтанатты шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев білім ұясынан қанат қаққан жастарға ақ жол тілеп, ізгі лебізін білдірсе, ата-аналар атынан сөз сөйлеген Мұхит Төребаев ұстаздарға ризашылығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1227598?lang=ru
Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны енгізу туралы 25.05.2026
Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны енгізу туралыҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сәйкес электрондық сауда тауарларын электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны (ЭСТД) пайдалана отырып кедендік декларациялау енгізілетінін хабарлайды.Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №143 шешімімен электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның нысаны мен оны толтыру тәртібі бекітілді. Сонымен қатар, ЕЭК Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №144 шешімімен электрондық құжат түріндегі декларацияның құрылымы мен форматы бекітілді.Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерде тиісті функционалды іске асыру жұмыстары аяқталды. «Кеден» ақпараттық жүйесінде «Электрондық сауда тауарларына арналған декларация» (ЭСТД) функционалы әзірленді.Аталған функционалды енгізу және ЭСТД қолдану 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылатын болады.Сонымен қатар, қазіргі уақытта Telegram қосымшасында арнайы чат іске қосылды:https://t.me/+guX61IzTzwU1YTcyАталған чатта тестілеуді өткізуге қатысты ақпарат жарияланатын болады.Тестілеуге электрондық саудаға қатысушылар, пошта байланысы операторлары, жедел жеткізушілер және сыртқы экономикалық қызметтің өзге де қатысушылары шақырылады.Жүйені пайдалану барысында қандай да бір ескертулер немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, оларды көрсетілген чатқа жолдауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1227607?lang=ru
Жамбыл Жабаев атындағы мектептің 95 жылдық мерейтойы 25.05.2026
Самар ауданындағы Көкжота ауылында Жамбыл Жабаев атындағы мектептің 95 жылдық мерейтойы аталып өтті. Білім ордасының іргесі 1931 жылы қаланып, содан бері талай буынға сапалы білім мен тәрбие беріп келеді.Мерейтойға орай Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов ұжымды, түлектерді және ауыл тұрғындарын құттықтап, мектептің аудан дамуына қосқан үлесін атап өтті.Салтанатты күні Күлпаш Райысова атындағы әдебиет кабинеті ашылып, түлектер мен 2026 жылғы бітірушілер мектеп алдында Түлектер аллеясына тал отырғызды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1227550?lang=ru
2026 жылғы 22-25 мамырда Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Дауыс беру неге маңызды» эссе байқауына қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады: «№1 мектеп-лицей» КММ - Батинова Сабина, Ишмуратова Залина, Оразбаева Амина, Сергиенко Екатерина, «№ 3 орта мектебі» КММ - Козловская Полина, «№10 орта мектеп» КММ - Назарова Дарья. Бұл белсенді өмірлік ұстанымы бар және не болып жатқанына жетілген көзқарасы бар, қала мен елдің болашағы әрқайсымызға байланысты екенін түсінетін балалар. Іс-шаралар Риддер қаласының жас сайлаушылар клубының іс-шаралар жоспары аясында өтті. 25.05.2026
2026 жылғы 22-25 мамырда Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Дауыс беру неге маңызды» эссе байқауына қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады:«№1 мектеп-лицей» КММ - Батинова Сабина, Ишмуратова Залина, Оразбаева Амина, Сергиенко Екатерина,«№ 3 орта мектебі» КММ - Козловская Полина,«№10 орта мектеп» КММ - Назарова Дарья.Бұл белсенді өмірлік ұстанымы бар және не болып жатқанына жетілген көзқарасы бар, қала мен елдің болашағы әрқайсымызға байланысты екенін түсінетін балалар.Іс-шаралар Риддер қаласының жас сайлаушылар клубының іс-шаралар жоспары аясында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1227564?lang=ru
«Тұлпар мініп, ту алған» облыстық жобасының жеңімпаздары анықталды 25.05.2026
Тобыл–Торғай өңірінде қыркүйек айында басталып, сәуір айына дейін жалғасқан «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық жобасы өз мәресіне жетті. Жоба аясында жас ұрпақтың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жыр-дастандарды жатқа айту мәдениетін дамыту мақсат етілді.Ауқымды жобаға облыс бойынша 9 094 оқушы қатысуға өтінім білдірді. Байқау мектепішілік, аудандық және қалалық кезеңдер арқылы бірнеше сатылы іріктеуден өтті. Нәтижесінде финалдық кезеңге 44 үздік оқушы жолдама алды.Шешуші айналым таңертеңнен кешке дейін жалғасып, әр аудан мен қаланың үздік оқушылары өзара сынға түсті. Қазылар алқасы қатысушылардың жырды жатқа айту шеберлігімен қатар, мазмұнды терең түсінуі мен сахналық мәдениетіне ерекше назар аударды. Тәулік бойы жұмыс істеген қазылар құрамы да арнайы марапатталды.Жобаның бас жүлдесі Рудный қаласының 9-сынып оқушысы Ұлдана Жүрсінбаеваға бұйырды. Ол «Алпамыс батыр» жырының 98 бетін толық жатқа айтып, барлық кезеңде жоғары нәтиже көрсетті. Бас жүлде иегеріне Түркия Республикасының Стамбұл қаласындағы төрт апталық жазғы мектепке жолдама табысталды. Оның тәлімгері, А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжазира Смағұлова су жаңа автокөліктің иегері атанды.ІІІ орын иегерлері ретінде Рудный қаласының оқушысы Әдемі Елебек пен Жангелдин ауданының өкілі Бақытбек Көшімбек марапатталды.ІІ орын Қостанай қаласының оқушысы Айдос Марат пен Қарабалық ауданынан қатысқан Даяна Мейірхановаға берілді.І орын Қарабалық ауданының оқушысы Томирис Ариповаға табысталды.«Тұлпар мініп, ту алған» жобасы өңір жастарының ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылығын арттырып, дарынды оқушыларды анықтауға мүмкіндік берген маңызды мәдени-танымдық бастама ретінде бағаланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1227583?lang=ru
«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» халықаралық симпозиумы 25.05.2026
2026 жылғы 19 мамырда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Токаев қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» тақырыбында халықаралық симпозиум өтті. Іс-шараға халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық жетекші тарихшылар, археологтар, зерттеушілер мен Ұлы дала және Алтын Орда тарихына маманданған ғалымдарды қоса алғанда 350-ден астам делегат қатысты.Симпозиум барысында негізгі назар Алтын Орданың тарихи, саяси, экономикалық және мәдени мұрасына, сондай-ақ оның еуразиялық өркениетті қалыптастырудағы рөліне аударылды.Президент өз сөзінде тарихи ғылымға объективті әрі саясаттандырылмаған көзқарастың маңыздылығын, сондай-ақ Алтын Орданың өркениеттік мәнін атап өтті. Сонымен қатар ол Ұлы даланың ортақ мұрасын зерттеу саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтудың қажеттігін айтты.Қ.Тоқаев сондай-ақ Қазақстанның Жошы Ұлысының тарихи және интеллектуалдық мұрасын ғылыми зерттеулер, білім беру, цифрлық бастамалар және халықаралық мәдени ықпалдастық арқылы сақтау, жаңғырту және дәріптеу бағытындағы тұрақты күш-жігерін ерекше атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіндегі негізгі тезистер Алтын Орданың тарихи маңызыАлтын Орда өз дәуіріндегі ең ірі саяси құрылымдардың бірі болып, Еуразияның ұлан-ғайыр аумағын қамтып, Шығыс пен Батысты байланыстырды.Ол өркениеттердің қалыптасуына, мемлекеттік құрылымдардың дамуына және Ұлы даланың тарихи эволюциясына елеулі үлес қосты.Алтын Орда тарихы бүгінгі күні де Қазақстанның ұлттық тарихының, сондай-ақ адамзаттың ортақ тарихының маңызды бөлігі болып қала береді.Алтын Орда хроникасы бір ғана ұлттың айрықша мұрасы ретінде емес, барлық халықтарға ортақ мұраның бөлігі ретінде қабылдануы тиіс. Алтын Орда – өркениеттік феноменАлтын Орда дәуірі әскери қуат мұрасымен ғана шектелмей, институттардың дамуына, мемлекеттік басқаруға, дипломатияға және өркениеттік қалыптасуға терең із қалдырды.Ұлы дала тарихы көбіне әскери қақтығыстар тізбегі ретінде ұсынылады, бұл оның саяси, мәдени және зияткерлік жетістіктерін толық бағалауға мүмкіндік бермейді.Қазіргі заманғы пәнаралық зерттеулер Алтын Орда мұрасын терең әрі объективті түсінудің жаңа көкжиектерін ашуда.Ортақ тарихты зерттеу, әсіресе әлем белгісіздік пен бөлшектенуге тап болған кезеңде, халықтар мен мемлекеттерді байланыстыратын көпірге айналуы тиіс. Тарихи объективтілік және ғылыми жауапкершілікТарихи баға объективті, теңгерімді және саяси тұрғыдан бейтарап болуы керек.Алтын Орда тарихы тарихи шындықты бұрмалайтын тар немесе біржақты түсіндірмелерге дейін жеңілдетілмеуі тиіс.Қазақстан көшпелі өркениеттер мен дала империяларында мемлекеттілік пен тарихи маңыз болмаған деген ескірген таптаурындарды қайта қарастыруда.Тарихи интерпретацияны монополиялауға немесе ортақ мұраны тек ұлттық құбылысқа айналдыруға бағытталған әрекеттер ғылыми қызмет пен халықаралық сенімге нұқсан келтіреді.Ғ алымдар мен тарихшылар геосаяси шиеленіс кезеңдерінде диалог пен өзара түсіністікке ықпал ете отырып, қоғамдар мен мәдениеттер арасында көпір бола алады. Басқару және мемлекеттілікАлтын Орданың қуаты тек ұлан-ғайыр аумақпен шектелмей, тиімді басқару мен институционалдық орнықтылыққа негізделді.Империя ауқымды әрі алуан түрлі кеңістікте орнықтылықты қамтамасыз еткен озық құқықтық, әкімшілік және дипломатиялық жүйелер қалыптастырды.Мемлекеттің маңызды сипаттары меритократия, тәртіп, әділеттілік және түрлі этностық әрі діни қауымдардың бейбіт қатар өмір сүруі болды.Алтын Орда Еуразияның ірі мемлекеттерімен белсенді дипломатиялық байланыстар орнатып, кейінгі еуразиялық мемлекеттердің дамуына елеулі ықпал етті. Экономикалық және сауда дамуыҰлы далада көшпелі өмір салтына, саудаға және көшпелі мен отырықшы халықтардың тығыз өзара ықпалдастығына негізделген бірегей өркениеттік үлгі қалыптасты.Алтын Орда Еуразияның маңызды сауда жолдарын бақылап, даланы Шығыс пен Батысты байланыстыратын қауіпсіз транзиттік дәлізге айналдырды.Империя ауқымды теңге соғу өндірісін және гүлденуші сауда орталықтарын қамтыған дамыған ақша және сауда жүйелерін құрды.Дала дәстүрлері мен қалалық өркениет арасындағы тығыз байланыс Алтын Орданың өркендеуі мен бейімделгіштігінің басты факторы болды. Халықаралық академиялық ынтымақтастық және ЮНЕСКО-мен серіктестікСимпозиум Алтын Орданы жүйелі әрі жан-жақты зерттеу мақсатында халықаралық академиялық қауымдастықпен байланысты нығайту үшін ұйымдастырылды.Іс-шараның ЮНЕСКО қамқорлығымен өткізілуі Алтын Орда тарихи мұрасының жаһандық маңызын көрсетеді.Қазақстан материалдық және бейматериалдық мәдени мұраны сақтау мен дәріптеу саласындағы ЮНЕСКО-мен серіктестігін жоғары бағалайды.Алтын Орда кезеңіне қатысты тарихи жазбаларды қамтитын әрі халықаралық мойындауға ие болған «Хандар шежіресі» қолжазбасына ерекше назар аударылды.Симпозиумға түрлі елдердің ғалымдарының қатысуы Ұлы дала мен Алтын Орда тарихына халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Өңірлік ынтымақтастық және еуразиялық ықпалдастықДала мемлекеттілігі дәстүрлері ашықтық, әділдік және мәдениетаралық диалог қағидаттарына негізделген ретінде ұсынылды.Қазақстан түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және еуразиялық ықпалдастықты кеңейтуге қолдау білдіретінін тағы да мәлімдеді.Тарих халықтарды бөлудің немесе геосаяси текетірестің құралы емес, оларды байланыстыратын көпір болуы тиіс.Алтын Орда мұрасы әртүрлі мәдениеттер мен қоғамдардың бірыңғай саяси әрі өркениеттік кеңістік аясында қатар өмір сүре алатынының үлгісі ретінде сипатталды. Қазіргі заман үшін өзектілігіАлтын Орданы зерттеу оны тек әскери мемлекет ретінде қарастыратын дәстүрлі түсініктер шеңберінен шығып, оның кең ауқымды мәдени мұрасына назар аударуы тиіс.Бүгінде Алтын Орданың интеллектуалдық дәстүрлері, институттары, дипломатиясы мен экономикалық жүйелері Орталық Еуразиядағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен мен өзін-өзі анықтауды маңызды рөл атқаруды жалғастыруда. Интеллектуалдық және мәдени мұраАбу Наср әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи секілді ойшылдар түркі-мұсылман әлемінің маңызды философиялық және рухани негіздерін қалады.Алтын Орда дәуірі түркі әдебиетінің, музыкалық және эпикалық поэзиясының «алтын ғасырының» қалыптасуына ықпал етіп, оның мұрасы бүгінгі күнге дейін аймақ мәдениетіне әсерін сақтап келеді Дәстүрлер, инновациялар және цифрлық трансформацияҚазақстан тарихи мұраны инновациялармен, біліммен, ғылыммен және озық технологиялармен ұштастырудың маңызын атап көрсетеді.Ел ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында жасанды интеллектке, цифрлық инфрақұрылымға, көлік дәліздеріне және деректерді сақтау орталықтарына белсенді инвестиция салуда.Қазақстанда ЮНЕСКО аясында 100 елдің өкілдері қатысатын жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтеді.«Цифрлық көшпенділер» тұжырымдамасы дала өркениетінің тарихи мобильділігі мен серпінділігінің заманауи көрінісі ретінде аталды Ғылыми зерттеулер, білім беру және халықаралық бастамаларҚазақстанда Алтын Орда зерттеулерімен айналысатын алғашқы мамандандырылған ғылыми мекеме – Жошы Ұлысын зерттеу институты құрылды.Дала өркениетін дәріптеу жөніндегі халықаралық oрталық құру ұсынылды.Алтын Орда бойынша шетелдік сарапшылардың қатысуымен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және ауқымды баспа жобаларын жүзеге асыруға шақыру жасалды.Симпозиум зерттеу саласындағы ғылыми диалог пен өзара ықпалдастықтың тұрақты халықаралық алаңына айналады деп күтілуде. Тарихи сабақтастық және ұлттық бірегейлікҚазақстан өзін Алтын Орда мен Ұлы дала мемлекеттілік дәстүрлерінің тікелей мұрагері ретінде қарастырады.Тарихи сабақтастық пен мәдени мұраны сақтау ұлттық жаңғыру мен болашақ дамудың маңызды шарты ретінде аталды.«Мәңгілік Ел» тұжырымдамасы Алтын Орда дәуірінен бастау алатын негізгі тарихи және мемлекеттік идея ретінде сипатталды.Қазақстан Алтын Орда мұрасын ғылыми зерттеулер, мәдени жобалар, басылымдар, фильмдер, көрмелер және ескерткіштер арқылы дамытып, дәріптеп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1227545?lang=ru
Орталық Азия елдері Оңтүстік Кореямен зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 25.05.2026
Сеул, 2026 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Елшісі Асет Исенали Орталық Азия елдерінің елшілерімен Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрі Ким Ён Сунның алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне дайындық аясында өткен кездесуіне қатысты.Кездесу барысында тараптар С5 + Корея Республикасы форматында зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын, оның ішінде озық тәжірибе алмасу, бейінді ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ цифрлық экономиканың дамуы негізінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.Қазақстан Елшісі Қазақстанда жүргізіліп жатқан белсенді цифрлық трансформацияны ескере отырып, цифрлық және зияткерлік меншікті қорғау мәселелері ерекше өзектілікке ие екенін атап өтті. Аталған бағыт инвестициялар тартумен, инновацияларды дамытумен және қолайлы іскерлік орта қалыптастырумен тікелей байланысты екені айтылды.Корея тарапы өңірдің өсіп келе жатқан экономикалық, инвестициялық және инновациялық әлеуетін ескере отырып, Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Осыған байланысты инновациялық экожүйені дамытуға, бизнесті қолдауға және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды ілгерілету мүмкіндіктері қарастырылды.Кездесу Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы әріптестікті нығайту жолындағы кезекті қадам болып, алдағы Саммит қарсаңында тараптардың нақты нәтижелерге қол жеткізуге өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1227534?lang=ru
Достық ән кеші 25.05.2026
2026 жылғы 19 мамырда Рим қаласындағы «Санта-Чечилия» мемлекеттік консерваториясының Үлкен академиялық залында Рим Папасы XIV Лев понтификатының бір жылдық мерейтойына және Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігінің ашылуына орайластырылған «Музыка үндестігі» атты достық концерті өтті.Концертті Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігі, «Санта-Чечилия» мемлекеттік консерваториясы және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры бірлесіп ұйымдастырды.Бағдарламаға музыкалық жауһарлар, ұлы итальян және қазақ композиторларының танымал шығармалары енгізілді. Концертке қазақстандық және әлемдік опера сахнасының жұлдыздары Мария Мудряк пен Медет Чотабаев қатысты.«Санта-Чечилия» консерваториясы мен «Астана Опера» театрының солистері Джузеппе Верди мен Джакомо Пуччинидің, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің операларынан ариялар мен музыкалық үзінділерді, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының лирикалық шығармаларын орындады. Қазақстандық дирижер Элмар Бөрібаевтың жетекшілігімен «Санта-Чечилия» консерваториясының симфониялық оркестрі бірнеше шығарманы ұсынды.Көрнекті қазақ композиторы Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай «Санта-Чечилия» консерваториясының үлкен симфониялық оркестрі «Астана Опера» театрының дирижері Элмар Бөрібаевтың басқаруымен «Абай» операсынан би сюитасын орындады. Белгілі серб скрипкашысы Илья Маринкович Ахмет Жұбановтың скрипка мен оркестрге арналған ариясын орындады.Көрермендер әртістердің өнерін жылы қабылдап, оларды ұзаққа созылған қошеметпен қарсы алды. Концерт жоғары көркемдік деңгейде өтіп, көрермендерге терең сезімдік әсер қалдырды және мәдениеттерді, халықтар мен жүректерді біріктіретін музыканың құдіретін айқын көрсетті.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1227473?lang=ru
📢 Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны енгізу туралы 25.05.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сәйкес электрондық сауда тауарларын электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны (ЭСТД) пайдалана отырып кедендік декларациялау енгізілетінін хабарлайды.📄 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №143 шешімімен электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның нысаны мен оны толтыру тәртібі бекітілді. Сонымен қатар, ЕЭК Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №144 шешімімен электрондық құжат түріндегі декларацияның құрылымы мен форматы бекітілді.💻 Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерде тиісті функционалды іске асыру жұмыстары аяқталды. «Кеден» ақпараттық жүйесінде «Электрондық сауда тауарларына арналған декларация» (ЭСТД) функционалы әзірленді.📅 Аталған функционалды енгізу және ЭСТД қолдану 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылатын болады.🤝 Сонымен қатар, қазіргі уақытта Telegram қосымшасында арнайы чат іске қосылды:https://t.me/+guX61IzTzwU1YTcy📌 Аталған чатта тестілеуді өткізуге қатысты ақпарат жарияланатын болады.Тестілеуге электрондық саудаға қатысушылар, пошта байланысы операторлары, жедел жеткізушілер және сыртқы экономикалық қызметтің өзге де қатысушылары шақырылады.✅ Жүйені пайдалану барысында қандай да бір ескертулер немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, оларды көрсетілген чатқа жолдауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1227491?lang=ru