МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ ?
25.05.2026 16:06:00 239
2026 жылғы 1 қаңтардан мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарты қолданысқа енді.
📌 Не өзгеруде?
Бұрын тек аударымдар саны ескерілетін — 3 ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен жағдайда.
Енді қосымша талап енгізіледі:
👉 дәл сол 3 айда түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асуы керек.
📌 Қашан кәсіпкерлік қызмет белгісі туындайды?
Егер сіздің жеке (бизнеске арналмаған) шотыңызға 3 ай қатарынан әр айда:
- 100 әртүрлі адамнан ақша түссе, және
- жалпы сома 12 ЕТЖ-дан асса,
онда мұндай операциялар кәсіпкерлік табыс белгілері бар ретінде есептеледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1227655?lang=ru