«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» халықаралық симпозиумы
25.05.2026 14:26:38 261
2026 жылғы 19 мамырда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Токаев қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» тақырыбында халықаралық симпозиум өтті. Іс-шараға халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық жетекші тарихшылар, археологтар, зерттеушілер мен Ұлы дала және Алтын Орда тарихына маманданған ғалымдарды қоса алғанда 350-ден астам делегат қатысты.
Симпозиум барысында негізгі назар Алтын Орданың тарихи, саяси, экономикалық және мәдени мұрасына, сондай-ақ оның еуразиялық өркениетті қалыптастырудағы рөліне аударылды.
Президент өз сөзінде тарихи ғылымға объективті әрі саясаттандырылмаған көзқарастың маңыздылығын, сондай-ақ Алтын Орданың өркениеттік мәнін атап өтті. Сонымен қатар ол Ұлы даланың ортақ мұрасын зерттеу саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтудың қажеттігін айтты.
Қ.Тоқаев сондай-ақ Қазақстанның Жошы Ұлысының тарихи және интеллектуалдық мұрасын ғылыми зерттеулер, білім беру, цифрлық бастамалар және халықаралық мәдени ықпалдастық арқылы сақтау, жаңғырту және дәріптеу бағытындағы тұрақты күш-жігерін ерекше атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіндегі негізгі тезистер
Алтын Орданың тарихи маңызы
- Алтын Орда өз дәуіріндегі ең ірі саяси құрылымдардың бірі болып, Еуразияның ұлан-ғайыр аумағын қамтып, Шығыс пен Батысты байланыстырды.
- Ол өркениеттердің қалыптасуына, мемлекеттік құрылымдардың дамуына және Ұлы даланың тарихи эволюциясына елеулі үлес қосты.
- Алтын Орда тарихы бүгінгі күні де Қазақстанның ұлттық тарихының, сондай-ақ адамзаттың ортақ тарихының маңызды бөлігі болып қала береді.
- Алтын Орда хроникасы бір ғана ұлттың айрықша мұрасы ретінде емес, барлық халықтарға ортақ мұраның бөлігі ретінде қабылдануы тиіс.
Алтын Орда – өркениеттік феномен
- Алтын Орда дәуірі әскери қуат мұрасымен ғана шектелмей, институттардың дамуына, мемлекеттік басқаруға, дипломатияға және өркениеттік қалыптасуға терең із қалдырды.
- Ұлы дала тарихы көбіне әскери қақтығыстар тізбегі ретінде ұсынылады, бұл оның саяси, мәдени және зияткерлік жетістіктерін толық бағалауға мүмкіндік бермейді.
- Қазіргі заманғы пәнаралық зерттеулер Алтын Орда мұрасын терең әрі объективті түсінудің жаңа көкжиектерін ашуда.
- Ортақ тарихты зерттеу, әсіресе әлем белгісіздік пен бөлшектенуге тап болған кезеңде, халықтар мен мемлекеттерді байланыстыратын көпірге айналуы тиіс.
Тарихи объективтілік және ғылыми жауапкершілік
- Тарихи баға объективті, теңгерімді және саяси тұрғыдан бейтарап болуы керек.
- Алтын Орда тарихы тарихи шындықты бұрмалайтын тар немесе біржақты түсіндірмелерге дейін жеңілдетілмеуі тиіс.
- Қазақстан көшпелі өркениеттер мен дала империяларында мемлекеттілік пен тарихи маңыз болмаған деген ескірген таптаурындарды қайта қарастыруда.
- Тарихи интерпретацияны монополиялауға немесе ортақ мұраны тек ұлттық құбылысқа айналдыруға бағытталған әрекеттер ғылыми қызмет пен халықаралық сенімге нұқсан келтіреді.
- Ғ алымдар мен тарихшылар геосаяси шиеленіс кезеңдерінде диалог пен өзара түсіністікке ықпал ете отырып, қоғамдар мен мәдениеттер арасында көпір бола алады.
Басқару және мемлекеттілік
- Алтын Орданың қуаты тек ұлан-ғайыр аумақпен шектелмей, тиімді басқару мен институционалдық орнықтылыққа негізделді.
- Империя ауқымды әрі алуан түрлі кеңістікте орнықтылықты қамтамасыз еткен озық құқықтық, әкімшілік және дипломатиялық жүйелер қалыптастырды.
- Мемлекеттің маңызды сипаттары меритократия, тәртіп, әділеттілік және түрлі этностық әрі діни қауымдардың бейбіт қатар өмір сүруі болды.
- Алтын Орда Еуразияның ірі мемлекеттерімен белсенді дипломатиялық байланыстар орнатып, кейінгі еуразиялық мемлекеттердің дамуына елеулі ықпал етті.
Экономикалық және сауда дамуы
- Ұлы далада көшпелі өмір салтына, саудаға және көшпелі мен отырықшы халықтардың тығыз өзара ықпалдастығына негізделген бірегей өркениеттік үлгі қалыптасты.
- Алтын Орда Еуразияның маңызды сауда жолдарын бақылап, даланы Шығыс пен Батысты байланыстыратын қауіпсіз транзиттік дәлізге айналдырды.
- Империя ауқымды теңге соғу өндірісін және гүлденуші сауда орталықтарын қамтыған дамыған ақша және сауда жүйелерін құрды.
- Дала дәстүрлері мен қалалық өркениет арасындағы тығыз байланыс Алтын Орданың өркендеуі мен бейімделгіштігінің басты факторы болды.
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және ЮНЕСКО-мен серіктестік
- Симпозиум Алтын Орданы жүйелі әрі жан-жақты зерттеу мақсатында халықаралық академиялық қауымдастықпен байланысты нығайту үшін ұйымдастырылды.
- Іс-шараның ЮНЕСКО қамқорлығымен өткізілуі Алтын Орда тарихи мұрасының жаһандық маңызын көрсетеді.
- Қазақстан материалдық және бейматериалдық мәдени мұраны сақтау мен дәріптеу саласындағы ЮНЕСКО-мен серіктестігін жоғары бағалайды.
- Алтын Орда кезеңіне қатысты тарихи жазбаларды қамтитын әрі халықаралық мойындауға ие болған «Хандар шежіресі» қолжазбасына ерекше назар аударылды.
- Симпозиумға түрлі елдердің ғалымдарының қатысуы Ұлы дала мен Алтын Орда тарихына халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Өңірлік ынтымақтастық және еуразиялық ықпалдастық
- Дала мемлекеттілігі дәстүрлері ашықтық, әділдік және мәдениетаралық диалог қағидаттарына негізделген ретінде ұсынылды.
- Қазақстан түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және еуразиялық ықпалдастықты кеңейтуге қолдау білдіретінін тағы да мәлімдеді.
- Тарих халықтарды бөлудің немесе геосаяси текетірестің құралы емес, оларды байланыстыратын көпір болуы тиіс.
- Алтын Орда мұрасы әртүрлі мәдениеттер мен қоғамдардың бірыңғай саяси әрі өркениеттік кеңістік аясында қатар өмір сүре алатынының үлгісі ретінде сипатталды.
Қазіргі заман үшін өзектілігі
- Алтын Орданы зерттеу оны тек әскери мемлекет ретінде қарастыратын дәстүрлі түсініктер шеңберінен шығып, оның кең ауқымды мәдени мұрасына назар аударуы тиіс.
- Бүгінде Алтын Орданың интеллектуалдық дәстүрлері, институттары, дипломатиясы мен экономикалық жүйелері Орталық Еуразиядағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен мен өзін-өзі анықтауды маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.
Интеллектуалдық және мәдени мұра
- Абу Наср әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи секілді ойшылдар түркі-мұсылман әлемінің маңызды философиялық және рухани негіздерін қалады.
- Алтын Орда дәуірі түркі әдебиетінің, музыкалық және эпикалық поэзиясының «алтын ғасырының» қалыптасуына ықпал етіп, оның мұрасы бүгінгі күнге дейін аймақ мәдениетіне әсерін сақтап келеді
Дәстүрлер, инновациялар және цифрлық трансформация
- Қазақстан тарихи мұраны инновациялармен, біліммен, ғылыммен және озық технологиялармен ұштастырудың маңызын атап көрсетеді.
- Ел ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында жасанды интеллектке, цифрлық инфрақұрылымға, көлік дәліздеріне және деректерді сақтау орталықтарына белсенді инвестиция салуда.
- Қазақстанда ЮНЕСКО аясында 100 елдің өкілдері қатысатын жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтеді.
- «Цифрлық көшпенділер» тұжырымдамасы дала өркениетінің тарихи мобильділігі мен серпінділігінің заманауи көрінісі ретінде аталды
Ғылыми зерттеулер, білім беру және халықаралық бастамалар
- Қазақстанда Алтын Орда зерттеулерімен айналысатын алғашқы мамандандырылған ғылыми мекеме – Жошы Ұлысын зерттеу институты құрылды.
- Дала өркениетін дәріптеу жөніндегі халықаралық oрталық құру ұсынылды.
- Алтын Орда бойынша шетелдік сарапшылардың қатысуымен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және ауқымды баспа жобаларын жүзеге асыруға шақыру жасалды.
- Симпозиум зерттеу саласындағы ғылыми диалог пен өзара ықпалдастықтың тұрақты халықаралық алаңына айналады деп күтілуде.
Тарихи сабақтастық және ұлттық бірегейлік
- Қазақстан өзін Алтын Орда мен Ұлы дала мемлекеттілік дәстүрлерінің тікелей мұрагері ретінде қарастырады.
- Тарихи сабақтастық пен мәдени мұраны сақтау ұлттық жаңғыру мен болашақ дамудың маңызды шарты ретінде аталды.
- «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасы Алтын Орда дәуірінен бастау алатын негізгі тарихи және мемлекеттік идея ретінде сипатталды.
- Қазақстан Алтын Орда мұрасын ғылыми зерттеулер, мәдени жобалар, басылымдар, фильмдер, көрмелер және ескерткіштер арқылы дамытып, дәріптеп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1227545?lang=ru