📢 Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны енгізу туралы
25.05.2026 13:23:45 410
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сәйкес электрондық сауда тауарларын электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны (ЭСТД) пайдалана отырып кедендік декларациялау енгізілетінін хабарлайды.
📄 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №143 шешімімен электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның нысаны мен оны толтыру тәртібі бекітілді. Сонымен қатар, ЕЭК Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №144 шешімімен электрондық құжат түріндегі декларацияның құрылымы мен форматы бекітілді.
💻 Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерде тиісті функционалды іске асыру жұмыстары аяқталды. «Кеден» ақпараттық жүйесінде «Электрондық сауда тауарларына арналған декларация» (ЭСТД) функционалы әзірленді.
📅 Аталған функционалды енгізу және ЭСТД қолдану 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылатын болады.
🤝 Сонымен қатар, қазіргі уақытта Telegram қосымшасында арнайы чат іске қосылды:
https://t.me/+guX61IzTzwU1YTcy
📌 Аталған чатта тестілеуді өткізуге қатысты ақпарат жарияланатын болады.
Тестілеуге электрондық саудаға қатысушылар, пошта байланысы операторлары, жедел жеткізушілер және сыртқы экономикалық қызметтің өзге де қатысушылары шақырылады.
✅ Жүйені пайдалану барысында қандай да бір ескертулер немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, оларды көрсетілген чатқа жолдауға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1227491?lang=ru