Халықаралық отбасы күні мен Қазақстандағы Аналар күніне орай аймақтың практик-психологтарымен бірлесіп, «Үйлесімді балалық шаққа бірге» атты ата-аналарға арналған фестиваль

Халықаралық отбасы күні мен Қазақстандағы Аналар күніне орай аймақтың практик-психологтарымен бірлесіп, «Үйлесімді балалық шаққа бірге» атты ата-аналарға арналған фестиваль

14.05.2026 14:58:44 168

13 мамыр күні ШҚО Білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы» КММ Халықаралық отбасы күні мен Қазақстандағы Аналар күніне орай аймақтың практик-психологтарымен бірлесіп, «Үйлесімді балалық шаққа бірге» атты ата-аналарға арналған фестиваль өткізді.

Фестиваль ата-ана мен бала арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ашық диалог, өзара қолдау және тиімді шешімдер іздеу алаңына айналды. Шара барысында қатысушылар пайдалы мағлұматтар алып қана қоймай, бала тәрбиесіне, эмоционалдық саулық пен отбасылық қарым-қатынас мәселелеріне жаңа қырынан қарауға мүмкіндік алды.

«PRO-родительство: ЗЕРКАЛО», «Ресурс для неидеальной мамы», «Баламен тілдесу сырлары» және «Эмоциялық тұрақтылық» фестиваль алаңдарында ата-аналар баласын тыңдай білуді, өз сезімдерін түсінуді және отбасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуды үйренді.

Ата-аналардың эмоционалдық жай-күйіне, баланы қолдау дағдыларын дамытуға, отбасындағы жылы атмосфераны қалыптастыруға және ананың ішкі ресурсын сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Тәжірибелік жаттығулар мен тренинг элементтері қатысушыларға «жанды» қарым-қатынастың, эмпатия мен өзара түсіністіктің құндылығын сезінуге көмектесті.

Фестиваль қатысушыларға тек тәжірибелік құралдар ғана емес, сонымен қатар қолдау сезімін, шабыт және бақытты балалық шақ — қамқорлықтан, сүйіспеншілік пен саналы ата-ана болудан басталатынына деген сенімділік сыйлады. Іс-шараға 54 ата-ана қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1219997?lang=kk