Жамбыл Жабаев атындағы мектептің 95 жылдық мерейтойы

Жамбыл Жабаев атындағы мектептің 95 жылдық мерейтойы

25.05.2026 15:16:32 184

Самар ауданындағы Көкжота ауылында Жамбыл Жабаев атындағы мектептің 95 жылдық мерейтойы аталып өтті. Білім ордасының іргесі 1931 жылы қаланып, содан бері талай буынға сапалы білім мен тәрбие беріп келеді.

Мерейтойға орай Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов ұжымды, түлектерді және ауыл тұрғындарын құттықтап, мектептің аудан дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Салтанатты күні Күлпаш Райысова атындағы әдебиет кабинеті ашылып, түлектер мен 2026 жылғы бітірушілер мектеп алдында Түлектер аллеясына тал отырғызды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1227550?lang=ru