Жаңалықтар
Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы 17.03.2026
Ұлы ақын Ілияс Жансүгіров шығармашылығын насихаттауға арналған республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңіне Бесқарағай ауданынан 4 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар:«Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» – жас ақындар номинациясы ІІІ орын – Амина Бакенова,«Башкөл негізгі мектебі» КММ📖 «Сұлу сөздің сүлейі» – шығарманың көркемдік құрылысына талдау ІІІ орын – Сайлауғазы Гүлвира,«№1 жалпы білім беретін мектеп» КММЖеңімпаздарды облыстық жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!Жас дарындарға шығармашылық табыс, білім мен өнер жолында жаңа жетістіктер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1183422?lang=kk
Білім бөлімінің басшысы мектеп директорларымен онлайн жиналыс өткізді 17.03.2026
Жиналалыста келесі мәселелер қаралды1. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізгенде кәсіпкерлердің құқықтарын шектемеу. Дезинфекция, дезинсекция, дератизацияға заң талаптарын сақтай отырып келісім-шарт жасасу мәселелері;2. Аудандағы барлық мектептер цифрлық ресурстармен қамтылу туралы;3. Бюджеттің игерілуіжәне т.б. ағымдағы сұрақтар қаралды.Сонымен қатар, білім бөлімінің басшысы аяз күндері ата-аналар және оқушылармен тығыз байланыста болып, қауіпсіздік шараларын үнемі назарда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1183366?lang=kk
Білім бөлімінің басшысы М.Кәдірбеков онлайн жиналыс өткізді. 17.03.2026
Бүгін білім бөлімінің басшысы М.Кәдірбеков мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагогтардың қатысуымен онлайн жиналыс өткізді.Жиналалыста келесі мәселелер қаралды:1. Педагогтердің білімін бағалау тестілеуі бойынша - Нургожанова Куралай Серикжановна, білім бөлімінің методикалық кабинетінің меңгерушісі;2. Тәрбие мәселесі - Масалимова Жибек Кайратовна, білім бөлімінің бас мамамы;3. Азаматтардың арыз-шағымдары, Е-өтініш базасымен жұмыс туралы;Сонымен қатар, білім бөлімінің басшысы сабақтын тыс демалыс күндері ата-аналар және оқушылармен тығыз байланыста болып, қауіпсіздік шараларын үнемі назарда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1183383?lang=kk
Жапонияның Қоршаған ортаны қорғау министрі Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды 17.03.2026
Токио, 2026 жылғы 17 наурыз - ҚР Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның қоршаған ортаны қорғау министрі Хиротака Ишихарамен кездесу өткізіп, оны еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның нәтижелерімен таныстырды.Тараптар сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес және «жасыл» технологияларды енгізу жөніндегі бірлескен шараларға назар аудара отырып, орнықты даму және экологиялық сын-тегеуріндерге қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.Елші жапондық саясаткерді Қазақстанның БҰҰ шеңберінде Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы хабардар етіп, оны елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау, сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдарына бейімделу тәсілдерімен таныстырды.Е.Баударбек-Қожатаев Министрге 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін және бизнес пен сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен климаттың өзгеруі және орнықты даму мәселелерін талқылау және «жасыл» инвестицияларды тарту үшін Орталық Азияның негізгі платформасы болатын Өңірлік экологиялық саммиттің бағдарламасын ұсынды.Өз кезегінде Х.Ишихара жапон тарапының саяси деңгейде Өңірлік экологиялық саммитке қатысуын растай отырып, Токионың жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі белсенді ұстанымын мәлімдеді. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары аясында қол қойылған екі елдің тиісті мекемелері арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумның маңыздылығын атап өтіп, экологиялық таза технологияларды енгізуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған Бірлескен кредиттік тетік (JCM) шеңберінде жобаларды іске асыруға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1183395?lang=kk
Ақмола облысында танымдық туризмге арналған ерекше орын бар 17.03.2026
Бұл жерде әрбір адам өткеннің атмосферасына еніп, еліміздің тарихы, мәдениеті мен дәстүрлерін жақынырақ тани алады.Мультимедиялық интерактивті кешен — тек көріп шығатын орын емес, нағыз әсер алатын кеңістік. Мұнда жаңа білім алып қана қоймай, уақытты пайдалы әрі қызықты өткізуге болады: экскурсияға келіңіз, отбасыңызбен демалыңыз немесе балалармен бірге танымдық сапар ұйымдастырыңыз.Кешен екі қабаттан тұрады және 9 тақырыптық аймақты қамтиды. Заманауи технологиялар — LED-экрандар, голограммалар, сенсорлық панельдер мен интерактивті платформалар арқылы қазақ халқының тарихы жаңа форматта ұсынылған.Ақмола облысы — тек табиғат емес, терең тарих пен мәдениетті сезінетін өңір.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1183323?lang=kk
Қосылған құн салығының артық сомасын қайтарудың жеңілдетілген тәртібі 17.03.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілендіруде бірқатар маңызды өзгерістерді көздейтін жаңа Салық кодексі күшіне енді. Маңызды жаңашылдықтардың бірі қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша артық соманы қайтарудың жеңілдетілген тәртібін қолдану аясын кеңейту болды.Қазақстан Республикасында ҚҚС артық сомасын қайтару салықтық тексерулер жүргізумен қатар жүретін. Бұл көбінесе уақыттың шығындалуына және салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктеменің артуына әкелетін. Осыған байланысты салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бағыттарының бірі ретінде ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін енгізу және оның қолданылу аясын кеңейту қарастырылды.2026 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің қабылдануы салық жүйесін реформалаудың маңызды кезеңі болып табылады және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға және елдің экспорттық әлеуетін қолдауға бағытталған.Ағымдағы жылы жүргізілген салық реформасы аясында Қазақстанда ҚҚС артық сомасын жеңілдетілген тәртіппен қайтару тетігі айтарлықтай кеңейтілді. Бұрын бұл тәртіп арнайы тізімдерге енгізілген және қатаң талаптарға сәйкес келетін шектеулі салық төлеушілер тобына ғана қолданылатын.Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 127-бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап артық соманы қайтарудың жеңілдетілген тәртібін келесі салық төлеушілер қолдана алады:1.салықтықмониторингтетұрғанжәнекүнтізбелікжылішінденөлдікмөлшерлемебойыншасалықсалынатынөткізуайналымдарынжүзегеасырғанда;2.салық кезеңі ішінде жалпы салық салынатын өткізу айналымының кемінде 50 пайызы нөлдік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылған өткізу айналымынан тұратын салық төлеушілер.Салықтың артық сомасы келесі шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда қайтарылады:1.қайтарутуралыталапұсынылғанкүнгеорындалмағанхабарламаныңболмауы;2.қайтарутуралыталапұсынылғанкүнгедейінгіонекіайішіндежүргізілгенсалықтықтексерунәтижелерібойыншақайтаруғарасталғансалықтыңартықсомасыныңболуы.Салық төлеушіге артық сомасын жеңілдетілген тәртіппен қайтару туралы талап ұсынылған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.Осылайша, Салық кодексіне енгізілген өзгерістер салық төлеушілердің ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін қолдану мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Бұл шаралар экономиканың экспорттық секторын дамытуға оң әсерін тигізіп, Қазақстан Республикасының салық жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадамдардың бірі болады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1183295?lang=kk
Варшавада Қазақстан күні: білім және мәдени ынтымақтастықты нығайту 17.03.2026
Варшава, 2026 жылғы 16 наурыз — Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Варшава политехникалық университетінде Қазақстан күніне арналған мәдени іс-шара өтті. Іс-шараға студенттер мен академиялық қауымдастық өкілдерін қоса алғанда, 100-ден астам адам қатысты.Іс-шараны аша отырып, ұйымдастырушылар Қазақстан мен Польша арасындағы академиялық және мәдени ынтымақтастықты дамыту маңыздылығын, сондай-ақ халықаралық байланыстарды нығайтудағы университеттік ортаның рөлін атап өтті.Ресми рәсім барысында Варшава технологиялық университетінің басшылығы халықаралық білім беру бастамаларының, академиялық мобильділіктің және қазақстандық студенттердің поляк университеттерінің білім беру ортасына қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.Варшавадағы Қазақстан Елшілігінің өкілдері Наурыз мейрамы кезеңінде іс-шараның өткізілуінің символдық мәніне тоқталып, бұл көктем мен жаңарудың, достық пен өзара түсіністіктің, мәдени әртүрліліктің құндылықтарын айшықтайтын ежелгі мереке екенін атап өтті.Осы тұрғыда демократиялық институттарды нығайтуға және заманауи, ашық қоғам құруға бағытталған елдің конституциялық негіздерін одан әрі дамыту жөніндегі Қазақстанда өткізілген референдумға назар аударылды.Іс-шара барысында Қазақстан мен Польшаны өзара құрметке, тарихи жадыға және белсенді мемлекетаралық диалогқа негізделген берік серіктестік байланыстар біріктіретіні айтылды. Сонымен қатар білім беру, ғылым және жастар саясаты салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы атап өтілді.Қатысушылар Қазақстанның заманауи дамуы, оның ғылыми-технологиялық әлеуеті және түрлі салалардағы жетістіктері туралы ақпарат алды. Мәдени бағдарлама аясында қатысушыларға дәстүрлі қазақ тағамдары ұсынылып, Қазақстанның гастрономиялық дәстүрлерімен жақынырақ танысуына мүмкіндік берілді.Іс-шара екі ел арасындағы мәдени және академиялық байланыстарды нығайтып, қатысушыларға Қазақстанның тарихы мен дәстүрлерін, сондай-ақ оның қазіргі жетістіктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1183262?lang=kk
Тауарларды жіктеу жөніндегі алдын ала шешімдер туралы 17.03.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес Тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімдер алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді. Тауарды жіктеу жөніндегі алдын ала шешім - бұл сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша тауардың кодын кедендік аумаққа нақты әкелгенге дейін растайтын ресми құжат. Алдын ала шешім алу СЭҚ қатысушыларына бірқатар маңызды артықшылықтар береді: - тауарларды кедендік ресімдеу рәсімін оңайлату және жеделдету; - кедендік құнды түзету тәуекелдерін және жіктеу дауларын азайту; - әкімшілік жауапкершілікке тарту ықтималдығын азайту; - сыртқы экономикалық операциялардың ашықтығы мен болжамдылығын арттыру; - кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшерін, сондай-ақ тауарларды әкелуге шектеулер мен рұқсаттарды алдын-ала есептеуге мүмкіндік береді; - кедендік рәсімдерден өту кезінде қаржылық және уақытша шығындарды қысқарту. Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға осы құралды өз мүдделерін қорғаудың және кедендік әкімшілендіру сапасын арттырудың тиімді тетігі ретінде белсенді пайдалануды ұсынады. Алдын ала шешім алуға өтініш тауарды біржақты сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қажетті техникалық және коммерциялық құжаттарды қоса бере отырып, белгіленген тәртіппен «Кеден» АЖ (https://keden.kgd.gov.kz) арқылы ғана беріледі. Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы сауданы дамыту, кедендік рәсімдерді оңайлату және мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы сенім деңгейін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1183228?lang=kk
Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді 17.03.2026
Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Құжат туристік саланы дамытуға қолайлы жағдай жасауға және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған.Жаңа заң аясында туризм заңнамасындағы негізгі ұғымдар нақтыланды. Атап айтқанда, гид, экскурсовод, туризм ресурстары және нысандары түсініктері айқындалды. Сонымен қатар гидтер мен экскурсоводтарды міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеу талабы алынып тасталды. Бұл мамандарға ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан еркін қызмет етуге мүмкіндік береді.Заңда визит-орталықтардың қызметі алғаш рет құқықтық тұрғыдан реттелді. Олардың құқықтық мәртебесі, негізгі функциялары, орналасу тәртібі айқындалып, туризм нысандарының қатарына енгізілді. Мұндай орталықтар туристерге маршруттар, қызметтер мен инфрақұрылым туралы ақпарат беретін негізгі орындарға айналып, отандық және шетелдік қонақтарға қызмет көрсетудің бірыңғай стандартын қамтамасыз етеді.Құжатта туристік инфрақұрылымды мемлекеттік қолдау шаралары да нақтыланды. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің визит-орталықтар, жол бойындағы сервис нысандары, орналастыру орындарын салу және қайта жаңғыртуға жұмсаған шығындарының бір бөлігі өтеледі. Сонымен қатар тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен туризм көлігін сатып алу шығындарын өтеу мүмкіндігі қарастырылған.Туроператорларды қолдаудың қосымша тетіктері де енгізілді. Олардың шығындарын субсидиялау қарастырылып, туристік автобустардың мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінен өту рәсімін жеделдету көзделген. Сондай-ақ балалар үшін ұлттық парктерге кіру тегін болады.Заңда мемлекеттік қолдау алған туризм нысандарының қаражатын мақсатты пайдалануын бес жыл бойы мониторингтеу нормасы енгізілді. Бұдан бөлек, туристік ресурстар аумағындағы санитарлық-гигиеналық тораптардың жағдайына бақылау күшейтіледі.Жалпы енгізілген өзгерістер ішкі және келу туризмін дамытуға берік негіз қалыптастыруға, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және білікті мамандарды тартуға бағытталған. Сонымен қатар заң мемлекеттік органдардың басым туризм аумақтарын айқындау және ақпараттық орталықтардың саланы қолдауға арналған ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау құзыретін бекітеді.Қабылданған шаралар туристік инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және Қазақстанның қауіпсіз әрі тартымды туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1183182?lang=kk
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 - бабына сәйкес жария тыңдалым кеңейтілген мәжілістері нысанында мәслихаттың тұрақты комиссияларымен өткізіледі. 17.03.2026
2026 жылдың 25 ақпанында Меңдіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Тұрақты комиссиялардың отырыстарында Меңдіқара аудандық мәслихатының жария тыңдалымдарды өткізуге дайындық мәселесі қарастырылатын болатын. Меңдіқара аудандық мәслихатының регламентіне сәйкес жария тыңдалымдар тұрақты комиссияларды жүргізуге жататын аса маңызды және қоғамдық елеулі сұрақтарды талқылау мақсатында өткізіледі. Бәсекелестік ортаға «Боровское ЖКХ-2016» МКК беру мәселесі осындай болып табылады. 2026 жылдың 17 наурызында Меңдіқара аудандық мәслихаты ауданның жергілікті атқарушы билігімен бірлесіп, «Меңдіқара ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Боровское ЖКХ - 2016» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде заңдастыру туралы жария тыңдалымы өткізілді. Тыңдалымның жұмысына Меңдіқара аудандық мәслихатының төрағасы Қ.Р. Рахметқалиев, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Н.О. Бажиров, Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі басшысының м.а. А.К. Ахметбекова, және аудан тұрғындары қатысты. Аудандық мәслихаттың құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияның бұрын қаулысымен жұмыс тобы құрылған болатын, ол ай ішінде «Боровское ЖКХ - 2016» кәсіпорнын жұмысын нақты зерделеу өткізді, бәсекелестік ортаға беруге қатысты барлық аспектілері қарастырылды. Жария тыңдалым барысында уәкілетті органдардың өкілдерінің позициясы мен баяндамалары, міндеттемелер мен заңдастырудың салдарына қатысты қатысушылардың пікірі тыңдалған болатын. Жария тыңдалымдарды қорытындылары бойынша қатысушылар «Меңдіқара ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Боровское ЖКХ - 2016» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын заңдастыруын мақсатқа сай емес жөніндегі бірыңғай пікіріне келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1183165?lang=kk
Аудандық мәдениет үйінде Наурызнама онкүндігі аясында Шаңырақ күніне арналған «Шаңырақ – шаттық мекені» атты жылы әрі тағылымды іс-шара өтті. 17.03.2026
Мерекелік жартылай киіз үй жанында әр буын өкілдері – алтын той иелері, тәжірибелі отбасы және жас отбасылар бас қосты. Қатысушылар отбасылық бақыттың сырларымен бөлісіп, өз дәстүрлері жайлы әңгімелеп, қазақтың салт-дәстүрлері мен туыстық атауларына арналған танымдық викторинаға қатысты.Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – үлкен буынның жас отбасыларға берген ақ тілегі мен батасы болды.Мұндай кездесулер бізге ең басты құндылықты тағы бір еске салады:отбасы – тірегіміз, жылуымыз және дәстүр жалғастығы.Әр шаңырақта береке мен бірлік орнап, қуаныш пен шаттық мол болсын!Шаңырақтарыңыз биік, босағаларыңыз берік болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1184128?lang=kk
16 наурыз күні Наурызнама аясындағы үшінші күн – Мәдениет және ұлттық салт – дәстүр күні 17.03.2026
16 наурыз күні Наурызнама аясындағы үшінші күн – Мәдениет және ұлттық салт – дәстүр күні. Бұл күн халқымыздағы ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы, әдет – ғұрпын мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге арналған. Бастаушы ауылдық клуб үйінде ұлттық дәстүрлерді насихаттайтын қазақтың киелі домбырасын, қобызын және сандығын қолдан жасап қолөнер көрмелерін ұйымдастырылды. Мәдениет және ұлттық салт – дәстүр күні – ұлттың рухани тамырын тереңірек танып,ұмыт бола бастаған дәстүрлерді қайта жаңғырту маңызды. Бұл бастама әсіресе жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған. Ел мәдениеті өркендеп, дәстүріміз әрдайым дәріптеле берсін! Әр шаңыраққа амандық, береке мен бірлік тілейміз. Еліміздің мәдениеті дамып, ұлттық құндылықтарымыз мәңгі жасай берсін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1183045?lang=kk
Наурызнама: Ұлттық ұлан сарбазы 100-ге жуық күйді жатқа біледі 17.03.2026
Алматы қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Азиз Темірбек жауынгерлік міндетін абыроймен орындап, ұлттық өнерді насихаттап жүрген жас таланттардың бірі.18 жастағы Азиз Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Бала кезінен домбыраға әуес болып өскен ол мектеп қабырғасында алғашқы ұстазы Гүлназ Сералиевадан күй өнерінің әліппесін үйренеді. Кейін Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінде білім алып, ұстазы Жансұлтан Жұмабектен күйшілік шеберлігін шыңдайды.Бүгінде ұландық жүзге жуық күйді жатқа біледі. Оның орындауында қазақтың әйгілі күйлері - «Сарыарқа», «Серпер», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Байжұма» сынды туындылар ерекше әсер қалдырады. Әзиздің айтуынша, танымал күйлердің басым бөлігін ол нота арқылы меңгерген.- Домбыра мен үшін халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін айқындайтын қасиетті мұра. Әскер қатарында жүрсем де, «Сыр елі, жыр елі» деп ерекшеленетін Сыр күй мектебі өкілдерінің ізін жалғап жүргеніме қуаныштымын, - дейді қатардағы жауынгер.Қазіргі уақытта Азиз әскери бөлімнің құрамында Алматы қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігін күзетуде. Ал бос уақытында қаруластарының өтінішімен домбырасын қолына алып, өзі білетін күйлерді тамылжыта орындап береді. Оның әсерлі орындауындағы күйлер сарбаздардың көңіл-күйін көтеріп, жауынгерлік рухын арттыра түседі.Ұлттық ұлан қатарында әскери қызметін өтеп жүрген жастардың арасында осындай өнерлі азаматтардың болуы ұлттық мәдениеттің сабақтастығын көрсетеді. Домбыраның қоңыр үні арқылы Азиз Темірбек қасиетті өнер тінін үзбей, қазақтың ғасырлардан жеткен күй дәстүрін жаңа буынға жеткізудің жарқын үлгісін танытып келеді. #НАУРЫЗНАМА ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1182976?lang=kk
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам жас азамат армия қатарын толықтырады 17.03.2026
Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.Президент Жарлығына сәйкес, 17 наурыздан бастап қалалық және аудандық шақыру комиссиялары әкімдердің орынбасарларының төрағалығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады.– 30 маусымға дейін 18-27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азаматты Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде11 мыңнан астам адам Қарулы күштерге, 7 мыңнан астам адам ІІМ Ұлттық ұланына, 2 мыңға жуық адам ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ге жуық адам Төтенше жағдайлар министрлігіне, 300 адам Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады, – деп атап өтті ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Алмас Исабеков.Ол сондай-ақ азаматтарға шақыру SMS-хабарлама және eGov порталындағы хабарландырулар арқылы кемінде үш күн бұрын жіберілетінін еске салды. Мұндай хабарламалар ресми шақыру болып есептеледі. Шақырту алған азамат жергілікті әскери басқару органына немесе шақыру пунктіне келуге міндетті.Қорғаныс министрлігі әскери есепке алу процесін автоматтандырып, «Smart военкомат» жобасын жүзеге асыруда. Бұл жүйе шақырылушылар мен әскери міндеттілердің жеке есебін жүргізеді, азаматтар тұрғылықты жерін өзгерткен кезде автоматты түрде әскери есепке қояды, 17 жастағы жасөспірімдерді әскери есепке тіркеуді, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатуды автоматты түрде рәсімдеуді қамтамасыз етеді.Осылайша, 2025 жылы 457 мыңнан астам адамға кейінге қалдыру берілді. Әскерге шақыру туралы бұйрықтар электрондық форматта ресімделетінін атап өту керек. Бұл әскери қызметшілерге несиелік демалыс беру үшін мәліметтерді кредиттік бюроларға автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, шақырылушыларды медициналық куәландыру кезінде қолданылатын «E-Medosмотр» медициналық жүйесіне интеграция енгізілді. Қазіргі уақытта цифрлық медициналық тексеру Астана, Шымкент қалаларында, Алматы, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстарында кеңінен қолданылады. Бұл ретте 2025 жылы 17 мыңнан астам шақырылушы медициналық куәландырудан цифрлық форматта өткенін атап өту керек.Мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан бірқатар қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, оларға несиелік демалыстар беріледі, сондай-ақ ҰБТ нәтижелерін есепке алмай, жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру гранттарымен түсу мүмкіндігі беріледі.– 2023 жылдан бері 9 мыңнан астам сарбаз ҰБТ тапсырмай, жоғары оқу орындарына түсті. Тек 2025 жылдың өзінде бұл мүмкіндікті 3 300 әскери қызметші пайдаланды, – деп атап өтті генерал-майор Алмас Исабеков.20 мыңнан астам әскери қызметшіге негізгі қарыз бен сыйақы бойынша шамамен 8,8 млрд теңге көлемінде несиелік демалыс берілді. Сонымен қатар, қызмет барысында сарбаздар Қарулы күштердің түрлері бойынша кіші мамандар даярлайтын оқу орталықтарында жұмысшы мамандықтарын меңгере алады.Бұдан бөлек генерал-майор Алмас Исабеков дәлелсіз себептермен жергілікті әскери басқару органдарына келмеу Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке әкелетінін атап өтті. Ондай жағдайда азаматқа әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін. Ал шақырудан жалтарған жағдайда қылмыстық заңнама нормаларына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1182987?lang=kk
Туған күнінде алғаш рет дауыс берді: Ұлттық ұлан сарбазы үшін референдум күні ерекше өтті 17.03.2026
Бүгін елімізде жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне арналған республикалық референдум өтіп жатыр. Бұл маңызды саяси науқанға ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де белсенді қатысуда.Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде референдумды жоғары деңгейде өткізу үшін барлық жағдай жасалды. Жалпы саны 36 сайлау учаскесі ашылып, әскери қызметшілердің конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік берілді. Дауыс беру рәсімі заң талаптарына сай, ашықтық пен айқындық қағидаттары негізінде ұйымдастырылды.Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков алғашқы болып, №266 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл күн әсіресе 5573 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Артур Яровой үшін айрықша есте қалды. Себебі ол өмірінде алғаш рет дауыс беріп отыр және бұл маңызды сәт оның туған күнімен тұспа-тұс келді.Артурдың айтуынша, әскери қызметте жүріп ел тағдырына қатысты саяси науқанға қатысу — үлкен жауапкершілік. Оның сөзінше, мұндай сәт әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.Референдумға офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, ардагерлер және мерзімді қызметтегі сарбаздар қатысып жатыр. Көптеген жас сарбаз үшін бұл алғашқы дауыс беру тәжірибесі болды.Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы туған күн иесі мен бірінші рет саяси науқанға қатысып отырған әскери қызметшілерді құттықтап, азаматтық белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді.Осылайша Ұлттық ұлан сарбаздары референдум күні тек әскери антқа адал қызмет ететінін ғана емес, ел өміріндегі маңызды сәттерде азаматтық ұстанымын да айқын көрсетті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1182968?lang=kk
Бизнестің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою бойынша кешенді шаралары және бизнеске қолдау іс-шаралары туралы кеңес өтті 17.03.2026
📌 2026 жылдың 16 наурызында Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында «Бизнестің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою бойынша кешенді шаралары туралы» кеңес өтті. Кеңеске облысымыздың уәкілетті органдары (Прокуратура, Экономикалық тергеп-тексеру, Әділет органы, сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменттер өкілдері, салалық кәсіпкерлік кеңестері, кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлер), сондай-ақ Мемлекеттік кірістер Департамент (МКД) басшысының орынбасары Қ.Б. Шайдуев және Түсіндіру жұмысы және Байланыс - Орталық басқармасының басшысы Е.М. Нурмаханбетов қатысты.💠 Кеңес барысында, МКД тарапынан: 1) микро және шағын бизнеске салықтық жүктемені азайту бойынша «таза парақтан» кешенді іс-шараларынын іске асырылуы (оның ішінде: өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару, оңайлатылған тәртіппен қызметті тоқтату, салықтық тексерулерді қысқарту, талап-арыздарды беруді тоқтату, әкімшілік жауапкершілікке тартпау және камералдық бақылау) туралы; 2) Департамент тарапынан іске асырылып тұрған «Кәсіпкердің абыройы – адалдықта, тұтынушының сенімі –фискалдық чекте» бизнесті көленкеден шығару бойынша серпінді жоба туралы; және 3) «Халық бухгалтері» акциясының барысы туралы баяндалды.💠 Кеңесте бизнес субъектілерін қолдауға байланысты әр түрлі мәселелер көтеріліп, ары қарай өзекті мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыстарды атқару ұсынылды.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1182951?lang=kk
KazAID халықаралық алаңда: Қазақстан ЭЫДҰ-мен даму қаржысын цифрландыру мен есептілікті жетілдіруді талқылады 17.03.2026
2026 жылғы 9-11 наурыз аралығында KazAID және ҚР СІМ өкілдері Париж қаласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі-ЭЫДҰ) ұйымдастырған дамуды қаржыландыру статистикасы жөніндегі жұмыс тобының (WP - STAT) отырысына қатысты.Іс-шараның мақсаты даму мақсатында статистикалық есептілікті ұсыну, 2024 жылға арналған Дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы деректердің нәтижелерімен алмасу, сондай-ақ ДРК көрсетуге қатысатын негізгі ұйымдардан ақпарат жинау үшін жаңа құралдарды ұсыну мәселелерін талқылау болды.ЭЫДҰ отырысына ЭЫДҰ ДЖК-не мүше 30 елден, ЭЫДҰ дамуға жәрдемдесу комитетіне (ДЖК) мүше емес елдерден, халықаралық қаржы институттарынан және халықаралық донорлық ұйымдардан 60-тан астам қатысушы қатысты.Іс-шара барысында қазақстандық тарап мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ДРК саласында ақпарат жинау мақсатында статистикалық есептілікті ұсыну тәжірибесімен және үйлестіру жұмысының нәтижелерімен бөлісті.WP-STAT шеңберінде сондай-ақ ЭЫДҰ-мен бірлескен Жол картасы шеңберінде одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін жаһандық өзара іс-қимыл департаментінің басшысы Рольф Шварц мырзамен және ЭЫДҰ ДЖК-нің басқа да өкілдерімен кездесу өтті.Анықтама:1961 жылы құрылған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) - экономикалық саясатты үйлестіру, тәжірибе алмасу және әртүрлі халықаралық стандарттарды әзірлеу үшін елдің негізгі дамуын біріктіретін халықаралық үкіметаралық ұйым.экономика және басқару бағыттары.Ұйымның мақсаты тұрақты өсуге, жұмыспен қамтуға, өмір сүру деңгейін жақсартуға және әлемдік сауданы дамытуға жәрдемдесу болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1182867?lang=kk
Қарағандылық дзюдошылар кадеттер арасындағы Еуропа кубогында екі алтын медаль жеңіп алды 17.03.2026
Түркияның Анталья қаласында өткен кадеттер арасындағы дзюдодан Еуропа кубогында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 16 медаль жеңіп алып, көш бастады. Оның алтауы - алтын, үшеуі - күміс, жетеуі - қола. Команданың қоржынына түскен екі алтын жүлдені Қарағанды облысының спортшылары иеленді.Жарысқа әлемнің 21 елінен 550 спортшы қатысты. Оның ішінде 328 ұл және 222 қыз бар. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қарағандыдағы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Еркен Бекқали жеңімпаз атанды.Спортшы Шет ауданында туған, ал дзюдодағы алғашқы қадамдарын Ағадыр кентіндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бастаған.Тағы бір алтын жүлдені 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділжан Жәудінов жеңіп алды. Дзюдошы облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі «Жас Сұңқарда» жаттығады.Финалдық белдесуде қарағандылық спортшы Өзбекстан өкілі Әлібек Дірдиевті сенімді түрде жеңді. Бұған дейін Әділжан Жәудінов осы қарсыласына екі рет - Азия кубогы мен Бахрейнде өткен Азия ойындарының финалында есе жіберген болатын.- Еуропа кубогындағы жеңіс біз үшін өте маңызды болды. Әділжан эмоциясын бақылауда ұстай біледі. Әрбір халықаралық жарыс - үлкен дайындық пен Олимпиада ойындарына апарар жолдағы маңызды кезең, - деді спортшының жеке бапкері әрі Қазақстанның дзюдодан олимпиадалық құрамасының жаттықтырушысы Алмас Несіпберлі.Еуропадағы турнирге дайындық шамамен алты айға созылған. Алда спортшыны жаңа халықаралық жарыстар күтіп тұр. Соның ішінде Әзербайжанда өтетін турнир және осы маусымның басты бәсекесі - биыл Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиада ойындарына дайындық бар.https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1178622?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1182842?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Шаңырақ күнін атап өтті 17.03.2026
Бүгін Наурызнама онкүндігі аясында қазақстандықтар отбасы құндылықтарын, үлкенді құрметтеуді және келер ұрпаққа қамқорлықты дәріптейтін Шаңырақ күнін атап өтуде.Қарулы күштер қатарында әскери қызметте жүрген ерлі-зайыптылар аз емес. Қызметтегі жауапкершілік пен отбасылық міндеттерді қатар алып жүруге мұндай отбасыларға бір-бірін қолдау, бәрін бірлесе жоспарлау және үй шаруасын бөлісе атқару көмектеседі.65229 әскери бөлімінің сержанты 2-сыныпты сержант Қанат Белгібаев үшін отбасы – сенімді тірегі және жігерлендіруші күш. Ол әскердегі жолын мерзімді қызметтен қатардағы жауынгер болып бастаған. Осында болашақ жары Толқын Мұсахметовамен танысқан. Көп жылғы әскери қызметтен кейін Толқын аға сержант шенінде запасқа шыққан. Ерлі-зайыптылар үш бала өсіріп тәрбиелеп отыр.– Біз Толқын екеуміз де әскери адам болғандықтан, бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Қызметтің талай қызығын бірге өткеріп, қиын сәттерде бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз. Қазір біз үшін ең үлкен бақыт – шаңырағымыздың шаттығы – балаларымыз, – дейді 2-сыныпты сержант Қ. Белгібаев.Мемлекеттік қолдау мен біржолғы тұрғын үй төлемінің арқасында отбасы өздерінің берік әрі жылы шаңырағын, яғни жеке үйін алды. Мереке күні отбасы туған-туыстарымен уақыт өткізіп, бір-біріне деген бауырмалдық пен қамқорлықты сезінуі үшін бір дастархан басына жиналды.Бұл күні әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметтері де барлық жерде озық дәстүрді ұлықтау, отбасылық құндылықтарды нығайту және ұрпақтар арасындағы өзара түсіністікті арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізетінін айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1182775?lang=kk
Мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салу 17.03.2026
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлқына үлкен мән беріледі. Этикалық нормаларды сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше орын алады.Лудоманияның өсуіне жол бермеу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында жұмыс жүргізілуде.Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі № 116-VIII Заңына сәйкес (2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді реттейтін 12-бабының 1-тармағы 6-тармақшамен толықтырылды. Бұл тармақша мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігулерге қатысуына тыйым салады.Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру белгілі бір дәрежеде олардың қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқына байланысты екенін мойындау керек. Осы бағытта Әдеп кодексінде мыналар көзделген:- Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қарапайымдылық танытуға, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қол сұғумен ұштасатын қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.Мәселен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 3-тарауының 6-тармағының 10) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тартуы қажет.Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не жұмыстан шығаруға (атқаратын лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) әкеп соғады, олардың сақталмауы жұмыстан шығаруға негіз болып табылады (атқаратын лауазымынан босатылады, өкілеттіктерін тоқтатады).Құмар ойындарға қатысқандығы туралы мәліметтер алынған лауазымды тұлғаларға мұндай қызметке тікелей заңнамалық тыйым салынған. Бұл тыйымды бұзу атқаратын лауазымынан босатуға әкеп соғады. Маңғыстау облысы бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкілі - басшының орынбасары Е.К. УтегеновАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1183905?lang=kk