Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Аймақ басшысы ел ағаларымен кездесті 12.05.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев алғашқы жұмыс сапарын Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешенінде ел ағалары, зиялы қауым өкілдері және ардагерлермен кездесуден бастады.Оған Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев,облыстық мәслихат төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыстық, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.Кездесуде аймақ басшысы ақсақалдардың ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталып, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен ой-пікірлері қашанда маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, ел ағаларының ұсыныстары мен ақыл-кеңестері әрдайым ескерілетінін жеткізді.Ардагерлер облыс басшысының алдағы істеріне сәттілік тілеп, алғашқы қадамды жиналыстан емес, киелі орыннан, тағылымды кездесуден бастағанына ризашылық білдірді.Мұрат Нәлқожаұлы Марал ишан кесенесіне де арнайы барып, ондағы атқарылған жұмыстармен және қазіргі жағдайымен танысты.Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырым жердегі кесененің төлқұжаты облыстық бюджет есебінен жаңартылып, қорғау тақтасы орнатылды. Жергілікті маңызы бар микросакралды киелі орындар тізіміне енгізілді. Ал 2018 жылы аудандық бюджет есебінен жаңғыртылып, облыстық бюджет қаржысына 3D форматтағы интерактивті карта әзірленді.2024 жылы облыстық бюджеттен 252,3 млн теңге бөлініп, 6,5 шақырым «Жалағаш – Жосалы – Марал ишан» автомобиль жолы жөнделді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1217495?lang=kk
II Халықаралық "Заң мен тәртіп" фотобайқауы басталды 12.05.2026
     Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады.     Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:     1. "Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі"     2. "Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар"     3. "Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады"     Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.     Қатысу талаптары:     Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;     Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;     Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;     Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.     Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1217510?lang=kk
Ұлы Жеңіс күніне орай Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішінде еске алу шарасы өтті 12.05.2026
Сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін от кешіп, бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасалды.Ер есімі - ел жадында. Ұрпаққа тыныштық пен тәуелсіздік сыйлаған қаһармандардың ерлігі мәңгілік ұлықталады. Шара барысында майдангерлер рухына бір минут үнсіздік жарияланып, құран бағышталды."Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды" - бұл ұлы ұстаным ұрпақ жадында мәңгі сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1217462?lang=kk
Жеңіске қосылған тылдағы еңбек ел есінде 12.05.2026
Ел үшін еңбек етіп, бейбіт күн орнауына үлес қосқан аға буын өкілдері әрдайым құрметке лайық. Осыған орай бүгін 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне байланысты аудан әкімі Жандос Еркінбек тыл ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.Аудан басшысы алдымен тыл ардагері Зинеп Оқасованың үйіне барып, Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған ізгі тілегін жеткізді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен қатар келген аяулы жан мектеп қабырғасында жүрген уақыттан тылдағы жұмыстарға белсене араласып, ел игілігі жолында еңбек етті. Көпжылдық еңбегі үшін “Еңбек ардагері” медалімен марапатталған ардақты ана бүгінде үлкен әулеттің алтын діңгегіне айналып отыр.Мұнан соң аудан әкімі Тәжіхан Бұхарбаевтың шаңырағына барып, құрмет көрсетті. Ақжар ауылында дүниеге келген Тәжіхан Кетеғұлұлы жастайынан еңбекке араласып, түрлі салада абыройлы қызмет атқарған. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсірген қария бүгінде немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.Сонымен қатар Жандос Еркінбек ауданымыздың Құрметті азаматы Иса Бисеновтің шаңырағына арнайы барды. Иса Бисенов саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған. Әскери борышын өтеу кезінде Вьетнам соғысы қимылдарына қатысты. Ел алдындағы ерен еңбегі мен азаматтық болмысы үшін көптеген медальдармен және халықаралық деңгейдегі марапаттармен наградталған.Кездесу барысында аудан әкімі ардагерлердің ел үшін жасаған қызметі әрдайым құрметке лайық екенін жеткізіп, мерекеге орай «Алғыс хат» табыстап, құрмет көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1217473?lang=kk
«Ұмытылмас ерлік, өшпес даңқ» 12.05.2026
Ұлы Жеңіс күні – бейбіт өмір мен азат болашақ үшін жан аямай күрескен майдангерлердің ерлігіне тағзым ететін, батыр бабалардың рухын ұлықтайтын мереке. Ұрпаққа тыныш өмір сыйлаған ардагерлердің есімі мен жанқиярлық ерлігі әрдайым ел жадында сақталады.Осыған орай бүгін «Тағзым» алаңында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұмытылмас ерлік, өшпес даңқ» атты еске алу шарасы өтті. Тағылымы мол шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар және аудан тұрғындары қатысты.Салтанатты жиын Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алудан басталып, «Мәңгілік алау» маңында майдан даласында жанын қиған батырлардың рухына тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.Сондай-ақ майдангерлерді еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланып, тұрғындар ерліктерін еске алды.Шара барысында сөз сөйлеген аудан басшысы Ұлы Жеңістің тарихи маңызына тоқталып:-Біз Отан үшін от кешкен ерлердің рухына мәңгілік тағзым етіп, олардың алдында бас иеміз. Ұлы дала батырларының қайсар рухын халық болып ұлықтау –перзенттік парызымыз. Бірліктің бұл ұлы күші ұрыс даласында ғана емес, тылдағы қажырлы еңбек те Жеңістің басты негізіне айналды. Әкелеріміз бен аналарымыздың қызметі халқымыздың жадында мәңгі сақталады.Тәуелсіздігіміз берік болуы, еліміздің өркендеуі де осынау мерекенің жемісі. Сондықтан әрқашан аспанымыз ашық, еліміз аман болсын! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын, – деп атап өтті.Айта кетсек, Ұлы Отан соғысына елімізден 1 миллионнан астам азамат аттанып, олардың жартысына жуығы майдан даласынан оралмаған. Осы жолда киелі Қармақшы ауданынан 5000-ға жуық батырларымыз сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, жеңіс туын желбіретуге үлестерін қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1217444?lang=kk
Жезқазғанда Ұлттық ұлан батыры Айбат Амановты еске алу турнирі аяқталды 12.05.2026
Жезқазғанда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі, III дәрежелі "Айбын" орденінің иегері Айбат Амановты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан І Республикалық турнир аяқталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік бокс шеберлері үш күн бойы 15 салмақ дәрежесінде қолғап түйістірді.Ұлытау бокс федерациясы төрешілер алқасының төрағасы, Халықаралық санаттағы судья Сайлау Жұрыновтың айтуынша, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткен турнир болашақта дәстүрге айналмақ.Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды Ұлытау облысының боксшылары жеңіп алды. Екінші орынды Абай облысының спортшылары, ал үшінші орынды Маңғыстау облысының командасы иеленді.Әр түрлі салмақ дәрежесінде ерлер арасында Мадияр Закенов (50 кг), Нұрасыл Оңғарбай (55 кг), Ерасыл Аманғалиев (60 кг), Ердәулет Сайт (65 кг), Санжар Серікжан (70 кг), Нұрасыл Дахбай (75 кг), Данияр Океинов (80 кг) және Никита Касторнов (90 кг) жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында алтын медальдарды Айбегім Қажымұхан (51 кг), Гүлнар Тұрапбай (54 кг), Айдана Забынбекова (57 кг), Камила Қайнарбаева (60 кг), Әсем Таңатар (65 кг) және Роксолана Валиева (70 кг) жеңіп алды.Ұйымдастырушылар қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін және жекпе-жектің әсерлі болғанын атап өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.Үздік боксшыларды Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы, "Орталық" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Нұрлан Мұхамедов, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының өкілі Қуаныш Қожахметов, сондай-ақ Айбат Амановтың ата-анасы Ербол Аманұлы мен Гүлназ Әлкенқызы марапаттады.Ерлер арасында ең техникалық боксшы деп Нұрасыл Оңғарбай (55 кг), ал әйелдер арасында Айдана Забынбекова (57 кг) танылды. "Жеңіске деген ерік-жігері үшін" арнайы жүлделері Ернар Қарап (50 кг) пен Диана Серікбаеваға (51 кг) бұйырды.Марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар алдағы жылдары жарысты халықаралық деңгейге шығаруға ниетті екендіктерін хабарлады.Айта кетейік, Айбат Аманов Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Жас кезінен бокспен айналысып, бірнеше рет облыстық және республикалық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері атанған, облыс құрамасының құрамында өнер көрсеткен. Әскери антына ақтық демі қалғанша адалдық танытқан ержүрек ұландық жауынгерді еске алуды бүгінде оның әріптестері, жерлестері және елдің спорт қауымдастығы азаматтық міндет санайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Айбат Аманов қайтыс болғаннан кейін III дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1217452?lang=kk
Жеңіс – ұрпақтар жүрегінде! 12.05.2026
9 мамыр күні Бейімбет Майлин ауданында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған шара өтті.Мемориал алаңына жиналған аудан тұрғындары мен қонақтары Отан үшін жанын қиған батырларды еске алып, тағзым етті. Шара барысында қаза болған ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.Әсерлі шығармашылық бағдарлама көпшілік көңілінен шықты. Соғыс жылдарындағы әндер көрермен жүрегіне ерекше әсер сыйлады. Бұл күн – ерлік пен елдік рухын ұлықтап, батырлар ерлігін келер ұрпақ жадында сақтаудың маңызын тағы бір мәрте айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1217410?lang=kk
Ұландық спортшы "Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды 12.05.2026
Астанада дзюдодан ең ірі халықаралық турнирлердің бірі — "Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026" өтті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында әлемнің 36 елінен жиналған 700-ге жуық спортшы белдесті. Олардың арасында олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, Әлем чемпиондары, сондай-ақ әлемдік рейтинг көшбасшылары бар. Беделді халықаралық турнирде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі — 5511 әскери бөлімі жедел мақсаттағы ротасының атқышы ретінде қызмет өткеріп жүрген қатардағы жауынгер Жалғас Қайролла жоғары нәтиже көрсетті. Жекпе-жектерде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сенімді түрде өнер көрсеткен ұландық сарбаз турнирдің алтын медалін жеңіп алып, жеке есепте бірінші орынды иеленді. Айта кетейік, қатардағы Жалғас Қайролла дзюдодан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Абай облысы Семей қаласының тумасы, әскери қызметке 2025 жылы шақырылған. Құқықтық тәртіп әскері спортшысының халықаралық аренадағы жарқын жеңісі — қазақстандық спортшылардың жоғары дайындық деңгейінің көрсеткіші және ұландықтардың үлкен спортта ел атынан лайықты өкілдік ететіндігінің дәлелі болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1217414?lang=kk
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында істен шыққан көше жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 12.05.2026
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында істен шыққан көше жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1217430?lang=kk
«Жеңіс жолы: тұлғалар мен оқиғалар тарихында» 12.05.2026
Жеңістің кезекті жылдығы қарсаңында ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері «Жеңіс жолы: тұлғалар мен оқиғалар тарихында» атты танымдық экскурсия өткізіп, оған Шығыс Қазақстан облысы мен Қазақстанның Ұлы Отан соғысы батырлары арқау болды.Экскурсия барысында оқушылар Ұлы Отан соғысының негізгі оқиғаларымен танысып, Жеңіс жолында зор үлес қосқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен жанқиярлығын білді. Ерекше назар Т. Тоқтаров, С.Нұрмағамбетов, И.Айтықов, Қ. Қайсенов, В. Мызы, Т.Бегелдинов, Ә. Молдағұлова, М. Мәметова, Б.Момышұлы, Л.Беде және т.б. батырларға аударылды. Экскурсияға қатысушыларға жерлестерінің ерлік істері, олардың жауынгерлік жолы мен марапаттары туралы айтылды. Оқушылар есімдері Қазақстан Республикасының тарихына мәңгі жазылған адамдардың шынайы өмір жолдарымен танысып, сонымен қатар соғыс кезеңіне қатысты мұрағаттық материалдар, фотосуреттер мен экспонаттарды көрді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1217434?lang=kk
Михайлов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 12.05.2026
       2026 жылғы  22 мамырда   Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың Михайлов ауылдық округінің тұрғындарымен  кездесуі  өткізіледі:     Өткізілетін орны: Михайловка  ауылы, мәдениет үйінің ғимараты, сағат 10:00.          Тұрғындарымен  кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде.  Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-87  нөмірі бойынша  WhatsApp чаттары арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1217435?lang=kk
Ұлы жеңіс жасасын. 12.05.2026
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай еске алу және мерекелік іс-шаралар өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-taskarasu/press/news/details/1217398?lang=kk
"Таза Қазақстан" Экологиялық акциясы Ереулітөбеде жалғасын тапты 12.05.2026
Ұлт - азаттық көтерілісінің 110 жылдығы қарсаңында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы қасиетті Қарқара ауылының төріндегі Ереулітөбе тарихи ескерткішінде өтті. Тарихы тағылымға толы, табиғаты тұмса мекенде бұл игі шара - өткенге тағзым жасап, туған жерге деген жанашырлық арттырған маңызды бастама болды. Осындай киелі жерде өткен тазалық акциясы - тарихқа тағзым мен табиғатқа қамқорлықтың тағылымды үлгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1217382?lang=kk
«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты салтанатты жиын. 12.05.2026
Бастаушы ауылдық округі бойынша 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ардагерлерге арналған ескерткіш алаңында «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты салтанатты жиын өтті. Тағылымды шара барысында Отан үшін жанын қиған боздақтар рухына тағзым жасалып, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі құрметпен еске алынды. Жиналған қауым Жеңіс жолында ерлік көрсеткен батырлардың рухына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух қалыптастырып, тарихи жадымызды жаңғырту, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру болды.Салтанатты жиыннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Абай атындағы орта мектебінің ауласында көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді. Табиғатты аялауға бағытталған игі іске ауыл тұрғындары, ұстаздар мен жастар белсене қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1217386?lang=kk
Өнеркәсіптің өңдеу секторының өсуі төрт айда 9,9%-ға жеделдеді 12.05.2026
Экономиканың өсу қарқыны төртінші ай жеделдеуде.ҰСБ алдын ала дерегі бойынша, 2026 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанның ЖІӨ өсуі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,6%. Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсу серпіні айтарлықтай жақсарды (2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ өсуі 3%)Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс оң аймаққа шықты – нақты көлем индексі 102,1% болса, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 99,9%-ға төмендеу тіркелді.Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторын жеделдету болып, онда өндіріс қаңтар-наурыздағы 8,5%-ға қарағанда 9,9%-ға өсті.Машина жасаудағы жоғары өсу қарқыны (өсу 23,3%) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірісінде 2,3 есе, жиһаз өндірісінде 41,7%, фармацевтика өнімінде 35,2%, құрылыс материалдарында 27,7%, химия өнеркәсібінде 18,4%, тамақ өнімдерінде 14,4% өсу байқалады. Тау-кен өнеркәсібінде төмендеу сақталғанмен (92,7%), оның қарқыны бірінші тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай бәсеңдеді (88,6%). Бұл өндірістің біртіндеп қалпына келуін және мұнай секторының жалпы экономикалық динамикаға теріс үлесінің азаюын көрсетеді.Тұтастай алғанда, жылдың алғашқы төрт айындағы экономиканың оң серпіні негізгі секторлардағы орнықты өсумен қамтамасыз етілді. Ең жоғары өсу қарқыны мына салаларда тіркелді:құрылыс-114,5%; көлік және қоймалау – 112%;өңдеу - 109,9%;сауда – 105,1%;ауыл шаруашылығы-103,6.Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсуінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1217363?lang=kk
2026 жылғы 5 мамырда аудан әкімдігінің отырысы өтті 12.05.2026
Әкімдік отырысына ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылды.Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауығуын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру туралы;Жақсы ауданын күрделі жөндеу және жасылдандыру жұмыстарын жүргізу туралы.Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.Кеңестің күн тәртібінде «Жақсы ауданында халықтың, соның ішінде жастардың көші-қонын болдырмау бойынша Жол картасының тармақтарын орындау туралы» мәселесі қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1217357?lang=kk
Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі Маутхаузен мемориалдық кешеніндегі салтанатты іс-шараға қатысты 12.05.2026
Вена, 2026 жылғы 10 мамыр — Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігі бұрынғы концлагерь — Маутхаузен мемориалдық кешенінің азат етілуіне және нацизм құрбандарын еске алуға арналған еске алу іс-шараларына қатысты.Салтанатты рәсім Екінші дүниежүзілік соғыс қасіретінің ең ірі символдарының бірі әрі фашистік режимнің ондаған мың құрбандарының естелігі сақталған орын болып табылатын Маутхаузен мемориалдық кешенінің аумағында өтті. Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, Аустрия басшылығы, халықаралық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ лагерьдің бұрынғы тұтқындарының туыстары қатысты.Қазақстан тарапының еске алу іс-шараларына қатысуы нацистік лагерьлер жағдайында фашизмге қарсы күресте ерлік, рух күші мен қайсарлық танытқан Қазақстаннан шыққан батырлардың рухына деген терең құрмет пен тағзымның белгісі болды.Маутхаузен мемориалдық кешенінің аумағында нацистік лагерьлердің құрбаны болған қазақстандықтарды еске алуға арналған Қазақстандық мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды.Олардың ерлігі Қазақстан халқының тарихи жадында ажырамас орын алады, ал мемориалдық тақта Қазақстан халқының бостандық пен бейбітшілік жолындағы ортақ күреске қосқан үлесін бейнелейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1217340?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Бразилияның СІМ басшысымен келіссөздер өткізді 12.05.2026
11 мамыр, Астана - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ресми сапармен Астанаға келген Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Мауро Виейрамен келіссөздер өткізді.Тараптар қазақстан-бразилиялық қатынастарды одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растап, саяси диалогтың жүйелі дамуын және түрлі деңгейлердегі байланыстардың кеңеюін атап өтті.Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өзара тауар айналымын ұлғайту, жеткізілімдер номенклатурасын кеңейту және екі елдің іскер топтары арасындағы ықпалдастықты жандандыру, оның ішінде Іскерлік кеңестің кезекті отырысын өткізу мәселелері қаралды.Аграрлық саладағы ынтымақтастықтың келешегі жеке талқыланып, соның ішінде бразилиялық салалық құрылымдардың қатысуымен бірлескен жобаларды дамыту және Қазақстанның ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізу мәселелерімен қамтылды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары халықаралық алаңдарда, оның ішінде БҰҰ аясында күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтіп, жаһандық күн тәртіптегі өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты әріптестікке қосымша серпін беруге және ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1217350?lang=kk
Мемлекет басшысы Бразилия Сыртқы істер министрін қабылдады 12.05.2026
11 мамыр, Астана - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі МауроВиейраны қабылдады.Мемлекет басшысы министрдің сапары Бразилияның Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастығын нығайтуға бейілділігін растайтынын атап өтті. Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы негізгі серіктесі ретінде қарастырылады.Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты дамытуға ерекше назар аударылды, оның ішінде өзара сауданы әртараптандыру және Бразилияның жетекші компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықтың келешегі, оның ішінде технологиялар алмасу және мал шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды дамыту мәселелері жеке талқыланды.Әңгімелесушілер халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ мен БРИКС аясындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын және Тұрақты даму, кедейлікті азайту және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша Ғаламдық Оңтүстік елдерінің күш-жігерін үйлестіру қажеттігін атап өтті.Бразилияның Сыртқы істер министрі екіжақты қатынастарға қосымша серпін беруге және оларды сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін растады. Сонымен қатар, ол Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалады.Кездесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртіптегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1217351?lang=kk
Гонконгта жаһандық денсаулық сақтау саласындағы инновациялар мен инвестициялар талқылануда 11.05.2026
2026 жылғы 11-13 мамыр аралығында Гонконг конвенциялар және көрме орталығында HKTDC Гонконг халықаралық медициналық және денсаулық сақтау жәрмеңкесі мен Жаһандық денсаулық сақтау бойынша Азия саммиті (ASGH) өтуде.Аталған халықаралық іс-шаралар Азия өңіріндегі денсаулық сақтау саласындағы инновациялар мен инвестицияларды дамытуға бағытталған жетекші алаңдардың бірі саналады. Биыл 17-рет ұйымдастырылып отырған медициналық жәрмеңкеге әлемнің түкпір-түкпірінен 300-ден астам компания мен ұйым қатысып, биотехнология, медициналық техника, аурухана жабдықтары, зертханалық шешімдер, телемедицина, цифрлық денсаулық сақтау, оңалту және стартап жобалар бағытындағы заманауи өнімдері мен технологияларын ұсынуда.Көрме аясында роботтандырылған хирургия, виртуалды шындық (VR), сенсорлық және киілетін технологиялар, телемедицина, қартаюға қарсы және оңалту өнімдері секілді денсаулық сақтау саласындағы озық инновациялық шешімдер таныстырылуда.Іс-шараға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов және облыстың бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарының директорлары қатысуда. Делегация халықаралық тәжірибе алмасып, медициналық технологиялардың соңғы жетістіктерімен танысып, денсаулық сақтау саласындағы әріптестік байланыстарды нығайту бағытында кездесулер өткізуде.Жаһандық денсаулық сақтау бойынша Азия саммиті аясында әлемдік деңгейдегі сарапшылар, инвесторлар, ғылыми қауымдастық өкілдері мен бизнес көшбасшылары денсаулық сақтау жүйесін дамыту, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылауда.оборудования и здравоохранения HKTDC Hong Kong International Medical and Healthcare Fair и Азиатский саммит по глобальному здравоохранению (ASGH).Данные международные мероприятия являются одной из ведущих площадок Азии, направленных на развитие инноваций и инвестиций в сфере здравоохранения. В 17-й международной медицинской выставке принимают участие более 300 компаний и организаций со всего мира, представляющих современные технологии и продукцию в области биотехнологий, медицинского оборудования, больничного оснащения, лабораторных решений, телемедицины, цифрового здравоохранения, реабилитации и стартап-проектов.В рамках выставки демонстрируются передовые инновационные решения в сфере здравоохранения, включая роботизированную хирургию, виртуальную реальность (VR), сенсорные и носимые технологии, телемедицину, антивозрастные и реабилитационные продукты.В мероприятии принимают участие руководитель Управления здравоохранения Алматинской области Ержан Сулейменов, а также директора ряда медицинских организаций региона. Делегация знакомится с последними достижениями медицинских технологий, обменивается международным опытом и проводит встречи, направленные на укрепление партнерских связей в сфере здравоохранения.В рамках Азиатского саммита по глобальному здравоохранению ведущие мировые эксперты, инвесторы, представители научного сообщества и бизнес-лидеры обсуждают вопросы развития систем здравоохранения, внедрения инноваций и расширения международного сотрудничества.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1217334?lang=kk