Облыстық мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу рындарының студенттері арасындағы «New Generation» IT-фестивалінің қорытындысы
14.05.2026 14:58:41 173
2026 жылғы 14 мамырда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы алаңында мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері арасында «New Generation» IT-фестивалі өтті.
Көрмеде білім беру саласындағы жаңа инновациялық технологиялар таныстырылып, талқыланды, қатысушылар IT-жобаларды әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты.
Қатысушылар өз жұмыстарын «Maker Fest», «Junior Skills», «Robotime», «ClusterPro» атты 4 сектор бойынша таныстырды.
Салтанатты бөлімде көрме қатысушыларына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Е.Ж. құттықтау сөз сөйледі.
«SKILLS FOR GEEKS 2026» облыстық чемпионатының жеңімпаздарын ШҚО әкімінің орынбасары Нұрғалиев Е.Ж. марапаттады. ІІІ орын алған Глубокое ауданының командасы (10+) мен Зайсан ауданының командасы (14+) қола медальдар жиынтығымен, кубоктармен және бағалы сыйлықтар – смарт-сағаттармен марапатталды. ІІ орын алған Өскемен қаласының командалары (10+ және 14+) күміс медальдар жиынтығын, кубоктар мен бағалы сыйлықтар – құлаққаптарды иеленді. Ал Риддер қаласының құрама командасы (10+) мен Шемонаиха ауданының командасы (14+) чемпионат жеңімпазы атанып, алтын медальдар жиынтығы мен бағалы сыйлықтар – ақылды колонкаларға ие болды.
Облыс педагогтері арасындағы «IT-Ūstaz 2026» байқауының жеңімпаздарын Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Окасов Куат Барысович құттықтады. ІІІ орын үшін ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Сагандыкова Жанна Толегеновна сымсыз құлаққап табысталды. ІІ орын иегері – ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытнопольская орта мектебі» КММ мұғалімі Самойлов Иван Вячеславович ноутбукпен марапатталды. Ал байқау жеңімпазы – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Әлкенова Мөлдір Сайлаубекқызына бағалы сыйлық – моноблок табысталды.
Фестиваль қорытындысы бойынша тәуелсіз сарапшылар үздік IT-жобаларды анықтады, ал «Көрермен көзайымы» жүлдесі фестиваль қонақтарының онлайн-дауыс беруі арқылы белгіленді.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Окасов Куат Барысович фестиваль жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтарға сертификаттарды салтанатты түрде табыстады. Байқау жеңімпаздары:
Гран-при – «Ақылды электр тоғы: материалдың электр өткізгіштігі негізінде интерактивті ашық хаттар мен мультисенсорлық білім жинағын жасау» жобасы, Өскемен қаласы, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, Буньков Егор, сыйлық – ноутбук.
І орын – «Ақылды ауыл: ауылдық жерлерге арналған инновациялық шешімдер» жобасы, Тарбағатай ауданы, «Абай атындағы орта мектеп» КММ, Бауыржанова Қымбат, Ташенов Ералы, сыйлық – планшет.
ІІ орын – «CubeSat шағын жерсеріктер моделін жасау: KAZ-FireWatch AI» жобасы, Зайсан ауданы, «Кеңсай орта мектебі» КММ, Жүнісбекова Перизат, Саянқызы Инабат, сыйлық – смартфон.
ІІІ орын – «Биомаркерлер мен жасанды интеллект технологияларына негізделген II типті қант диабетін ерте диагностикалаудың цифрлық жүйесі» жобасы, Өскемен қаласы, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, Кондрашов Кирилл, Барамбаев Алихан, сыйлық – құлаққап.
«Көрермен көзайымы» жүлдесін «Оқушылардың кітап оқуын бақылаудың интеллектуалды жүйесін әзірлеу» жобасы жеңіп алды. Жоба авторы – Алтай ауданы, «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ оқушысы Лапина Анастасия. Сыйлық – портативті колонка.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1220000?lang=kk