Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қазақстандық әскери қызметші Қытайдан келген қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді 16.02.2026
Қостанайда өткен Naiza 81 аралас жекпе-жек турнирінде қазақстандық спортшы Әйгерім Төреханова мен Қытай өкілі Гүлсайран Азат арасында жеңіл салмақтағы жекпе-жек өтті.Аға лейтенант Әйгерім Төреханова Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Вurkit team спорттық командасының мүшесі. Жекпе-жекке дейінгі ММА-дағы кәсіби рекорды — 4 жеңіс және 3 жеңіліс еді. Бұл кездесу Гүлсайран Азаттың кәсіби мансабындағы екінші жекпе-жек, бұған дейін бір жеңісі болған.Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын, бірақ бірінші раундпен аяқталды. Басынан бастап Төреханова бастаманы қолға алып, жекпе-жек барысын толық бақылап отырды. Қазақстандық спортшы қарсыласына дес бермей, дәл және қатаң соққылар беріп, өз позициясында сенімді жұмыс істеді.Әйгерімнің үстемдігінің айқын болғаны соншалық, хабар тарату комментаторы не болып жатқанын келесі сөздермен атап өтті: “Азат жай көзін жұмып, Төреханованың соққыларынан есеңгіреп жатты".Соққыларын үдете отырып, Төреханова жекпе-жекті партерге ауыстырды, онда ол сауатты және тұншықтыратын тәсілдерге көшті. Гүлсайран Азат берілуге мәжбүр болғандықтан, төреші Қазақстан өкілінің жеңісін мерзімінен бұрын тіркеп, жекпе-жекті тоқтатты.Бұл жеңіс Әйгерім Төреханова үшін аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабының бесінші кездесуі болды. Гүлсайран Азат үшін жеңіліс кәсіби деңгейде бірінші болды.Әскери қызметшінің сенімді және әсерлі өнер көрсетуі Naiza 81 турнирінің жарқын сәттерінің біріне айналды және қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жоғары дайындық деңгейін растады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1162854?lang=kk
Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады 16.02.2026
Астана - Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады.Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1162783?lang=kk
Қостанай қаласында қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті 16.02.2026
Қостанай қаласында 2006–2008 жылдары туған жастар арасында қазақ күресінен Қостанай облысының чемпионаты өткізілді. Аталған жарыс облыстың спорт күнтізбелік жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.Чемпионатқа Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан келген спортшылар қатысты. Жарыс барысында әр салмақ дәрежесінде жоғары деңгейдегі белдесулер өтіп, қатысушылар өздерінің техникалық дайындығын, тактикалық шеберлігін және физикалық мүмкіндіктерін көрсетті.Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық спорт түрі қазақ күресін дамыту, жас спортшыларды қолдау және дарынды балуандарды анықтау. Сонымен қатар, жарыс салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар арасында патриоттық рухты нығайтуға бағытталды.Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен және медальдармен марапатталды.Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы жарыстарда табыс тілейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1162762?lang=kk
Астанада Орталық Азия елдерінің Ауғанстан бойынша Өңірлік байланыс тобының отырысы өтті 16.02.2026
Астана, 2026 жылғы 16 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Орталық Азия елдерінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің Өңірлік байланыс тобының кезектен тыс отырысы өтті.Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Еркін Тұқымов Қазақстанның Кабулмен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасуға және практикалық шешімдер іздеуге мүдделі екенін атап өтті.Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайды және практикалық өзара әрекеттестік мәселелерін, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, Ауғанстан аумағы арқылы транзиттік-көлік дәліздерді кеңейту, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады.Қатысушылар Ауғанстанның тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету мүддесінде Орталық Азия мемлекеттерінің күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Өңірлік байланыс тобы аясында тұрақты консультацияларды жалғастыруға және жұмыс байланыстарын қолдауға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1162699?lang=kk
«Ауған шебі: жауынгерлер естелігі» 16.02.2026
Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейде осы ұжымда еңбек ететін ардагер интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсету рәсімі өтті. Іс-шара барысында қақтығыс ошақтарындағы жауынгерлік оқиғалар туралы презентация ұсынылып, музей қорынан тақырыптық шағын көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ әріптестер, кәсіподақ комитеті және қаладағы көркемөнерпаздар тарапынан құттықтау сөздер айтылды. Кездесуге Техникалық-экономикалық колледж студенттері қатысып, ардагерлерге қызығушылықпен сұрақтар қойды. Залда бірлік пен достықтың атмосферасы орнады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1162631?lang=kk
Депутаттар мен қала тұрғындарының назарын 16.02.2026
Депутаттарменқалатұрғындарыныңназарына.2026жылғы26ақпандасағат15.00-де Өскеменқалалықмәслихатыныңкезектісессиясы өтеді (Пермитин көшесі,17,конференц-зал).Ұсынылатын күн тәртібі:Халықтың жеңілдік санаты үшін, сондай-ақ авариялық немесе тозығы жеткен тұрғын үйлерде тұратын тұрғындар үшін тұрғын үй салу туралы.«Өскемен қаласының лифт шаруашылығының жай-күйі туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 32/9 шешімін іске асыру туралы.«Коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі істердің жай-күйі туралы» Өскемен қаласының қаржы бөлімі басшысының есебі туралы4.Әр түрліТөменде сессияның онлайн трансляциясын көруге арналған сілтеме берілгенhttps://instagram.com/maslihat_oskemen?igshid=MzNlNGNkZWQ4Mg==Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1162554?lang=kk
Newsletter - 16.02.2026 16.02.2026
Link - Newsletter - 16.02.2026 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1162564?lang=kk
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокконың Инвестициялар және экспортты дамыту жөніндегі агенттігінің бас директоры Али Седдикимен кездесті. 16.02.2026
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокконың Инвестициялар және экспортты дамыту жөніндегі агенттігінің бас директоры Али Седдикимен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың өсу серпінін атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1162576?lang=kk
Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды 16.02.2026
2026 жылғы 16 ақпандағы облыс әкімінің өкімімен Байғалық Ернат Елүбайұлы Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.Ернат Елүбайұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2006 жылы аталған университеттің «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген.  2006 жылы Тұран университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы болып бастаған.Әр жылдары Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы – бас бақылаушы-тексерушісі, Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы, басшының орынбасары қызметтерін атқарған.2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымында қызмет етті.Сондай-ақ облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1162537?lang=kk
Салық төлеушінің жаңа кабинетіндегі дербес шот 16.02.2026
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге қолайлы болуы үшін «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» (СӘІЖ/ISNA) жаңа Салық төлеуші кабинетінде «Дербес шот» бөлімі арқылы Дербес шоттар бойынша сальдоны, Дербес шотты және Дербес шоттан үзінді көшірмені қарауға болатынын хабарлайды. «Сервистер» бөлімінде берешек туралы мәліметтерді алуға болады.Аталған сервистердегі мәліметтер СӘІЖ-нің эталонды дербес шоттарынан автоматты түрде алынатынына назар аударуларыңызды сұраймыз.СӘІЖ жаңа Салық төлеуші кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz  сілтемесі бойынша өту қажет.Сұрақтар туындаған жағдайда СӘІЖ қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz  электрондық поштасына, сондай-ақ FinQoldau_bot  Telegram-ботына хабарласуға болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1162515?lang=kk
Қонаев қаласындағы әлеуметтік-экономикалық жобалардың орындалуы облыс әкімі бақылауында 16.02.2026
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары аясындағы іс-шараларды орындау мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиында қалалық жобалардың орындалу барысы талқыланып, өзекті проблемалық мәселелер қаралды.Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов баяндама жасап, соңғы үш жылдағы даму бағыттары, қол жеткізілген нәтижелер, экономикалық өсім көрсеткіштері, жүзеге асқан инвестициялық жобалар, сондай-ақ туризм, құрылыс және сәулет салаларының дамуы туралы ақпарат берді.2022–2025 жылдары Қонаев қаласында 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, жалпы сомасы 46,3 млрд теңгені құраған 350-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Биылғы жылы 4 жоба 5,1 млрд теңге көлемінде аяқталып, 190 жаңа жұмыс орны құрылуы жоспарлануда.№ 6 -7-ші жағажайларды және демалыс аймақтарын реконструкциялау үшін 2,3 млрд теңге қажет. «Көшпенділер қаласы» бизнес-объектілерін электрмен жабдықтау жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізу қажет, бұл мақсатқа биыл 350 млн теңге сұралуда. Иледен өтетін 300 метрлік жаяу жүргінші көпірін салу жобасы әзірленуде, ол «Көшпенділер қаласы» мен «Тамғалы-Тас» туристік нысандарын байланыстырады. Сонымен қатар, «Қонаев – Баканас» тас жолынан «Тамғалы-Тасқа» дейін 8,2 км автожол салу жоспарлануда.Энергетика саласында негізгі жоба - «Арна» түйіндік қосалқы станциясы, ол Қонаев пен Алатау қалаларының дамуына серпін береді. Жаңа Іле мен 10-шы шағынаудан аймақтарында тағы төрт қосалқы станция салу жоспарлануда.Қала газдандыру жобасы біртіндеп дамып келеді. Жоба Спутник, Рауан, Арна, 12А, 12Б, 19–20 шағынаудандарын қамтиды, сонымен қатар Шеңгелді ауылдық округі мен демалыс массивтері үшін желілер жобалануда. Сол уақытта тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінен газ желілерін қосу, күтіп-ұстау қызметтері мен инвестициялық бағдарлама аясындағы желілерді дамытуға қатысты шағымдар түскені хабарланды.Құрылыс саласында соңғы үш жылда атқарылған жұмыстар көлемі 35,9 млрд теңгені құрап, 94 474 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әлеуметтік осал топтар үшін 456 пәтер 10,3 млрд теңгеге алынған.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов 2023 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Қонаев қаласының 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық кешенді жоспары бекітілгенін хабарлап, онда 187 іс-шара қарастырылғанын айтты. 2026 жылдан бастап жоспар күшін жойып, шаралар облыстың даму жоспарына біріктірілген, оның ішінде 18 іс-шара жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады.Облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев әкімшілік ғимараттар, әлеуметтік нысандар және инженерлік инфрақұрылымды дамыту туралы баяндады. Басымдық бойынша Департаменттер үйі, облыстық сот ғимараты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және басқа әкімшілік нысандар салу жоспарлануда. Мәдениет пен спорт саласында «Самұрық-Қазына» АҚ қаражаты есебінен драмалық театр салу, жеке инвестициялар арқылы «Қонаев-Арена» стадионы, Мектеп оқушылары сарайы мен зерттеу зертханасы бар мұражай салу жоспарлануда.Тұрғын үй құрылысы бойынша 2022 жылы басталған үш 60-пәтерлік үй 2024 жылы жұмыстар тоқтағаннан кейін ТОО «Sanur Stroy-A» арқылы жалғастырылды. Аяқталуы биылғы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Тағы 7 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Мемлекеттік-жеке әріптестік аясында 438 га аумақта кәріз-шаю құрылыстары жүргізіліп, инвестиция 33,4 млрд теңге болады. «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы бойынша 15 жоба 74,92 млрд теңгеге әзірленген, бұл 98,26 км су, жылу және электр желілерін жаңартуға мүмкіндік береді.Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы жер ресурстарын тиімді пайдалану және агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы баяндады. 2022 жылдан бастап 47,8 мың га пайдаланылмаған жер (188 учаске) анықталып, оның 27,8 мың га мемлекет меншігіне қайтарылып, 12,2 мың га айналымға енгізілген. Конкурс арқылы 63 учаске беріліп, 8 жайылым учаскесі бекітілген. Биыл 17 мың га жерді айналымға енгізу жоспарлануда.Ауыл шаруашылығында 2026 жылға физикалық көлем индексі 104,8% белгіленген. Егістік жерлер 13 528 га дейін артты, мал азықтық дақылдар қысқарып, майлы дақылдар, жүгері және арпа егіледі. Соңғы үш жылда су үнемдейтін технологияларды қолдану 1,4 мыңнан 5,2 мың га дейін өсті, бұл егістік жерлердің 41%-ын қамтиды. 2025 жылы ет өндірісі 3 848 тоннаға, сүт 3 643 тоннаға, жұмыртқа 77 мың данаға артқан. 3 295 га жер бөлінген екі сүт фермасын салу жоспарлануда, іске қосу 2027–2028 жылдарға жоспарланған.Қорытындысында проблемалық мәселелерді шешу жолдары қаралып, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді басты назарға алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1162493?lang=kk
Аудандық кітапханаға экскурсия өтті 16.02.2026
Ақпан айында №1 Бәйтерек аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар үшін аудандық кітапханаға экскурсия өтті. Іс-шара сотталғандарды кітапханамен, оның ережелерімен және кітап қорының байлығымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.Экскурсияның басында бас кітапханашы Д. О. Кужумова кітапхананың қалай жұмыс істейтіні, кітаптарды қалай дұрыс өңдеу керектігі және оларды қайдан іздеу керектігі туралы қысқаша айтып берді. Сотталғандар кітап сөрелерін қызығушылықпен қарап, тақырыптық бөлімдермен танысты. Абай Құнанбаевтың шығармалары бар стеллаждарға ерекше назар аударылды, онда сотталғандарға оқу үшін өздеріне ұнайтын кітаптарды таңдау ұсынылды. Олар сондай-ақ қажетті кітапты қалай табуға болатынын білді, кітапхана ережелерімен, кітаппен жұмыс істеу ережелерімен танысты. Сотталғандар журналдар мен кітаптарды үлкен қызығушылықпен қарады. Сотталғандар шығармалар бойынша әдеби викторинаға белсенді қатысты . Сотталғандар танымдық және қызықты нәрселерді жақсы көрді және кітапханаға келуге уәде берді. Кітапханаға экскурсия сотталғандардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, оқуға деген қызығушылықты арттырды. Мұндай іс-шаралар сотталғандарға кітаптың білім мен шабыт көзі ретіндегі құндылығын түсінуге көмектеседі.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1162459?lang=kk
Заманауи цифрлық шешімдер – тиімді әрі қолжетімді қызмет кепілі. 16.02.2026
Бокейорда ауданындық пробация қызметінде «Цифрлық пробация» қосымшасын енгізу басталды.Аталған қосымша пробация инспекторларының жұмысын жеңілдетуге және есепте тұрған азаматтармен өзара байланысты оңтайландыруға бағытталған. Қосымша арқылы сотталғандарды тіркеу, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу анағұрлым ыңғайлы бола түседі.Сонымен қатар, бұл жаңашылдық есепте тұрған азаматтар үшін де өте қолайлы. Алдағы уақытта олар қызметке арнайы келмей-ақ, үй жағдайында онлайн форматта белгілену мүмкіндігіне ие болады.«Цифрлық пробация» – мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, ашықтықты арттыру және жұмыс үдерістерін тиімді ету бағытындағы маңызды қадам.Заманауи цифрлық шешімдер – тиімді әрі қолжетімді қызмет кепілі.Жұмыс жалғасуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1162453?lang=kk
№51 мектепте Батыс Қазақстан облысы ҚАЖ Департаментінің №28 мекемесінің тәрбие бөлімі қызметкерлері кадрлық саясат тобының қызметкерлерімен бірлесіп, он бірінші сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтардың алдын алу және қылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізді. 16.02.2026
Іс-шара аясында сотталғандармен телемост ұйымдастырылып, олар оқушыларға құқыққа қарсы әрекеттердің салдары және заңды сақтау маңызды екендігі туралы айтып берді. Оқушыларға заңнаманың нормалары мен қылмыс жасаған жағдайда жауапкершілік түсіндірілді, сондай-ақ жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері көрсетілді.Осы іс-шара жасөспірімдерде құқықтық мәдениет қалыптастыруға, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге және болашаққа саналы қарауға ықпал етті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1162425?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатында кезектен тыс сессия өтті 16.02.2026
Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаланың атқарушы органдарының құрылымын оңтайландыру, атап айтқанда мемлекеттік мекемелер арасында жекелеген функцияларды қайта бөлу, штат санының лимиттерін беру және бірқатар қалалық бөлімдерді қайта ұйымдастыру мәселесі қаралды. Бұл шаралар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт және туризм салаларындағы басқару жүйесінің өкілеттіктерін ретке келтіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған.Өзгерістер шеңберінде аула және кварталішілік аумақтарды абаттандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі функциялар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен тұрғын үй қатынастары бөліміне берілді. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі өкілеттіктер дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне берілді. Сонымен қатар, дене шынықтыру, спорт және туризм бөліміне қосылу арқылы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қайта құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1162387?lang=kk
ДЕПУТАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 16.02.2026
2026 жылғы 24 ақпанда сағат 15.00-де Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, (201 каб) мекенжайы бойынша Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының «Өскемен қаласының коммуналдық меншігіндегі мүліктерді жекешелендіру туралы» мәселе бойынша жария тыңдауы өтеді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1162369?lang=kk
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 16.02.2026
Мемлекеттік қызмет көр­сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы­сындағы негізгі ұс­таным­дардың бірі.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.Осы ретте, «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі түсіндірсек.Мемлекеттік қызметті көрсетеді: «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы.Мемлекеттік қызмет көрсету мезгілі: Бірінші кезең – сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаны мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау-28 жұмыс күн ішінде. Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасау- 18 жұмыс күн ішінде.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. Толық ақпаратты Шелек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.Мекен – жайымыз: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі №40Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72776) 2-01-55. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1162335?lang=kk
2026 жылы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер салықтық тексерулер бөлігінде 16.02.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңартылған Қазақстан Республикасының Салық кодексі күшіне енеді. Құжат салықтық тексерулер жүргізу тәртібін едәуір өзгертеді. Реформаның негізгі мақсаты – бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту, бақылау рәсімдерінің ашықтығын арттыру және дауларды қарау мерзімдерін қысқарту.Негізгі өзгерістерЖоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді бөлу жойыладыЕнді салықтық тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінбейді. Тексерулер жаңа регламенттелген рәсімдерге сәйкес тағайындалады. Бұрын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сайтында жарияланған жария тізімдер қолданылмайды. Бұл тексерулерді тағайындау рәсімін неғұрлым нақты әрі жүйелі етеді.Кешенді салықтық тексерулерге шектеу енгізіледіКешенді тексерулер салық жүктемесінің коэффициентін (СЖК) ескере отырып тағайындалады. Егер салық төлеушінің СЖК-і тиісті сала бойынша орташа салалық жоғарғы көрсеткіштің кемінде 90%-ын құраса, сол кезең үшін кешенді тексеру жүргізілмейді.Ерекшеліктер:салық төлеушінің өз өтініші бойынша;Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі негізінде;прокуратура органдарының талабы бойынша.Талап қою мерзімінің тоқтатылуыСалықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу бөлігіндегі талап қою мерзімі салықтық тексеру басталған күннен бастап оның нәтижелері туралы хабарлама орындалған күнге дейін тоқтатылады.Сонымен қатар, тексеру басталған күні талап қою мерзімінің аяқталуына 30 күннен аз уақыт қалған салық кезеңдері бойынша арнайы тәртіп қолданылады.Нұсқаманы табыстау және шағымдану тәртібіСалықтық тексеруді тағайындау туралы нұсқама ол жазылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге табысталуы тиіс.Нұсқамаға шағым беру тексеруді тоқтатуға негіз болмайды.Құжаттарды ұсыну туралы талаптарға шектеулерШағын және микробизнес субъектілері үшін:тексеру барысында құжаттарды ұсыну туралы талап екі реттен артық берілмейді;талапты орындау мерзімі 10 жұмыс күні болып қысқартылды (қажет болған жағдайда, салық төлеушінің өтініші бойынша 30 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін).Бұл өзгерістер әкімшілік рәсімдерді жеделдетуге және артық бюрократиялық жүктемені азайтуға бағытталған.Шағын бизнеске қатысты мораторий2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты салықтық тексерулерге мораторий енгізіледі (заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда).Жалпы алғанда, енгізіліп отырған өзгерістер салықтық бақылау жүйесінің ашықтығын арттыруға, цифрландыруды дамытуға және адал бизнесті қолдауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1162337?lang=kk
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕРДІҢ ЖАҢА САПАСЫ 16.02.2026
Жаңа Конституция жобасының ІІ бөлімі елеулі түрде жаңартылып, «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деп аталды. Мұндай құрылым құқықтар мен міндеттердің өзара байланысын айқындап, оларды біртұтас құқықтық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, азаматтың құқығы мен мемлекет алдындағы жауапкершілігі қатар қарастырылатын кешенді модель қалыптасады.Азаматтық мәселесіндегі айқындықЖобаға сәйкес, қос немесе көп азаматтыққа жол берілмейді. Өзге мемлекеттің азаматтығын иелену Қазақстан азаматтығын тоқтатуға негіз болады. Бұл норма құқықтық айқындықты күшейтіп, азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық байланысты нақтылайды.Мемлекет жауапкершілігінің кепілдігіӘр адамның мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды мемлекеттен өндіруге құқылы екені бекітіледі. Бұл ереже мемлекеттік биліктің жауапкершілігін конституциялық деңгейде нақтылай отырып, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтеді.Негізгі құқықтардың конституциялық кепілдіктеріӨмір сүру құқығы ажырамас әрі иеліктен айырылмайтын құқық ретінде айқындалады. Ешкімнің адам өмірін өз бетінше қиюға құқығы жоқ екені нақты көрсетіледі.Жеке бас бостандығы мен қолсұғылмаушылыққа кепілдік күшейтіледі. Кінәсіздік презумпциясы негізгі құқықтар бөлімінде бекітіліп, барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті конституциялық стандарт ретінде айқындалады.Жеке өмірді қорғау және цифрлық қауіпсіздікЖеке өмірге қолсұғылмаушылық нормалары кеңейтіледі. Дербес деректерді, банк құпиясын, хат алмасу мен телефон сөйлесулерін, соның ішінде цифрлық коммуникацияларды қорғау конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл цифрландыру үдерісі қарқынды дамыған кезеңде азаматтардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.Әлеуметтік және азаматтық құқықтарАр-намыс пен қадір-қасиеттің қолсұғылмаушылығы нақты кепілдікке ие болады. Еңбек құқығы халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, мемлекеттің жұмыспен қамтуға жағдай жасау міндеті айқындалады.Тұрғын үйге қолсұғылмайтыны және одан тек сот шешімі негізінде ғана айыруға болатыны белгіленеді. Бұл азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.Неке заңға сәйкес мемлекет тіркеген ер мен әйелдің ерікті әрі тең одағы ретінде конституциялық деңгейде бекітіледі. Білім беру жүйесінің зайырлы сипаты нақты айқындалып, мемлекеттің зайырлы қағидаты нығайтылады.Экологиялық жауапкершілік және саяси талаптарАзаматтардың табиғатты сақтау және табиғи байлыққа ұқыпты қарау міндеті конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл экологиялық жауапкершілікті қоғамдық құндылық ретінде орнықтыруға бағытталған.Сайлану құқығына қойылатын талаптар да нақтыланады: әрекетке қабілетсіз деп танылған, өтелмеген соттылығы бар немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар сайлана алмайды. Бұл саяси жүйенің ашықтығы мен сенімділігін арттыруға ықпал етеді.Құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған өзгерістерІІ бөлімдегі жаңартулар адам құқықтарын нақтылап қана қоймай, оларды қорғау кепілдіктерін күшейтеді және әр азаматтың қоғам алдындағы міндеттерін айқындайды. Ұсынылған нормалар құқықтық мемлекет қағидаттарын тереңдетуге және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі қадам болып табылады.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ПРЕЗИДЕНТ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕТІКТЕРІ 16.02.2026
Жаңа Конституция жобасының ІІІ бөлімі Президент өкілеттігі мен оның институтын айқындайтын бірқатар маңызды өзгерістерді қамтиды. Ұсынылған түзетулер мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға, басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.Президенттікке қойылатын талаптар нақтыландыЖобаға сәйкес, Президенттікке үміткерге қойылатын талаптар нақты бекітіледі. Кандидат Қазақстан Республикасының тумасы болуы, қырық жасқа толуы, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі, соңғы 15 жыл бойы ел аумағында тұруы тиіс. Сонымен қатар жоғары білімі болуы және кемінде 5 жыл мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда еңбек өтілі қарастырылады. Бұл талаптар ел басқару ісіне тәжірибелі әрі кәсіби тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.Кезектен тыс сайлау мерзімі айқындалдыПрезидент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сайлау екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. Бұл норма билік транзитінің заңды әрі уақытылы жүзеге асуын қамтамасыз етіп, болашақ басшының легитимдігін бекітуге мүмкіндік береді.Тағайындау рәсімдеріндегі тепе-теңдікЖаңа жобаға сәйкес, Президент негізгі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын Құрылтайдың келісімімен ғана тағайындай алады. Бұл шешім қабылдау процесінде біржақты үстемдікке жол бермей, институционалдық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.Егер Құрылтай қатарынан екі рет тағайындауға келісім бермесе, оның құрамын жаңарту мақсатында тарату мүмкіндігі қарастырылады. Мұндай норма саяси тығырықтың алдын алып, мемлекеттік органдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Вице-президент институты енгізіледіЖоба аясында Вице-президент институтын енгізу көзделген. Вице-президентті Президент Құрылтайдың келісімімен тағайындайды. Ол халықаралық деңгейде өкілдік ету, мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету міндеттерін атқарады. Сонымен қатар Вице-президенттің саяси партия мүшесі болмауы талап етіледі. Бұл талап саяси бейтараптықты қамтамасыз етіп, әділ бәсекелестік қағидаларын күшейтуге бағытталған.Отставка және өкілеттікті мерзімінен бұрын тоқтату тәртібіПрезиденттің өз еркімен қызметінен кетуі Конституциялық сот арқылы рәсімделеді. Өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда билік сабақтастығы нақты регламенттелген: алдымен өкілеттіктер Вице-президентке беріледі, ол мүмкін болмаған жағдайда Құрылтай төрағасына, одан кейін Премьер-министрге жүктеледі. Құрылтай шешімінен кейін екі ай ішінде кезектен тыс сайлау өткізіледі.Институционалдық тұрақтылыққа бағытталған қадамІІІ бөлімде ұсынылған өзгерістер Президент институтының құқықтық мәртебесін нақтылап, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге бағытталған. Бұл түзетулер басқару жүйесінің ашықтығын арттырып, мемлекеттік органдардың өзара жауапкершілігін нақтылай түседі.Жалпы алғанда, жаңа нормалар биліктің тұрақтылығын сақтай отырып, қоғам алдындағы есептілік пен тиімділікті күшейтуге негіз қалайды.