Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді

17.05.2026 10:23:34 303

2026 жылғы 16 мамыр – Қазақстан жіберген гуманитарлық көмегін Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамына табыстау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Иран Ислам Республикасына 30 вагон гуманитарлық көмек жеткізілді: консервіленген ет, қант, ұн, медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектер. Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмек Иран Ислам Республикасының халқына қолдау көрсетуге және әлеуметтік маңызы бар қажеттіліктерді өтеуге бағытталған.

Іс-шараға Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Оңталап Оңалбаев, Иран Қызыл Жарты ай қоғамының өкілдері және Хорасан-Резави провинциясындағы (Машһад) Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің өкілдік басқармасының басшысы Голам Аббас Арбаб Халес қатысты.

Салтанатты рәсімде Қазақстан елшісі елдің сыртқы саясаты көршілестік, достық және өзара құрмет негізінде Иранмен қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Қазақстандық дипломат Иранның Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі Қазақстанның негізгі саяси, сауда, экономикалық және гуманитарлық серіктестерінің бірі екенін ерекше атап өтті.

«Анық достың қадірін, зарыққанда білерсің», – деді елші, Қазақстанда әр кезеңде Иран халқына тұрақты түрде қолдау көрсеткенін атап өтті.

Сонымен қатар, қазақ дипломаты дәстүрлі достық пен өзара сенімге негізделген екі ел арасындағы ынтымақтастықтың үздіксіз және тұрақты түрде нығаятынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілі қазақстандық тарапқа көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдіріп, бұл қадам екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау қатынастарын одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1221769?lang=kk