Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Утегенов Ертуған Кеңесұлы Мунайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына барды 17.04.2026
✅ Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Утегенов Ертуған Кеңесұлы Мунайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына барды.Сапар барысында Ертуған Кеңесұлы қызметкерлердің жұмыс жағдайларымен танысты, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.Сондай-ақ ауданның салық төлеушілері мен басқарма қызметкерлеріне жеке қабылдау жүргізді.Мұндай кездесулер туындаған мәселелерді жылдам шешуге, тәртіпті нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға көмектеседі.📌 Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1203492?lang=kk
Депутаттар теміржол вокзалының жөндеу жұмыстарымен танысты 17.04.2026
  Ақсай қаласындағы теміржол вокзалының  жөндеу жұмыстарымен танысу мақсатында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы ұйымдастырылды.  Комиссия жұмысына мәслихат төрағасы К.Ермекбаев, аудан әкімінің орынбасары М.Нурмаков, облыстық және аудандық мәслихатының депутаттары, «Қазақстан» теміржол вокзалының директоры Б.Темиргалиева қатысты. Депутаттар жөндеу жасап жатқан мердігер «Альтаир» ЖСШ учаске бастығымен кездесіп, жұмыс барысымен  танысты.  Қазіргі таңда «Қазақстан» теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Вокзал ғимараттарының сырты және іші жаңартылып, күту залдары, билет сату орындары, шатырды ауыстыру және сыртқы абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар, инженерлік желілер, жолаушыларға арналған платформалар, поездардың кірме жолдары, жаяу жүргіншілер көпірі жаңартылып, ағымдағы жөндеуден өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1203521?lang=kk
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – мемлекеттік қызметтің басым бағыты 17.04.2026
2026 жылғы 17 сәуірде облыстың Мемлекеттік қызмет істері департаменті өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері қатысып, халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру бағыттары жан-жақты талқыланды.Кездесу барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның негізгі нормаларына ерекше назар аударылды. Қатысушылар мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заң талаптарын сақтау, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қызмет көрсету мерзімдері мен сапа стандарттарын қатаң ұстану мәселелерін қарастырды.Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру, әкімшілік кедергілерді азайту, қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер қозғалды. Қызмет алушылармен кері байланысты күшейту, олардың өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы қарау қажеттігі атап өтілді.Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушылардың құқықтарын бұлжытпай сақтау, заң талаптарын қатаң орындау және қызмет көрсету сапасын жүйелі түрде арттыру бойынша нақты ұсынымдар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1203529?lang=kk
«Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» республикалық әдістемелік интенсив 17.04.2026
2026 жылы 16 сәуір күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» республикалық әдістемелік интенсив өткізді.Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру сапасын арттыру, тірек және шағын жинақты мектептер арасында озық педагогикалық тәжірибе алмасу, сондай-ақ педагогикалық тәсілдер мен оқыту әдістерін жетілдіру болды.Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасында ауылдық білім беруді дамытуға бағытталған «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасын іске асыру мақсатында Тарбағатай ауданы білім бөлімінің КММ «Абай атындағы орта мектебі» тірек мектебінің базасында жеті секциялық отырыс пен пленарлық отырыс ұйымдастырылды.Секция жұмысы білім сапасын басқарудың өзекті мәселелерін қарастыруға, тиімді білім беру технологиялары мен инновациялық шешімдерді енгізуге, цифрлық трансформацияға, көшбасшылық пен кәсіби ынтымақтастықты дамытуға, педагогтердің, оның ішінде «Балалар өнер мектебі» мамандарының біліктілігін арттыруға, сондай-ақ инновациялық бастамаларды іске асыруға бағытталды.Жұмыс барысында қатысушылар практикалық кейстерді ұсынып, ауыл мектептеріндегі цифрлық теңсіздікті азайтуға, жасанды интеллект құралдарын енгізуге, STEM-білім беруді дамытуға, заманауи басқару модельдерін бейімдеуге, сондай-ақ жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталған ұсыныстар әзірледі.Әдістемелік интенсивтің қорытындысы бойынша ауыл мектептерінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, педагог кадрлардың кәсіби әлеуетін арттыруға және білім алушылардың сапалы білімге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған ұсыныстар жинақталып, жүйелендірілді.Іс-шараға білім беру ұйымдарының басшылары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен педагогтер қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 210 адамды құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1203444?lang=kk
Алматы қаласында «Данеш салған әуен» атты көшпелі көрме өтті 17.04.2026
      Қазақстанның халық әртісі, әнші, композитор Дәнеш Рақышевтың 100 жылдығына орай Алматы қаласы мультимедиялық музейі «Ұлы Дәнеш музыкасы - ұлт рухының айнасы» атты концерт өтті. Шара барысында Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі «Дәнеш салған әуен» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеде әншінің ғибратты ғұмыры мен шығармашылығынан сыр шертетін өзі қолданған жеке заттары, фотосуреттері мен құжаттары көрермен назарына ұсынылды. Солардың ішінде әндерінің тізімі жазылған өзінің қолжазбасы, баяны, өзінің дауысын жазған радиола, патефоны көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Көрмені Дәнеш Рақышевтың шәкірті,                           Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейіс, әншінің ұрпағы Гүлнар Дәнешқызы, зиялы қауым өкілдері, өнерпаздар, студенттер қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1203429?lang=kk
Астанада Қарулы күштердің үздік мергендері анықталды 17.04.2026
Астанада Қорғаныс министрлігі, Бас штаб және Қарулы күштер құрылымдық бөлімшелері арасындағы XVI Спартакиада аясында табельдік қарумен атудан чемпионат өтті.Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы ұйымдастырған жарысқа құрамында 246 әскери қызметші бар 40 команда қатысты. Чемпионат ережесіне сәйкес, мергендер Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан дәлдеп ату бойынша екі топта өзара сынға түсті.Алғашқы топта Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері бақ сынасты. Бұл топта жалпы командалық есепте бірінші орынды Ақпараттық технологиялар департаменті иеленсе, екінші орын Әкімшілік департаментіне бұйырды. Ал үшінші орынды Жауынгерлік дайындық департаменті мен Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының біріккен командасы еншіледі.Екінші топта Қарулы күштердің бас басқармалары, басқармалары, әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері сынға түсті. Нәтижесінде 14776 әскери бөлімі бірінші орынға ие болды. Ұлттық қорғаныс университетінің командасы екінші орынға тұрақтаса, үшінші орын Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасына бұйырды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар,ерлер мен әйелдер арасындағы үздік мергендер анықталып, олардың кәсіби шеберлігі ерекше аталып өтті.Мұндай жарыстар әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігін арттырып қана қоймай, бөлімшелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Қатысушылардың айтуынша, чемпионат тәжірибе алмасуға және өзара бәсекелестікті дамытуға жақсы мүмкіндік болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1203434?lang=kk
Кәмпит ішіндегі тосынсый: СҚО-да есірткі жеткізу әрекетінің жолы кесілді 17.04.2026
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №51 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды әдеттегі сәлемдеме арқылы жеткізу әрекетінің жолын кесті.Сотталғандардың біріне арналған сәлемдемені тексеру барысында қызметкерлердің назарын карамель кәмпиттері аударды. Мұқият тексеру кезінде екі тәттінің ішінен қоңыр түсті ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар табылды.Сараптама нәтижесі бойынша анықталғандай, тәркіленген зат — опий. Есірткі затының жалпы салмағы 0,9 граммды құрады.Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды — есірткі құралдарын заңсыз дайындау, алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу.СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде атап өткендей, бұл — ағымдағы жылдың басынан бері тіркелген алғашқы осындай әрекет. Сонымен қатар, өткен жылы №48 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды жеткізудің үш ұқсас әрекетінің алдын алған.Мекемелер аумағына тыйым салынған заттардың өтуіне жол бермеу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1203367?lang=kk
«Спорт мектебі жағдайындағы білім беру жүйесіндегі жаңа талаптарды еңсеру тәжірибесі» тақырыбындағы облыстық семинар 17.04.2026
2026 жылғы 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мен Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі бірлесіп, «Спорт мектебі жағдайындағы білім беру жүйесіндегі жаңа талаптарды еңсеру тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар өткізді.Семинардың мақсаты — спорт мектептері педагогтерінің озық іс-тәжірибесін жинақтау, жүйелеу және тарату болып табылады. Семинарға облыс орталығы мен аудандардан 50-ден астам педагог қатысты.Семинардың теориялық бөлімінде спикерлер қазіргі заманғы білім беру талаптары мен спорт мектептеріндегі оқыту ерекшеліктері бойынша өздерінің үздік іс-тәжірибелерімен бөлісті.Практикалық «Инновациялық панорама» бөлімінде пән мұғалімдері ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізіп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іс жүзінде көрсетті.Қатысушылардың пікірінше, мұндай тәжірибе алмасу алаңдары кәсіби өсу мен жаңа ақпарат алу үшін өте тиімді. Семинар соңында ұстаздар бұл іс-шараның практикалық маңыздылығы жоғары екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1203368?lang=kk
Қазақстанда бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау саласындағы бақылау тәсілі жаңғыртылуда 17.04.2026
    Қазақстанда бухгалтерлік есеп, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру жұмыстары жалғасуда.    Уәкілетті орган ашықтықты арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған өзгерістерді енгізуде.    2026 жылғы 12 қаңтардан бастап бухгалтерлік есеп саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын реттейтін Қаржы министрі мен Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер күшіне енді.    Жаңа редакцияда бұзушылықтардың деңгейлері нақтыланып, тәуекелдерді бағалау критерийлері жаңартылды және тексеру парақтары өзектендірілді. Бұл профилактикалық бақылаудың тиімділігін арттыруға және адал субъектілерге қойылатын талаптарды азайтуға мүмкіндік береді.    Ұқсас өзгерістер бағалау және аудиторлық қызмет салаларында да енгізілді. Жаңа тәсілдер тәуекелдерді бағалау негізінде неғұрлым кешенді және жүйелі бақылауды көздейді.   Маңызды бағыттардың бірі бақылауды цифрландыру. Атап айтқанда, Қаржылық есептілік депозитарийінде деректер алмасу құралдары жетілдірілуде, бұл мониторингтің тиімділігін арттырып, сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.    Сонымен қатар, жария ұйымдардың құжаттарын ұсыну қолжетімді әрі сенімді бола түсуде. Бұл өз кезегінде жекелеген ұйымдардың ғана емес, тұтастай алғанда елдің инвестициялық тартымдылығына оң әсер етеді.    Жалпы алғанда, қабылданып жатқан шаралар әкімшілік жүктемені азайтуға және Қазақстандағы іскерлік ортаны дамытуға бағытталған мемлекеттік бақылаудың икемді әрі заманауи жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1203372?lang=kk
МӘМС жүйесіндегі төлемдерді уақтылы төлемеу: мерзімді сақтаудың маңыздылығы 17.04.2026
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.     «Сақтандырылған» мәртебесі тек соңғы 12 ай ішінде төлемдер үзбей жүргізілген жағдайда ғана беріледі. Ал үзіліс болған жағдайда мәртебе уақытша тоқтатылады, бұл МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке қолжетімділікті шектейді.     Жарналар мен аударымдар ай сайын төленуі тиіс. Олардың толық әрі уақтылы төленуін мемлекеттік кірістер органдары бақылайды. Мерзімдер бұзылған жағдайда өсімпұл есептеледі, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылады.      Мемлекеттік кірістер комитеті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, МӘМС жүйесіне аударымдар мен жарналарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын тұрақты түрде мониторингтен өткізеді.      2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар арасында жарналар мен аударымдарды уақтылы төлемеу жағдайлары жиі тіркелген.      Шектеулердің алдын алу және медициналық көмекке қолжетімділікті сақтау үшін төленбеген кезеңдердің бар-жоғын тексеріп, қажет болған жағдайда өткізіп алған айлар үшін төлем жасаған жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1203395?lang=kk
Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ауыл аумағында иесіз, қараусыз жүрген иттерді аулау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. 17.04.2026
  Құрметті ауыл тұрғындары!Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ауыл аумағында иесіз, қараусыз жүрген иттерді аулау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.Осыған байланысты, өз иеліктеріңіздегі иттерге жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз жібермеулеріңізді сұраймыз.Түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1203409?lang=kk
Қазақстан делегациясы Конго Республикасы Президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты 17.04.2026
Браззавиль, 2026 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Найробидегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі  Барлыбай Садықов Конго Республикасының жаңадан сайланған президенті Денис Сассу Нгессоның салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты.Ұлықтау рәсіміне Браззавильдегі бірқатар елдердің мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус қатысты.Салтанатты рәсім барысында Барлыбай Садықов Қазақстан басшылығынан жылы лебіздерін білдіріп, Денис Сассу Нгессоны ресми қызметке кірісуімен құттықтады, мемлекеттік құрылыста және Конгоның одан әрі дамуында табыс тіледі.Елші Қазақстанның Конгомен саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге мүдделілігін растап, Президент Денни Сассу Нгессоның Қазақстанға сәтті сапарын атап өтті, оның қорытындысы бойынша тараптар қаржы, АКТ, ғарыш және т. б. салалардағы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.Инаугурациялық іс-шаралар аясында қазақстандық дипломат Конго Республикасының ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізіп, аймақтық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолимен және Конго Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, франкофония және шетелдегі конголездіктер ісі жөніндегі Бас хатшысы Гай Нестор Итуамен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.Ұлықтау іс-шаралар шеңберінде қазақстандық дипломат Конго Республикасының ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолимен және Конго Республикасының Сыртқы істер, франкофония және шетелдегі конголездер істері жөніндегі министрлігінің Бас хатшысы Гай Нестор Итуамен кездесті. Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жекелеген мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1203348?lang=kk
Марат Сұлтанғазиев бүлдіршіндердің тұсауын кесті 17.04.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев оңалту орталығындағы ерекше балалардың тұсауын кесті. Бүлдіршіндер Талғар ауданындағы «Ақжол-М» орталығында ем қабылдайды. Олар өмірге деген құштарлығы мен табандылығының арқасында, тиімді ем шараларының нәтижесінде алғашқы қадамдарын жасап, өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Шараға мемлекет және қоғам қайраткері Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және өзге де қоғамдық қор өкілдері қатысып, бүлдіршіндер қадамының нық болуын тіледі. Сондай-ақ тілашар дәстүрінің куәсі болып, балалардың өнерін тамашалады.Аймақ басшысы өз сөзінде бұл кездесудің жөні де, мәні де бөлек екенін атап өтті. «Бүгінгі тілашар – ұзақ уақыт бойғы қажырлы еңбектің жемісі. Бабалардың шешендік қасиеті балаларымыздың бойына дарып, келешекте елінің мақтанышына айналатын қадірлі азамат болуын тілеймін. Тұсаукесер рәсімі – бала қадамының оң болуын тілеп, жолының ашық болуына ниет ететін маңызды жоралғы.Орталық жәрдем сұрап келген әр баланың өміріне сенім ұялатып, үміт отын жағуда. Алдағы жоспарларында қызмет сапасын бұдан да жоғары деңгейге көтеру міндеттері тұр. Біз өз тарапымыздан осы бағыттағы кез келген игі бастаманы әрдайым қолдауға дайынбыз», – деген аймақ басшысы орталық мамандарына ризашылығын білдіріп, тәрбиеленушілерге ізгі тілегін арнады.Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар орталықта дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда 275 балаға көмек көрсетілуде. 2014 жылдан бері мұнда 1000-нан астам бала тегін ем қабылдаған.Өмір жолында кездескен қиын жағдайға мойымай, өмірге құштарлықтың үлгісін көрсеткен жандарға қолдау көрсету облыс әкімдігінің негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1203354?lang=kk
Мемлекеттік наградалар табысталды 17.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ел өміріндегі қоғамдық жұмыстарға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды. Бұл – жерлестеріміздің еңбегіне берілген жоғары баға әрі қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі №1221 Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградалармен марапатталғандар: «Парасат» орденімен:Махаббат Сағынбайұлы ЖутаевҚостанай облыстық мәслихатының әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен:Рафаил Сададдин оглы ГаджибалаевҚостанай облыстық «Бірлік» «Әзірбайжан қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;Дәмер Елтайұлы Қалқаев«Облыстық халық шығармашылығы және кино-бейнеқор орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;Сәкен Балғабайұлы ҚоқышевҚостанай облысы әкімдігі «Қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;Диана Болатқызы РақпановаАхмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы;Наталья Сергеевна Рамазанова«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;Александра Кабдуллақызы Сергазинова«ТоболИнфо» ақпараттық агенттігі жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы;Мәжит Мақсұтұлы ШүленовҚостанай қаласы әкімінің орынбасары. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1203344?lang=kk
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы техникалық реттеу саласындағы позицияларын нығайтуда 17.04.2026
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы техникалық саясатты қалыптастырудағы өз позицияларын сенімді түрде күшейтіп келеді. Бұл бағытта отандық бизнесті қорғау мен оның дамуын қолдауға басымдық беріледі.Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңес қорытындысында мәлім болды. Кеңеске Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаккалиев төрағалық етті.Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететін техникалық реттеудің негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды. Бүгінде Қазақстан интеграциялық үдерістерге қатысып ғана қоймай, олардың күн тәртібін қалыптастырып отыр. Қазақстан бес маңызды құжатты әзірледі. Олардың қатарында үш техникалық регламент пен екі өзгерістер пакеті бар.Барлық бағыттар бойынша жұмыстар белгіленген тәртіпте жалғасуда. Атап айтқанда, осы жылдың 13 наурызында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі мақұлдаған лак-бояу материалдарына қатысты ЕАЭО техникалық регламентінің жобасы қазір одаққа мүше мемлекеттердің қол қою сатысында. Сонымен қатар, мал азығы мен жемдік қоспаларға арналған техникалық регламент жобасы бойынша Ресей Федерациясында ішкі келісу рәсімі әлі аяқталған жоқ. Қалған бастамалар бойынша талқылаулар Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында жалғасуда, бұл ұйым ЕАЭО мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын үйлестіруде маңызды рөл атқарады.Министрдің айтуынша, интеграциялық үдерістер ұлттық басымдықтарға қайшы келмеуі тиіс.«Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 31 млрд доллардан асып, 16,2%-ға өсті. Бұл сауда қатынастарын одан әрі кеңейту әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Осындай жағдайда техникалық реттеу құралдары мен санитарлық-фитосанитарлық шаралар тек нарықты дамыту мен бизнесті қолдауға қызмет етуі тиіс. Тауарлардың еркін қозғалысын шектеуге әкелетін кез келген бастамалар біз үшін қабылданбайды», – деп атап өтті Арман Шаққалиев.Қазақстанда ЕАЭО техникалық регламенттері жобаларын ішкі мемлекеттік келісу рәсімдері ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асырады және оған мемлекеттік органдар, «Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы», сондай-ақ реттеуші әсерді талдау кіреді.ЕАЭО техникалық регламенттері жобалары міндетті түрде реттеуші әсерді талдаудан өтеді. Бұл талдау бизнес пен мемлекет үшін пайда мен шығын арақатынасын бастапқы кезеңде бағалауға мүмкіндік береді. Осы жұмысқа мемлекеттік органдарды, «Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы» мен басқа да мүдделі тараптарды тарту ұлттық экономиканың дамуына бағытталған тиімді әрі теңгерімді реттеуші шешімдер қабылдауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1203282?lang=kk
2025 жылы жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдердің бюджетке түсуі және су қорын қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет қаражатының жұмсалу сомасы 17.04.2026
Қазақстан Республикасының Су кодексінің талаптарына сәйкес басқарма хабарлайды:- Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің деректеріне сәйкес, БЖК 105303 «Жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем» бойынша 2025 жылға бекітілген жоспар 61 447,0 мың теңгені құрайды. Нақты бюджетке 72 426,3 мың теңге түсті, орындалуы – 117,9%. 2024 жылмен салыстырғанда өсім 103,5%-ды құрайды (2024 жылғы түсім – 69 981,0 мың теңге);- Шу-Талас бассейніндегі су объектілерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау мақсатында, 2025 жылғы жоспарына сәйкес, облыс аумағында орналасқан 40 су нысанына (144 722,2 мың. теңге) (Ақсай өзенінде, Көксай өзенінде, Шақпақ өзенінде, Кішкене-Бақаты өзенінде, Ақсу өзенінде, Қарабақыр су қоймасында, Шалке су қоймасында, Қыршабақты өзенінде, Талды бұлақ өзенінде, Актоғай өзенінде, Соғаты өзенінде, Қайындысай өзенінде, Мамай-Қайынды өзенінде, Шолақ-Қайынды өзенінде, Қызтоғансай өзенінде, Жарлысу өзенінде, Б. Қайнар өзенінде, Ащыбұлақ өзенінде, Тогайтал өзенінде, Қоралас өзенінде, Карагоу өзенінде, Жіңішке Западный өзенінде, Жанасай өзенінде, Ырғайты өзенінде, Қалғұтты өзенінде, Қопалысай өзенінде, Шаладыр өзенінде, Кербұлақ өзенінде, Шоқпар өзенінде, Қараултөбе өзенінде, Құлақшынсай өзенінде, Жалқамыссай өзенінде, Дарбаза су қоймасында, Бөлекқызыл су қоймасында, Қазақбай су қоймасында, Ойық су қоймасында, Жәдік су қоймасында, Сарыбалдақ су қоймасында және Жиеналы су қоймасында) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуді көздейтін жұмыс жобасы әзірленіп, Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 2 желтоқсанындағы «Жамбыл облысының аумағындағы су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы»№ 247 Қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) бекітіліп, кеңістік деректері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1203300?lang=kk
Қонаев қаласында жүргізуші куәлігін алуға арналған теориялық емтихан тапсыру сыныбы ашылды 17.04.2026
Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ның филиалында жүргізуші куәлігін алуға арналған теориялық емтихан тапсыру сыныбының ашылғанын хабарлайды.2026 жылғы 16 сәуірден бастап азаматтар емтиханға «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы немесе Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 41 мекенжайында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету секторына тікелей жүгіну арқылы жазыла алады.Емтихан сыныбы толық жабдықталған және заманауи құралдармен қамтамасыз етілген.Емтихан тапсыру үдерісінің ашықтығын, әділдігін және бақылауын қамтамасыз ететін аппараттық бағдарламалық кешен орнатылған.Ғимарат пен материалдық-техникалық база барлық белгіленген талаптарға сәйкес келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1203198?lang=kk
Алматының Бостандық ауданында көше-жол желісін жөндеу жұмыстары жалғасуда 17.04.2026
Алматы қаласының Бостандық ауданында көше-жол желісінің асфальтбетон жабынын ағымдағы жөндеу және жол жабынындағы ақауларды жою бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.Бүгінгі таңда Клочков, А. Кекілбайұлы және Түркебаев көшелерінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта жұмыстар Прокофьев көшесінде (Абай даңғылынан оңтүстік бағытта) жалғасып жатыр.Сонымен қатар, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инженерлік желілердің қарау құдықтарының 1000-нан астам қақпағын ауыстыру жоспарланған.Жөндеу жұмыстарының негізгі көлемі ағымдағы жылдың сәуір–мамыр айларына жоспарланып отыр, әрі қарай жаз мезгілінде жалғасады. Атқарылып жатқан шаралар ауданның жол инфрақұрылымының пайдалану жағдайын жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1203107?lang=kk
Бостандық ауданында жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту жалғасуда 17.04.2026
Жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру жөніндегі жүйелі жұмыстар аясында Бостандық ауданында Үлкен Алматы өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелдерін салу жобалары жүзеге асырылуда. Осылайша, 2026 жылдың қаңтар айында Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес «Свежесть» бау-бақша серіктестігі аумағында Үлкен Алматы өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірі салынды. Бұл аумақтың қолжетімділігін арттырып, тұрғындардың қозғалысы үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта тұрғындардан түскен көптеген өтініштерді ескере отырып, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру мақсатында ауданда екі жаңа жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы және бір қолданыстағы нысанды реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар жарақат алу қаупін азайтуға, тұрғындар үшін қолайлы бағыттар қалыптастыруға және қалалық инфрақұрылымның жалпы байланыстылығын арттыруға бағытталған. Барлық құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуы ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін жоспарланған. Бостандық ауданының әкімдігі қалалық ортаны жақсарту, жаяу жүргіншілерге қолжетімділікті кеңейту және қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1203111?lang=kk
«QUIZ ЖАС БУЫН. ҚАРЖЫ. DIGITAL. ҚҰҚЫҚ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ 17.04.2026
Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» сайысы өтті.«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылған сайысқа қатысқан жастардың топтарына қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, қалалық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Құлатаев, Полиция департаменті басшысының орынбасары Дәулеткелді Абдраманов, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмаз Манатұлы және тағы да басқа білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жетекшілік етті.13 команда интеллектуалдық сайыс барысында қаржылық сауат, құқық және тарих бағыттары бойынша білімдерін сынады. Логикалық ойлау, жылдамдық және командалық үйлесімділік бойынша жарысты.Үш кезеңнің қорытындысы бойынша үздік командалар анықталды:1 орын – «Көшбасшылар» тобы (300 000 теңге);2 орын – «Жастар комитеті» тобы (200 000 теңге);3 орын – «Ауыл жастары» тобы (100 000 теңге).Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен кубоктар табысталды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі