Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі монсеньор Карел Кастелмен кездесті
25.05.2026 16:05:58 205
2026 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Қасиетті Тақтың құрметті куриялық прелаты, Католик шіркеуінің белгілі әрі беделді қайраткері монсеньор Карел Кастелмен кездесті.
Монсеньор К.Кастел әр жылдары Евангелизация жөніндегі дикастерияда, «Cor Unum» Папалық кеңесінде қызмет атқарып, Қасиетті Тақтың гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған көптеген халықаралық жобаларын үйлестірген, сондай-ақ Қасиетті Тақты дипломатиялық байланыстарда таныстырған.
Әңгіме барысында Қазақстан Елшісі монсеньор К.Кастелді Қазақстанның дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету бағытындағы қызметі туралы хабардар етті. Әртүрлі конфессиялар мен мәдениеттер өкілдері арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті және ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірегей халықаралық алаң ретінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің маңызына ерекше назар аударылды.
Қазақстандық дипломат сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар туралы айтып, бұл реформалардың мемлекеттік институттарды нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдық келісім мен елдің орнықты дамуын ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.
Монсеньор К.Кастел Қазақстанның діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға қосып келе жатқан үлесін жоғары бағалап, бейбітшілікті, өзара құрметті және көпжақты ынтымақтастықты нығайту жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.
Сұхбаттастар Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, соның ішінде рухани-гуманитарлық саладағы байланыстарды одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.
Кездесу достық әрі сенімді ахуалда өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1227665?lang=ru