Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Петропавлда қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұлан чемпионаты өтті 18.05.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері капитан Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналған чемпионат мәресіне жетті. «Береке» спорт кешенінде өткен жарыста 50 ұландық жауынгер күш сынасты. Үш күнге созылған сайыста жеті команда өкілдері жеті салмақ дәрежесіндегі жүлделерді сарапқа салды. Татами төріне шыққан жігіттер алғашқы күннен-ақ қоян-қолтық ұрыстан шеберліктерін байқатып, сайыстың көркін қыздырды. Биыл бесінші рет өткізіліп отырған турнирде талантты жастар көп көзге түсті. Финалдық кездесулер де тартысқа толы болды.Жалпы командалық есепте I орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы иеленді. ІІ орын Ұлттық ұлан академиясына бұйырды. Ал «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ІІІ орынға тұрақтады.Жеңімпаздарды Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бекайдар Қазкеев, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Нұрлан Мұхамедов және Азамат Нұрпейісовтың әкесі Ерік Қабдуллаұлы бастаған құрметті қонақтар марапаттады.Айта кетейік, жекелей сында жеңімпаз атанған спортшылар алда болатын Қазақстан кубогына дайындалады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1221911?lang=kk
Мемлекет басшысы «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды 18.05.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.Құжат адам капиталын дамытуға, қоғамның интеллектуалдық және мәдени әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ оқу мәдениетін білім беру, тәрбие және ағартудың маңызды бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған.Жарлықтың негізгі мақсаттары:* оқитын ұлт қалыптастыру;* кітап пен әдебиетке қызығушылықты арттыру;* балалар мен жастар арасында оқу мәдениетін дамытуға жағдай жасау;* кітапханалар мен баспа саласын қолдау;* шығармашыл, жасампаз әрі бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1221871?lang=kk
Майдангерлерге көше атауы берілді 18.05.2026
Кеген ауылындағы бірнеше көшеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері - Бегімбетов Нұрмұғанбет, Оңғарбеков Оразша, Сыбантаев Бекен Баянбайұлы, Дауталиев Сарсенбай, Жылгелдиев Ибраймбай, Бұланбаев Арғынбек аталарымыздың есімдері берілді. Бұл - ел үшін от кешкен ерлерге көрсетілген зор құрмет пен тағзымның айқын көрнісі. Көше атауларының ашылу рәсіміне майдангерлердің ұрпақтары, ауыл тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысыты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1221858?lang=kk
Қазақстан мен Канада өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда 18.05.2026
Калгари, Торонто, 2026 жылғы 15 мамыр – Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов агроөнеркәсіптік кешен, инвестициялар және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Канадаға жұмыс сапарымен барды.Онтарио провинциясындағы бағдарлама аясында өңір басшысы Онтарионың Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және агробизнес министрлігінің, сондай-ақ Канаданың мемлекеттік экспорттық-несиелік агенттігінің басшылығымен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы машина жасау және өңірдің өнімділігі мен экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған агроөнеркәсіптік кешенге заманауи шешімдерді енгізу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.Альберта провинциясында Ақмола облысының әкімі дәлме-дәл егіншілік жүйелерін енгізу, цифрлық мониторинг, өндірістік процестерді автоматтандыру және заманауи ирригациялық шешімдер мәселелері бойынша жетекші агротехнологиялық компаниялардың өкілдерімен бірқатар келіссөздер жүргізді.Сонымен қатар делегация Канаданың агротехнологиялық әзірлемелер саласындағы жетекші орталықтарының бірі — Олдс колледжіне (Олдс қ.) барды. М.Ахметжанов автономды ауыл шаруашылығы техникасын қолдану тәжірибесімен, тыңайтқыштарды дәлме-дәл енгізу технологияларымен, егістік алқаптарын цифрлық картографиялау және нақты уақыт режимінде деректерді талдау жүйелерімен танысты.Сондай-ақ сапар аясында өңір басшысы Ниагара (Онтарио) және Банф (Альберта) ұлттық парктеріне барып, аталған нысандардың әкімшіліктерімен кездесті. Кездесулер барысында Ақмола облысында, оның ішінде Бурабай курорттық аймағында қызмет көрсетудің жақсарту және туризмді дамыту мақсатында Канаданың ұлттық парктеріндегі озық технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.Жалпы алғанда, қазақстандық делегацияның сапары Қазақстан мен Канада өңірлері арасындағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салаларындағы практикалық ынтымақтастықты нығайтуға тараптардың өзара мүдделілігін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1221822?lang=kk
АӨСШК пен Мысыр аймақтық қауіпсіздік пен көпжақты ынтымақтастықты талқылады 18.05.2026
Каир, 2026 жылғы 8 сәуір — Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қолдауымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Бас хатшысы, Елші Қайрат Сарыбайдың Каирге жұмыс сапары орын алды. Сапар барысында ол Араб мемлекеттері Лигасының Бас хатшысы Ахмед Абулгейтпен, МАР Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі мысырлықтар жөніндегі министрінің орынбасары Амр Шербинимен, МАР бұрынғы Сыртқы істер министрі және АӨСШК Ақылмандар алқасына кандидат Мохамед әл-Орабимен және Каир халықаралық қақтығыстарды шешу, бейбітшілікті нығайту және бейбітшілік орнату орталығының директоры Сейф Кандилмен кездесті.Қайрат Сарыбай Араб мемлекеттері Лигасының Бас хатшысымен өткізген  келіссөздер барысында Лиганың 2002 жылдан бері АӨСШК-ға бақылаушы ретіндегі ұзақ мерзімді рөлін жоғары бағалап, АӨСШК-қа сегіз араб мүше-мемлекеттері байланыстарды нығайтуға және аймақтық ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай үлес қосып отырғандарын атап өтті. Екі тараптың басшылары аймақтық интеграцияның тірегі ретінде көпжақты ынтымақтастық пен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге деген бейілділіктерін растады.МАР Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі мысырлықтар жөніндегі орынбасары А.Шербинимен кездесу барысынрда Қ.Сарыбай Мысырдың 2025 жыл бойы түрлі салаларда сенім шараларын жүзеге асыруға белсенді қатысуын жоғары бағалады.Тараптар АӨСШК-тің институционалдық дамуы мен Әзербайжан төрағалығының басымдықтарын талқылады, осы аптада Астанада өткен Аға лауазымды тұлғалар комитеті отырысының нәтижелеріне және Бакудегі 7-ші саммит қарсаңында АӨСШК жарғысының нақтылануына назар аударды. Сондай-ақ, тараптар Батыс Азиядағы қауіпсіздік жағдайының өзгеруін және Мысырдың АӨСШК пен Африка байланыстарын нығайтудағы рөлін қарастырды.Қ.Сарыбай Мысырдың бұрынғы Сыртқы істер министрі және АӨСШК Ақылмандар алқасына кандидат Мохамед әл-Орабимен Батыс Азиядағы геосаяси даму мен қауіпсіздік перспективаларын талқылады. Олардың диалогы АӨСШК-тың Ақылмандар алқасы, Әйелдер кеңесі, Жастар кеңесі және Талдау орталықтары форумы сияқты негізгі институттары арқылы аймақтық сенімді нығайтудағы рөліне бағытталды. Тараптар сондай-ақ Әзербайжанның төрағалығының басымдықтарын және алдағы Баку саммитінде АӨСШК-ты толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруды талқылады.Каир халықаралық қақтығыстарды шешу, бейбітшілікті нығайту және бейбітшілік орнату орталығының директоры Сейф Кандилмен келіссөздер барысында әйелдер мәселелері, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы күн тәртібі және жастардың дерадикалдануына назар аударылды. Екі тарап АӨСШК Жастар кеңесі мен Асуан форумы арасындағы әлеуетті арттыру мүмкіндіктерін зерттеуге келісті.9 сәуірде Бас хатшы Қ.Сарыбай жұмыс сапары барысында Каир университетінде «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс» монографиясының араб тіліндегі аудармасының тұсаукесеріне қатысты.Кітаптың авторы – Қазақстан мен Таяу Шығыс арасындағы байланысты нығайтуға және ислам ынтымақтастығын дамытуға өз мансабын арнаған көрнекті қазақстандық дипломат, марқұм Елші Асқар Мусинов.Қ.Сарыбай автормен ұзақ мерзімді кәсіби және жеке қарым-қатынасына ой жүгірте отырып, кітапты араб әлемінде және одан тыс жерлерде өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайта беретін дипломатиялық көпір қызметін атқаратын мемлекет қайраткерінің интеллектуалдық мұрасы деп сипаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1221831?lang=kk
Мысырда Асқар Мусиновтың кітабының тұсаукесері өтті 18.05.2026
Каир, 2026 жылғы 9 сәуір — Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен көрнекті дипломат Асқар Мусиновтың «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс» атты кітабының араб тіліндегі басылымының тұсаукесері тарихи және әлемге танымал Каир университетінде өтті.Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс кітаптың тұсаукесер рәсіміндегі өзінің кіріспе сөзінде Асқар Мусиновтың қазақ дипломатиясындағы алатын орны мен жас ұрпаққа қалдырған өшпес еңбегі туралы айтты.Сондай-ақ Қазақстан мен Мысыр арасындағы қатынастардағы өзекті мәселелерге тоқталып, оны тереңірек дамытудағы атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасады. Іс-шараға арнайы келген қонақтарға өзінің алғысын білдірді.  Салтанатты іс-шараға қазақ дипломатиясының беделді тұлғалары, АӨСШК Бас хатшысы Қ.Сарыбай мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің Кеңесшісі, Елші Б.Батыршаев Сыртқы саяси мекеме басшысының жеке тапсырмасына орай қатысты.Қ.Сарыбай өзінің сөзінде А.Мусиновтың өмірбаянына тоқталып өтіп, оның Қазақстанның араб мемлекеттерімен қатынасының дамуына қосқан зор үлесін айтты.Министрдің Кеңесшісі Б.Батыршаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің арнайы жолдаған сәлемдемесін жеткізіп, А.Мусиновтың еңбек жолына тереңірек тоқталды. Сондай-ақ, аталған шара барысында АҚИҰ Бас директоры Б.Арынның жолдаған сәлемдеме бейне ролигі көрермен назарына ұсынылды. Өзінің сәлемдемесінде ол  А.Мусиновтың Ислам әлеміндегі атқарған еңбегі туралы айтып, жалпы өмірбаянынан маңызды сәттеріне шолу жасады. Мысырлық тараптан қатысқан құрметті қонақтардың арасында араб әлемінің көрнекті саясаткері, Мысырдың бұрынғы Сыртқы істер министрі әрі Араб мемлекеттері Лигасының экс-Бас хатшысы Амр Мұса болды және ол ресми шарада кітаптың тұсауын кесу мәртебесін иеленді.  Сонымен қатар, шараға қатысқан МАР бұрынғы Сыртқы істер министрі  Мохаммед әл-Ораби қазіргі таңда өзекті мәселелерді қамтыған кітапты араб тіліне аудару бойынша атқарылған ауқымды жұмысты атап өтіп, әрбір Таяу Шығыс тақырыбына қызығушылық танытатын зерттеуші мен ғалымдарға таптырмас мұра екенін айтты.  Бұрынғы Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасары және қазіргі таңда Мысырдың Сыртқы істер жөніндегі кеңестің директоры Елші Еззат Саад әл-Сайед өзінің сөзінде А.Мусиновтың 1999-2002 жж. аралығында Мысырда Елші қызметін атқарған кезеңдегі еңбегіне тереңірек тоқталып, екі ел арасындағы саси маңызды оқиғалардағы атқарған рөлін жоғары бағалады.  Қызыл теңіз провинциясының бұрынғы губернаторы және қазіргі таңдағы Қазақстан-Мысыр достық Қауымдастығының Төрағасы Ахмед Абдуллах та автордың елдер арасындағы қарым-қатынасының дамуына қосқан үлесін айтты.Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Қазақстаннан арнайы келген Елші А.Мусиновтың отбасы Елшіліктің кітапты аудару бойынша атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, қатысқан құрметті қонақтарға өздерінің кәде-сыйлықтарын табыстады. Тұсаукесер аясында көрермендерге А.Мусиновтың өмімбаяны туралы бейне фильм ұсынылды. Сонымен қатар іс-шараға қатысқан қонақтарың арасында Мысырда аккредиттелген шетелдік Елшілер, жергілікті жазушылар, саясаткерлер  мен БАҚ өкілдері болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1221832?lang=kk
🎬Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады 18.05.2026
Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалана отырып түсірілген фильмдерге арналған алғашқы халықаралық Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) кинофестивалі өтеді. Елордада өткен баспасөз конференциясында жобаның тұжырымдамасы мен өтінім қабылдау тәртібі таныстырылды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің негізгі оқиғасы жасанды интеллектпен әзірленген қысқаметражды фильмдердің халықаралық байқауы болмақ. Оған әлем елдерінің креаторлары тәжірибесіне де, кәсіби студиясының бар-жоғына да қарамастан қатыса алады.«Astana AI Film Festival креативті индустриядағы жыл сайынғы маңызды оқиғаға әрі жаңа форматтар мен жаңа есімдерге арналған тұрақты халықаралық алаңға айналады деп күтілуде. Бұл ретте қатысу барлық ниет білдірушілер үшін ашық: өтінімдер командалардан да, жеке креаторлардан да қабылданады», - деді фестиваль ұйымдастырушыларының бірі, Ozen компаниясының негізін қалаушы Айзатулла Хуссейн.Өтінім қабылдау 2026 жылдың мамыр айында басталады. Туындыны фестивальдің ресми сайты арқылы жолдауға болады.«Байқау шарттарына сәйкес, қатысушылар ұзақтығы 10 минутқа дейінгі қысқаметражды AI-фильм әзірлеп, оны жобаның сипаттамасымен бірге фестивальдің лендинг-платформасына жүктеуі тиіс. Өтінімдер мамыр айынан тамыз айының соңына дейін қабылданады», - деп атап өтті фестиваль ұйымдастырушысы, Brave Talents компаниясының жетекшісі Алмас Жали.Еске сала кетейік, Astana AI Film Festival 2026 жылдың күзінде өтеді. Фестиваль киноиндустрия мен AI-технологиялардың тоғысындағы жобаларға арналған алаңға айналып, авторлардың, digital-креаторлардың, технологиялық компания өкілдерінің, сарапшылар мен инвесторлардың басын қосады.Өз сегментіндегі ең ірі фестивальдердің біріне айналуды көздейтін жобаның жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба демеушілік және серіктестік қаражат есебінен жүзеге асырылмақ.Фестиваль аясында көрсетілімдер, AI-контентке арналған конференция, сондай-ақ авторлар мен продюсерлерге арналған питч-сессиялар өткізу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1221834?lang=kk
Мысырда қазақстандық туристердің құқығын қорғау мәселесі талқыланды 18.05.2026
Шарм аш-Шейх, 2026 жылғы 10 мамыр — Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшісі Асқар Жеңіс Оңтүстік Синайдың жаңадан тағайындалған губернаторы Исмаил Камалмен кездеті.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, оның ішінде өңіраралық деңгейдегі өзара іс-қимылды талқылады.Тараптар туристік саладағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды. Бұл ретте Шарм-эш-Шейхке қазақстандық туристердің айтарлықтай ағыны және мысырлық тараптың олардың демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүдделілігі аталып өтті.Кездесу барысында Оңтүстік Синайға келетін Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау және оларға консулдық-құқықтық қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және барлық талқыланған бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1221835?lang=kk
Қазақстан 2026 жылғы Ядролық қаруды таратпау туралы шартты Шолу конференциясында таратпау мәселелері жөніндегі комитеттің жұмысына төрағалық етуде 18.05.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 15 мамыр – Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) штаб-пәтерінде халықаралық қауіпсіздік саласындағы сақталып отырған шиеленіс, тереңдеп келе жатқан геосаяси поляризация және қару-жарақты бақылау мен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелері бойынша келіспеушіліктердің күшеюі жағдайында өтіп жатқан Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) қолданылуын қарау жөніндегі 2026 жылғы Шолу конференциясының жұмысы жалғасуда.Конференцияның негізгі келіссөз бағыттарының бірі Атом энергиясы халықаралық агенттігінің (АЭХА) кепілдіктері, экспорттық бақылау және ядролық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ ЯҚТШ режимінің өңірлік аспектілерін қарайтын таратпау мәселелері жөніндегі Екінші бас комитеттің жұмысы болып қала береді. Комитет жұмысына Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров төрағалық етеді.4-15 мамыр аралығында өткен отырыстар барысында қатысушы мемлекеттер Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың жаһандық қауіпсіздіктің халықаралық архитектурасының негізі ретіндегі орталық рөлін растады және шолу процесінің саясаттандырылмаған сипатын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан комитет төрағасы ретінде инклюзивті, транспарентті және теңгерімді келіссөз процесін дәйекті түрде қолдап, халықаралық ынтымақтастықты, сенімді және көпжақты дипломатияны нығайтуға негізделген тәсілдерді ілгерілетті. Жұмыс қатысушы мемлекеттер арасындағы сенімді сақтауға басымдық бере отырып, прагматикалық әрі консенсусқа бағдарланған форматта жүргізілді.Сонымен қатар Қазақстан ұлттық деңгейде ядролық қаруды таратпау режимін және халықаралық қауіпсіздікті нығайту саласындағы практикалық бастамаларды ілгерілетуді жалғастыруда. Қазақстан тарапы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық тұрақтылық пен ядролық тәуекелдерді төмендету мәселелері бойынша ядролық державалар арасындағы диалогты қайта жандандыру бастамасының өзектілігін атап өтуде.Қазақстан басымдықтарының қатарында Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа Хаттаманы жедел ратификациялауға жәрдемдесу де сақталуда. Аталған Хаттама өңір мемлекеттеріне ядролық державалар тарапынан заңды түрде міндеттейтін теріс қауіпсіздік кепілдіктерін беруді көздейді.Мемлекеттердің бейбіт ядролық технологияларға қауіпсіз қолжетімділігін қамтамасыз етудің практикалық тетіктерін дамытуға ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыда Қазақстанда орналасқан АЭХА Төмен байытылған уран банкі ядролық қауіпсіздік пен сенімнің халықаралық архитектурасының маңызды элементі ретінде атап өтіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1221842?lang=kk
Берлиндегі қазақ диаспорасының жас ұрпағы ана тілі мен мәдениеті төңірегінде бас қосты 17.05.2026
Берлин, 2026 жылғы 17 мамыр – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі балалар мен қазақстандық диаспора өкілдеріне арналған іс-шара өткізді. Іс-шара жас ұрпақ арасында қазақ тілін, мәдениетін және ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталды.Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов сөз сөйлеп, отбасы мен диаспораның балалардың Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасымен байланысын нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Жылы әрі достық атмосферада дипломатиялық миссия басшысы балаларға қазақ халық ертегісі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» шығармасын оқып берді, сондай-ақ қазақстандық қазіргі авторлардың балаларға арналған кітаптарын сыйға тартты.Жас қатысушылар үшін Қазақстанға, оның мәдениеті, тілі мен дәстүрлеріне қызығушылықты арттыруға бағытталған танымдық-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балалар өлең оқып, ән айтып, би билеп, өздерінің суреттері мен шығармашылық жұмыстарын ұсынды, сондай-ақ Қазақстан туралы викторинаға қатысты.Қазақтың ұлттық ойындары – тоғызқұмалақ пен асық ату, ерекше қызығушылық тудырып, балаларды қазақ мәдени мұрасының элементтерімен таныстырып, тірі қарым-қатынас пен белсенді қатысу атмосферасын қалыптастырды.Диаспора өкілдерімен кездесу барысында одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Соның ішінде отандастарды қолдауға және жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігін сақтауға бағытталған бірлескен мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізу жоспарланды.Іс-шара Германиядағы қазақстандық диаспора өкілдерімен байланысты нығайтуға, сондай-ақ балалар мен жастар арасында қазақ тілін кеңінен насихаттауға ықпал етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1221817?lang=kk
Алматыда GITEX AI Kazakhstan 2026 халықаралық көрме басталды 17.05.2026
Алматы бірнеше күнге жаһандық технологиялық күн тәртібінің эпицентріне айналуда: қалада Орталық Азиядағы жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ең ірі оқиға - GITEX AI Kazakhstan 2026 форумы өз жұмысын бастады. «Атакент» ҚСО алаңы мемлекет өкілдерін, халықаралық IT-компанияларды, стартаптар мен инвестициялық қоғамдастықты біріктіріп, цифрлық экономиканың болашағын талқылау және жаңа серіктестіктерді іс жүзінде іске қосу үшін кеңістік қалыптастыруда.Ұйымдастырушылар қатарында - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері және Алматы қаласының әкімдігі бар. Жаһандық оператор ретінде әлемдегі ең ірі технологиялық платформалардың бірін Еуразияның жүрегіне әкелген inD компаниясы.GITEX AI Kazakhstan 2026 шарасын өткізу елдің жасанды интеллектті дамытуға, цифрлық трансформацияға және жаһандық технологиялық экожүйеге интеграциялануға бағытталған жүйелі курсын көрсетеді. Форум инновациялар үшін қолайлы орта қалыптастыруға, инвестициялар тартуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру құралына айналуда.Оқиға Қазақстандағы Жасанды интеллект жылы аясында өтіп, мемлекеттік деңгейде AI дамытудың басымдылығын айқындайды. Инфрақұрылымды, нормативтік базаны және адами капиталды дәйекті түрде дамыту технологияларды экономиканың негізгі салаларына енгізу үшін ұзақ мерзімді негіз қалайды.Осы фонда Қазақстан қарқынды динамика көрсетуде: Dealroom.co бағалауы бойынша, соңғы жеті жылда елдің технологиялық экожүйесі 18 есе өсіп, 26 миллиард долларға жетті. Алматыдағы форум осы трендті жалғастырып, әлемнің түкпір-түкпірінен 300-ден астам компания мен стартапты, 150 спикерді және 100-ден астам инвесторды жинап отыр.Күн тәртібінде аймақтың инфрақұрылымдық әлеуетіне ерекше назар аударылған. Орталық Азия елдерінде мобильді интернеттің таралу деңгейі 93%-ға жетті, ал Қазақстан цифрлық инфрақұрылымды дамытуда көшбасшылықты сақтап келеді: 2030 жылға қарай деректерді өңдеу орталықтарының қуаты бес еседен астам артып, 20 000 тірекке дейін жетуі мүмкін. Жасанды интеллект үшін есептеу қуаттарының өсуі елді трансшекаралық инвестициялар үшін негізгі бағытқа айналдырады.Бұл қызығушылық қатысушылар құрамында да көрініс тапқан. Алматыда әлемдік технологиялық көшбасшылар - Cisco, Google Cloud, Huawei, Dell, Lenovo, Salesforce және басқалары ұсынылған. Олар тек тұжырымдамаларды емес, егемен AI-ға арналған инфрақұрылымнан бастап қорғалған мемлекеттік цифрлық жүйелерге дейінгі қолданбалы шешімдерді ала келді.Халықаралық ойыншылармен қатар ұлттық цифрлық экономиканың негізін құрайтын қазақстандық компаниялар да кеңінен таныстырылған: Kazakhtelecom, Kcell, Beeline Kazakhstan және Akashi Data Center.GITEX AI Kazakhstan 2026 инвестициялық өлшемді де күшейтеді. Жиынтық активтері 200 миллиард доллардан асатын 28 елден келген 100-ден астам инвестор аймақты жаңа өсу нүктесі ретінде қарастыруда. Олардың арасында АҚШ, Еуропа, Таяу Шығыс және Азиядан келген халықаралық қорлар, соның ішінде Sturgeon Capital бар. Назарда - аймақтың 100-ден астам стартабы, соның ішінде Astana Hub және IT Park Uzbekistan экожүйесінің жобалары.Форум Орталық Азияның технологиялық компанияларын масштабтау платформасына айналуда. Стартаптар экспортқа және жаһандық нарықтарға бағытталған шешімдерді ұсынып, инновациялық экономикаға өтуді тездетеді және аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Іскерлік бағдарлама технологиялық дамудың негізгі бағыттарын - AI мен финтехтен бастап киберқауіпсіздікке, Индустрия 4.0 және ақылды энергетикаға дейін қамтиды. Екі күн ішінде 60-тан астам елден келген 150-ден астам спикер цифрлық экономиканың болашағын, инвестициялар мен адами капиталды дамытуды талқылайды. Олардың арасында -  Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ Кай-Фу Ли сияқты халықаралық сарапшылар бар.Жекелеген тректер стартаптар мен венчурлік нарықты дамытуға арналған. NXT Stage алаңында негізін қалаушылар, инвесторлар және мемлекет өкілдері жобаларды ауқымдауды талқыласа, Supernova Pitch финалистері өз шешімдерін тікелей жаһандық қорларға таныстырады.Форумның іскерлік бағдарламасы аясында технологиялар мен инновацияларды дамытудың стратегиялық күн тәртібін көрсететін бірқатар негізгі панельдік сессиялар жоспарланған: олардың ішінде сенімді цифрлық орта мен егемен технологиялар мәселелеріне арналған Trusted Kazakhstan; халықаралық акселератор іске қосылып, стартаптардың жаһандық нарыққа шығу механизмдері талқыланатын From Region to Global: The Rise of Startups; сондай-ақ Танаттың қатысуымен өтетін және сарапшылар жасанды интеллект саласындағы өңірлік құзыреттілік орталықтарын құруды қарастыратын The Digital Reserve: Building Regional AI & Startup Powerhouses сессиялары бар. Қосымша форум алаңында серіктестікті, инвестициялық өзара іс-қимылды және технологиялық алмасуды дамытуға бағытталған бірқатар ынтымақтастық меморандумдарына қол қою қарастырылған.Осылайша, GITEX AI Kazakhstan 2026 іске қосылуы Қазақстанның аймақтық технологиялар және жасанды интеллект орталығы мәртебесін бекітеді. Форум халықаралық диалог, инвестиция тарту және инновациялық экономиканы дамыту үшін тұрақты платформа қалыптастырып, елді Орталық Азия нарықтарына кіру нүктесіне және жаһандық технологиялық күн тәртібінің белсенді қатысушысына айналдырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1221809?lang=kk
Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті 17.05.2026
2026 жылғы 16 мамырда Түркістан қаласында жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологияларын тәжірибелік тұрғыда қолдануға көшкен алғашқы ел болды.Жоба су қоймаларын толықтыру деңгейін арттыруға және елдің оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы аумақтарын су ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны толық ауқымда іске асыру 2026 жылғы 17 мамырда басталады.Технология Түркістан облысындағы жалпы көлемі 911 мың гектардан асатын егістік жерлерге әсер ететін құрғақшылық пен су тапшылығының салдарын азайтуға арналған. Жоба 1980-жылдардың соңынан бері ауа райын модификациялау және жауын-шашынды жасанды түрде көбейту саласында көпжылдық тәжірибесі бар БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда.Салтанатты рәсімге ҚР Премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Ахмед Әл-Мандус, БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммад Саид Мұхаммад Әл-Арики, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.«Казахстан климаттық орнықтылықтың жаңа жүйесін қалыптастыруға бағытталған практикалық қадам жасауда. Өңірде алғаш рет жауын-шашынды жасанды түрде көбейту технологиялары саласында мұндай ауқымды жоба іске қосылып жатыр. Біз үшін бұл — ғылымға, халықаралық серіктестікке және цифрлық технологияларға негізделген заманауи климаттық инфрақұрылымды қалыптастырудың бастауы. Жоба әлемдік жетекші сарапшылармен бірлесе жүзеге асырылуда және технологиялар трансфері мен қазақстандық мамандарды даярлаудың негізін қалайды», - деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.Халықаралық бағалауларға сәйкес, жасанды жаңбыр шақыру технологиялары табиғи деңгеймен салыстырғанда жауын-шашын көлемін 10-20%-ға дейін арттыра алады. Мұндай технологиялар Қытай, АҚШ, БАӘ, Франция және Сауд Арабиясында белсенді түрде қолданылып келеді.Жоба суға сұранысы жоғары аудандарда, ең алдымен ауыл шаруашылығы аумақтарында жергілікті деңгейде жүзеге асырылады. Жұмыс жүргізілетін аймақтарды таңдау метеорологиялық қызмет мамандары мен профильдік мемлекеттік органдардың қатысуымен ауа райы жағдайын, экологиялық ахуалды және суға қажеттілікті ескере отырып жүргізіледі. Технологияның әсер ету аумағы жергілікті сипатқа ие және радиусы 5 шақырымнан аспайды, сондай-ақ ауқымды ауа райы құбылыстарын қалыптастырумен байланысты емес. Жұмыстарды жүргізу үшін халықаралық тәжірибеде қолданылатын тұз негізіндегі реагенттер пайдаланылады.Жобаны іске асыру ауыл шаруашылығы аумақтарын сумен қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға, құрғақшылықтан келетін шығынды азайтуға және өнімділіктің өсуін қолдауға мүмкіндік береді деп күтілуде. Әлеуетті экономикалық тиімділік жылына 35 млрд теңгеге дейін бағаланады.Ынтымақтастық аясында БАӘ Ұлттық метеорология орталығының мамандары Түркістан облысының мамандарын ауа райын модификациялау технологияларына оқытуды жүргізуде. Олардың қатарында метеорологтар, ұшқыштар, инженерлер және салалық мамандар бар. Сонымен қатар технологияны Қазақстанның басқа өңірлерінде кеңейту мүмкіндігі қарастырылып, отандық климаттық технологияларды қалыптастырудың іргелі негізі қалануда.Жобаны іске асыруға Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Су ресурстары және ирригация министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлік министрлігі, Қаржы министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Энергетика министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі, Азаматтық авиация комитеті, Казаэронавигация және Қазгидромет қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1221810?lang=kk
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді 17.05.2026
2026 жылғы 16 мамыр – Қазақстан жіберген гуманитарлық көмегін Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамына табыстау рәсімі өтті.Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Иран Ислам Республикасына 30 вагон гуманитарлық көмек жеткізілді: консервіленген ет, қант, ұн, медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектер. Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмек Иран Ислам Республикасының халқына қолдау көрсетуге және әлеуметтік маңызы бар қажеттіліктерді өтеуге бағытталған.Іс-шараға Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Оңталап Оңалбаев, Иран Қызыл Жарты ай қоғамының өкілдері және Хорасан-Резави провинциясындағы (Машһад) Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің өкілдік басқармасының басшысы Голам Аббас Арбаб Халес қатысты.Салтанатты рәсімде Қазақстан елшісі елдің сыртқы саясаты көршілестік, достық және өзара құрмет негізінде Иранмен қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.Қазақстандық дипломат Иранның Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі Қазақстанның негізгі саяси, сауда, экономикалық және гуманитарлық серіктестерінің бірі екенін ерекше атап өтті.«Анық достың қадірін, зарыққанда білерсің», – деді елші, Қазақстанда әр кезеңде Иран халқына тұрақты түрде қолдау көрсеткенін атап өтті.Сонымен қатар, қазақ дипломаты дәстүрлі достық пен өзара сенімге негізделген екі ел арасындағы ынтымақтастықтың үздіксіз және тұрақты түрде нығаятынына сенім білдірді.Өз кезегінде Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілі қазақстандық тарапқа көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдіріп, бұл қадам екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау қатынастарын одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1221769?lang=kk
Калифорнияда Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның Бас консулдықтарының ұйымдастыруымен USA–Eurasia Transportation форумы өтті 17.05.2026
Лонг-Бич, 2026 жылғы 15 мамыр – АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич портында USA–Eurasia Transportation форумы өтті. Форумды Қазақстан Республикасының, Әзербайжанның және Грузияның Калифорниядағы Бас консулдықтары Лонг-Бич порты әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.Форум АҚШ пен Еуразия елдерінен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін, порт әкімшіліктерін, бизнес-қауымдастықты және көлік-логистика саласының сарапшыларын бір арнаға жинады. Басты мақсат — сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және көлік инфрақұрылымы мен жүк тасымалы саласында өзара қарым-қатынастың жаңа механизмдерін қалыптастыру.Форумды Лонг-Бич портының бас директоры доктор Хасихагаба ашты. Ол бұл бастамаға қолдау білдіріп, Лонг-Бич портының еуразиялық серіктестермен жаңа әріптестіктер орнатуға дайындығын атап өтті. Лонг-Бич қаласының мэрі атынан мэрияның хаттама жөніндегі директоры Берил Унвер сөз сөйлеп, қаланың халықаралық байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.Форум жұмысына үш елдің делегациялары, сондай-ақ Калифорнияда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері белсенді қатысты.Қазақстан делегациясының құрамында Қазақстан Республикасының Сан-Францискодағы Бас консулы Назира Нұрбаева, ҚР Көлік министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Жанна Жолдасова, «Құрық порты» ЖШС бас директоры Еркін Нығметов, сондай-ақ Аризона штатындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Хью Холман болды.Әзербайжан делегациясын Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің климаттық және экологиялық дипломатия департаментінің директоры Эльчин Аллахвердиев пен Әзербайжан темір жолдарының халықаралық қатынастар департаментінің басшысы Шахмар Гаджиев бастап келді.Грузия атынан Грузияның Экономика және тұрақты даму министрінің орынбасары Тамар Иоселиани және «Грузия темір жолы» АҚ-ның бас директоры Лаша Абашидзе қатысты.Панельдік пікірталастар барысында қазақстандық делегация елдің негізгі инфрақұрылымдық жобалары мен көлік-логистикалық әлеуетін таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстанның көлік жүйесін жаңғырту стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар, Транскаспийлік халықаралық көлік дәлізін дамыту, Каспий теңізіндегі маңызды Ақтау және Құрық порттарының қуатын кеңейту, сондай-ақ Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жаһандық жеткізу тізбектеріне ықпалдастыру мәселелері талқыланды.Форум қатысушылары порт инфрақұрылымы, логистиканы цифрландыру және мультимодальды көлік дәліздерін дамыту салаларында американдық пен еуразиялық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге өзара қызығушылық танытты.Форум американдық бизнес-қауымдастықтың Қазақстанның және жалпы еуразиялық өңірдің көлік-логистикалық мүмкіндіктеріне деген жоғары қызығушылығын, сондай-ақ тараптардың практикалық ынтымақтастықты дамытуға дайындығын айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-san-francisko/press/news/details/1221772?lang=kk
Қазақстанның Бразилиямен аймақтық ынтымақтастығы кеңейіп келеді 17.05.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 15 мамыр – Губернатор Маркос Роха бастаған Бразилияның Рондония штатынан келген делегация Қазақстанның Бразилиядағы елшілігіне барып қайтты.Келіссөздердің күн тәртібінде Қазақстан мен Бразилияның Рондония штаты арасындағы экономика, сауда, тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы салаларындағы аймақтық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылды. Аймақтағы компаниялармен агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері ерекше қызығушылық тудырды.ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов қонақты жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жақында өткен референдум аясында Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі аспектілерімен таныстырып, шетелдік инвесторларды қолдаудағы Қазақстанның инвестициялық саясатының ерекшеліктерін талқылады. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті.Маркос Роха өз тарапынан Рондония штаты мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің айтарлықтай әлеуетін атап өтіп, басым бизнес жобалары мен екіжақты сауданы орнату мүмкіндіктерін ұсынды. Мәртебелі қонақ біздің елімізбен ынтымақтастықты орнату және кеңейтуде барлық мүмкін қолдауды көрсетуге дайын екенін білдірді. Осыған байланысты Рондония штаты мен Қазақстан аймақтарының бірі арасында серіктестік орнатуға қызығушылық танытты.Кездесу барысында аймақтың бизнес қауымдастығы «Қазақстан-Бразилия» іскерлік кеңесіне қатысуға және қазақстандық тарап әзірлеген инвестициялық жобаларды (тизерлерді) жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Анықтамалық:Рондония штаты Бразилияның батысында орналасқан. Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және тау-кен өндірісі оның экономикасының негізгі салалары болып табылады. Штатта кофе, какао және ағаш өсіріледі және өңделеді. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Бразилияның Қарағанды ​​облысы мен Баия штаты (2022 ж.), Алматы облысы мен Риу-Гранди-ду-Сул штаты (2024 ж.) және Шығыс Қазақстан облысы мен Санта-Катарина штаты (2025 ж.) арасында аймақтық серіктестіктер орнатылды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1221780?lang=kk
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер басшыларының бейресми Саммиті өтті 16.05.2026
Түркістанда 15 мамырда Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер басшыларының "Жасанды интеллект және цифрлық даму" атты бейресми Саммиті өтті.Жасанды интеллектіге, цифрландыруға, киберқауіпсіздікке, ғарыш және жерсеріктік технологияларды дамытуға, сондай-ақ экономикада, мемлекеттік басқаруда және гуманитарлық ынтымақтастықта заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.Жасанды интеллект және цифрлық даму бойынша ТМҰ Саммиті түркі мемлекеттерінің ортақ технологиялық күн тәртібін қалыптастырудағы маңызды кезеңі болып табылатыны және мүше мемлекеттердің түркі кеңістігін инновация, жоғары технологиялар, ғылым және цифрлық трансформация үшін серпінді хабқа айналдыруға деген ұмтылысын көрсететіні атап өтілді.Қазақстан Ұйымның технологиялық көшбасшылығын және институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды, соның ішінде түркі мемлекеттерінің студенттері үшін жасанды интеллект университетін құру, киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамыту және БҰҰ қамқорлығымен халықаралық цифрлық бастамаларды ілгерілету бар.  ТМҰ хатшылығының қызметін одан әрі жетілдіру, оның институционалдық мүмкіндігін кеңейту және бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асырудағы үйлестіруші рөлін күшейту қажеттілігі де атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-turkmenbashi/press/news/details/1223581?lang=ru
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жеткізді 16.05.2026
 2026 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Республикасы Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтің Иран халқына гуманитарлық қолдау көрсету жөнінде берген тапсырмасына сәйкес KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі ҚР СІМ, ТЖМ, ДМ бірлесе отырып Иран Ислам Республикасына арналған гуманитарлық көмекті жеткізді. «Серахс» теміржол бекетінде гуманитарлық жүкті Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамына тапсыру рәсімі өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Оңталап Оңалбаев, Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері, сондай-ақ Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Хорасан-е Разави провинциясындағы (Мешхед қ.) өкілдігінің басшысы Ғоламаббас Арбаб Халес қатысты.Гуманитарлық жүк құрамына  ет консервілері, қант, бірінші сортты ұн, медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар кірді. Қазақстан тарапынан жіберілген гуманитарлық көмек Иран халқына қолдау көрсетуге және әлеуметтік маңызы бар қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған.Қазақстан Елшісі Оңталап Оңалбаев Иран Қазақстанның Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі маңызды саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.«Достар қиын қыстау кезеңде сыналады. Қазақстан түрлі кезеңдерде Иран халқына қолдау көрсетіп келеді», – деп атап өтті Елші.Өз кезегінде Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілі Қазақстан тарапына көрсетілген гуманитарлық көмек үшін ризашылығын білдіріп, бұл қадам екі ел арасындағы екіжақты қатынастарды және өзара қолдауды одан әрі нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.30 вагон гуманитарлық жүк Тегеран қаласына жеткізіліп, тиісті мекемелер арасында бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tehran/press/news/details/1223261?lang=kk
Астана мен Абу Даби консулдық саладағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады 16.05.2026
Астана, 2026 жылғы 14 мамыр – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі арасында кезекті консулдық консультациялар өтті. Аталған іс-шараға екі елдің мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.Қазақ делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, ал Әмірліктер делегациясын БАӘ СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Рашид Рахма басқарды.Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы консулдық саладағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, өзара сенім, стратегиялық серіктестік және халықаралық құқық қағидаттарына негізделген байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады. Сондай-ақ, ҚР мем БАӘ азаматтарының визасыз жүріп-тұруы туралы келісімнің сауда-экономикалық, инвестициялық және іскерлік байланыстарды дамытудағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді.Консультациялар аясында көші-қон, консулдық заңдастыру, құжаттарды өзара тану және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерімен қатар консулдық қызметтерді цифрландыру, ЖИ элементтерін енгізу және смарт-сервистерді дамыту тақырыптарына ерекше назар аударылды.Осы тұрғыда тараптар мемлекеттік қызметтерді заманауи технологиялар арқылы жетілдіру, азаматтарға көрсетілетін консулдық көмектің жеделдігі мен тиімділігін арттыру және де цифрлық шешімдер арқылы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасып, Астана мен Абу Даби цифрлық трансформация және интеллектуалды мемлекеттік сервистерді дамыту бағытындағы тәжірибе алмасуды жалғастыруға мүдделілік танытты.Консультациялар қорытындысы бойынша делегация басшылары келіссөздердің сындарлы әрі мазмұнды өткенін атап өтіп, тұрақты ақпарат алмасуды жалғастыруға уағдаласты.Тараптар келесі консулдық консультацияларды өзара келісілген мерзімде Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізу ниеттерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1221743?lang=kk
Елордада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды 16.05.2026
Елордадағы «Barys Arena» спорт кешенінде Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды. Оған әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жүлде қоры 1,6 миллион АҚШ долларын құрайтын турнирді PGL Esports SRL ұйымдастырды. Жарысқа әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысуда, олардың арасында Team Spirit, G2 Esports, FURIA Esports және Heroic бар. Шақырылған қонақтардың арасында Counter-Strike бойынша әлем чемпионы Дәурен Қыстаубаев, FURIA Esports ойыншысы Даниил Голубенко, стример Слава Бустер, PGL турнирлерінің жүргізушісі James Banks, сондай-ақ әлем чемпионы Габриель Толедо бар. Турнир Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.Сарапшылар әлемдік аудиторияның киберспортқа деген қызығушылығының артуы аясында Қазақстанда мұндай ірі жарыстарды өткізу Астананың шетелдік туристер үшін тартымдылығын арттыратынын атап өтті.Елордаға Мәскеуден арнайы ұшып келген көрермендердің бірі Александр Белобух турнирдің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.«Мен Астанаға алғаш рет келіп тұрмын. Қазір аң-таң күйде отырмын Әсіресе, жастардың киберспортқа деген зор қызығушылығы қуантады. Бұл көп жағдайда Қазақстанда қазір бразилиялық FURIA Esports клубында ойнайтын Даниил Голубенко сияқты мықты ойыншының болуымен байланысты болса керек.Шыны керек, ол жастардың нағыз кумирі және оған әбден лайықты. Голубенко сапалы ойын көрсетіп, Қазақстанның намысын әлемдік аренада лайықты қорғап жүр. Туризмді дамыту тұрғысынан бұл елдің өз брендін қалай дамытып, уақытпен бірге келе жатқанын көрсететін тамаша үлгі», – деп атап өтті Александр Белобух.Спорт шолушысы және сарапшы Нұрболат Жомарт отандастарымыздың киберспортты дамытуға белсенді араласуын ескере отырып, Қазақстанда мұндай іс-шараларды өткізуді заңдылық деп санайды.«Осыдан бірнеше жыл бұрын PGL Астанада турнир өткізеді дегенге сену қиын еді. Алайда ұйымдастырушылар ТМД елдерінде Counter-Strike 2 өте танымал екенін және мұнда да үздік ойыншылардың бар екенін көріп отыр. Солардың бірі – mo0N лақап атымен танымал Абдурахим Иса. Ол өте мықты киберспортшы және оның командасы финалға жете алады деп сенгім келеді.Даниил Голубенко қазірдің өзінде тәжірибелі ойыншы, ал турнир иесі ретіндегі трибунадағы жанкүйерлерінің қолдауы маңызды рөл атқаруы мүмкін. Соған қарамастан, турнирдегі бәсекелестік өте жоғары, әсіресе Team Spirit тарапынан», – деп баса айтты сарапшы.Турнирге қатысушылар да PGL Astana 2026 өткізу оқиғалық туризмді дамытуға ықпал ететінін және Астананың ірі киберспорттық іс-шараларды өткізуге арналған халықаралық алаң ретіндегі позициясын нығайтатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1221813?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ПРЕЗИДЕНТКЕ ДЕГЕН СЕНІМ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ КҮЙІНДЕ САҚТАЛУДА 16.05.2026
2026 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша жүргізілген қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижесіне сәйкес, ел Президентіне деген сенім деңгейі 86,7%-ды құрады. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталып, қоғамның елді жаңғырту мен дамыту бағытын қолдайтынын аңғартады.Президентке деген ең жоғары сенім жастар арасында байқалды – 91,4%. Сарапшылар мұны жас буынның мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктерді белсенді пайдалануымен байланыстырады. Атап айтқанда, білім гранттары, түрлі қолдау бағдарламалары, цифрлық қызметтер мен әлеуметтік бастамалар жастардың мемлекетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуде. Сонымен қатар, қазіргі жастар елдің қарқынды даму кезеңінде қалыптасқан буын ретінде ерекшеленеді.Сауалнама нәтижелері қала тұрғындары (86,9%) мен ауыл халқы (86,7%) арасында да Президентке деген сенім деңгейі жоғары екенін көрсетті. Дегенмен, сенімнің қалыптасу себептері әртүрлі. Ауыл тұрғындары мемлекетпен инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік бағдарламалар және түрлі төлемдер арқылы тікелей байланысса, қала халқы көбіне жүйелі реформалар мен өзгерістердің нәтижесіне назар аударады.Ерлер мен әйелдер арасында да Президентке деген сенім жоғары деңгейде. Соның ішінде әйелдердің сенім көрсеткіші ер азаматтармен салыстырғанда 3,8 пайыздық тармаққа жоғары болды.Білім деңгейіне қатысты жүргізілген талдау айтарлықтай айырмашылықтарды анықтаған жоқ. Президентке деген қолдау барлық білім санаттарында бірдей жоғары деңгейде сақталған.Зерттеу деректеріне сәйкес, азаматтардың сатып алу қабілеті артқан сайын Президентке деген сенім деңгейі де өсе түседі. Бұл халықтың экономикалық жағдайға берген оң бағасы мен мемлекеттік саясатты қолдауы арасында өзара байланыс бар екенін көрсетеді.Жалпы алғанда, сауалнама нәтижелері Президентке деген сенімнің тұрақты сипатқа ие екенін көрсетті. Бұл көрсеткіш білім деңгейіне тәуелді емес, қала мен ауыл арасында айтарлықтай өзгермейді және барлық жас санаттарында сақталып отыр. Осылайша, қоғамның елдің даму бағытына жүйелі қолдау білдіретіні байқалады.*Әлеуметтік сауалнама 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Зерттеуге 8 000 респондент қатысты. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан тұрғындары қатысқан.